Травматология


ЖАРАҚАТТАН КЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯДАН



Pdf көрінісі
бет216/297
Дата06.01.2022
өлшемі6,59 Mb.
#15605
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   297
 
ЖАРАҚАТТАН КЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯДАН 
КЕЙІНГІ ОСТЕОМИЕЛИТ 
"Остеомиелит"  -  тек  сүйек  миының қабынып  шіруі  сол  сүйектің  өзінің, 
қабығының және  сыртындағы  жұмсақтіндердің қабынуы. 
Остеомиелиттің  дамуы  микробтардың  сүйек  миынатүсуіне  (әсіресе 
алтынды  стафилакоктердің)  байланысты  болады.  Микробтар  ашық 
жарақаттанғанда  немесе  сүйекке  операция  жасалғанда  түседі  де,  кейіннен 
жарақаттан кейінгі немесе операциядан кейінгі остеомиелит дамиды. 
Остеомиелиттер:  1.  Гематогендік;  2.  Оқпен  атылғаннаи  кейінгі;  3. 
Жарақаттан кейінгі; 4. Операциядан кейін болып бөлінеді. 
Ашық  жарақаттан  кейінгі  болатын  остеомиелит  15-49%-ға  дейін,  ал 
операциядан  кейінгі  болатын  остеомиелит  небәрі  3%  болады.  Жарақаттан 
кейін дамитын остеомиелитке мынандай факторлар ықпал етеді: 
Жарақаттың  түрі,  ауыртпалығы,  сынған  жері,  микробтардың  түрі, 
қосымша  бірінші  хирургиялық  тазартудың  сапасы.  Көпшілік  уақытта 
жарақаттан кейін пайда болатын остеомиелит сүйектің сынған ұштарын ғана 
қамтып қояды, ал сүйек көп жаңқаланып сынса, осы жаңқаланған сүйектерде 
тегіс  остеомиелит  болады  да  кейіннен  сүйектің  сынған  жерінде  жетімсіздік 
пайда болады. 
Операциядан  кейін  пайда  болатын  остеомиелитке  бейімді  ететін 
мынандай  факторлар  бар:  толығымен  тығыздалып  бекітілмеген  остеосинтез, 
операция  жасау  уақытында  сүйектің  жан-жағындағы  жүмсақ  тіндердің 
көлемінен  ерекше,  артық  жарақаттануы,  металдық  конструкциялардың 
коррозиясы, денеде астыртын немесе ашық микробтардың болуы. 
Жарақаттан  кейінгі  остеомиелит  көбінесе  балтыр  сүйектің  төменгі 
жағында кездеседі. Себебі, үлкен жіліншік сүйегінің алдында жұмсақ ет жоқ, 
соған байланысты бұл сүйекте қан тамыры нашар дамыған. 
Жарақаттан  кейінгі  және  операциядан  кейінгі  остеомиелит  созылмалы 
болады.  Денесінің  қызуы  көтеріледі,  лейкоцитоз  көтеріледі.  Кейін  жараны 
тіліп  іріңді  шығарғаннан  кейін  дененің  қызуы  басылады,  ірің  ағуы  азаяды, 
жыланкөз пайда болады. Бұл жыланкөздер өз бетімен жабыла қоймайды. 
Жарақаттан  кейінгі  және  операциядан  кейінгі  остеомиелиттің  ауыр 
түрінде ауыру синдромы ерекше білінеді, жұмсақ тіндер  ісінеді, дене қызуы 
көбейеді, көлемді лейкоцитоз болады, СОЭ жылдамдайды, біртіндеп  анемия 
дамиды.  Кейіннен  рентгенде  остеопороз  болып,  секвестрлік  қорапшамен 
секвестрдің  өзі  көрінеді.  Ашық  жарақаттан  кейін  дамитын  остеомиелитке 
профилактика  жасау  үшін  ашық  жара  мен  сүйекті  бірінші  хирургиялық 
тазартуды ерте, толығымен жасап  жараны жабу керек, ауруға үлкен көлемді 
спектрлі  антибиотик  жіберу  керек.Сынықты  жалғау  үшін  сүйектіңмай 
қуысына  темір  жіберуге  болмайды.  Оларды  жалғау  үшін  Илизаровтікі 
сияқтыстерженьді аппараттар қолдану керек. 
Емдеу.  Остеомиелитті  емдеудегі  басты  міндет  сүйектің  шіріп  іріңдеген 
ошағын жою болып есептеледі. 
Негізгі  ем-оперативтік  ем,  аяқты  қосымша  таңғышпен  бекіту, 
антибиотиктермен  емдеу,  аурудың  хал-жағдайын  жақсартып,  оның 
микробпен  күресу  қабілетін  жоғарылату:  қан  құю,  қан  алмастырғыштарды 
құю.  
 


209 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет