Ауылым-алтын бесігім



Дата04.10.2022
өлшемі16,29 Kb.
#41394

Ауылым-алтын бесігім
Ауыл- руханият мекені, қазақылықтың түп-тамыры. Ауыл дегенде әр адамның кіндік ханы тамған жері, шыр етіп дүниеге келгенн сәби-бала кезі, алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушы кезі- бәрі-бәрі көз алдынан кино лентасындай өтетіні сөзсіз.
Қазақ тарихындағы қай ғұлама-ғалым болса да, атағы жер жарған ұлы тұлға болса да, небір ақын-жазушы болса да ауылдан шықты десек артық айтпаған болар едік. Барлығы да ауылдың саф ауасымен тыныстап, атқа мініп, көбелек қуып, шаңына аунап өсті. Туған жердің құдіреті олардың осындай тұлға болып қалыптасуына әсер етті. Қазақ поэзиясының дүлдүлдері,атақты зиялылары,ойшылдары бәрі-бәрі ауылдан шыққан қара домалақ балалар емес пе?! Олар өз шығармаларында, өз естеліктерінде ауыл өмірінің қызығы мен шыжығы жайлы сипаттайды. Иә,қай қазақ шығармасын алсаңыз,сізге ауылдағы қарбалас тіршілік пен қайнаған өмірді көрсетеді.
Көрнекті жазушы Тахауи Ахтанов «Ойлап отырсам, талантты ақын-жазушылардың тоқсан тоғыз пайызы ауылда дүниеге келген екен.Сондықтан біздің ұямыз-ауыл.Біздердің қан тамырымыз да, жүрегіміз де ауыл деп соғады» - деген сөзі осының айғағы.
Қазақтың мәдениетінің, әнінің, өнерінің бастауы болған ауыл бір кездері құлдырап кетіп еді, ал қазіргі таңда ауыл өмірі де көркейіп келеді. Ауылдық жерлерде таза ауыз су тартылып, тіпті кей ауылдарға газ құбырларының да жүйеге қосылғандығын күнделікті жаңалықтардан естіп жатырмыз. Десе де, кейбір ауылдардың жағдайлары әлі де болса да сын көтермейді. Ал ауылдың экономикалық дамуы- ол мемлекеттің экономикасының дамуына тікелей әсер ететін фактор деп білемін. Сондықтан да қазақтың білімді де білікті жастарын ауылға тарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді, бұл- нұр үстіне нұр.
Сөзімді қорытындылай келе, кім болсаң да, кіндік қанын тамған жер-ауылыңды ешқашан ұмытпай,жадымызда емес,жүрегімізде сақтауымыз қажет және де өзіңді балапан қырандай мәпелеген ұшқан ұяңның өсіп-өркендеуіне өз үлесімізді қосуға міндеттіміз деп білейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет