Үй жұмысы a, b, c, d төрт элементтерінен екіден жасалған орналастырулар қандай?
a, b, c, d төрт элементтерінен екіден жасалған терулер қандай?
25 оқушының ішінен екі кезекшіні неше түрлі тәсілмен таңдап алуға болады?
Жарысқа 7 команда қатысады. Командалар арасында жеңімпаз болатын 1- ші, 2-ші, 3-ші орынды бөлудің неше тәсілі бар?
Жартылай финалға қатысушы 10 команданың ішінен 3 команда алтын, күміс және қола медальдарды жеңіп алды. Жеңімпаз үштікті әртүрлі неше тәсілмен алуға болады?
Жетекші күнде таңертең өз отрядын сапқа тұрғызады (жиырма адам). Отрядта үш жақсы дос бар - Марат, Айдын және Айдос. Олардың бір-бірінің қасында болатындай етіп сапты қалай құруға болады?
{а, м, п, е, н} әріптерінен әрқайсысын бір рет қана қолданып неше бес әріпті сөздерді құрастыруға болады?
2. 2; 4; 5 цифрларын қолданып неше үштаңбалы сандарды құрастыруға болады, егер санның цифрлары әр түрлі болса?
Жарысқа бес команда қатысады. Жарыс нәтижесінде командалардың арасында орындарды үлестірудің неше тәсілі бар?
Сәрсенбі күні 9-сыныптарда 6 сабақ бар: алгебра, орыс тілі, сызу, биология, химия, қоғамтану. Сәрсенбі күнге сабақ кестесін құрудың неше тәсілі бар?
Сөреде 7 кітап бар, олардың үшеуінің қоңыр түсті мұқабасы бар. Қоңыр түсті мұқабасы бар кітаптар бірге тұратындай кітаптардың сөреде орналасуының неше тәсілі бар?
9 сыныптың 10 оқушысына мәжіліс залының 10 орыннан тұратын 3 қатар үлестірілген. Осы оқушылар мәжіліс залында неше тәсілмен отыра алады, егер Асан, Үсен және Қымбат бірге отырғысы келсе?