Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


Бұдан ештеңе шыға ма, жоқ па? Декабрьдiң 20-ларында сен қайда боласың? Барсам бiр-ақ жұмаға ғана барып қайтам



бет25/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   273
Бұдан ештеңе шыға ма, жоқ па? Декабрьдiң 20-ларында сен қайда боласың? Барсам бiр-ақ жұмаға ғана барып қайтам.

Одан соңғы үлкен жұмысым: менi бiтiрген соң қайда пайдаланбақ? Бұл жайын өткен хатыңда осы жолы сөйлесемiн деп едiң, сөйлестiң бе? Өзiм барсам қалай сөйлесу керек? Осыны да тез жазып жiбер.

Хат жазсам ылғи мен «шаруа» жайын жазып, онша бiр сыр, нәрлi сөзбен пiкiр алысып, әңгiмелескеннен қалып барамын. Сен де ұзын-ырға болмаса, тәптiктеп жазбайсың. Читатель проблемасы туралы Жүсiпбекпен жазысады екенсiң, не десесiңдер? Маған да айтыңдаршы. Бұл iргелi мәселе болу керек. «Оқушы үшiн әдебиет» дейсiңдер ме, жоқ оқушы средасын әдебиет формировать етедi дейсiңдер ме? Екеуi де қабырғалы, соқталы сөз. Маған екеуiңнiң де не дейтiндерiң екеу сияқты, танысу, бiлу өте қажет сияқты.

Егер маған: «Ташкенге барасын»,– дейтiн болсаң, қай кезде қалайша барамын. Өзiм май iшi бола ма деп мөлшерлеп едiм. Бiрақ бұл Қызылорда нәрселерiмдi басып, қаражат беретiн болған уақытта. Егер: олай болмаса, жүдеп-жұтап жүрсiн десе, шыдап болмайды. Онда ерте кетемiн. Осы соңғы һал болса – қалай баруыма болады, соны анықтап, ашып жаз. Осы бола ма деп қорқамын. Өзiң Ташкенде отыру, отырмау (тұру, тұрмау – Т. Ж.) туралы тағы да оспақтап қалған кiсi сияқтысың. Тағы көшемiсiң, әлде немене? Бұлай болса қашан болмақ, қалай қарай? Оны да жаз. Вуз – келесi жылы Ташкенде бола ма, оны да бiлгiм келедi. Бұл туралы жаза сал. Әзiрше қош, сүйдiм. Валядан сәлем, достығыңа алғыс айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет