«Тұран» Университі


Даосизмнің онтологиялық (болмыс) мәселелері



бет6/171
Дата21.10.2022
өлшемі2,56 Mb.
#44551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171
Даосизмнің онтологиялық (болмыс) мәселелері.
Лао-Цзы философиясының негізгі ұғымы – Дао- Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты өзінің бойына әр-түрлі мағна сіңірген ұғым.
Дао- бір жағынан, Дүниенің қайнар көзі, алғашқы негіз ретінде түсіндірілсе, екінші жағынан ол - аспан заңдылықтары, бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар оған бағынышты.
Дүниенің негізінде жатқан Даоны біз мәңгілікті, өзгермейді, бітімсіз, танылмайды,- дейміз. Оған қаншалықты мұқият қарағанмен ол көрінбейді, зер қойып тыңдасақ - естілмейді, оған ат қояйық десек, қалай атарымызды білмейміз - оның аты жоқ. Ол – ешнәрсе, бейболмыс. Дао- бүкіл өмірге келетіннің терең қақпасы.
Ал біз өмір сүріп жатқан нақтылы Дүниеге, бізді қоршап жатқан сан-алуан заттарға келер болсақ, олардың әр-қайсысының аты бар. Олардың бәрі де қозғалыста, өзгерісте, олар- уақытпен шеңберленген- бұл Дүниеге келіп, аяғында Даоға айналып мәңгілікке кетеді.
Дао тудырған болмысты, заттар әлемін Лао-Цзы “Де² деген сөзбен береді. Дао заттарды тудырса Де - оларды асырайды. Денелік заттардың бітімін құрайды, инь мен янның күштері арқылы зат қалыптасады. Сондықтан бұл Дүниеде Даоны құрметтейді, Дені бағалайды.
Адам жерге бағынады, жер - аспанға, аспан - Даоға, Дао - өз-өзіне.
Дао - мәңгілік және аты жоқ-ты. Солай бола тұра оны ешбір бұл Дүниедегі нәрсе өзіне бағындыра алмайды.
Теңізге әр жерден келіп құйылып жатқан кіші-үлкен өзендер сияқты, Дао өзінің бойына Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстарды сіңіріп, қайтадан өз бойынан оларды тудырып отырады.
Сонымен, Бейболмыс бірінші, нақтылы дүние, болмыс- екінші. Дүниедегі барлық заттар болмыстан шығады, ал болмыс бейболмыстан туады. Қазақстанның философ-ғалымы Хамидов А.А. атап көрсеткендей “Шығыс философиясында бейболмысқа креативтік (creatіo –лат сөзі – тудыру) күш беріледі. Сондықтан Батыстағы белгілі тұжырым “Ex nіhіlo nіgіl fіt² (жоқтан ешнәрсе тумайды² шығыс ой-пікіріне сәйкес келмейді. Шығыстың ой-пікірден шығатын тұжырым “Ex nіhіlo totum fіt²,-лат. (жоқтан барлығы пайда болады).
Даосизмде дүниенің қайшылығы, қарама-қарсылықтың бір-біріне айналып жатқаны айқын көрсетіліп, адам өзінің жүріс-тұрысында, іс-әрекетінде оны қалай ескеру керектігі айтылады. “Сұлудың сұлулығы білінген кезде, түрсіздік те пайда болады. Жақсылықтың жақсылығы білінген уақытта жамандық-та пайда болады... Сондықтан болмыс пен бейболмыс бірін-бірі тудырады, ұзын мен қысқаны бір-бірімен салыстырап қана білеміз, биік пен аласа бір-бірімен майысады, әр-түрлі дыбыстар бір-біріне қосылып гармонияны (harmonіa- грек сөзі,-үйлесімді) тудырады. “Қарама-қарсылыққа айналу- даоның қозғалысы². “Мінді мінсіздікті сақтайды²- бұл бос сөз бе? Ол- адамның жетілуінің жолын көрсететін қағида. Сондықтан қиындықтан өту үшін жеңілден бастау керек. ұлы нәрсе кішіден басталады, көп нәрсе аздан тұрады, бақытқа жету үшін бақытсыздықтан өту керек… кім көп жинаса, соншалықты көп жоғалтады. Кім өлшемді сақтаса- сәтсіздікке ұшырамайды. Кім өз шегін білсе - қауіптен құтылады. Егер жеңілдікті іздесең, қиындықтар өз-өзінен пайда болады².
Даосизмнің жоғарыда көрсетілген нақыл сөздері өзінің терең даналығымен бізді таңғалдырады. Онда Дүниенің терең мәні, адамның өмір сүруіне қажетті қасиеттер көрсетілген. Тек оқы да бойыңа тоқы. Аз күнде ұлылық дәрежеге көтерілем деп, беліңді шойыртып алма, күнбе-күн аз-аздап шаршамай-талмай еңбек ет, сонда ғана белгілі нәтижелерге жетуге болады. Даосизмнің бұл нақыл сөздері жастарға, я болмаса қарапайым адамдарға ғана емес, біздің саяси және экономикалық элитаның кейбір өкілдеріне қандай керек десеңізші!!!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет