Қуаныш шонбай


«Менің қолымнан ештеңе келмейді» дегенді сенен



Pdf көрінісі
бет16/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   95
«Менің қолымнан ештеңе келмейді» дегенді сенен 
басқа ешкім білмейді, ол – сенің гана басыңда 
туындаған ой
 
Халыққа қызмет көрсету орталығына барсам, «Қуа- 
ныш Шонбайдың қолынан түк келмейді» деген анықтама 
бермейді ғой. Бұл анықтаманы сен өзіңе-өзің бергенсің, 
демек, оны өзгерте аласың, ол сенің қолыңда. 
     Әлеуметтік желіде жүргізген сауалнамада адамдардың 
90%-ы орыс тілін жетік білмейтіндігін комплекс санап, 
оны мақсатқа жету жолындағы кедергі деп қабылдайды. 
Бетіне безеу шықты, көйлегіне кофе төгіп алды, аузынан 
иіс шығады, бойы кішкентай – бұның барлығы комплекс. 
Жеке-жеке қарастырсақ, болмайтын нәрсе. Бірақ, адам 
дар бұл мәселенің шешімін іздестірмей, әдемілеп шет- 
елдің сөзімен «комплекс» деп айтады да, қояды. 
     Комплекстерге белшесінен батқан адам басқа нәрсе ту- 
ралы ойлай алмайды. Көзбен көріп, қолмен ұстатар себеп 
болмаса да, өзін кем санайды. Ұлы адамдардың бәрінде 
комплекс болған. Бірақ олар сонысымен күрескен, жең- 
ген. Ұлы адамның бәрі бай мен бағланның, граф пен пат- 
шаның баласы емес. Ұлы адамның бәрі Эйнштейндей
10
 
ақылды емес. Олардың бәрі Майкл Джордандай
11
 спорт 
_____________ 
10
  Альберт  Эйнштейн  –  физик-теоретик,  заманауи  физиканың  салыстырмалы  және 
кванттын механика теорияларының негізін қалаушы. 
11
 Майкл Джордан – америкалык баскетболшы. NBA-ның бұрынғы ойыншысы. 
 


 
жұлдызы емес. Және олардың бәрі Голливуд әртісіндей 
сұлу емес. Бірақ, олардың есімдері ұлы тұлға ретін 
де тарихта қалды. Өз комплекстерін жеңе білуі оларды 
ұлылыққа жеткізді. 
     Ең қызығы, комплексі көп адамдардың жетістікке 
жету рейтингі көп. Сенде де кемшілік бар, менде де бар. 
Өйткені, комплекс кемшілікке қарағанда көзге көрініп 
тұрады. Менің комплексім орысша акцентпен сөйлей- 
тінім еді. Ауылда өскенмін. Нина деген магазин сатушы 
сы бар, жалғыз орыс адам. Оның өзі қазақша сөйлейді. 
КВН, кино, орысша әңгіменің бәрін түсінемін. Бірақ сөй- 
лей алмаймын. Акцент ұрып тұр. Ұяламын. 
     Колледжде оқығанымда, бәрі орысша зyылдап тұр, 
менің тілім ойқы-шойқы. Жазғанда да сауатым жетісіп 
тұрған жоқ. Қате жазамын. Содан қалай да орысшам 
ды түзетуге бел будым. Ол үшін не істемедім десеңші 
Жалғыз кетіп, орысша мәтіндерді айқайлап оқыдым. Оны 
тағы тығылып істейсің. Біреу естіп, көріп қойса ұят. Қате 
жазбау үшін бір емес, екі кітапты қатар көшіріп шықтым. 
Шамиль Аляутдиновтың дәрістерін тыңдайтынмын. 
MP3-те музыка болмайтын, тек қана Шамильдің лекция 
лары. Бір жағы рухани демеу, екінші жағы орысшамды 
байытуға әсері болды. 
     Әрине, бұл мен ойлап тапқан әдістер емес. Бенджа- 
мин Франклин
12
, он алты балалы отбасында өскен, он 
жасында мектептен шығып кеткен адам ғой. Жазушы, 
журналист, әлем таныған тұлғаға қалай айналды? Өмір- 
баянын оқысаң, мынаған көзің жетеді. Ол, сауаты шама- 
лы болғандықтан, өз бетімен білімін жетілдіре бастайды. 
Грамматикасын түзеу үшін «Көрермен» («The Spectator») 
журналының мақалаларын көшіріп жазады. Одан кейін 
Осы әдісті өзінің стилін түзеу үшін пайдаланады. Өлеңді 
прозаға, прозаны өлеңге айналдырып, тіл ұстартады. Со- 
лай сауаты мен жазу машығын шыңдайды. 
     Брайан Трейси кітап оқу аздық ететінін, кітапты оқуға 
мүмкіндік жоқ кезде «тыңдау» керегін айтады. Осындай 
___________ 
12
Бенджамин Франклин – америкалық ағартушы, мемлекет қайраткері, ғалым. 


 
34
 
 
 
тұлғалардың қолданған әдістері, өзін дәлелдеген, сүйе- 
нуге тұратын тәжірибе. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет