Туындыларын



Pdf көрінісі
бет1/51
Дата18.04.2022
өлшемі3,05 Mb.
#31354
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
bitibaeva kanipa mukhtar uezov tuyndylaryn mektepte okytu

31354

Қанипа Бітібаева
М.  ӘУЕЗОВ 
ТУЫНДЫЛАРЫН 
МЕКТЕПТЕ  ОҚЫТУ
Екінші басылымы
Қазақстан Республикасының Білім және гылым 
министрлігі бекіткен
Алматы “МЕКТЕП” 2003


ББК  74.261.8  >  $ 
Б 94
.С&ръ)
Бітібаева Қ.
Б 94 
М.Әуезов туы нды лары н мектепте оқыту. Екінші 
басылымы. — Алматы: “Мектеп” баспасы” Ж АҚ, 2003.
— 120 бет.
І8ІШ 9 9 6 5 - 1 6 - 2 0 6 - 9
Ә дістем елік  күралда  М .Өуезов  шығармаларын  мектепте  оқыту 
мәселелері  сөз  болады.  Ж азушы  мұрасын  ұжымдык  окыту  әдісі  және 
оның  үлгілері,  “Абай  жолын”  төменгі  сыныптардан  бастап  окытудың 
ти ім ді  ж олдары   бер іл еді.  С ондай-ак  мөтінмен  ж үм ы с  ж ү р г ізу д ің  
тәсілдері  баяндалады. 
ч
4306020400
  —
 
051
404(05) — 03 
208 —  
еч
 
Б Б К   74-261-8
К, - ЛіічТіЛ' 
|
2003 
беаендірілуі: 
‘.‘Мектегг^-баспасы”  Ж АҚ 
Барлық  құқықтары  қорғалған 
І8ВЫ 9965—
 16—206—9 
Басылымның  мүліктік  құқықтары
“Мектеп”  баспасы”  ЖАҚ-на  тиесілі


М.ӘУЕЗОВ Ш ЫҒАРМАШ ЫЛЫҒЫН 
ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТТ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әлемдік әдебиеттегі аса ірі түлга М.Әуезовті жас өскіндерге 
таныту айналасындағы ізденіс бүгінгі таңда аса қажет.
Қай елдегі кай жазушы, кай көркемсөз иесі болса да, ол — 
замана перзенті, оньщ туындысы — замана айнасы. М.Өуезов 
ш ығармалары да, оның өзі де өмір сүрген ортасы мен оның 
саяси-әлеум еттік  ахуалы нан,  өнер  атаулы ға  қойы лған 
талаптан тыс қала алмағаны айдан анык.
Өткен  тарихқа  бүгінгі  көзқараспен  қарап,  сын  айту 
зерделілікті  керек  етеді.  Бүл  әсіресе  әдебиет  пен  көркем- 
өнерге ерекше керек-ақ.  Қазір  өткенімізді саралауға,  оған 
сын  көзбен  қ ар ауға  болар,  бірақ  Бейімбет  кедейлердің 
кеңестік емірдегі оянуын  жазды,  партиялық  талаптан аса 
алмады   немесе  Сәкен  өлеңдері  —  тоңкеріс  ж ы р л ар ы , 
“К екш етауы нда”  А былайды  дәріптем еді  деп,  олардың 
шығармаларын мансүқтау да жон емес.
М.Әуезов “Абай жолында” Қүнанбайды тарихи бейнесінен 
алшақтата,  тарихи  шындықты  бүза  ж азған  деген  сияқты 
пікірлер  де  ара-түра  бас  котеріп  қоятыны  бар.  Бірақ  әр 
үрпақ  еткен  дәуірдегі  ата-бабасына  біздей  неге  болмады 
деген талап қоймауы тиіс.
Бағдарламалар  мен  оқулықтарда,  ең  алдымен,  тілдік 
қуаты,  коркемдігі  мықты  дүниелер  сараланып  алынады. 
Имандылықты, адам сезімінің шарықтау биігі — махаббатты 
ж ы рлай ты н ,  ад ам д ы қ қ а  баулиты н,  ү л т ж а н д ы л ы қ қ а , 
даласын  сүюге  үндейтін,  ата-анасы н  қүрм еттеуге  үлгі 
беретін, тамаша әдет-салтымызды марапаттайтын, мүсыл- 
м ан ш ы л ы қ қ а  у а ғы зд ай т ы н   т у ы н д ы л ар ,  ж ас  өскінд і 
сүлулықты түсіне әрі бағалай білуге жетелейтін, эстетика- 
лық нәрі мол шығармалар оқытуға үсынылады.
3


Б ү р ы н ғы   ү р п а қ   ж ас ап   к етк ен   м ү р ал ар   —  тари хи  
дүниелер. Оларға келсін-келмесін бүгінгі күннің кимешегін 
кидірудің  керегі  жоқ.  Сол  мүралар  ішінен  бүгінгі  талап, 
бүгінгі  окыту мақсатына  сай нені қабылдау,  нені саралау, 
нені оқыту, қалай оқыту — басқа мәселе. М.Әуезовтей үлы 
түлға  ш ы ғарм аш ы лы ғы н  оқыту,  оның  тиімді  әдістерін 
іздестіру — барлық оқу орындарының міндеті.
Арнаулы орта, жоғары оқу орындары үстаздарының үлы 
жазушы мүрасын студенттерге, болашақ мүғалімдерге қалай 
оқытып жүргені бізді таңдандырады, бүл тақырып туралы 
материалдар ж оқ десе де болғандай.  Олай болса, М.Әуезов 
шығармашылығын оқыту проблемасы әлі де шешімін тапқан 
жоқ.  Ж екелеген  мақалалардан  басқа  іргелі зерттеулер  де 
тым аз. “Абай жолын” оқыту айналасында Т. Ақшолақовтың, 
т.б.  әдіскер-ғалымдардың  еңбегі,  осы  жолдар  авторының 
“М.Әуезов  ш ығармаш ылығын  оқыту”  (1991),  “Әдебиетті 
оқытудың тиімді жолдары” (1994) атты оқу қүралдары үлы 
жазуш ы  мүрасын оқытуды сөз етеді. Соңғы екі оқу қүралы 
жазуш ы  мүрасын (оқу багдарламасына сай) түгел қамтиды. 
Енді жазуш ы мүрасы мектепте қалай оқытылып келгеніне, 
ең алдымен, оқу бағдарламасына назар аударайық.
1. 5-сыныпта “Әжемнің әңгімесі” берілген (2 сагат) (“Абай 
ж олы ” эпопеясынан үзінді).
2. 6-сыныпта “Б үркітш і” (3 сагат).
3.  7-сыныпта “Көксерек” (4сагат).
4.  8-сыныпта “Қараш -қараш  оқиғасы” (Зсагат).
5.  11-сыныпта “М.Әуезов” (12сагат).
Сыныптан тыс оқуға “Қорғансыздың күні”, “Түнгі сарын”, 
“Өскен өркен”,  аудармаларынан “Отелло”,  “Асауға  түсау” 
үсынылған.  Соңғы  он  ж ы л  аралығындағы  бағдарламаға 
үңілгенде, “Қараш-қараш оқиғасы”, “Бүркітші” қайталанып 
беріле  берген.  “Абай  ж ол ы н ан ”  үзінділер  5-сыныптан 
басталы п ,  11-сы н ы пқа  дейін  о қы ты лад ы .  Д р ам алы қ  
ш ығармаларына  5—8-сыныптарда  мүлде  назар  аударыл- 
маған.  Ж азуш ы ны ң  стилі  қүдіретін  білдіретін  “Қаралы 
сүлу” 11-сыныпта да, өкінішке орай, ескерілмеген. “Қаралы 
сүлуды” мектеп оқушысына үсынуға бола ма екен! — деген 
сүрақ тууы әбден мүмкін.
Әңгімеде  қаралы  жесірдің  жанбай  жатып  түншыққан 
сезімінің  мораль,  әдет-салтты  талқандап,  өз  дегенін істеуі 
ш ы найы   ә р і  терең  іш к і  сезім м ен  берілген.  Ж азу ш ы  
шеберлігі  әңгіменің  өн  бойында  бір-біріне  қарама-қарсы 
өріле  берілген  жастық  оты,  табиғи  сезім,  табиғи тілек  пен 
ар,  үят,  тоқтам,  тыйым  салудың  бір  жесірдің  жүрегінде 
арп алы сқан  күресін  асқан  психолог  ретінде  беруінде.


Ж ас ть щ   т іл е к т ің   үстем   ш ы ғу ы   —  қ а р а л ы   с ү л у д ы ң  
азғындығы, опасыздығы емес, ол — бойында жаны, ж үрегі 
бар,  сезімі  бар  жастыктың  жеңуі,  шындықтың  жеңуі.  Ал 
“Кінәмшіл  бойжеткенде”  Ғайша  арқы лы   үяты  мен  арын 
өмірінен жоғары бағалап, қорғап келген қазақ қыздарының 
кейбіреуінің  жаңа  заманның  кейбір  сүрқай  жақтарынан, 
“еркін  махаббат”,  “әйел  бостандығы”  дегеннің  екінші  бір 
зиянды әсерінен азғындауға дейін жеткенін шынайы түрде 
суреттеген.  Егер әдебиетті заман айнасы десек,  “Кінәмшіл 
бойж еткенде”  төңкерістен  кей ін гі  “оқы ған,  то қ ы ған ”, 
“мәдениетке көтеріліп келе ж атқан” үрпақ өмірінің, тыныс- 
тірш ілігінің  қыр-сырының  қалтары сты   түстарын  аш ып 
көрсетеді. Яғни, сол заманның кеселі мен зиянының сүрқын 
си п аттай д ы .  Ө м ірш ең д ігі,  к ө т е р ген   п р об л ем асы н ы ң  
ш ындығымен  бүл  туынды  бүгінгі  таңда  да  өз  маңызын 
жойған жоқ. Ж ариялы қты  ж елеу етіп, дініміз бен тілімізді, 
ата-бабадан қалған жақсы тәрбиені, имандылықты негізге 
алған  әдет-ғүрпымызды  үмытып,  Батысқа,  басқа  елдерге 
еліктеуш і  ж астар  көбейіп  отырғанда,  Ғайша  секілділер 
кезігіп қалатыны айтылып жүр. Ғайшадан асып түскендері 
де кездеседь “Ел болам десең, бесігінді түзе”, “Адамдық негізі— 
әйел” деген Мүхтар үні бүгін ерекше мәнге иеленді. “Ж алған 
ү я т т ы ”  и тер іп   т астап ,  осы  ә ң г ім е н і  ж о ғ а р ы   сы ны п 
оқуш ыларына  оқытып,  соның  негізінде  пікірлесу,  аш ық 
әңгіме өткізудің пайдасы,  тәрбиелік маңызы  зор.  “Мүхтар 
тағылымы” айналасында ойлансақ, бүл қасиет оның барлық 
ш ығармаларында  да  мен  мүндалап  түрғандай.  “Оқыған 
азам аты н”  ж азуш ы ны ң  ты рнақш аға  алып,  тақы ры п қа 
осылай  ат  қойып,  міне,  Ж үм ағүлд ар  бүгінгі  заманның 
о қы ған ы ,  ә р і  азам ат ы   деген  ой  тастау ы   қ а зір   де  өз 
оқырманын ойлантады. “Қорғансыздың күніндегі” Ақандар 
даланың надан жауыздары болса, Ж үмағүл мен Ақтайлар — 
оқыған,  жаңа  заман  “зиялы лары ”.  Егер  “оқыған  азамат- 
тарымыз” осылардай болса, онда оқу-білімнің, мәдениеттің 
керегі не деген сүрақ алдыңнан шығады, еріксіз ойлантады. 
А л  б ү г ін гі  т аң д ағы   ад ам   б еті  ш ы д ам ас  с ү м д ы қ т а р  
қ ар а ң ғы л ы қ т ан   туы п  ж ат ы р   ма?  Ә уезовтің  “О қы ған 
азаматы” еріксіз осындай ойларға жетелейді. “Көксерегінде” 
таб и ға тқ а  ө ктем д ік   ж ас а п ,  б ағы н д ы р у ды ң ,  оны ң  өз 
заңдылығын бүзудың ақыры  сәбидің өлімімен  аяқталады. 
Көксеректің ерекше қатыгез арлан болып өсуіне адамдардың 
өзі  кінәлы.  “Дала  тағысы  қасқырдың  бөлтірігі  Көксерек 
жауыз  ба,  әлде  оның  апанын  талқандап,  көзін  аша  алмай 
жатқанда ене уызынан айырған адамдар жауыз ба!” — деген 
сүрақтар көңілді алаңдатады.
5


Табиғатты бағындырамыз деп, біз өз тынысымызды өзіміз 
тарылтгық. Экологиямызды бүздық, Табиғат-Ананы қорладьщ. 
Көреген данышпан осы “Көксерегіндегі” бала өлімі арқылы 
бүгінгі үрпағының қайғылы тағдырын меңзетті ме екен?!
Үстаздар  қауымы  Әуезов  тағылымын  оқу  мен  тәрбие 
беруде  тиімді  пайдалануы,  қаж етке  айналдырудың  көзін 
тауып, қонымды жолын ізденуі керек. М.Әуезов шығарма- 
ш ылығын оқытудың тиімді жолдарын іздеу бүгінгі оқыту 
үрдісінің талап деңгейінен туьшдайды. Дамыта оқыту, даралап 
әрі  саралап  оқыту  әдістемесі  М.Әуезовтей  үлы  түлғаның 
күрделі шығармаларын оқытудың тиімді жолдары болмақ. 
Қазір үстаздарға еркіндік берілген. Өр үстаз өзінің авторлық 
әдістемесіне сүйенуге, ж аңа ізденістерін басшылыққа алуға 
қүқықты. Авторлық ізденісімізге негізделген “Абай жолы” 
эпопеясын оқытудың кейбір әдістемесін ортаға салайық.
“Абай жолындай” эпикалық күрделі туындыны мүмкін- 
дігінше толық түтастай талдап, терең білім беруді мақсат ете 
отырып,  оны  оқушыға  игертудің  жеңіл,  қонымды  жағын 
іздестіргенде, мынадай жүмыстар жүргізіледі:
— 
Өр  кітаптағы  тараулардың  басты-басты  оқиғалары 
тандалып альшады да, олар үлкен қағазға жазылып, көрнекті 
етіп ілініп қойылады, ал карточкаларға жазылған үлгі үнемі 
оқушылармен бірге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет