Тоқсан жиынтық бағалау



бет1/3
Дата22.12.2023
өлшемі19 Kb.
#142642
  1   2   3

Білім алушы_______________________________________________________9 «Ә» сынып
23.12.2021 Қазақ тілі 2- тоқсан жиынтық бағалау (Жалпы балл-30)
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан»
«ЭКСПО-2017» бөлімі
Тапсырмалар.
1-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіріңіз.




Мағыналық түрі

Мысал

1

Ыңғайластық салалас

а) Өзі кетіп құтылды, әйтпесе өзіміз-ақ тастатқалы жүр едік.

2

Қарсылықты салалас

ә) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалады.

3

Себеп-салдар салалас

б) Ашуланғаны сонша – өңінде ызаның ұшқындары шашырап тұрды.

4

Түсіндірмелі салалас

в) Қазан аспаның аузында от кейде жылтылдайды, кейде қызып жанып лапылдайды.

5

Талғаулы салалас

г) Оттың жарығына сағатын төседі – тоғыз болып қалған екен.

6

Кезектес салалас

ғ) Алдымызда Есімбектің үйі тұр, – Шұға көрінбейді.

2-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіріңіз.




Мағыналық түрі

Мысал

1

Ыңғайластық салалас

а) Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі сонша – олар әлгі партизан шалды көз алдында шын көріп тұрғандай болды.

2

Қарсылықты салалас

ә) Ол кезде мен толқындай шапшыған сөздерді жақсы көруші ем, я болмаса шапқан аттай шаңдатқан сөздерді жақсы көруші ем.

3

Себеп-салдар салалас

б) Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жастағы адам бар.

4

Түсіндірмелі салалас

в) Сәуле біресе отыра қалып жазады, біресе комбайнның макетімен шұғылданады.

5

Талғаулы салалас

г) Үйде шешен, – дауда жоқ.



6

Кезектес салалас

ғ) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы секілді тез суалар.



3-Тапсырма. Мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған талқылау сұрақтарын құрастырыңыз. Көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп («келісу, келіспеу») эссесін жазыңыз. Эссе жазу барысында оқылым мәтінінің ақпаратын және себеп-салдар мен қарсылықты салалас сөйлемдерді қолданыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет