Антикалық философия Антикалық пәлсапа



бет1/10
Дата30.01.2023
өлшемі64,82 Kb.
#63840
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Антикалық дәуір туралы біліміміз бзд. VI ғ-дағы Милет ойшылы Фалестен басталғанымен, Сократтан бұрынғы философтар (әдетте "Сократқа дейінгілер" деп аталады) туралы ақпарат салыстырмалы түрде аз. Ежелгі дәуірде грек философия мектептерінің деңгейі аса жоғары болды, оларға Сократ ілімі едәуір ықпал етті. Олардың арасындағы ең ықпалдылар Платон академиясын құрған Платон және оның шәкірті, Перипатеттер мектебін құрған Аристотель болды. Басқа ежелгі философиялық дәстүрлерге киниктер, стоицизм, скептицизм және эпикуреизм жатады. Грек философиясында қамтылған маңызды тақырыптар метафизика (атомизм және монизм секілді бәсекелес теориялар), космология, жақсы өмірдің табиғаты (эвдемония), білімнің мүмкін болуы және зерде (Логос) табиғаты қатарлылар. Рим империясының күшейген кезде Цицерон мен Сенека секілді римдіктер грек философиясын латын тілінде талқылай бастады .



Антикалық философия
Антикалық пәлсапа алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.
Ертедегі Грекияның алғашқы философтары стихиялы материалистік бағытты ұстануымен ерекшеленеді. Олар бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды.
Дүние қалай пайда болды, қалай жаратылды, ең бірінші не пайда болды деген сұраққа ерте грек ойшылдары жауап бере отырып, өз пікірлерін алға тартты.
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:

  • Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

  • Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

  • Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

Платонның ілімі бойынша идея мен материядан басқа үшінші бастама - әлемдік рух, немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлімін қосып, байланыстырады ол заттарды идеяға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуына көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Шынында да, ол қарама-қарсы үш бөліктен тұрады: бірінші - өзіне өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі - өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі – сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін – демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтіруші. Әлемдердің пайда болу себебі – демиругтің жігері. Олай болса космос – демиург жігерінің материя арқылы заттандырылуы және сол әлемнің тірі организмдерге айналуы. Космостың тіршілік иелерінікі сияқты арқылы мен жаны бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет