Тобы: атп-17б дайындаған: Муханбетов Мақсат Жаңаөзен қаласы



бет1/4
Дата02.06.2023
өлшемі30,39 Kb.
#98281
  1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-104078



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі


СӨЖ №1
Тақырыбы: «Метрологияның ғылым жүйесіндегі орны туралы».
Тобы: АТП-17Б
Дайындаған: Муханбетов Мақсат


Жаңаөзен қаласы
2018 жыл
Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................2


Метрология туралы ұғым.......................................................................................3
Қазақстан Республикасындағы метрологиялық қызмет.....................................4
Метрологияда қолданылатын негізгі ұғымдар....................................................5
Қорытынды............................................................................................................8
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................9


КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік экономикаға қадам басуда және келешекте экономика әлемінде көрнекті орындардан көрсетуге ұмтылуда. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орынды алады. Елімізде ғылыми тұрғыдан құндылығы жоғары өңдеу өндірістерін дамытуға бағытталған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы енгізілуде.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру алдында тұр. Біз өмір сүріп жатқан жаһандану және интеграциялану ғасырында, қызметтер мен тауарлардың бүкіләлемдік нарығына халықаралық стандарттарсыз кіру мүмкін емес. Стандарттардын рөлін, мәнін мұқият игермей енудің өзі күдікті мәселе. Бұның себебі қазіргі таңда тұтынушыларды қанағаттандыратын сапа параметрлерін, шығарылатын өнімдердің ережелерін, нормаларын және деңгейлерін реттейтін стандарттаудың бүкіләлемдік мәнін жоғарылатудың қажеттілігін көрсетеді.


Бұйымның сапалық параметрлеріне көзімізді анық жеткізу үшін, оларды өлшейтін құрылғылар, приборлар қажет, бұлар метрология ілімінің үлесіне кіреді. Стандарттарды ұтымды және оңтайлы түрде ендірген абзал. Жыл сайын стандарттау мен сертификаттау үрдісінде метрологияның рөлі, оның қажеттігі арта түседі. Бұл техника мен жоғарыда айтылған ғылымдардың дамуымен және нарықтың талаптарынан байқалуда.


Өнімдер сапасы мен стандарттаудың барлық талаптарының орындалуы үшін, сапаны обьективті тәуелсіз, сәйкестікке бағалау жүргізген жөн. Бұл мәселені сертификаттау шешеді.


Қазіргі таңда барлық осы үш ұғым «техникалық реттеу» деп аталатын жалпы терминмен біріктірілген. Техникалық реттеу тек қана тұтынушылардың өмірі мен денсаулығына, қызметтер мен тауарлардың қауіпсіздігіне техникалық регламенттер арқылы мемлекеттік бақылауды анықтайды, ал қалған жағдайларда тауар өндірушілер өз көзқарастарына орай дамыған нарықтың заңдарын жетекшілікке ала отырып әрекет етеді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет