Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


Ж.М. ИМАНКЕНОВА, Г.Қ. РАХИМБАЕВА



жүктеу 13.26 Mb.
Pdf просмотр
бет29/53
Дата28.12.2016
өлшемі13.26 Mb.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53

Ж.М. ИМАНКЕНОВА, Г.Қ. РАХИМБАЕВА

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

АПАШБАЙҰЛЫ АРҒЫНБЕК ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ 

ОТАРШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ САРЫН

Мақалада Шығыс Қазақстан облысының халық ақыны Арғынбек Апашбайұлы-

ның шығармалары, отарлық езгіге қарсы күрес жолындағы айтылған ой-пікірлері ба-

яндалады. Сондай-ақ осы ақындарымыздың бүгінге дейінгі зерттелу жайы, өлеңдеріне 

талдау жасалған. 



Түйін сөздер: туған жер, сағыныш, отарлыққа қарсы үн, азаттық, ұлт намысы.

КРИТИЧЕСКОЕ ОТНОШЕНИЕ К КОЛОНИАЛИЗМУ 

В ПОЭЗИИ АРГЫНБЕКА АПАШБАЙУЛЫ

В статье рассматривалось творчества народного поэта Восточного Казахстана Ар-

гынбека Апашбайулы, который выразил в своих произведениях идею независимости, а 

также критическое отношение к общественно-политическим, историческим и полити-

ческим событиям, происходившим в жизни общества в период колониального гнета. В 

связи с обретением независимости, появилось возможность глубокого изучения творче-

ства поэтов, которые были запрещены в то время. 

Ключевые слова: родная земля, томление, идея против колониализму, независи-

мость, честь народа.

CRITICAL ATTITUDE TOWARDS COLONIALISM 

POETRy ARGyNBEKA APASHBAyULy

 The article aims to investigate East Kazakhstan national poet Argynbek Apashbayuli’s 

works and views on the fight against colonial oppression. This case study reports about the 

research that is being made on the poet up to the present time and a thorough analysis of his 

poems. The point to emphasize is that the works of the poet have only recently started to be 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


321

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

studied. Therefore, this research topic is a key issue currently. 

Keywords: native land, longing, the idea of   anti-colonialism, independence and honor 

of the people.

Арғынбек Апашбайұлы – қазақ халқының жазба әдебиетінің іргесін қалап, 

шаңырағын көтерген Абай бастаған ақындардың өнегесін жалғастырушы тұлға- 

лы  ақындардың  бірі.  Оның  поэзиясында  отарлыққа  қарсы  үн  бар.  Ол  –  өз 

заманының реалист-ақыны, ұлағатты ағартушысы, гуманист, елім деп еміреніп 

өткен  замана  жыршысы.  Ақын  1883  жылы  Зайсан  ауданы,  Ақарал  ауылында 

дүниеге  келіп,  1946  жылы  ҚХР  Шыңжаң  өлкесінің  Алтай  аймағында  қайтыс 

болған. Ақынның өмірі жайлы деректерде әкесі Апашбай Шонаұлы – Найман-

ның  Дөртуыл  тайпасының  Құдагелді  табынан.  Яғни  Арғынбек  –  Апашбай  – 

Шона-кемпір – Байқожа – Еламан – Көртік – Құдагелді. Олар Найманның нар 

дауысты  Нарынбай,  қу  дауысты  Құлтыбай  жекжаттығы  арқылы  Ақтайлақ  би-

мен тоғысады екен. Ал шешесі Әйен деген кісі Ботақара Дербісал деген әйгілі 

адамның қызы болған. Жастайынан халықтың ақындық дәстүрінен тәлім алып, 

ауыз  әдебиетінің  асыл  нәрінен  сусындап  өскен.  Алайда  Арғынбек  ақын  сол 

тұстағы  қиын  заманның  кесірінен  өз  білімін  одан  әрі  дамыта  алмады.  Анасы 

Әйкен аса көрікті, ақылды, өлеңші адам болған. Тойларда айтысқа, өлім-жітімде 

жоқтауға отырғызады екен. Анасының әсері болар, Арғынбек он жасынан өлең 

шығара бастаған:

Он жасымда қағазға

Салып едім көзімді.

Әкесі өліп жасымда,

Қалдырды надан өзімді,

Бәрін босқа өткіздім,

Өнер табар кезімді, – деп жырлайды.

Бала  Арғынбек  Зайсандағы  татар  көпестеріне  қосшы  болып,  одан 

орыс  жемтемір-барлаушыларына  жалданыпты.  Көпес  Керімберді  Бабаевтың 

ықпалымен  қазандағы  Шәмшиден  Құсайыновтың  баспасына  қисса-дастандар 

жіберіп тұрған.

XIX  ғ.  екінші  жартысында  әлемдік  құбылысқа  айналған  империалистік 

ашкөздіктің кесірінен қазақ даласы Ресей мен Қытай отаршылдарының талауы-

на түседі. Осы кезде Қытай асып кеткен қандастарымыз атажұрттағы қазақтар 

секілді отарлық езгінің бұғалығын киіп, тағдыр тауқыметін тең тартты. Осын-

дай  отарлық  саясатының  қысымы  Апашбай  ұрпақтарын  да  еріксіз  екі  мемле-

кетке бөлініп, тірлік етуге мәжбүр етті. 1894 ж. үрке көшкен елмен бірге Зай-

саннан  өрлеп  Қытай  мемлекетіне  қараған  ежелгі  қазақ  мекені  Алтай  өлкесіне 

ақын Арғынбек те барып қоныстанады. Тағдыр толқыны атамекендерінен бөліп, 

оқшау  әкеткен  қазақ  бауырларының  мүшкіл  халі  ақынды  патриоттық  бағытқа 

Ж.М. ИМАНКЕНОВА, Г.Қ. РАХИМБАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 320-330 

 

 



                ISSN 1683-1667 

322

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

жетеледі. Оны ақынның жүрегін тебірентіп шыққан мына бір өлең жолдарынан 

айқын көруге болады:

Екінші жылдың аты болар сиыр, 

Зайсанда Найман елім қалды қиыр. 

Қолыма қалам алып талап етіп, 

Қаралап ақ қағазға салам шиыр.

Ол  өз  басынан  өткеріп,  көзімен  көрген  халқының  тартқан  тауқыметін, 

жерінің аянышты тағдырын жүрегінен туған арман, жырларға қосып, ел тілегін 

өлеңмен өрнектеп ел арасына таратты. Сол арқылы ұлтының намысын жанып, 

ел мен жер тағдыры үшін озбыр отаршылдардың зұлым саясатына қарсы күрес 

жасауға  шақырды.  Мұнда  ақ  патшаның  қазақ  жерін  отарлауы,  Қытайдағы  Го-

миндан  Шің  Шісай  үкіметінің  еңбекші  халыққа  жасаған  жан  түршігерлік  жа-

ныштауын қызыл тілмен шенеп, ашық түрде әшкерелеп жазды. Сол үшін де ол 

замана жыршысы болды.

Арғынбектің  «Қазақ  Сырдан  ауғанда»,  «Атажұртым,  қазағым»,  «Рос-

сия туралы», «Дүм-дүние» деген дастандары ертеден мәлім. Ақынның «Жыл» 

өлеңінде:

Екінші жылдың аты болар сиыр,

Зайсанда найман елім қалды қиыр.

1894 жыл, октябрьде,

Керейге жоғары өрлеп келдім биыл, – дейтіні бар.

Ақарал негізінде құдагелдер мекені. Сол атадан шыққан Халит – төртуыл-

дың  үшінші  болысы.  Ол  тартқызған  «Халит  тоғаны»,  ол  отырғызған  «Халит 

тоғайы»  әлі  күнге  дейін  бар.  Сол  құдагелдің  Архат  атасынан  Халит  болыс, 

Бұрхатынан  Арғынбек,  Бөлекейінен  Жақиялар  өрбиді.  Екеуінің  нағашылары 

да  –  өрдегі  керей.  1894  жылы  ағасы  Жақияға  ілесіп,  Арғынбек  те  нағашылап 

қайтыпты.  «Жыл  өлеңі»  сол  жолы  айтылған  «қонақ  кәде»  еді  дейтін.  Жақия 

молда  сауда  жасап,  барып-келіп  жүріп,  1908  жылы  Ақаралдан  көшіп  кеткен. 

Арғынбек содан төрт жылдан соң – 1912 жылы көшкен. Арғынбек ақын «Ата 

жұртым – қазағым» атты толғауында:

Таң атып басқа жұртқа күн шығады, 

Біздің ел жарық көрмей тұншығады. 

Қолыма қалам алып сөз сөйлесем, 

Қозғалып көкіректен сыр шығады. 

Осыны ойлап білген жігіт бар ма?! 

Әртүрлі замандардан қыр шығады. 

Халыққа ғибрат сөз таратуға 

Арғынбек пақырыңыз қымсынады. 

Талапты жас жігіт мырзаларға, 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


323

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Қарағым, оқышы деп ұмсынады. 

Қамалып биік жарға қалса жұртым,

Япырмау, сонда сайрап кім шығады? – деп ашына жырлап, азаттық таңын 

асыға аңсайды. Осы өлеңнің өзі-ақ сұңғыла ақынның өз халқының шын жана-

шыр жыршысы болғанын аңғартады. Ақын тағы да:

Көзіміз көп істерді көріп жүр ғой, 

Нақақтан жала жауып зар жылатқан. 

Жас қозыдай үйшікке қамап алып,

Сүйегін талай ердің саудыратқан, – деп Шыңжанды дара билемекші болған 

милитарист  Шің  Шісайдың  қазақ  халқын  аяусыз  жаныштап  отырғандығын 

әшкерелейді [6]. Ақынның осы шығармасын Қытайдың қыспағына іліккендегі 

Әрімжан Жанұзақұлының [2] мына өлеңімен салыстыра қарауға болады:

Сұрасаң, менің затым орыс елі, 

Қытай болды-ау қашқан елдің асқар белі. 

Қалмады қанат-құйрық өрт шалғандай,

Құбыладан Сталиннің соғып желі, – дейтіні соның айғағы. Абай туралы 

Арғынбектен (1924 жылы) артық айтқан ақын жоқ:

Өскенбай, қажы Құнанбай, мырза Ыбырай,

Абайдың жаннан асқан білімін-ай.

Затың қазақ болған соң, амал бар ма,

Арманда зарлап өттің дүлдүлім-ай.

Ғаламға үлгі жайып, сөз тараттың,

Атыңыз бақи қалды бұлбұлым-ай.

Низамия болмаған атаң қазақ,

Табылмас енді сенің бір күнің-ай.

Құдайдан әмір болып қайта келсең,

Жапырлап айтар еді ел мұңын-ай.

Далиған даладағы бұл қазаққа,

Алла енді келтірер ме сендей ұлды-ай!..

«Арғынбек  –  бойы  ортадан  озық,  ойы  ортасынан  озық,  сақал-мұрты 

селдірлеу, ашаң жүзді адам еді. Халық оны ақын, ақылмандығымен қоса, мінсіз 

мінезі, өте қарапайымдылығы, білгенін де, бойындағы бар-жоғын да бодаусыз  

бере салатын сахилығы үшін де қатты сыйлайтын. Керейдің сол тұстағы көсемдері 

– Шәріпқан, Мәңкей, Дәлелқандар ақылдасуға шақырып, кеңес тыңдап отыратын. 

Ұзақ-ұзақ толғауларында не ұйқас, не ой, не сөз қайталауы кезікпейтін. Өлеңінің 

бәрінде елге, жерге құрмет сезіліп тұратын. Жүрек сыздап бара жатқанда «Жер 

– адамның анасын» оқып, сағынышты ортайтатынбыз. Онда Өр найманға құтты 

қоныс болған жүзден астам мекен-жайды (орыс тартып алған шұрайлы жерлерді) 

айтып,  жылап  отырып  жоқтайды.  Сол  қасиетті  қоныстардың  бұрынғы  аттары 

Ж.М. ИМАНКЕНОВА, Г.Қ. РАХИМБАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 320-330 

 

 

                ISSN 1683-1667 



324

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

өшіп,  Горный,  Заречный,  Черняевка,  Бобровка...  –  дейсің  бе,  мүлде  бөтен  бо-

лып кеткен. Осы сылқым жырдағы солқылдаған сезімді, сағынышты, перзенттік 

сүйіспеншілікті былай қойғанда, сол жерлердің ежелгі есімдерін білуге септігі 

тиері  даусыз.  Осы  жыр  ел  құлағына  жетсе,  Арекең  аруағына  менің  де  соңғы 

қызметім болар еді...» [1].

«Жер – адамның анасы» көлемді толғауы туған жеріне деген ақынның ұлы 

сағынышынан  жаралған.  Бұл  өлеңінде  ақын  туған  өлкесінің  жер-су  аттарын 

түгелімен маржандай етіп тізіп берген. Кір жуып, кіндік кескен жерінің қызығын, 

әрбір сайы мен саласын, өзені мен көлін аңсап, қапаланады.

Қазақ еді халқымыз

Мекендеген Алтайды.

Ұлы жайлау тарылып,

Өңірінен мал тайды.

Жайлаушы едік жазды күн

Алтай көлі Марқаны.

Көшіп-қонып жүруші ек, 

Өрлеп-құлдап әр сайды.

Сол жайлаудан айырылып,

Көңіл, шіркін, шаршайды.

Туған жерің – өз анаң,

Айырылған жандар аңсайды. 

Мекеннен сөз қозғасам, 

Ішкі  қапам  тарқайды,  –  дейді.  Бұл  шумақтардың  мазмұны  Дулат 

Бабатайұлының «Ақжайлау мен Сандықтас» өлеңімен идеясы бір екенін аңғаруға 

болады. Жалпы зар заман ақындарының қай шығармасын алып қарасаңыз туған 

елге, жерге сағыныш- басты тақырып. «Ақжайлау мен Сандықтас» атты өлеңінде 

де  туып-өскен  өңірін  «атамның  қонған  қонысы»  деп  тебірене,  оның  келісті 

көріністерін  перзенттік,  тіпті  сәбилік  сүйіспеншілікпен  елжірей  суреттейді. 

Жерге қатысты ешкім айтпаған «қызғаныш» сөзін қолданып, ата қонысын:

Атам қонған кең далам,

Мендей сені қызғанар

Бауырыңда өскен қай балаң? – деп, жас баладай жабыса сүйеді. Ақын бұл 

толғауында да көкірегіне байланған ескі шеріне қайта оралады:

Өксігіңді ойласам,

Ұйқы беріп, қайғы алам. 

Қилы-қилы заманды, 

Заманға сай адамды 

Салғастырып қарасам, 

Су мүйіз болған танадай

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


325

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Шыр  көбелек  айналам,  –  деп,  елдің  еркін,  тәуелсіз  заманын  еске  алып, 

теңселіп  кеткендей  болады.  Ақын  –  қазақ  даласының  кіріптарлық,  халықтың 

шұрайлы, сулы қоныстарынан ығыстырылып, өз жері, өз елінде өгей жетімнің 

күйіне түскенін көрмей, айтпай, тек Сарыарқасы мен Сандықтасын тамылжы-

та жырына қосса, әрине, оғаш, түсініксіз, ал атамның қонысын өзгеден қызғана 

сүйдім десе, жалған болар еді. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағды-

рын ойлап, күйзелген ұлы жырау олай еткен жоқ, шындықты, шынайы сезімін 

бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік 

кұндылығы да сонда.

Арғынбек Апашбайұлының осы өлеңін оқи отырып Шығыс Қазақстанның 

Марқа  өңірінің  көптеген  жер-су  аттарынан  мағлұмат  алуға  болады.  Бұның 

өзі – бір тарих, аймақтық топонимиканың бір саласы. Жалғыз Арғынбек қана 

емес, жоғарыда айтып өткен халық ақыны Әрімжан Жанұзақұлының көптеген 

шығармалары Тарбағатай өңірінің жер-су аттарымен аталатын, туған өлкесінің 

шұрайлы  да,  әсем  табиғатын  қимай  қоштасқан,  сағынып  еске  алған  өлеңдері 

бар.


Қураймолды, Шығанши,

Орыс қала салған үй.

Бұл күзеуді алған соң,

Біздің елден кетті күй.

Қайран жерім десеңдер,

Айырылмайтын ақыл жый.

Бытырамай ала боп, 

Берекелі бірлік қыл.

Ел бастаған ұлыңның

Тілін алып, ісін біл,

Байқағанға абайлап,

Көрініп тұр барлық сыр, – деп тебіренеді. Халық ақынның осы бір өлеңінен 

халықты бірлік-берекеге шақырып, бытырамай, бір-бірімен ала болмай бір тудың 

астына жиналып, тату болса ғана жауды жеңуге болатындығын айтып ескертеді. 

Осы өлеңдегі «Шығанши» атауы қазіргі кезде «Қазақстан» деп аталатын ауыл, 

дегенмен  халық  әлі  күнге  дейін  «Шығанши»  атауын  қолданып  жүр.  Кезінде 

қазақтардың күзеуі болғаны өлеңде айтылды. 

Сорқұдық пен Ашылы, 

Ойласақ көңіл жасыды... 

Алқабек пен Теректім,

Елге қоныс, керектім...

Ар жағында Дерелі,

Аса бір көшкен көп елі.

Алтай өрлеп, тырмысып,

Ж.М. ИМАНКЕНОВА, Г.Қ. РАХИМБАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 320-330 

 

 



                ISSN 1683-1667 

326

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Жонға шығып келеді.

Сай-салалы Сарбонды

Елі жақсы көреді.

Мекендеген қазағым,

Маңқан сайы дейтұғын

Ата қоныс жер еді.

Алтындықтың кені еді.

Қайта түскен елі оның

Жемістерін тереді, – дейді. Сорықұдық, Ашылы, Алқабек, Теректі, Дерелі, 

Сарбон, Маңқан сайы және бұдан басқа да елді мекендер мен жер-су аттары ата-

лып, оның ішкі-сыртқы байлығы туралы сөз қозғайды. Әрімжан ақында былай 

айтылады:

Маңырақтың сағасы, 

Шілік пен Шорға арасы

Көретін күн болар ма,

Бес Сатының баласы.

Маңырақ асқар бел еді,

Зайсан шалқар көл еді.

Жаз мысалын әкелген.

Оңынан соққан жел еді, – деп өзінің туған өлкесінің жер-су атауларын бей-

нелеген.


Сұлудай шашын тараған

Қайың менен терегі.

Сағынғанмен амал жоқ,

Енді оны кім береді!?

Жанды сурет. Көз алдыңда табиғаттың тамылжыған портреті елестейді. Об-

разды бейнелеу арқылы ақын кәдімгі қайың мен теректі шашын тарап отырған 

аруға  теңейді.  Және  де  қазақ  поэзиясында  жыраулар  заманынан  келе  жатқан 

үрдіс сұрай арнауды оңтайлы қолданған. Оған мысал:

«Қарақазан, Сарбала»,

Қайран жерім деп өттің.

Атадан қалған асылым,

Айырылып қалам демеппін.

Надандықтың кеселі,

Енді бізге ол жерді

Қайтарып берер демеп кім?, – деп халқына ой тастайды.

«Жыр  роман».  Дастанды  ақын  Арғынбек  Апашбайұлы  (1876-1946) 

жырлаған.  Дастанда  тұтас  қазақ  ұлтының,  өте-мөте  орта  жүздің  ХVІІ-ХVШ 

ғасырда өткерген қоғамдық-әлеуметтік ірі тарихи оқиғалары сөз болады. «Сөзім 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


327

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

сол  естеріңе  салатұғын»,  «Орта  жүздің  Сырдариядан  аууы»,  «Абақ-керейдің 

төре шақыруы», «Шәудің батасы», «Мингоның заманындағы Абақтың ел биле-

ген ұлықтары» деген тараулардан тұрады. Көлемі – 1606 жол.

Талапты жасөспірім сұлтан бала,

Атасының қолында шолпан бала. 

Қарағым, бұл кітапты топта оқып жүр,

Сөз  асылын  білетін  болсаң  дана,  –  деген  аманатпен  ақын  қолжазбасын 

өзінің  молда  шәкірті  Сұлтан  Тасекеұлына  табыс  етеді.  Сол  шәкірт  арқылы 

алғашында  Абақ  керейдің  Сарбас  руы  ауылдарына,  кейін  Алтай,  Тарбағатай, 

Құмыл,  Еренқабырға,  Іле  өңірлеріне  тарайды.  1915-1925  жж.  аралығында 

«Қалам  алып  Арғынбек»,  «Жер  –  адамның  анасы»,  «Жігіт  сол»  т.б.  көлемді 

де  терең  ойлы  өлең-толғаулар  жазған.  Ақынның  «Қазақ  Сырдан  ауғанда», 

«Ата  жұртым  –  қазағым»,  «Россия  туралы»  дастандары  ел  ішіне  кең  тараған. 

1927-  28  жылдар  аралығында  ақын  ерекше  бір  тың  шабытпен  бітімі  бөлек, 

тілі шұрайлы «Жыр романын» жазады. Арғынбек өлеңдері Қазақстан, Қытай, 

Моңғолия,  Түркия  елдеріндегі  қазақтар  арасына  кең  тараған.  Оның  бірқатар 

туындылары ҚР ҒА-ның Орталық Ғылыми кітапханасында қолжазба қорында 

сақталған.  1932  жылы  Қасымхан  Мешінбайұлының  қағазға  түсіруінде  Кәбен 

Буратайұлы  жаттап  алған  сол  нұсқа  1992  жылы  «Мұра»  журналының  №2  са-

нында жарық көреді. Қытайдағы дастан-қиссалар арасында «Төрт қырық» не-

месе  «Төрт  алып»  деп  аталып  кеткен  тоғыспалы  дастан-қиссалар  тобы  бар. 

Мұндай дастан-қиссалар бірімен-бірі матасып, желілесіп, мазмұндасып жатады. 

Олар: «Бақтиярдың қырық бұтағы», «Қырық уәзір», «Қырымның қырық баты-

ры», «Тотының қырық тарауы». Ақынның «Арғынбектің жыры» атты толғауы 

«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш 

президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен шығарылған ауыз әдебиетінің 

100 томдығына енген. Бұл шығарма ғибрат сөздерге, ақыл-өсиеттерге толы өткен 

тарихымыздан сыр шертеді. Заманның бұзылғаны туралы айтады, оқу-білімнің 

қадірін түсініп білу керек деп түйеді. Оны мына жолдардан аңғаруға болады:

Ойласақ, осы күнде заман басқа, 

Заманға лайық біткен адам басқа. 

Замана қалай болса солай болып, 

Шара жоқ жігіт адам жаралмасқа.

Алды дария, арты жар заман болды

Әр халық ойлайды ақыл қамалмасқа. 

Аралап дүние жүзін көрмесем де, 

Айтайын білгенімді замандасқа. 

Аз оқып, көпті көріп ғибрат алған, 

Ғұсуси парасатты амалдасқа. 

Ж.М. ИМАНКЕНОВА, Г.Қ. РАХИМБАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 320-330 

 

 

                ISSN 1683-1667 



328

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Білімнің қадірін пенде көрсе керек, 

Керек болса іздесең таба алмас та. 

Ғылым, хикмет иесі адамдар бар, 

Әр уақыт оныменен арандаспа. 

Бір хикмет бар шығар ойлағанда,

Басқа  ұрып  кетсе  де  жамандаспа,  –  осы  өлең  жолдарынан-ақ  Арғынбек 

Апашбайұлының жаһандану дәуірі келе жатқанын айтып, кейінгі ұрпақты білім, 

ғылым жолын қууға шақырады. Ғылым, хикметті меңгерген адамдармен аран-

даспа дейді, бұның астарында ақын сауатты болуды айтқысы келген. Сондай-ақ 

ақын осы ойын келесі жолдармен былай өрбітеді:

Сахарада жан сақтаған атам қазақ,

Заманы осы күнде болды ғажап. 

Әр халық ғылым оқып көзін ашты, 

Қылады басқа жұрттар бізді мазақ. 

Біреудің күнкөргіштік малы болса, 

Мықтымыз күн көруге соны қажап. 

Бұл күнге біраз жылда зар боламыз

Қайран ел, заманымыз қалды-ау аз-ақ! [2].

Ыбырай  Алтынсарин,  Ұлы  Абай,  Ахмет  Байтұрсынов,  Сұлтанмахмұт 

Торайғыров  т.б.  қазақ  зиялыларының  ойларымен  үндес  бұл  шумақтарда 

халқының ертеңін ойлап тоғану, ой тастау, мал асырап күн көрмей, ғылымға бет 

бұру туралы айтылған. 

Бұл күнде дүние жүзі теңселіп тұр,

Өрт шалып келе жатыр бізді қамап. 

Көп екен аузын ашқан айдаһарлар, 

Тамсанып келе жатыр бізге қарап. 

Бұл күнде дүние жүзі қозғалып тұр, 

Әр халық ғылым іздеп кетті тарап.

Асты мен үсті қазынаға толы ұлан-байтақ қазақ жеріне қызыққан мемлекет-

тер көп. Солтүстігіміз Ресей, шығысымыз Қытаймен шектесетін біздің мемлекет-

ке қазіргі күннің өзінде де аз қауіп төніп тұрған жоқ. Бұны ақын «айдаһарлар бізге 

қарай тамсанып келе жатыр», «өрт бізді қамап келе жатыр» деп астарлы сөзбен 

дөп басып айтқан. Сол кездің өзінде ақын жаһандану дәуірі басталатынын, дүние 

жүзінде өзгеріс болатын сезгендей. Бұл өрт пен айдаһардан құтылудың жалғыз 

амалы ғылым іздеу, білімді болу деп түсінеді ақын. Шығарманың тағы бір еске-

руге  тұрарлық  тұсы,  ол  қазақ  халқының  үш  жүзі,  олардың  территориясы  мен 

мекендеген рулары және тайпалар аттары жайында біраз мағлұмат берілген:

Тараған үш жүз болып қазақ ата, 

«Жалаңаш баба» деген берді бата. 

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР


329

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

Есіл, Нұра, Еділ, Жайық өзендерін 

Мекендеп жүрген екен дәмін тата. 

Кіші жүз – жағалбайлы, шекті, жаппас, 

Сол жерде орын салып қалды жата. 

«Алтай тау, Арқа деген кең жер бар» деп, 

Орта жүз көксеп тұрды көзін сата.

...Ұлы жүз – үйсін деген ол да төмен, 

Ерлікпен шығарды атын жарқырата.

Орта жүз – арғын, найман, уақ, керей, 

Өткен заман күнде той, күнде мерей. 

Атақты қоңырат, қыпшақ өскен халық,

Заман  ғой  тоятұғын  ішпей-жемей,  –  дейді.  Бұл  жырда  Арғынбек  ақын 

өткен күнді аңсап торығады. Бұрынғы заманның кеңшілігін, жаймашуақтығын 

сөз етеді. Жалпы жыраулар поэзиясы, зар заман ақындарының шығармашылығы 

сияқты халық ақындарының шығармалары да өткенді аңсау, болашақтан күдер 

үзу сияқты сарындарды байқауға болады:

Байлар көп берекелі, тартпайтұғын,

Дәулетін еш аямай тыныстаған.

Тілеулес жұрт адамы бірыңғай боп, 

Күндестік бір-біріне қылыспаған. 

Сол күндегі адамның тілегі бір

Болмайды ұмытпайтын көңілде кір. 

Ағайын екі кісі араз болса, 

«Табыстырып қоялық, бәрің де жүр». 

Біреуге біреу қастық ойламайды, 

Ақ пейілдің жері көп онан өзге. 

Бір адам жұрт ішінде қисық болса, 

Салады жұрт жиылып оны тезге. 

Жоғалса бір адамның жалғыз тайы, 

Табады тегіс қарап жарлы-байы. 

Адамға адам жаны ашымайды, 

Құрбылар, бұл заманның кетті жайы. 

Осы күнгі жандарда береке жоқ, 

Бұрынғы қайран заман, өтті-ау айы.

Арғынбек  Апашбайұлы  –  өзіне  дейінгі  ақындардың  ізін  жалғастырушы, 

өзінен кейінгі ақындарға бағыт сілтеуші. Осындай сөз маржандарын төгілткен, 

халқым  деп  жүрегі  қарс  айырылған,  өлең  сөзімен  халқын  тебіренткен  ақын 

шығармашылығы  белгілі  бір  себептермен  насихатталмай,  өз  шеңберінде 

ғана қалып қойды. Сондықтан халық ақынының мұрасы әлі де болса зерттеп, 

Ж.М. ИМАНКЕНОВА, Г.Қ. РАХИМБАЕВА. 2 (66) 2015. Б. 320-330 

 

 

                ISSN 1683-1667 



330

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

толықтыруды қажет етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Апашбайұлы А. Жайсаң дүние / А. Апашбайұлы // Жұлдыз. – 2013. – №9. – 

198 б.

2.  Бабалар  сөзі.  Жүз  томдық.  58-том.  Хикаялық  дастандар  /  Құраст.:  Ақан  А., 



Әзібаева Б., Рақышева Ж. – Астана: Фолиант, 2004. – 441 б. 

3. Қыдырханұлы У. Арғынбек Апашбайұлы / У. Қыдырханұлы // Жұлдыз. – 2004. 

– 2 ақпан.

4. Тоқанұлы Б. Ахаттың шәкірті, шәкәрімтанушы Арғынбек аға / Б. Тоқанұлы // 

Дидар. – 2008. – 1 шілде. – 4 б.

5. Қыдырханұлы У. Күңіреніп өткен өмір / У. Қыдырханұлы // Жұлдыз. – 2004. – 

№2. – 138 б.

6. Дәбей Ы. Қалам алып Арғынбек / Ы. Дәбей // Қазақ әдебиеті. – 2004. – 29 та-

мыз. – 5 б.

REFERENCES

1. Apashbajuly A., Zhajsan dunie Zhuldyz zhurnaly, 2013, 9, 198 (in Kaz).

2. Babalar sozі. Zuz tomdyq. 5-tom. Hikajalyq dastandar. Qurast. Aqan A., Azіbaeva 

B., Raqysheva Zh., Astana. Foliant, 2004, 441 (in Kaz).

3. Qydyrhanuly U., Arqynbek Apashbajuly. Zuldyz, 2004, 2 aqpan (in Kaz).

4. Toqanuly B., Ahattyn shakіrtі, shakarіmtanushy Arqynbek aqa. Didar. 2008, 1 shіlde, 

4 (in Kaz).

5. Qydyrhanuly U., Kunіrenіp otken omіr. Zhuldyz. 2004, 2, 138 (in Kaz).

6. Dabej U., Qalam alyp Arqynbek. Qazaq adebietі. 2004, 29 tamyz, 5 (in Kaz).

UDC 330.34





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет