1
ТӨРТБҰРЫШТАР МЕН ШЕҢБЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН АРАЛАС ЕСЕПТЕР
1-есеп. Тіктөртбұрыштың сары түспен боялған бөлігінің ауданы 12 см
2
-қа тең. Көк
түсті боялған бөлігінің ауданын табыңдар.
2-есеп. Тіктөртбұрыштың ішінде орналасқан О нүктесі
оның қабырғаларының
орталарымен қосылған. Тіктөртбұрыштың ішкі бөліктерінің аудандары 20 см
2
, 65 см
2
, 67
см
2
-қа тең болса, онда ортаңғы бөлігінің ауданын табыңдар.
3-есеп. M және N нүктелері – ABCD трапециясының AB және CD бүйір
қабырғаларының сәйкесінше орталары. В және С нүктелері арқылы өтетін шеңбер MB
және CN кесінділерін сәйкесінше P және Q нүктелерінде қиып өтеді. 1) M, P, Q, N
нүктелері бір шеңбердің бойында жататынын
дәлелдеңдер; 2) BC = 4,5, AD = 21,5, AB =
26, CD = 25 және CPD = 90 болса, онда QN кесіндісін табыңдар.
3
7-есеп. ABCD тіктөртбұрышының
D төбесінен АС диагоналіне түсірілген
DН
перпендикуляры
D бұрышын 2:3 қатынаста бөледі. Сонда: а) диагональдың
қабырғаларымен жасайтын бұрыштарын; ә)
DН перпендикуляры мен BD диагоналі
арасындағы бұрышты табыңдар.
8-есеп. АВСD параллелограмында
Е нүктесі –
CD қабырғасының ортасы.
АЕ
кесіндісі
BD диагоналін
F нүктесінде қиып өтеді.
DF :
FB қатынасын табыңдар.
9-есеп. ABCD трапециясында Е нүктесі –
AD бүйір қабырғасының ортасы.
ВСЕ
үшбұрышының ауданы
ABCD трапециясының ауданының
жартысына тең болатынын
дәлелдеңдер.
10-есеп. Диагональдары тік бұрыш жасап қиылысатын теңбүйірлі трапецияның
ауданы оның биіктігінің квадратына тең екенін дәлелдеңдер.
11-есеп. ABCD трапециясында
𝑆
2
=
𝑆
1
+𝑆
3
2
болатынын дәлелдеңдер.
4
12-есеп. Шеңбер ABCD трапециясының барлық қабырғаларынан тең кесінділерді
қиып түседі. 1) Трапецияның барлық бұрыштарының биссетрисалары бір нүктеде
қиылысатын дәлелдеңдер; 2) Шеңбер трапецияның АВ бүйір қабырғасын К және L
нүктелерінде қиып өтеді және AK = 23, KL = 4, LB = 2. Трапецияның биіктігін табыңдар.
13-есеп. Шеңбердің радиусы 11 см-ге тең. Е нүктесі шеңбердің центрінен 7 см
қашықтықта жатыр. Е нүктесі арқылы 18 см-ге тең CD хордасы жүргізілген. CD
хордасының Е нүктесімен бөлінетін кесінділерін табыңдар.
14-есеп. Суретте центрлері O
1
, O
2
және радиустары 10, 4
болатын екі шеңбер А
нүктесінде іштей жанасады. А нүктесі арқылы өтетін түзу
шеңберлерді B және C
нүктелерінде қиып өтеді. AB = 6. AC кесіндісін табыңдар.
15-есеп. Суретте центрлері O
1
, O
2
және радиустары 10, 4 болатын екі шеңбер А
нүктесінде сырттай жанасады. А нүктесі арқылы өтетін түзу шеңберлерді B және C
нүктелерінде қиып өтеді. AС = 15. AB кесіндісін табыңдар.
16-есеп. Суретте түзу центрлері O
1
, O
2
және радиустары 4 пен 10 болатын екі
шеңбермен сәйкесінше A
1
, A
2
нүктелерінде жанасады. AA
1
= 3. AA
2
кесіндісін табыңдар.