Түркімен халықтарының ыстық және салқын тағамдары, сусын және кондитерлік өнімдері

Дата03.12.2023
өлшемі3,57 Mb.
#132879

Түркімен халықтарының ыстық және салқын тағамдары, сусын және кондитерлік өнімдері

Орындаған Бекетай Салтанат

Түрікмен асханасының негізгі тағамы — "аш" палауы, бірнеше ондаған түрі бар, негізгі ингредиенттер - күріш пен ет (құс еті, қой еті). Палауға көкөністер, дәмдеуіштер, кептірілген жемістерді қосылады. Түркімен асханасының Орталық Азияның басқа тағамдарынан басты айырмашылығы – ұлттық балық тағамдары. Балықты арнайы қазандарда күріш, анар шырыны, мейіз, күнжіт, өрік қосып пісіреді. Балықты қуырады, сосын қазандарда бұқтырады, кейде ет орнына әртүрлі тағамдарға қосады. Сүт өнімдері мен сүт кеңінен қолданылады, өте пайдалы болып саналатын, дәмі тәтті түйе сүтінен сары май, йогурт, айран жасалады. Қойдан ірімшік, сүзбе массасы, брынза, сиырдан сүзбе, йогурт, ірімшік, сары май дайындалады. Түрікмендердің сүт өнімдері өте көп.

Брынза

Брынза

2 л сүтке 2 ас қасық тұз қосып қайнатамыз. Сүтке 6 жұмыртқа, 400 гр қаймақ, 200 гр айран қосамыз. 5 минут қозғап тұрамыз. Сүт қайнап, ірімшігі бөлінеді. Дуршлагқа құйып, марлемен електейміз. Сосын 2-3 сағатқа престеп қоямыз.

Балық палауы

Құрамы: 600 грамм балық (жайын, бекіре, қортпа, шоқыр, т. б.), 1 кесе күріш, 3-4 сәбіз, 3 пияз, жарты кеседен астам өсімдік майы, 3 ас қасық маргарин, 3 помидор тұз бен бұрыш татымына қарай. Дайындау процесі: Балық сүбесінің терісі сыдырылып, сүйегі алынып тасталады да, әр кесегі 10 грамнан келетіндей етіліп туралады. Сөйтіп өсімдік майы құйылып қыздырылған табаға салынып қуырылады. Содан соң кастрюльге аударылып, шала қуырылған пияз, сәбіз, 5 минуттан кейін помидор тіліктері қосылады. Тұздалып, бұрышталады. Лавр жапырағы салынып, балың сорпасы құйылады. Оған кастрюльдегі өнімдер толық батып жатуы тиіс. Сорпа құйылғаннан кейін шала пісірілген күріш салынып, қақпағы мықтап жабылады да отын басыңқырап қойып, әбден пісіріледі. Пісіп жатқан кезде палауды араластыруға болмайды. Дастарңанға әкелерде кастрюльден бірден жайпақ табаққа аударылады. Сонда күріш астына, сәбіз бен балың үстіне түседі.

Тәтті тоқаш

Дайындалуы: 1. Сүтті отқа қойып қыздырып аламыз. 2. Сүтті басқа ыдысқа құйып,оған ашытқыны,1ас қасық қантты салып,араластырып 10 минутқа қойып қоямыз. 3. Ұнды елгезерден өткізіп,оған тұзды салып араластырамыз. 4. 10 минут тұрған сүтке жұмыртқаны,сұйық майды,қалған қантты қосып араластырамыз. 5. Ұнды себе отыра жұп-жұмсақ қамыр илейміз.Сәл қолға жабысадықолыңызға кішкене сұйық май құйып,нанды илесеңіз болады. 6. Бетін жауып,орап,жылы жерге 2 есе көтерілгенше қойып қоясыз. 7. Қамыр көтерілгенде бір рет басып екінші рет көтерілгенде алып тәтті тоқаштарыңызды жасап,бетіне жаңағы қалып қойған жұмыртқаның сарысын жағып,180гр 20 минут немесе қызарғанша пісіресіз.

Құрамына: - Жылы сүт 3 ст - Ұн 1кг (керегінше) - Қант 0,5 ст (қалауыңызша) - Өсімдік майы 3 а.қ - Тұз 1,5 ш.қ - Қамыр ашытқысы 100гр - Жұмыртқа 1 бүтін және 1жұмыртқаның ағы (сарысын бетіне жағамыз).

Қымыз дайындау технологиясы: - сүтті қабылдау, өлшеу; - сүзу; - ашытқыны әзірлеу; - сүтті ашыту; - қымыздыңжетілуі; - араластыру; - шөлмектерге құю және тығындау; - газдау; - салқындату және сақтау. Сүтті әзірлеу. Қымызжасалатын сүт «СТ РК 1005 – 98» бойынша мал дәрігерлерінің бақылауына алынған дені сау биелерден сауылуы керек. Ол сүттің қышқылдығы 7-10º Т және майлылығы 1%-дан кем болмауы керек.

Достарыңызбен бөлісу:

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет