ҰБТ тапсыратын оқушылардың ата-аналарына психологиялық қолдау көрсету жұмысы
Мақсаты: Ата-анаға баланың психологиялық жағдайын түсіндіру, жеке тұлға болып қалыптасуындағы рөлін таныту. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Ата – аналардың ҰБТ-ға деген көзқарасын анықтап, қорқынышын сейілту, психологиялық қолдау көрсету.
Түрі: Конференция
Өту барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Тренинг өткізілетін заллға кірмес бұрын музыкамен есікке керілген лентадан шалқалап кіру керек
ІІ. «Есімдер аллитерациясы» тренинг.
ІІІ. «ҰБТ ата – ана көзімен» тақырыбында постер қоғау.
ІҮ. Жағдаяттар.
Ү. «Байқампаздық» тренинг.
ҮІ. Ата – аналарға психологиялық кеңес
ҮІІ. Арман терегі. Қорытынды.
І. Ұйымдастыру бөлімі — Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, әріптестер! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. «Ата-ана махаббаты» атты психологиялық тренинг түрінде өткізіліп отырған ата-аналар конференциясына қош келдіңіздер.
Баланы жастан бақпасаң
Жамандықтан қақпасаң
Қадірден жұрдай қасқа боп,
Кешкенің өмір босқа тек – дегендей баланың ыстық суығына күйінбейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар сірә. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол анаға қарап өседі, бойын түзейді. Мектепте балаға білім, тәрбие беретін тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші ата-ана.
Кешімізді бастамас бұрын сиқырлы қобдиша ішінен сурет бөлшектерін алуыңызды сұраймын. Қолымыздағы сурет бөлшектерін біріктіру арқылы 4 топқа бөлінеміз. Бірінші топ қарындаш суреті, екінші топ жапырақтар, үшінші топ гүлдер, төртінші топ кітаптар суретін құрастыру керек. Осылайша топқа бөлініп алдық.
ІІ. « Есімдер аллитерациясы» жаттығуы Мақсаты: Ата-аналарды бір-бірімен таныстыру.
Шарты: Әр отбасынан бір адам осы жерде отырған отбасы мүшелерінінң есімдерін айтып және де есімдерінің бірінші әрпінен басталатын жағымды қасиеттерін айту керек. Әр отбасы мүшесінің сөзінен кейін қалғандары үш рет қол соғып құрметтеп қояды.
Талдау:
— Сіздің есіміңізді, жақсы қасиеттеріңізді айтып жатқанда қандай сезімде болдыңыз?
— Өзіңіз қазіргі кезде қандай көңіл күйде отырсыз?