Тұнбаға түсіру. Тұнбаның ерігіштігі, тұндырғыштың мөлшері мен табиғаты



Дата18.10.2023
өлшемі2,98 Mb.
#118223

Тұнбаға түсіру. Тұнбаның ерігіштігі, тұндырғыштың мөлшері мен табиғаты

Дайындаған Есиркеп Мухлиса

Тобы ЖХБ011

Жаратылыстану 2 курс


Қожа Ахмет Яссауи атындағыХалықаралық Қазақ Түрік унверситеті

Химиялық реакциялардың негізгі бір аналитикалық белгісі

  • Химиялық реакциялардың негізгі бір аналитикалық белгісі
  • тұнбалардың пайда болуы. Тұнба алу реакциялары заттарды бөлуге пайдаланылады.
  • Тұнба түсу процесін сандық жолмен сипаттауға болады: тұнбаның массасын анықтау -
  • гравиметриялық анализ немесе анықталатын затты түгел тұнбаға түсіруге кеткен
  • стандартты реактивтің көлемін анықтау - титриметриялық анализ. Осының бәрі тұнба алу
  • реакцияларын заттарды ашуға, анықтауға және бөлуге мүмкіндік береді.

Тұндыру процесі

Зарядтары бірдей иондардың қосылыстарының ерігіштігі сол ионның радиусының

  • Зарядтары бірдей иондардың қосылыстарының ерігіштігі сол ионның радиусының
  • артуымен және электростатикалық сипаттамаларының (z2/r) азаюымен төмендейді. Бұл
  • жағдай катионның жоғары поляризациялануымен және байланыстың коваленттік
  • дәрежесінің өсуімен байланысты. Мысалы, CaSO4, SrSO4, BaSO4 қатарында металл
  • иондарының радиусының артуымен және (z2/r) азаюымен тұнбалардың ерігіштігі
  • нашарлайды. Дәл осындай заңдылық сульфидтер, галогенидтер, селенидтер және тағы
  • басқа тұздар түзетін топ қосылыстарына да тән.

Радиусы үлкен және жеңіл поляризацияланатын аниондар қатысында тұнбалар жеңіл

  • Радиусы үлкен және жеңіл поляризацияланатын аниондар қатысында тұнбалар жеңіл
  • түзіледі. Мысалы, СО32-, PО43-, SiО32-, SО32-, AsО42- және тағы басқалар. Аниондардың
  • жеңіл поляризациялануы коваленттік байланыс санының артуынан туындайды.
  • Бөлшектердің формаларының размерлеріне тәуелді тұнбаларды кристалды және
  • аморфты деп бөледі.

Ерітінді концентрациясы жоғары болып, берілген заттың ерігіштігі аз болса, ұрық

  • Ерітінді концентрациясы жоғары болып, берілген заттың ерігіштігі аз болса, ұрық
  • кристалдары көп түзіледі. Тұндыру кезінде түзілетін кристалды орталықтардың саны аса
  • маңызды. Егер олардың саны көп болса, онда өте көп ұсақ кристалдар түзіледі. Ал
  • олардың саны аз болса, онда кристалдардың аз ғана саны өсетіндіктен, ірі кристалды
  • тұнба түзіледі. Кристалды орталықтардың саны ерітіндінің аса қанығу дәрежесімен
  • байланысты. Аса қанығудың артуымен орталық саны да артады. Ерітіндінің аса қанығу
  • мәні мынадай формуламен өректеледі:
  • Еаса қанығу = (Саса қанығу - С қанығу) / С қанығу

Аморфты тұнбалардың түзілуі

  • Коагуляцияланған тұнба аморфты тұнба деп аталады, бұл тұнба ұсақ бөлшектерден тұратындықтан, беткі қабаты үлкен болады. Егер тұнба аса концентрлі ыстық
  • ерітінділерден жылдам тұндырылса, онда сүзуге және жууға ыңғайлы, біршама таза
  • аморфты тұнба алуға болады

Аморфты тұнбалармен жұмыс істегенде пептизация құбылысын тежеп, коагуляция

  • Аморфты тұнбалармен жұмыс істегенде пептизация құбылысын тежеп, коагуляция
  • процесін жүргізуге көңіл бөлінеді. Ол үшін тұндыруды сәйкес электролит-коагулянт
  • қатысында жүргізеді. Коагулянт қызметін көбінесе аммоний тұздары мен қышқылдар
  • атқарады. Коагуляцияның орын алуына температураның да әсері бар. Температураны
  • жоғарылатқанда коллоидты бөлшектердің гидратты қабығы бұзылады және осымен
  • бірмезгілде иондардың адсорбциялануы (бөлшектерге электр зарядын беретін) азаяды.

Сұйытылған ерітінділерді пайдаланған жағдайда аморфты тұнбалар

  • Сұйытылған ерітінділерді пайдаланған жағдайда аморфты тұнбалар
  • беткі ауданы үлкен, борпылдақ күйде түзіледі және осыған орай бөгде иондарды күшті
  • сіңіреді. Осындай қажет емес жағдайдан арылу үшін, аморфты тұнбаларды тұндыруды
  • біршама концентрлі ерітінділермен жүргізеді. Бұл кезде тұндырғыш ерітіндісін жылдам
  • қосады. Концентрацияның артуынан туындаған адсорбцияны жою үшін, тұндыру процесі
  • аяқталысымен, үстіне үлкен көлемде ыстық су қосылады. Тұнбаны ұзақ уақытқа
  • қалдыруға болмайды, өйткені уақыт өте аморфты тұнбаның бетіне бөгде қоспалардың
  • адсорбциялану процесі артады. Сондықтан аморфты тұнба түзілісімен, оны бірден
  • сүзгіден өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет