Топ тәлімгері: Ахмаханова А. Е



Дата11.11.2022
өлшемі16,8 Kb.
#49482
Байланысты:
хаттама ата аналар жиналысы


М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ


Хаттама № 1 «4» қараша 2022ж
ТҰн- 22-1р тобының ата-аналарымен өткен жиналыс

Қатысқандар:


Топ тәлімгері: Ахмаханова А.Е.
Техникалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі: Б.Ж.Бейсенбаева
Пән оқытушылары: А. Жақанбаева, Ж.Молдасапарова
Жалпы саны: 26
Қатысқаны: 12 Қатыспағаны: 14
Күн тәртібінде
1.Білім алушылардың білімі туралы мәлімдеу.
2. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
3. Әр түрлі мәселелер

Бірінші мәселе бойынша Ахмаханова А.Е ата-аналар жиналысын өтті, өзін таныстырудан бастады да, негізгі мәселелерге ауысты. Топ тәлімгері білім алушылардың білімі туралы мәлімдеді. Техникалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі Б.Ж.Бейсенбаева ата-аналар жиналысына қатысып, колледждің ережелерімен таныстырып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Ата - аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдеріА. Жақанбаева, Ж.Молдасапарова білім алушылардың білімі туралы, сабақтағы тәртібі туралы айтты.


Екінші мәселе бойынша топ тәлімгері сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата - аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына колледжге уақтылы келу керектігін (8.30-13.30), сағат 22.00-ге дейін үйге оралуды бақылауға ата - аналарға үгіт - насихат жұмыстарын жүргізіп, қол қойғызды.
Үшінші мәселе бойынша топ тәлімгері ата-аналарға білім алушылардың колледждің ішкі тәртібін: сабаққа кешікпеуді, сабаққа уақтылы келуді, сабақтан себепсіз қалмауды, кешікпеуді, форманы киюді ескертіп айтты.
Жиналыс соңында ата-аналар өз тілек-талаптарын айтты. Атап айтқанда, үлгермейтін сабақтарға қосымша уақыт қосу, қыз және ұл – балалардың қарым-қатынасына аса назар аудару және т.б. өзекті мәселелер талқыланып ортақ шешімдер қабылданды.
Қаулы:

  1. Білім алушылардың оқуын, сабаққа кешікпеуін, сабақтан қалмауын қадағалауға ата-аналар мен топ тәлімгеріне жауапкершілік жүктелсін.

  2. Ата-аналар мен топ тәлімгері және пән мұғалімдерінің арасында тығыз байланыс орнатуға жағдай жасалсын.

  3. Білім алушыларға қатысты барлық мәселелердің уақытылы шешіліп отыруы қадағалансын.

Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары: ________ Р.А. Абишев

Техникалық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі:________Б.Ж.Бейсенбаева


Топ тәлімгері: ________ А.Е. Ахмаханова




М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ
Ата –аналар жиналысы
Топ: ТҰн 22-1р
Топ тәлімгері: Ахмаханова А.Е.
Шымкент 2022ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет