Туу және туғаннан кейінгі кезеңдер физиологиясы. Мақсаты



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата13.10.2022
өлшемі1,87 Mb.
#42960
  1   2   3   4


*

Дәріс 6. Туу және туғаннан кейінгі кезеңдер физиологиясы. 


*
Мақсаты: Жануарларда туу үрдісінің және туғаннан кейінгі кезеңнің мәнін 
түсіну 
*
Міндеттері: Туу үрдісіне және туғаннан кейінгі кезең барысына талдау жүргізу 
*
Сұрақтары: 1. Туу актісі жөніндегі түсінік 
*
2.Туу үрдісіне әсер ететін факторлар мен себептер 
*
3. Туар алдындағы белгілер 
*
4. Жамбыс қуысының туу үрдісіне тигізетін әсері 
*
5. Төл-туу үрдісінің негізгі кейіпкері 


Туу үрдісі (
Partus)-
ана организімінен тіршілік қаблеті бар, жетілген төлді және 
оның артынан шу 
(амнион, алантоис, хорион) 
мен шарана суларын сығып 
шығаратын физиологиялық үрдіс. 
Туу үрдісі-ана организмінің, яғни жатырдың және құрсақ бұлшық еттерінің 
және диафрагманың қатты жиырылып, сығылуымен және төлдің де аздап 
қатысуымен өтетін құбылыс. 
Туу үрдісін қолдайтын, оны қозғайтын өте күрделі факторлер жөнінде осы 
кезде дейін келісімге келген бір ортақ пікір жоқ. Әртүрлі гипотеза мен 
теориялар бар, олар туу үрдісінің дәл төл өсіп жетілгенде, ерте де емес, кеш те 
емес, осы кезде басталатынын дәлелдеуге тырысады. 
Себептері : 
1. Гипократтың ойынша төл ана организімінен плацента арқылы 
келетін коректік заттарға тоймай, аштықтың әсерінен жатырды тесіп шығады 
дейді. Ана мен төлді байланыстырып тұратын плацента өз қызметін тоқтатады, 
байланыс үзіледі де, төл ана организмі үшін бөгде зат болып қалады, 
сондықтан оны жатыр қуып шығарады. Бұған да сенуге болмайды, себебі 
туғанға дейін ана мен төл арасындағы байланыс бұзылмайды, екіншіден аборт 
болғанда төл көп уақытқа дейін жатыр ішінде қалып қоятын жағдай болады, ол 
нағыз бөгде зат. 


2. Механикалық теория (жатырдың созылуы). Буаз жатыр өте қатты созылып, 
оның бұлшық еттері өзгереді және төл басымен жатыр мойнындағы жүйке 
талшықтырын қысып тітіркендіреді, содан жатыр жиырылып төлді сығып 
шығарады. Бұл да сенімсіз, себебі жатыр көп созылмаса да (кішкентай төл 
болса) туу үрдісі жүреді. 
3. Иммунитет (гормондар) теориясы. Буаздықтың соңына қарай 
плацентадан ана организміне өте көп мөлшерде жатырды тітіркендіретін 
гормондар 
(окситоцин, фолликулин
) келіп түседі. 
3. Химиялық теория (интоксикация) жатыр ұлпасында неорганикалық 
заттардың өзгеруіне байланысты, әсіресе көмір қышқылының көбейіп кетуіне 
байланысты, оттегінің жетіспеуіне байланысты организм уланады, содан 
құтылу үшін төл сыртқа шығады дейді. 
Осы айтылған теориялардың бірде-біреуі туу үрдісінің себебін толық түсіндіре 
алмайды, бірақ оларды жоққа шығаруға да болмайды.
Бұл импульстер әлі шешуін таппай отыр, дегенімен бір нәрсе анық- ол төл 
жатырда тітіркендіреді, одан импульстер мидың қыртысына келіп жетеді. Бұл 
импульстер әсіресе түнде күшті, күнжіз басқа рефлекстер оны тежеп отырады



Сөйтіп, туу үрдісі көптеген себептердің (өзгерістер) әсерінен болатын 
құбылыс. Бұл өзгерістер жүйке жүйесінде, эндокринді органдарда, жыныс 
органдарында болады. Осының негізінде А.П. Николаев (1940г) өзінің атақты 
НЕЙРО-ГУМОРАЛДІ ТЕОРИЯСЫН ұсынды. Бұл теория бойынша туу 
үрдісінің себептерін үш топқа жинақтауға болады: 
1. топ – туу үрдісіне дайындайтын себептер 
2. топ – туу үрдісін қосатын себептер 
3. топ – туу үрдісін қолдап, оны жүзеге асыратын себептер 
Осыған орай, жүйке жүйесіндегі өзгерістердің маңызы бар. Буаздықтың аяғына 
қарай ми қыртысының қозу қаблеті төмендей береді, керісінше жұлын миының 
қозу қаблеті күшейеді де, жатырды жиырылуға әкеліп түскен химиялық, 
гормондық заттарға өте сезімтап келеді. Сөйтіп, дайындайтын себептерге 
жұлын миының және жатырдың қозу қаблетінің артуын және жамбас 
сіңірлерін босатанын реляксин (сары дене гормоны) гормонының көбейуін 
жатқызамыз. 
Екінші топтағы іске қосатын себептерге қандағы эстрогенді 
гормондардың (фолликулии), окситоциннің, ацетилхолин мен адреналиннің 
көбеюін және төлдің жатырды тітіркендіріп, жиырылуына әкеліп сақтыруын 
жатқызамыз. 
Үшінші топтағы туу үрдісін қолдап оны іске асыратын себептерге 
ацетилхолиннің, простогландиннің ұзақ уақыт әсерінен диафрагма мен құрсақ 
көк етінің жиырылып-сығылуын айтамыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет