Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата15.03.2017
өлшемі8,02 Mb.
#9365
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

ЭКОНОМИКА И ПРАВО

120
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
байланысты жүзеге асыруға құқылы [7].
Сот  істерін  жасалған  құқық  бұзушылықтардың  мән-жайын  анықтау 
мақсатында дәлелдемелерді зерттеу арқылы қарауда және оларды мәні бойынша 
азаматтық  істер  бойынша  тиісті  шешім,  қылмыстық  істер  бойынша  үкім, 
қаулы шығару арқылы шешуде өкілетті соттар бірінші сатыдағы соттар болып 
табылады.  істі  мәні  бойынша  шешу  мынаны  білдіреді:  а)  қылмыстық  істер 
бойынша – адамды қылмыс жасауға кінәлі деп тану және оған жаза тағайындау 
(немесе жазадан босату); заңда көзделген мән-жайлар мен негіздер болған кезде 
қылмыстық істі тоқтату; егер сотта адамның кінәсі дәлелденбесе, оны ақтау; б) 
азаматтық  істер  бойынша  –  мәлімделген  азаматтық  талап  арызды  қанағаттан-
дыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығару.
Республикада  барлық  соттар,  Жоғарғы  Сотты  қоса  алғанда,  соттылығы 
қылмыстық  іс  жүргізу  және  азаматтық  іс  жүргізу  заңдарымен  айқындалған 
бірінші сатыдағы соттар болып табылады. Бірінші сатыдағы сот шығарған сот 
актілері заңды күшіне енеді, яғни бірден емес, үкім немесе шешім жария етілген 
сәттен  бастап  саналатын  заңмен  белгіленген  апелляция  мерзімі  –  15  тәулік 
өткеннен кейін, ал қамаудағы адамдар үшін оған үкімнің көшірмесін тапсырған 
сәттен бастап орьшдауға келтіріледі. Бұл мерзім тараптарға сот шығарған сот 
актілерінің заңдылығы мен негізділігі туралы мәселе бойынша жоғары тұрған 
сот сатысына шағым және наразылық білдіру үшін беріледі [8].
Сот  актілерінің  негізсіздігі  мен  заңсыздығы  туралы  істің  нақты  мән-
жайын дұрыс анықтамау және материалдық (қылмыстық немесе азаматтық заң) 
кұқықты қолданбау, іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық, 
азаматтық іс-жүргізу заңдарының нормаларын сақтамау, бірінші сатыдағы соттың 
қолындағы іс және қосымша ұсынылған материалдар бойынша үкімінің немесе 
қаулысынын (шешімінің) заңсыздығы әрі негізсіздігі сияқты істі бұзу жөнінде іс 
жүргізу кезінде жіберілетін олқылықтарды айғақтайды.
Прокуратура  кез  келген  заң  бұзушылықты  анықтау  және  жою  жөнінде 
шаралар  қолданады,  Республиканың  Конституциясы  мен  заңдарына  кайшы 
келетін  заңдар  мен  өзге  де  құқықтық  актілерге  наразылық  жасайды,  сотта 
мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп 
пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады [9].
Соттардың заң күшіне енбеген сот қаулыларының заңдылығы мен негіз-
ділігіне  шағымдар  мен  наразылықтарды  тексеруге  өкілеттік  берілген  соттар 
аппеляциялық сатыдағы соттар деп аталады [10].
Заңды  күшіне  енген  сот  қаулылары  жалпыға  міндетті  болады  және 
орындауға  жіберіледі.  Алайда  олар  істі  тергеу  немесе  сот  қарауы  кезінде 
жіберілген  азаматтардың  конституциялық  құқықтары  мен  бостандықтарын 
бұзу немесе: 1) кінәліні соттауға; 2) ауырлығы орташа, ауыр немесе аса ауыр 
Қ.Қ. Жазыкбаева, З.С. Еркінқызы

121
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
қылмыс  жасауға  айыпты  адамға  қатысты  айыптау  үкімін  негізсіз  шығаруға 
немесе  істі  тоқтатуға,  3)  жәбірленушінің  соттың  қорғау  құқығынан  айыруға; 
4)  сот  тағайындаған  жазаның  қылмыстың  ауырлығы  мен  сотталған  адамның 
жеке басына сәйкессіздігіне; 5) азаматтық талап арызды дұрыс шешпеуге; 6) істі 
жаңа сот қарауына заңсыз жіберуге әкелген заңды дұрыс қолданбау салдарынан 
заңсыз  немесе  негізсіз  болуы  мүмкін.  Заңды  күшіне  енген  сот  шешімдері, 
егер: 1) істі қайта қарау кезінде қіЖК-нің 446-бабының талаптары сақталмаса; 
2)  қазақстан  Республикасының  Конституциялық  Кеңесі  негізінде  сот  шешімі 
шығарылған  актіні  конституциялық  емес  деп  таныса;  3)  адам  өлім  жазасына 
кесілген үкім аппеляциялық немесе кассациялық қараудың мәні болмаса кайта 
қаралуы мүмкін. Сондықтан заң шығарушы қателерге жол бермеу мақсатында 
аппеляциялық шағым беруге құқығы бар тиісті прокурорлардың наразылыктары, 
қылмыстық  (азаматтық)  процеске  қатысушылардың  шағымдары  бойынша  сот 
қадағалау  тәртібімен  заңды  күшіне  енген  сот  істерін  қайта  қараудың  ерекше 
рәсімін көздеді.
Үкімдерді, қаулыларды, шешімдерді қадағалай тәртібімен қайта қарау инс-
титутының маңызы ең алдымен, ол сот төрелігін заңға сәйкес нақты жүргізудің 
маңызды кепілі болып табылады, өз кезегінде заңсыз және негізсіз сот актілерінің 
орындалуын болдырмайды. Заңды күшіне енген үкімдерді (шешімдерді) тексеру 
және  қайта  қараудың  процессуалды  тәртібі  әлемнің  барлық  дерлік  өркениетті 
елдерінде қолданылатынын атап өткен жөн. Әрине, ол барлық жерде осы тектес 
істі қозғауға уәкілеттік берілген адамдардың тобын, мерзімдерін айтуда бірдей 
емес, алайда оның мәні қадағалау ісін жүргізу, соңғы сот сатысы ретінде процестің 
жекелеген қатысушыларының да, кез келген азаматтың да заңды құқықтары мен 
мүдделерінің маңызды кепілі болады.
қадағалау  сатысы  соттарының  өкілеттіктеріне  мыналар  ие:  1)  облыстық 
және  оларға  теңестірілген  соттардың  алқасы;  2)  Жоғарғы  Соттың  азаматтық 
(қылмыстық) істер жөніндегі алқасы; 3) республика Жоғарғы Сотының кадағалау 
алқасы [11].
Сот  актілеріне  шағым  беру,  наразылық  келтіру  мүмкіндігі  белгіленген 
мерзіммен  шектелген  аппеляциялық  сатыдан  айырмашылығы  –  қадағалау 
ісін  жүргізу  тәртібінің  өз  ерекшелігінің  болуы.  Сотталушының  кінәсіздігі 
себебі бойынша, сондай-ақ жазаның қатаңдығы үшін онша ауыр емес қылмыс 
туралы заңды қолдану қажеттігіне байланысты немесе сотталғанның жағдайын 
нашарлатуға  әкеп  соқтыратын  өзге  де  негіздер  бойынша  айыптау  үкімін 
қадағалау тәртібімен қайта қарау мерзімдермен шектелмеген. істі тоқтату туралы 
сот қаулысын, жазаның жеңілдігі үшін аса ауыр қылмыс туралы заңды қолдану 
қажеттігі  себебі  бойынша  немесе  сотталғанның  жағдайын  нашарлатуға  әкеп 
соқтыратын өзге де негіздер бойынша айыптау үкімін, сондай-ақ ақтау үкімін не 
ЭКОНОМИКА И ПРАВО

122
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
істі тоқтату туралы сот қаулысына қадағалау тәртібімен шағым беруге, наразы-
лық келтіруге олар заңды күшіне енгеннен кейін алты ай ішінде жол беріледі. 
қарау нәтижелері бойынша қадағалау сатысының соты төмен сатыдағы сол 
шығарған сот қаулысының күшін жоя немесе өзгерте алады, не шағымды немесе 
наразалықты қанағаттандырмайды.
қадағалау  тәртібімен  істерді  қарау  нәтижесінде  сот  мына  шешімдердің 
бірін қабылдайды: шағымды (наразылықты) қанағаттадырмайды; аппеляциялық 
және қадағалау сатысының үкімі мен қаулысын өзгертеді; үкімнің және барлық 
кейінгі  шешімдердің  күшін  жояды  және  істі  жаңа  сот  қарауына  жібереді;  сот 
үкімін өзгертіп немесе оны өзгеріссіз қалдырып, аппеляциялық және қадағалау 
тәртібімен шығарылған қаулының күшін жояды; аппеляциялық сатынын үкімін 
және каулысын өзгеріссіз қалдырып, қадағалау сатысы шешімінің күшін жояды.
қадағалау сатысындағы сот та азаматтық істер бойынша осындай шешімдер 
шығарады.
Осы  сот  сатылары  жаңадан  ашылған  мән-жайлар  бойынша  іс  жүргізу 
тәртібімен  қылмыстық  істер  бойынша  заңды  күшіне  енген  сот  үкімдерінің 
және өзге шешімдердің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Азаматтық істер 
бойынша  заңды  күшіне  енген  шешімдерге  келсек,  олардың  жаңадан  ашылған 
мән-жайлар  бойынша  заңдылығы  мен  негізділігін  тексерілетін  шешімдерді 
шығарған  сол  соттар  тексере  алады.  Жаңадан  ашылған  мән-жайлар  бойынша 
бірінші  сатыдағы  соттың  шешімі  өзгерілген  немесе  жаңа  шешім  шығарылған 
ұйғарымдарды,  шешімдерді,  қаулыларды  қайта  қарауды  шешімді  өзгерткен 
немесе жаңа шешім шығарған сот жүргізеді.
Сот  билігінің  жаңадан  ашылған  мән-жайлар  бойынша  актілерді  қайта 
карауы – істі қарау сәтінде кездескен және оны шешу үшін елеулі маңызы бар 
жаңадан  ашылған  мән-жайлар  аясында  заңды  күшіне  енген  сот  каулысының 
заңдылығы мен негізділігі тексерілетін сот процесінің айрықша сатысы.
Жаңадан  ашылған  мән-жайларға  байланысты  қылмыстық  іс  бойынша  іс 
жүргізуді  қайта  бастаудың  негіздері:  1)  соттың  заңды  күшіне  енген  үкімінде 
анықталған  жәбірленушінің  немесе  куәгердің  айғақтарының,  сарапшы 
қорытындысының көріну жалғандығы, сондай-ақ заңсыз немесе негізсіз үкім не 
қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз немесе негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп 
соққан заттай айғақтардың, тергеу және сот іс-әрекеттері хаттамаларының және 
өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрініп дұрыс жасалуы; 
2) соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған анықтаушының, тергеушінің 
немесе  прокурордың  заңсыз  және  негізсіз  үкім,  қаулы  шығаруға  әкеп  соққан 
қылмыстық  іс-әрекеттері;  3)  соттың  заңды  күшіне  енген  үкімінде  анықталған 
судьялардың  осы  істі  қарау  кезінде  жасаған  қылмыстық  іс-әрекеттері;  4)  осы 
Кодекстін  474-бабында  көзделген  тәртіппен  тексеру  немесе  тергеу  арқылы 
Қ.Қ. Жазыкбаева, З.С. Еркінқызы

123
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
анықталған  және  прокурордың  қорытындысында  баяндалған,  үкім  шығару 
кезінде сотқа беймәлім болған өзге де мән-жайлар сотталушының айыпсыздығы 
туралы немесе оның ауырлық дәрежесі жөнінен өзі сотталғаннан гөрі өзге қыл-
мыс жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзіне қатысты іс тоқтатыл-
ған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен 
бірге атайтын ұйғарымдар; 5) өзіне катысты қіЖК-нің 315-бабы екінші бөлігінің 
2-тармағында белгіленген тәртіппен іс қаралған сотталушының, ол қылмыстық 
процесті жүргізуші органға келген жағдайда ерік білдіруі болып табылады [10].
қР қіЖК-нің 473-бабына сәйкес «айыптау үкімін жаңадан ашылған мән-
жайларға байланысты сотталушының пайдасына кайта қарау ешқандай мерзім- 
мен шектелмейді». Бұл жерде қылмыстық сот ісін жүргізудің «жаман жаққа бұру-
дың мүмкін еместігі» сияқты, яғни шағым немесе наразылық жазу нәтижесінде 
үкім шығарған кезде бұрын ақталған сотталғанның жағдайын қиындатуға жол 
бермеу  қағидатының  қажеттігі  байқалады.  Бұл  тек  сот  төрелігінің  мүддесіне 
ғана ықпал етіп қоймай, заңсыз және негізсіз үкімдердің орындалу мүмкіндігін 
жоятындықтан,  үкімді  қайта  карау  нәтижесінде  өз  жагдайын  нашарлату  қаупі 
осы  адамның  сотка  жүгінуден  бас  тартуына  мәжбүр  ететін  шағым  беруге 
сотталғанның (ақталғанның) құқығының маңызды кепілі болып табылады. Әрі 
сотталғанның қайтыс болуы ақтау мақсатында жаңадан ашылған мән-жайларға 
орай іс жүргізуді жаңадан бастауға кедергі болып табылмайды.
Жаңадан  ашылған  мән-жайларға  орай  іс  бойынша  іс  жүргізуді  қайта 
бастау туралы прокурордың қорытындысын карап, сот: 1) сот үкімінің немесе 
қаулысының күшін жою және істі жаңадан тергеу немесе жаңадан сот талқылау-
ын жүргізуге беру туралы; 2) сот үкімінің немесе қаулысының күшін жою туралы 
және іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін жаңадан тергеу немесе соттың 
талқылауы кажет болмағанда істі тоқтату туралы; 3) прокурордың қорытындысын 
қабылдамай тастау туралы қаулылардың бірін шығарады [11].
Жаңадан  ашылған  мән-жайлар  бойынша  сот  актілерін  тексеру  және 
қайта қарау институты қадағалау ісін жүргізу сияқты барлық дамыған елдерде 
кездеседі. Бұлар – сапалы әрі әділ сот төрелігінен тұтастай барлық сот билігінің 
қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асыруға қажетті сатылар. 
Сондықтан да осы мән-жай бойынша еліміздегі зандылықтың жай-күйін айтуға 
және мемлекетіміз демократиялық әрі кұқықтық мемлекет болып табылады ма 
деген сұраққа жауап беруге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1.  Айтмухамбетов  Т.  қазакстан  сот  өндірісінде  сот  шешімдерін  қайта  қарау/ 
Т Айтмухамбетов // Заң. – 2004. – № 12. – 40 б.
2. Алиев М.М. қазақстан Республикасының сот жүйесі және қорғау органдары: 
ЭКОНОМИКА И ПРАВО

124
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
оқу құралы / М.М. Алиев. – Астана, 2004. – 403 б.
3. Ахметов К. Нравственные аспекты правосудия / К. Ахметов // Заңгер. – 2004. – 
№4. – 49 с.
4.  Ахпанов  А.Н.  Арест  в  качестве  меры  пресечения:  проблемы  судебного 
контроля и санкционирования / А.Н. Ахпанов, Г.Х. Насыров. – Алматы, 2005. – 183 с.
5.  Башкатова  Л.Н.  Уголовный  процесс:  учебник  для  вузов  /  Л.Н.  Башкатова, 
Г.Н. Ветрова, А.Д. Доценко [и др.]. – М.: НОРМА-ИНФРА. – 2000. – 352 с.
6. Бекжанов Ж. Сот мәртебесі биіктей түссін десек / Ж. Бекжанов // Заңгер. – 2004. 
– № 4. – 49 с.
7. Беленков Р.А. Правоохранительные органы / Р.А. Беленков. – М.: Приор, 2000. 
– 169 с.
8.  Борисова  Е.А.  Аппеляция  в  гражданском  и  арбитражном  процессе  / 
Е.А. Борисова. – М., 1997. – 231 с.
9. Вицин С.Е. Принципы независимости судебной власти / С.Е. Вицин // Заңгер. 
– 2004. – № 4. – 49 с.
10.  Громов Н.А. Уголовный процесс России / Н.А. Громов. – М.: Юрист, 1999. – 
552 с.
11. Гуценко К.Ф. Уголовный процесс / К.Ф. Гуценко. – Москва: Зерцало, 1998. – 
398 с.
ӘОЖ 336.74(574)
Д.А. Қалдияров, Д.Б. Алимбекова
і. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университеті, Жетісу қ.
қАРЖЫЛЫқ ТҰРАқСЫЗДЫқ ЖАғДАЙЫНДАғЫ ҰЛТТЫқ ОРТАЛЫқ 
БАНКТЕРДің АқША-НЕСИЕЛіК САЯСАТЫН ЖҮРГіЗУДің ЗАМАНАУИ 
МЕХАНИЗМі
Ұлттық  орталық  банктердің  қаржылық  тұрақсыздық  жағдайындағы  ақша­
несиелік саясатын жүргізудің заманауи механизміне жалпы сипаттама беріледі.
В  статье  дается  общее  описание  современного  механизма  ведение  денежно­
кредитной  политики  национальных  центральных  банков  в  условии  финансовой 
неустойчивости.
In  the  article  description  is  given  to  the  modern  mechanism  of  driving  of  monetary 
policy of national central banks in a condition financial inconstancy.
Соңғы  жылдары  экономиканы  комплексті  реформалау  арқасында  қазақ-
станның  қаржы  секторы  ТМД  елдерінің  қаржы  жүйесінің  ішіндегі  жоғары 
Д.А. Қалдияров, Д.Б. Алимбекова

125
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
дамыған  және  ашық  болып  табылады.  қазіргі  кезде  қаржы  секторын  дамыту 
концепциясы  жүзеге  асырылып  келеді.  Оның  мақсаты  –  әлемдік,  сонымен 
қатар ЕС стандарттарын енгізу. Сонымен қатар тәуелсіз және тиімді қаржылық 
қадағалау жүйесі жүзеге асырылуда, ТМД елдерінің арасында жалғыз Орталық 
Банк  жасалған.  Оның  жұмысы  Орталық  Банктің  классикалық  қызметтеріне 
бағытталған.
Орталық  Банктің  негізгі  мақсаты  –  баға  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету. 
Оған жету үшін Орталық Банк келесі мәселелерді шешеді: мемлекеттің ақша-
несие саясатын дайындау және жүргізу, валюталық реттеу мен бақылау жасау, 
төлем  жүйесінің  жұмысын  жасауын  қамтамасыз  ету,  тұрақты  қаржы  жүйесін 
қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Орталық  Банктің  негізгі  мақсатарының  ішінде  ақша-несие  саясатын 
халықаралық стандартарға жақындату қарастырылған, бұл үшін Орталық Банк 
нарықтық  пайыз  мөлшерлемесін  қадағалап  отырады.  Ақша-несие  саясатының 
операциялық негізді жетілдіру жұмыстары және ақша-несие саясатының тәсіл-
дері  мен  құралдарын  оптималдау,  трансмиссиондық  механизм  моделін  құрас- 
тыру  және  инфляциялық  таргеттау  принципіне  өтуге  дайындақты  жалғас-
тырады.
Келер  жылдары  экономиканың  қызып  кету  қаупі,  мемлекеттік  бюджет 
шығындарының өсуі ақша-несие саясатының қатаңдауына әкелуі мүмкін.
Ақша-несие  саясатының  басқа  негізгі  мақсаты  капитал  қозғалысымен 
байланысты тәуекелді реттеуді жаңадан қарауы мен 2007 ж. 1 қаңтарынан бас-
тап валюталық режімнің толық либерализациясына жету болып келеді.
Валюталық режім либерализациясын реттеудің негізгі мақсаты – 2007 ж. 
бастап  валюталық  операцияларды  жүргізуге  шек  қою  мен  ұлттық  валютаның 
толық конвертациялану принципіне көшу үшін жағдай жасау. Бұл үшін келесі 
жұмыстарды  жасау  қажет:  біріншіден,  валюталық  операцияларды  жүргізу 
барысында  тәуекелді  хеджирлау  құралдарын  қолдану  үшін  жағдай  жасау; 
екіншіден,  ақша-несие  саясатының  мақсаттары  мен  сыртқы  шоктарды  реттеу 
үшін шетел валютасына сұраныс пен ұсынысты реттеу құралдарын жақсарту; 
үшіншіден,  реттеудің  халықаралық  принциптері  мен  қаржылық  мекемелердің 
валюталық операцияларын қадағалауды қамтамасыз ету.
Мемлекеттің  ақша-несие  саясаты  нақты  сектордың  дамуына,  нарықтың 
барлық  субъектілерінің  дамуына  қажетті  экономикалық,  институционалды, 
ұйымдастырушылық және құқықтық ортаны қалыптастыруда.
Ақша-несие құралдарының көмегімен мемлекет бос ақша ұсынысына әсер 
етеді және ссудалық капиталдың бағасын өзгертеді. Осылай ол несие сұраны-
сына және оның үй шаруашылықтарында қолданылуын реттейді.
Мемлекеттің  экономикалық  саясаты  монетарлы  деп  аталады,  негізінен 
ЭКОНОМИКА И ПРАВО

126
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
ақша-несие тәсілдерін қолданады.
Көптеген  нарықтық  экономикасы  бар  елдерде  қазіргі  кезде  ЭМР-де 
қолданатын ақша-несие құралдарын Орталық банк, ал қазақстанда Ұлттық банк 
қолданады. Оның мемлекетте ақша эмиссиясын жасауға монополиялық құқығы 
бар.
Несиелі  қатынастар  сферасында  Орталық  банктен  басқа  институттар 
жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, қаржы 
министрлігі  және  қаржы  органдары.  Олар  несие  операцияларына  қатысады, 
бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалы-
сын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.
Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляция деңгейінің төмен қарқынын 
ұстауға  бағытталған.  Бұл  жұмыстарды  жасау  үшін  ақша  базасының  деңгейін 
реттейді.
Орталық Банк «қалқып жүретін айырбас бағамы» саясатын жалғастырады. 
Валюта бағамының қысқа мерзімді және спекулятивті тербелістерін жеңілдету 
мақсатында ғана валюта бағамының қалыптасуына әсер етеді.
Орталық  Банк  интегралды  қоғамдастықтар  шегінде,  ЕврАзЭС  пен  ТМД 
сияқты төлем жүйесі мен басқа қаржылық интеграциялау бағытында жұмыста- 
рын  жалғастырады,  сонымен  қатар  Бірыңғай  Экономикалық  Кеңістікті 
қалыптастыру  мақсатында  мемлекет  және  ведомствоаралық  топтардың 
жұмысына араласуды ойлайды.
Нарық  жағдайында  банк  жүйесі  екі  деңгейде  болады:  Орталық  Банк 
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің 
негізгі функциясы – несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың 
нәтижесінде  коммерциялық  банктер  ақша  ұсынысын  кеңейтеді.  Банк  жүйесі 
құнды қағаздарды алыпсатумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мелекеттің алтын 
резервтерін  сақтайды,  коммерциялық  банктердің  міндетті  резервтері  банктер 
арасындағы  шот  айыру  ретінде  пайдаланылады.  Орталық  банк  халықаралық 
ақша  нарығында  сатушы  және  сатып  алушы  қызметін  орындайды  және  шет 
мемлекеттердің  және  банктерінің  істерін  үйлестіреді.  Барлық  мемлекеттерде 
орталық  банк  ақша-несие  саясатын  қалыптастырады  және  жүзеге  асырады, 
коммерциялық  банктердің  іс-әрекетін  қадағалайды  және  ұйымдастырады. 
Орталық  банк  пен  коммерциялық  банк  операцияларының  және  банктен  тыс 
секторлардың  шешімдері  нәтижесінде  экономикадағы  ақша  ұсынысының 
өзгеруіне ықпалын тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультиликаторға әсер 
ету арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк 
операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Д.А. Қалдияров, Д.Б. Алимбекова

127
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
қазақстан  Ұлттық  банкі  мемлекеттік  ақша-несие  саясатын  анықтайтын 
және жүзеге асыратын орган болып табылады. қазақстан Ұлттық банкі ақша-
несие  саясатының  басты  мақсаты  –  ұлттық  валютаның  тұрақтылығын,  яғни 
оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын 
қамтамасыз ету.
Ақша-несие  –  бұл  айналыстағы  ақша  жиынын,  несие  көлемін,  сыйақы 
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған 
шаралар  жиынтығы.  Ақша-несие  саясатының  макроэкономикалық  деңгейдегі 
субъектісі  Ұлттық  банк  болып  табылады.  Ал  ақша-несие  саясатына  Ұлттық 
банк тарапынан реттеу объектілерінің экономикадағы қолма-қол және қолма-қол 
ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық  жағдайына  байланысты  ақша-несие  саясатының  екі  типі 
болады:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік 
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы 
мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы.
Экспанциялық  ақша-несие  саясаты  –  несие  беру  көлемін  кеңейтумен, 
айналымдағы  ақша  жиынының  өсуіне  бақылаудың  әлсіздігімен  және  сыйақы 
мөлшерлемесінің  төмендеуіне  байланысты  сипатталады.  Соңғы  жылдардағы 
ақша-несие  саясатының  басты  көздеген  бағыты  –  инфляцияны  төмендету 
және  теңгенің  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету.  Ақша  саясатының  құралдарын 
төмендегідей топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Ақырғы мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгересі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә, б, в) құралдарының арасында айырмашылықтар 
ЭКОНОМИКА И ПРАВО

128
№ 2 (58), 2013   
 
 
                                   Региональный вестник Востока
бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз 
байланысты.  Нарықтық  экономикада,  әсіресе  алғашқы  өзгерестер  кезеңінде, 
тікелей  және  жанама  құралдар  пайдаланылады,  соңғылары  алғашқыларын 
ығыстырады.
Соңғы  мақсаттар  жалпы  экономикалық  саясаттың,  сонымен  қатар 
қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды 
ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты 
ретінде қарастырылады.
Аралық  мақсаттар  жағдайда  тікелей  орталық  банктің  жанама  құралдары 
арқылы жүзеге асырылады.
Бұл  мақсаттарға  жетуде  Ұлттық  банк  ақша-несие  саясатын  жүргізуде. 
Нысанаға  алатын  ақша  базасы  келесідей  ақша-несие  саясатының  негізгі 
құралдарының көмегімен реттеледі:
– қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі 
деңгейін белгілеу;
–  қҰБ-да  жинақталатын  ең  төменгі  міндетті  резервтер  нормасын  белгі-
леу,  оның  ішінде  сырттан  тартылған  қаражаттарды  мерзіміне,  көлеміне  және 
түрлеріне байланысты жіктеу;
–  мемлекеттің  бағалы  қағаздарын  сатып  алу  және  сату  бойынша  ақша 
нарығындағы операцияларды жүргізу;
– банктерге және үкіметке несие беру;
– валюталық нарықтағы басқыншылық;
–  кейбір  жағдайларда  несиелік  операциялардың  жекеленген  түрлерінің 
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
– ресми есепке алу (дисконттық ) мөлшерлемесі.
қҰБ  өзі  жүргізетін  операциялар  бойынша  ресми  қайта  қаржыландыру 
мөлшерлемесін, сол сияқты басқа мүдделендіру мөлшерлемесін белгілейді. Рес-
ми  қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесін  ақша  нарығының  жалпы  жағдайына 
несие  бойынша  сұраныс  пен  ұсынысқа,  инфляция  деңгейіне  байланысты 
белгілейді. қҰБ мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие 
саясаты  жүзеге  асыратын  аумақтағы  нарықтың  мүдделендіру  мөлшерлемесіне 
әрекет ету үшін пайдаланылады.
қҰБ  пайыз  саясатының  басты  мақсаты  –  айналыстағы  теңге  деңгейін 
көтере  отырып,  несиеге  деген  сұранысты  азайту,  соның  нәтижесінде  ақша 
жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. 
Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде 
шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе 
белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы ше- 
Д.А. Қалдияров, Д.Б. Алимбекова

129
Шығыстың аймақтық хабаршысы   
 
 
                                       № 2 (58), 2013
тел  валютасына  деген  артық  сұранысты  төмендету  болып  табылады.  өткенге 
оралатын  болсақ,  теңгені  енгізгеннен  кейінгі  жарты  жылдай  уақыт  ішінде, 
валюталардың  бағамдық  айырмасы  есебінен  алыпсатарлық  табысқа  қол 
жеткізу  мүмкіндігінің  салдарынан  банктің  қысқа  мерзімді  капиталдары 
несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы 
анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың 
бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Ұлттық  банктің  мүдделендіру  мөлшерлемесі  ақша  нарығындағы  қаржы-
лық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы 
ретінде қызмет етеді. қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай 
қаражаттарға  деген  сұранысқа  және  инфляция  деңгейіне  байланысты  келеді. 
Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша 
жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты аттыруға немесе 
қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші 
деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жа-
сау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық  банктің  ресми  пайыздары,  оның  тікелей  бақылауына  жатпайтын 
несиелік  ресурстар  нарығының  шартына  сай  банктер  дербес  белгілейтін 
нарықтық  пайыз  мөлшерлемесіне  жанама  түрде  ықпал  етеді.  Соның  негізінде 
сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа 
мерзімді  шоттары  бойынша,  банкаралық  несиелер  және  мемлекеттік  қысқа 
мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің 
мүдделендіру  мөлшерлемесінің  өзгеруіне  байланысты  төмендеп  отырған. 
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуметтік ресурс 
болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Коммерциялық  банктер  Орталық  банкке  пайыз  мөлшерлемесі  есептел-
мейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі 
бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.
Міндетті  резервтердің  нормасы  депозиттің  көлемімен  белгілі  бір  пайыз 
мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты 
бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.
Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық со-
масы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларда пайдаланылады.
Ақша  нарығындағы  тепе-теңдікті  қамтамасыз  етуде,  банктерге  берілетін 
несие  көлемін  реттеуде  және  олардың  міндеттемелері  бойынша  төлемсіздікті 
төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін 
қорғау  мақсатында  Ұлттық  банк  ең  төменгі  резервтік  талаптар  механизмін 
қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет