Тобы: жбл-112 Зоология жануарлар туралы ғылым zoon грек тілінен аударғанда жануар дегенді



Дата13.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#82243

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті.
Қабылдаған:Байтурсынов Қ.
Орындаған: Сағындықова С.
Тобы: ЖБЛ-112
Зоология - жануарлар туралы ғылым (zoon грек тілінен аударғанда жануар дегенді
білдіреді, logos-ілім). Ол тірі табиғатты
зерттейтін биология (bios-өмір) ғылымының
бір саласы.
Зоологияның ғылыми негізін алғаш рет қалаған ежелгі грек ойшылы Аристотель
болды (б.э.д. 384-322 жж.). "Жануарлар тарихы", "Жануарлар бөлімдері
туралы", "Жануарлардың пайда болуы" деген еңбектерінде 454 түрлі жануарды
зерттеп, сипаттаған. Салыстырмалы-анатомиялық сипаттамалармен қатар
Аристотель еңбектерінде жануарлардың жыныстық ерекшеліктері, көбеюі,
балықтар, құстар, сүткоректілердің эмбриональдық дамуы, бунақденелілердің
метаморфозы туралы мәліметтер бар.Аристотель жануарлардың екі топқа бөлді:
1) қаны бар жануарлар;
2) қаны жоқ жануарлар.
XVI-XVII ғасырларда жануарлар мен өсімдіктер
туралы негізгі түсініктер қалыптаса бастады.
XVII ғасырдың аяғында және XVIII ғасырдың
бірінші жартысында жануарлар мен өсімдіктердің
нағыз ғылыми классификациясының жасаған швед
ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды.Ең кіші
бірлікті түр деп атап, ұқсас түрлерді - туысқа,
туыстарды - отрядтарға, ал отрядтарды - класқа
біріктірді. Жануарлардың 4200 түрін зерттеп оларды
6 класқа бөлді.
«Түр өзгермейді, жаратушы қанша түр жаратса,
сонша түр тіршілік етеді» деген ұғымда болған.
«Табиғат жүйесі »(1735) еңбегі жарық көрді.
5.
Линнейден кейінгі жануарлар систематикасына
үлкен үлес қосқан ғылым Ж.Б.Ламарк (17441829) болды «Зоология философиясы» (1809)
. Ол Аристотельдің жануарларды бөлген екі
үлкен тобын құптап, омыртқалылар және
омыртқасыздар деген атаулар берді. Барлық
омыртқасыздарды Ламарк 10
класқа топтастырды.
Зоологияның және барлық биология ғылымдарының дамуындағы жаңа кезең XIX
ғасырдың екінші жартысында ағылшын ғалымы Ч.Дарвиннің (1809-1882) еңбектерінен
кейін ғана басталады. • «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы немесе тіршілік үшін күресте қолайлы жағдайға ұшыраған тұқымдардың сақталуы»
(1859) деген ғылыми еңбегімен жалпы биология ғылымдарында нағыз революциялық төңкеріс жасады.
Француздың ұлы ғылымы Жорж Кювье (1769-1832) жануарлар систематикасына жоғарғы категория ретінде типті енгізді. Ал құрылысы ұқсас жануарлар кластарын бір типке біріктірді. Барлық жануарлар Кювье бойынша 4 типке бөлінді: I. Омыртқалылар (сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, балықтар кластары); II. Жұмсақденелілер (басаяқтылар, қанаттыаяқтылар, бассыздар, иықаяқтылар, бауыраяқтылар, мұртаяқтылар кластары); III. Бунақтылар (буылтық құрттар, шаянтәрізділер, өрмекшітғрізділер, бунақденелілер); ІV. Сғулелілер (тікентерілілер, құрттар, атқыштылар, полиптер, инфузориялар).
Кювье де түрдің тұрақтылығын жақтап, органикалық дүниенің эволюциялық даму теориясын қолданады.
XIX ғасырдың жартысына дейінгі ғылымның жетістігі салыстырмалы анатомия, эмбриология, тарихи геология, политология ғылымдарының нғтижелеріне сүйенсе, микроскоп пайда болғаннан кейін биология ғылымдарында үлкен секірістер болды.
1839 жылы Т.Г.Шванн клетка теориясын ұсынса, 1845ж. 3ибольд бірклеткалы жануарларды өз алдына типке біріктірді.
Чарльз Дарвиннің "Түрлердің пайда болуы" еңбегі жарыққа шыққаннан кейін органикалық дүниенің табиғи сұрыпталуы жғне барлық түрдің шығу тегінің бірлігі жануарларды жүйелеудің негізі болып саналады. Қазіргі уақытқа дейін Дарвиннің эволюциялық теориясы басшылыққа алынып, жануарлар ғлемі жіктеледі.
Эволюциялық ілім биологияның барлық басқа салаларына әсерін тигізді. Орыс ғалымдары А.О. Ковалевский (1840-1901) жғне И.И. Мечников (1845-1916) өз еңбектерінде барлық жануарлардың эмбриональдық дамуының ұқсастығын көрсетті.
Қазіргі уақытта жануарлар систематикасында негізгі 6 категория пайдаланылады: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түр. Сонымен бірге аралық топтар да болады: тип үсті, тип тармағы, класүсті, класс тармағы, отряд үсті, отряд тармағы т.б.
Бірклеткалылардың ашылуынан бастап, жануарлар патшалығы екі патшалық тармағына бөлінеді: 1. Бірклеткалылар (Protozoa); 2. Көпклеткалылар (Metazoa). Бірклеткалыларға саркомастигофоралар (Sarcomasfigophora), споралылар (Sporozoa), инфузориялар (Ciliophora), микроспоридиялар (Microsporidia) типтері жатады. Ал көп клеткалыларға қалған барлық типтер жатқызылады. Өз кезегінде көпклеткалы жануарлар екі бөлімге жіктеледі: 1. Сғулелі-симметриялы жануарлар (Radialia); 2. Екі жақты симметриялы жануарлар (Вilateria). Бірінші бөлімге губкалар, ішекқуыстылар, ескектілер жататын болса, екінші бөлімге барлық қалған типтер жатады. Ақырында, екі жақты симметриялы жануарлар бөлімі екі тармаққа бөлінеді: 1. Алғашқы ауыздылар (Protostomia); 2. Екінші реттік ауыздылар (Deuterostomia). Бұлай бөлуге себеп болған эмбриональдық дамуындағы ерекшеліктер.
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет