Толқындық оптика Жарықтың интерференциясы. Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық торлар. Жарықтың поляризациясы



Дата15.12.2023
өлшемі2,43 Mb.
#139635


Толқындық оптика
Жарықтың интерференциясы. Жарықтың дифракциясы.
Дифракциялық торлар. Жарықтың поляризациясы.
Толқындық оптика – оптикалық құбылыстарды жарықтың толқындық табиғаты негізінде түсіндіретін оптика бөлімі. Жарық толқындары электрмагниттік толқындарға жатады. Оларға электрмагниттік толқындардың барлық қасиеттері тән.
Толқындардың интерференциясы ˗ екі немесе бірнеше когерентті толқынның қабаттасуы кезінде олардың қорытқы амплитудаларының артуы немесе кемуі.
Екі толқынның интерференциясы кезіндегі максимум және минимум шарты
Когерентті толқындар фазалық ығысулары тұрақты, жиіліктері бірдей толқындар.
Жарық толқындарының максимум шарты біртекті ортада когерентті жарық толқындарының таралу жолдарының айырымы толқын ұзындығының бүтін санына қалдықсыз бөлінген жағдайда бақыланады.
Жарық толқындарының минимум шарты біртекті ортада когерентті толқындарының таралу жолдарының айырымы жарты толқын ұзындығының тақ санына қалдықсыз бөлінген жағдайда бақыланады.
Жарық дифракциясы – жарықтың өлшемдері кішкентай денелерді орағытып өтіп, оның геометриялық көлеңке аймағына өтуі.
Жарық дифракциясының екі түрі бар: түйісетін сәулелердегі Френель дифракциясы және параллель сәулелердегі Фраунгофер дифракциясы.
Геометриялық оптикаға сәйкес экранда жарық сәулелерінің диаметрі d саңылаудан өтуі нәтижесінде диаметрі D ашық түсті дақ пайда болады (79-сурет).
Саңылаудың d диаметрін кішірейтіп, экранға дейінгі l арақашықтықты арттырсақ, кескін өзгереді. Ол ортасында ашық түсті де, қою түсті де дақ болуы мүмкін ашық және қою түсті кезекпен орналасқан сақиналарды береді. Өлшемдері кішкентай денелерді жарықтандырғанда да осындай кескін бақыланады.
Жарықтың интерференциясы – жарық толқындарын қабаттастырғанда жарықтың күшеюі немесе әлсіреуі.
Дифракциялық тор мөлдір емес аралықтармен бөлінген жіңішке саңылаулардың жиынтығын білдіреді.
Турмалин – қызыл, көк немесе жасыл түсті қатты білінетін бір өсті анизотропты мөлдір кристалл
Табиғи жарықтың кристалл арқылы өтуі кезінде тербелістің барлық бағыттарының кристалл өсіне параллель поляризация орындалатын біреуі ғана ерекшеленеді. Бұл жағдайда турмалин кристалын поляризатор деп атайды.
Шыны пластина енінің L және жағылған жолақтар санының мәні N белгілі болғанда дифракциялық тор формуласы:
Дифракциялық торды ақ жарықпен жарықтандырғанда жарықтың максимумдары экранда күлгіннен бастап, қызылға дейінгі түрлі түстерге боялады, центрлік максимум ақ болып қалады. Спектр реті артқан сайын жарықтың қарқындылығы төмендейді.
Стереоскопиялық теледидар үшін экрандағы бейнелердің ауысуымен синхрондалған көзілдірік әйнектерінің жылдам қараңғылану әдісі қолданылады. Инерция әсерінен көлемді бейне пайда болады, заттар экран мен көрерменнің бір-біріне қатысты орналасуына байланысты көрермен және экран арасында орналасады. Көзілдіріксіз мұндай бейнелер бұлдыр болып көрінеді.
Т
А
П
С
Ы
Р
М
А

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет