№ 1 Аққу
Аққу-ең сұлу құс.Біздің ауылдың жанында айдын көл бар.Олар сонда мекендейді. Көл бетінде баяу жүзеді. Суға сүңгіп шомылады. Кейде қанатын қағып аспанға көтеріле ұшады. Аққуды атуға бомайды. Ол-киелі құс.(31 сөз)
Тапсырма.
1 .
У дыбысы бар сөздерді буынға бөл.
2.
Тауық,қауын,аудан,сурет,сатушы сөздерін буынға бөліп жаз.
№ 2 Көмек
Айнаш бақшада көкөніс жинап жүр. Салтанат пен Әлия да бақшаға келді. Олар қияр жинауға көмектесті. Түстен кейін аспанда бұлт қоюлана түсті. Жаңбыр құйып кетті. Олар жиюлы қиярды бір жерге тасып үйді. Үстін жапты.(33сөз.)
Тапсырма.
1.
Алғашқы сөйлемдегі дауыссыз дыбыстардың астын сыз.
2.
Қияр, қоюлана,жиюлы деген сөздерді буынға бөліп жаз.
№ 3 Шаңырақ
Қазақтың өмірінде шаңырақтың маңызы өте зор. Ұл бала әке шаңырағының иесі болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе жаңартуға болады. Ал, шаңырақ жаңартылмайды. Шаңырақты үй иесі деп есептелетін ер адам ғана көтереді.
Тапсырма.
1. Екі буынды сөздерді теріп жаз.
2. Соңғы сөйлемдегі
жіңішке дауысты дыбыстардың астын сыз.
№ 4 Ақсары
Құстардың түрі өте көп Сен, Ақсарыны білесің бе? Ақсары бүркітке ұқсай ма? Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды? Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап-сары. Ақсары-жыртқыш құс. Ол тышқан, қояндармен қоректенеді. (34сөз)
Тапсырма.
1.Сұраулы сөйлемдердің астын сыз.
2. Мәтінде неше сөйлем бар екенін жақша ішінде көрсет.
№ 5 Егіз лақ
Алақай, Сәкеннің сары ешкісі егіз лақ туды! Екеуі де өте әдемі! Жүндері бұйра. Лақтар тез аяқтанды. Сәкен лақтарына су берді. Олар, суды ішті де, бастарын сілкіді. Лақтар Сәкенді танып алған. Оны көрсе жүгіріп келеді. (34 сөз)
Тапсырма.
1.
Лепті сөйлемдердің астын сыз.
2.Соңғы сөйлемнен тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.
№ 6 Дүкенде
Біздің ауылда ыдыс дүкені ашылды. Дүкен үлкен, әрі әдемі. Онда әртүрлі ыдыстар бар. Жансаяның апасы дүкенде сатушы болып істейді. Бүгін дүкенге Мағзия әже келді. Әже шәйнек пен кесе сатып алды. Дүкен Байзақ көшесінде орналасқан.(34 сөз)
Тапсырма.
1. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.
2 .Соңғы сөйлемдегі жуан дауысты дыбыстардың астын сыз.
№ 7 Киіз үй
Киіз үй малшыларға қолайлы.
Оны жылдам құрастырып, тез жинауға болады. Оның қыста жылы, жазда салқын болатынын айтсаңшы! Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді. Киіз үйлер төрт, алты , он екі қанатты болады. (35 сөз)
Тапсырма.
1.
Малшылар, жазда сөздерінің түбірі мен қосымшасын бөліп жаз.
2
. Қолайлы деген сөзді буынға бөліп жаз.
№ 8 Абай
Абай-жас кезінде ертегі , жырларды тыңдағанды жақсы көретін еді. Әкесі Құнанбай оны Омбы қаласына оқуға жіберді. Абай жазда аулына келіп демалатын. Әжесі Зере ертегі, батырлар жырын көп білетін. Абай оны сүйсіне тыңдайтын. Анасы Ұлжан да әңгімешіл еді. (36 сөз)
Тапсырма
1.
Ертегі, жырларды Құнанбай сөздерін буынға бөліп жаз.
2. Жер-су, кісі аттарының астын сыз.
№ 9 Ұқыпты бала
Қайсар жасынан тіл алғыш болып өсіп келеді. Үлкеннің айтқанын бұлжытпай орындайды. Өзінің киімдерін бір жерге қойып дағдыланды. Ойыншықтарын да белгілі жерге жинайтын болды. Ойыншықтың сынғандарын жөндейді. Өз төсегін өзі жинауды үйренді. Төсектің үстіне киіммен отырмайды. Бөлмесін таза ұстайды. (38 сөз)
Тапсырма.
1.Сын есімдердің астын сыз.
2. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбаман көрсет.
№ 10 Алып кит
Дүние жүзіндегі тіршілік ететін жануарлардың ең алыбы -көк кит. Көк киттің алып қаңқасы отыз тонна. Жалпы салмағы жүз жиырма үш тонна. Бұл қырық пілге тең деген сөз. Жүрегінің салмағы сегіз жүз килограмм. Көк киттің ұзындығы отыз үш метр.(38 сөз)
Тапсырма.
1 .Заттың санын
білдіретін сөздерді тауып, астын сыз.
2. Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз.
3. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
№ 11 Менің қарындасым
Менің Қаламқас деген қарындасым бар. Ол төрт жаста. Мен оны өте жақсы көремін. Қаламқасты далада ертіп жүргенді ұнатамын. Ойнауға алып шығамын. Түрлі ойыншықтар жасап беремін. Оған сурет салуды үйретіп жүрмін. Ол тақпақ айтуды ұнатады. Қаламқас мені жақсы көреді. (38 сөз)
Тапсырма.
1. Мәтіннен күрделі етістікті тауып, астын сыз.
2. Мәтінде қанша сөйлем барын жақша ішіне жаз.
3. Бесінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызып көрсет.
№ 12 Көбелек
Көбелектер гүлден-гүлге қонып жүр. Ақ көбелек ақ гүлге , сары көбелек сары гүлге , көк көбелек көк гүлге қонды. Мұның мәні бар. Қарлығаш ұшып келіп , көбелектерді таба алмай қалды. Өйткені көбелектердің түстері гүлдің түсімен бірдей. Көбелектер өзін жаудан осылай қорғайды. (38 сөз.)
Тапсырма
1.Заттың сынын білдіретін сөздердің астын сыз.
2.Тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жаз.
3.Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.
№ 1 Аңқау күшік
Біздің Мойнақ деген күшігіміз бар. Мойнақты шеңберден қарғып өтуіп шығуға үйретпек бодық. Бірақ күшік шеңберден қарғымады. Содан соң қағазға мысықтың суретін салдық. Оны шеңберге жапсырдық. Мойнақ суретті көрді. Аңқау күшік суретті тірі мысық екен деп, оған оқтай атылды. Сөйтіп, Мойнақ шеңберден қарғуды үйренді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері : қарғытып, жапсырды, оқтай атылды, қарғуды үйренді.
Жоспарға арнап берілген сұрақтар:
1. Олардың несі бар?
2. Мойнаңқты неге үйретпек болды?
3. Мойнақ қайтті?
4. Қағазға ненің суретін салды?
5. Аңқау күшік не істеді?
6. Мойнақ нені үйренді?
№ 2 Ақ қошақан
Ақ қошақан енесімен бірге өріске шығатын. Ол өрістің дәмді шөбіне тойып , секіріп ойнақтайтын.
Бір күні ақ қошақанның екі алдыңғы аяғы ақсап қалды. Ол енді жүре алмайтын болды.
Серік оған шөп жұлып әкеп берді , нан берді , су берді. Шүберекпен аяқтарын таңып қойды. Көп кешікпей ақ қошақанның аяқтары жазылды. Ол өріске кетті.
Түсіндірілетін сөздер:
Енесімен , ойнақтайтын, таңып қойды,
ақсап қалды
Сұрақтар:
Ақ қошақан не істеушы еді?
Ақ қошақан неліктен өріске шыға алмады?
Ақ қошақанды Серік қалай күтті?
Серіктің ісіне қандай баға берер едіңдер?
Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?
№ 3 Бүлдірген тере барғанда
Бүлдірген өзен , бұлақ бойында көп өседі.
Бір топ бала бүлдірген теретін шелек , кәрзеңке алды. Олар бүлдірген өсіп тұрған жерге жетті. Бұл жер жап-жасыл , жібек кілем төсеп тастағандай. Ойпаңдар да , бұта-өсімдіктер де көкпеңбек. Айнала төңірек , жер-дүние маужырап тұр. Не деген сұлу табиғат!
Балалар біраз тамашалап тұрды да , бүлдірген теруге кірісті. Бүлдіргенді тойғандарынша жеді. Апарған ыдыстарын да толтырып алды.
Содан соң бұлақ бойындағы
көгалға отырып демалды , түскі тамақтарын ішті.
Кешке қарай ауылға қайтты. Бұл күн балаларға өте қызықты өтті.
Түсіндіретін сөздер :
Бұлақ , бұлақ бойында, бүлдірген,таңертең, кәрзеңке,жап-жасыл, бұта-өсімдік ,көгал
Жоспар:
1.Бүлдірген теруге бару
2.Бүлдірген өскен жердің табиғаты
3.Бүлдірген теру
4.Демалу және ауылға оралу
№ 4 Сүйкімді лақ
Биыл көктем ерте келді. Қар суы сарқырап ағып жатыр.
Қой қоздап , ешкілер лақтап , ауыл абыр-сабыр. Кейбіреулері егіздеп тауып , лақтарын жарытпады. Оларға емізікпен сүт беру Ерланға тапсырылды. Ерлан бұл іске құлшына кірісті. Жылы сүтке тойған лақтар маңырауын қоя қойды. Біраздан кейін маужырап , тәтті ұйқыға кетті. Ерлан оларға мейірлене қарап әлі тұр. Не деген сүйкімді лақтар!
Жоспарға берілген сұрақтар:
Жылдың қай мезгілі еді?
Ауыл қандай күйде?
Ерланға қандай жұмыс тапсырылады?
Лақтар қалай рақаттанады?
Лақтар қандай?
№ 5 Көк шыбық.
Еркін мен жарас есік алдына алты шыбық отырғызды. Су алыс ,шелектеп тасып құйды.
Арада он шақты күн өтті. Шыбық бүршык жарып келе жатты. Екеуі қайта-қайта барып көреді.
Мынау- менің ағашым ,- дейді жарас.
Анау- менікі ,- дейді Еркін.
Шыбықтарды әлдеқашан екеуі меншіктеп алған. Әкесі де балаларына риза.
Тапсырма
1.Осы мәтінді өз жандарынан сөйлемдер қосқызып,
кеңейтіп, толықтырып жазғызыу
2.Мына сөздерді қолдану
Жапырақ жайды,көлеңкесі,демалды,құстар сайрады,жайқалып өсті.
№ 6 Сырғанақта
Демалыс күні ертемен оқушылар мектепке жиналды. Қар қалың жауғанмен , күн онша суық емес еді. Оқушылардың бәрі де жылы киінген, Олар үш топқа бөлінд. Шаңғышылар тобы тауға қарай жөнелді. Конькишілер өзен маңындағы мұзайдынға қарай кетті. Шанамен келген балалар мектеп қасындағы сырғанақта қалды. Сырғанақ тебу бәріне де ұнады. Демалыс күні көңілді өтті.
Түсіндірілетін сөздер
Маңындағы , мұзайдын.
Жоспарға арналған сұрақтар
1.Оқушылар қайда келді?
2.Ауа рай ықандай?
3.Оқушылар қалай киінген?
4.Шаңғышылар қалай қарай жөнелід?
5.Конькишілер ше?
6.шанамен келгенднр қайда қалды?
7.Демалыс қалай өтті?
№ 7 Жалқау мысық.
Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен бірге тұрғанына алты жылдай болып қалды. Бұрын , алғаш асырап алған кезімде , ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп , оралған жіп көрсе , сонымен ойнайтын. Ал қазір оны орнынан тұрғыза алмайсың. Күндіз де , түнде де пештің түбінде жатып алып , ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.
Түсіндірілетін сөздер:
Сондай тынымсыз , ұйқыдан бас көтермейді.
Жоспары:
1.Сүйкімді , әдемі мысық.
2. Мысықтың алғашқы кезі.
3.Қазіргі жағдайы.
4. Мысықтың жалқау болу себебі.
№ 8 Көктем хабаршысы.
Көктем келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп , сай-сайланы су алды.
Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп , ұшқан құсқа қарайды.
Тырна келген соң , жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады.
Бір күні тыраналар келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды. Ертесіне жұрт жер жыртуға шықты.
Тірек сөздер : көлегейлеп, тыраулаған
Жоспары:
Көп күткен көктем.
Тырналар.
3. Жер жырту.