Тұрақты түрде жүзумен
шұғылдану адамның
денсаулығына оң әсерін тигізіп, жұмысқа
қабілеттілігін белсенді етеді. Жүзу барысында
бұлшық еттер жұмыс жасайды. Жүрек қан
тамырларының жүйесі жақсарғаннан жүрек
соғысы да реттеліп, қан айналымын жүйеге
келеді. Жүзумен машықтанатындардың тыныс
алу мүшесі мықты болады. Әсіресе, көкірек
қуысы кеңейіп, тынысы ашылады.
Жүзу - спорт түрінің бірі
Жүзу , спорттық жүзу - спорт түрлерінің бірі. Спорттық жүзу жарыстары еркін
(кроль), брасс, баттерфляй, шалқалап жүзу, тағы да басқа тəсілдерімен 50 метрден
1500 метр қашықтық аралығында өткізіледі. Сондай-ақ жүзудің қолданбалы, су астында
жүзу
, синхронды (көркемдік) жүзу т.б. түрлері болады. жүзудің тұрмыстық, емдік, ойын
түрлері
де бар.
Шынықтырудың ең тиімді құралы - ауа, күннің көзі мен су. Шынықтырудың ең
пəрменді
түрі суды пайдалану. Суды қолданғанда қажетті температураның күшін,
ұзақтығын
өзгерте отырып - сүртінгенде, құйылғанда, шомылғанда əр түрлі тəсілдерді
пайдаланады
.Əсіресе, бала ағзасына қозғалыспен қатар судың, ауаның, күн сəулесінің
əсері
бірге болса, шомылу мен жүзудің тигізер пайдасы өте көп. Əрдайым үнемі
шомылғанда
, жүзгенде адам баласының тамыр жүйесі су температурасының
алмасуына
тез арада ыңғайланып алады. Адам баласы судың температурасы
төмендеген
жағдайда да, суда ұзақ болуға үйреніп алады.
Алғашында жүзудің тек 3 стилі болған. Олар: еркін стиль, брасс жəне арқамен жүзу. Баттерфляй брассты жетілдіру
кезінде
пайда болған. Қолдар судың бетінде зымырай бастады, сол себептен жүзгіштің қозғалысы жылдамдады.
Кейін
аяқтардың қозғалысын да көбірек табиғиға ұқсатты. Баттерфляйда жұрыс техника ерекше маңызды. Кроль,
шалқалай
жүзу мен брассқа қарағанда баттерфляйда жақсы жылдамдықты тек физикалық күш арқылы қол жеткізу
мүмкін
емес. Көп адамдар бар қиындық бұл стильді үйренуде жатыр деп ойлайды. Бастаушылар үшін басты қиындық
екі
қолын бір уақытта судың үстінде қайтару мен барлық денесін бастапқы позицияға келтіру, сонымен қатар бір
уақыттағы
деммен жүзуТехника қол мен аяқтың синхронды қозғалысынан тұрады. Мұндағы негізі рөлді дененің
толқын
тəріздес қозғалысыорындайды.Бастапқы позицияда жүзгіш суда қарнымен жатады, қолдары алға созылған,
ал
аяқтары артқа қарай созылған.Шомылу жəне жүзу дене мүшелерінің сыртқы температура өзгерістерінен,
салқыннан
пайда болатын ауруларға шалдықпай, төзімді болуын тəрбиелейді. Өзен-көлдерде жүзу болса, күннің
шуағы
мен таза ауа адам денесіне күшті əсерін тигізеді.Судың ішінде адам салмақсыз болатындықтан, денеге көп
күш
түспейді де омыртқа жотасы созылады, бұлшық ет талшықтары ұзарады. Соның əсерінен адам тұлғасы
сымбаттанып
, қимыл-қозғалысы еркін де əсем көрінеді.Суда жүзудің пайдасы - адамның денсаулығын нығайтады,
сонымен
қатар өзін таза ұстауға жəне денесін шынықтыруға көмектеседі.Жүзумен шұғылданудың спорттық
жетістіктерге
жетуде маңызы зор. Мысалы: суға секіру, су шаңғы спорты, есу желкен спорты жəне т.б. мұндай спорт
түрлерімен
айналысу үшін алдымен жүзіп үйрену қажет. Суда жүзудің мынадай спорттық əдіс тəсілдері бар. Кроль -
еркін
жүзу (етпеттеп жəне шалқалап), брасс жəне баттерфляй (баттерфляй кейде дельфин деп те аталады).
Спорттық
жүзудің осы түрлерімен шұғылданатын адамдар жүзу əдістерін тыңғылықты орындауға дағдыланады.
Құлаштап жүзу
Құлаштап жүзу – жүзудің ең жылдам
тəсілі
. Аты айтып тұрғандай екі қолды
құлаш
сермеп, дененің сол жəне оң жағын
алма
-кезек ескек ескендей есу арқылы
жүзу
стилі. Құлаштап жүзгенде аяқтың
қимылы
дəл қолдың қимылындай сол
ретпен
кезек-кезек көтіріліп-түседі. Суда
жүзуші
адамның беті су астында
болатындықтан
, дамыл-дамыл дем алып
тұру
үшін басын бұрып тұрады.
Брасс
Брасс
– қолды судан шығармай су ішінде
кеудемен
ұзыннан жатқан қалпында аяқ-
қолдың
қатар қимылдауы.