Туынды сөз бен уәжділік бірлігі



Дата13.03.2023
өлшемі16,62 Kb.
#73816
Байланысты:
мақала зейнолла


Алпысбаева Асылай Қуанышбайқызы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты
Туынды сөз бен уәжділік бірлігі
Тіл білімінің сөзжасам саласының ішінде туынды сөздердің алар орны ерекше екені белгілі. Тіл біліміндегі жаңашылдық пен теориялық жетістіктер номинация табиғатын мүлде өзге қырынан тануға мүмкіндік берді. Туынды лексикалық бірліктердің табиғатын ашу сөзжасам заңдылықтары мен мағынасына қатыстылығы ескерілмей келді. Туынды сөздің негізі түбір екенін ескерсек, түбірдің сөзжасамдық құрылымын зерттеген еңбектер ретінде көне түркілік, сонымен қатар ортағасыр ескерткіштері тілдерін зерттеген еңбектерді жатқызуға болады. Ол еңбектерді Ә. Қайдар, А.Қалыбаева, Б. Қасым, Ж. Отарбаева секілді ғалымдардың еңбектерінен көре аламыз. Жоғарыда аталған ғалымдар еңбектерінде қазақ тілі мен түркі тілдерінің сөзжасам тәсілдерінің негізгі мәселелері зерттелді. Туынды сөз тіліміздегі тілдік бірліктер сияқты тұтастықты білдіретін белгілі бір ұғымның атауы ретінде таныс. Сол белгісі арқылы сөз лексема болып тіл білімі жүйесінің мүшесіне айналады. Содан кейін номинациялық қызметі бойынша зат пен құбылыстың мәнін білдіру болып, екінші қызметі ретінде бір реалийді екіншісінен ажырататын белгі болады. Қазақ тілі сөзжасамы мәселелері қазақ тілінің зерттелуіне өлшеусіз үлес қосқан А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алады. Ол еңбектерінде сөз тудыратын жұрнақтар қызметін, қажеттілігі туралы көптеген қағидаларды ұсынады. (Байтұрсынұлы, 1992, 448-б). Сонымен қатар, профессор Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деген зерттеуінде сөздің жасалу жолдары мен амалдары туралы біраз тұжырымдар бар. (Будагов, 1869-1871, 361-б).
Сөзжасамға қатысты еңбектерді орыс тіл білімінде Е.С.Кубрякова, И.С. Улуханов еңбектерінен, түркологияда: Ә. Қайдар, Н. Оралбай, З. Ахметжанова зерттеулерінен қарауымызға болады. Қазіргі таңда аталым теориясы мен уәжділікті конгнитивті лигвистика тұрғысынан зерттеу де қолға алынып келеді. Ғалым Б. Қасым түбірлес сөздерді зерттегенде негіз сөз, түбірді, туынды сөздің аражігін одан әрі ашып алуды алға тартады. Көне түркілік сөздіктердің бірінде түбірге мынадай анықтама беріледі: «Түбір – сөздің толық лексика-семантикалық мағынасын білдіретін, тілдің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші бөлшегі» . (Древнетюркский словарь, 1969, 45-50) . Сонымен бірге, негіз толық мағынаны білдіргенімен, диахронды тұрғыда түбір мен аффикске ажырайды. Негізді алып, түбірлес сөздерге топтастырсақ, өзге туынды сөздермен салыстырғанда олардың дыбыстық құрамын ажыратылады. Түбір табиғатынан тілдік даму барысында коммуникативтік сұраныс арқылы қалыптасқан әр түрлі морфеманың ұйытқысына айналады. Ал негізге келсек, түбірдің тоқтаусыз даму барысында жаңа номинацияға негіз болып, дыбыстық тұрғыдан да, морфемдік тұрғыдан да күрделене түседі. Түбір дамуының келесі кезеңінде номинация енді жаңа жасалған тілдік бірлік ретінде функцияға ие болады. Туынды сөздің ішкі мағыналық жағынан структурасы ертеден ғалымдар назарына іліккенін ескере кеткен жөн. Ғалым Б.Қасымның көзқарасы бойынша, тілге сөздің ішкі мағыналық құрылымы деген терминді енгізген ғалым Гумбольдт деп есептейді. Ішкі мағынылық құрылым тілді ерекшелей алатын белгі ретінде білініп, сөздің ішкі мағынасы мен сыртқы тұрқысы арасындағы бірліктерді байланыстырады.
«Ішкі құрылым – алғашқы бейне, онда ұғымның негізі жатады. Ішкі құрылым – ойға бағыт береді, өзек мағынаның əрі қарай дамуына мүмкіндік жасайды. Атаудың ішкі құрылымында ұғымның ізі жатады. Ішкі құрылым – атауды құрастырушы сыңарлардың өзара байланысын сақтайтын тұтас, жүйелі ерекшелігін көрсететін тілдік құбылыс. Сол арқылы ғана атаудың тұтастығы түсініледі. Ал уəждеме процесінің қатысуымен ішкі мағыналық құрылымның негізінде атау қалыптасады. Ішкі құрылым - атаудың міндетті семантикалық ерекшелігі». Яғни, ішкі құрылымның негізінде кез-келген тілдік бірліктің түбірін анықтауға болады деген тұжырымға келуге болады. Уәждеме дегеніміз туындының мағыналық және структуралық жағынан өзін құрап тұрған сыңарларының мағынасына телінуі. Демек, атаудың мағынасы құрамындағы себепші негіз бен сөз тудырушының мағынасы арқылы ерекше мағынаға ие болады. Тіліміздің төл бірліктері арқылы жасалған туынды сол тіл қолданушысына уəжілігі айқын болады. Ал кірме сөздердің уəжділігі сол тіл өкілдеріне түсінікті болғанымен, өзге тіл үшін көмескі сипатта болады. Уəждеме сөздің ішкі және сыртқы сипатын негіздейді. Номинацияның жасалуының мағыналық себебін көрсете алуға қабілетті. Уəждеме атаудың ұғыммен байланысын, болмыспен қатынасын көрсететін болғандықтан əрі осы процесс кез келген тілдегі номинацияның жасалуына негіз болатындықтан, тілде жалпы заңдылықтардың орнығуы заңды құбылыс. Ол тіл мен ойдың , зат пен болмыстың арасындағы байланысты анықтауға арналған пəн болмасада мұны айналып өтуі мүмкін емес. Себебі кез келген туынды сөз заттың ұғымдағы бейнесі, көрінісінің таңбалануы болып табылады. Уəждеме атаумен теоретикалық тұрғыда тығыз байланыста, қарым-қатынаста екені сөзсіз. Атаудың тарихын анықтау үшін оны қай деңгей көлемінде қарастыратынымызды нақты айқындап алғанымыз жөн. Болмыстың маңызды болып саналатын белгілері арқылы ұғым қалыптасып, атау пайда болатын болса, сол номинацияның ішкі мағынасында зат пен құбылыстың маңызды белгілерінің жойылмай, өз қалпында қалуы – тілдегі атаудың жасалуының басты алғышарты. Таным болмыстағы қай белгіні маңызды деп тапса, сол номинативтік белгі арқылы номинация жасалады. Сол себепті номинативтік белгілер тілдік уəждемелік таңба ретінде көріне алады. Демек, сөздің уəжділігін анықтау үшін номинативтік белгілерді анықтап алудың маңызы зор.
Белгілі бір ұғым пайда болғанда болмыстың ішкі қасиеттері бағаланады, сондай-ақ атаудың ішкі мағынасында осы белгілер таразыланып, туынды сөздің ішкі мағынасын құрайды. Яғни кез
келген туынды сөздің жасалуында қажеттілік, себептілік, негізділік болуы шарт.
Қажеттілік – адам баласы өзінің таным-білігі жеткен болмыстың қасиеті мен белгісін анықтап, анықталған ұғымға атау беру
қажеттілігі туындағанда пайда болады. Атау туғызу қажеттілігі
арқылы зат не құбылыстың негізгі ерекше, мəнді белгілері таңдалып алынады да, оның бұрын танылған затқа не құбылысқа ұқсастығы, жақындығы, ерекшелігі, т.б. ескеріледі. Сөйтіп, себепші
негіз таңдалады. Атаудың себептілігі – туынды сөз құрамындағы
сыңарлар жаңа мағынаның жасалуының себебін айқындай алады.
244
Жаңадан пайда болған атау осы себепші негіз мағынасына негізделіп барып туындайды. Туынды сөз себепші негіздің мағыналары арқылы негізделіп, өзіндік ерекше сема иеленеді.
Біз туынды сөздің құрамындағы тұлғаларды себепші негіз
(себепші тұлға) ретінде танимыз да жаңа атауды негізделген
атау деп бағалаймыз. Себепші негіз туынды сөздің жасалуының
таңбалық жəне мағыналық негізін құрайды. Дей тұрғанмен бұл
туынды сөз бен себепші негіз мағынасы сəйкес келеді деген сөз
емес. Егер туынды сөздің мағынасы себепші негіз мағынасымен
барабар болса, ол туынды сөз ретінде таныла алмайды. Туынды
сөз болу үшін себепші негіз арқылы негізделе отырып, ерекш

Древнетюркский словарь. (1969). – Ленинград: Наука. (Drevnetyurkskiy slovar (1969).


Leningrad: Nawka.)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет