Ubt garant 140 «Қазақ тілі» пәнінен жаратылыстану-математикалық бағыттағы


Осыдан жарты ғасыр бұрын Жарасқан ақын «Мен ұлы дала перзентімін» деген сөзді былай сипаттаған



бет53/63
Дата17.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#24051
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
Осыдан жарты ғасыр бұрын Жарасқан ақын «Мен ұлы дала перзентімін»
деген сөзді былай сипаттаған:


Бірге жылап,
бірге күліп ұлы елмен,
кең төсіңде мәңгі-бақи жүрер ме ем!
Ол да – жалғыз,
сен де – жалғыз,
бірақ та,
оны – сен деп,
сені – ол деп білем мен! –деп, лирикалық кейіпкерді даламен егіз етіп бейнелейді.


Ақын поэмасы жазылған уақытқа назар аударсақ, Кеңес өкіметінің әлі іргесі сөгілмеген өз күшінде тұрған уақытымен тұспа-тұс келеді. Сондықтан  «Болған жоқпын Амангелді сарбазы, болған жоқпын Ұлы Октябрь солдаты!..»,  «Тігер ме едім байрағыңды Берлинге – болған жоқпын қан майданда кешегі, болған жоқпын Қошқарбаевпен бірге!» деген поэма жолдарынан ақын өкінішін  аңғарамыз. Бұл жерде ақын өкініші – мен де тарихта аты қалған қайраткерлердей халық қамы үшін еліме ерен пайдамды тигізер едім деген арман-тілек.Кеңес заманында таптық ұстанымға сүйенген зерттеушілер кеңістік пен  уақытты тек тарихи уақыттың ішінде ғана қарастырып келді. Алайда қазір  уақыт пен кеңістік мәселесі көркем шығармада да (хронотоп) зерттелуде.  Кеңес өкіметі тұсындағы саяси ахуалға байланысты Үш жүздің басын қосқан Абылай хан заманын, одан бергі кезеңдегі тәуелсіздік жолында «халық  жауы» атанып, мезгілсіз мерт болған Алаш арыстарын жырға қоса алмаса да, ақын үні асқақ, ой тапқырлығы айқын:

Туған дала,
менсіз талай қамалдар
алыныпты!..
Сенің арың –
маған да ар.
Кешір мені,
Кеш келіппін өмірге!
Кеш туыппын!
Кеш қалыппын!
Не амал бар? –дейді.


Дегенмен ол әл-Фараби сияқты ғылым-білім іздеп қиырға кетпей-ақ, Махамбет, Амангелді сияқты қолына найза ұстап, жауға шаппай-ақ, Рақымжан  Қошқарбаев сияқты Рейхстагқа ту тікпей-ақ, өзінің парасатты поэзиясымен-ақ еліне адал қызмет ете білді. Сол себепті ақын:

Саған уақыт сәл қиындық жолдаса –
қағаберіс қалмаспын мен,
енді аса!..
Бірақ мені кешірме сен,
өмірде
өлең қылар өз ерлігім болмаса!.. – дейді, яғни уақыт пен кеңістік белгілері тығыз бірлікте көрініс табады.


Жарасқан Әбдірашевтің:
Аға түгіл, тыңдамай бала да ақыр,
Орнағандай басына заманақыр.
Бүгінінен безінген қайран ақын,
Болашаққа адымдап бара жатыр – деген поэма жолдарын эпиграф етіп алып, «Ақын кетіп барады…» деген мақала  жазған ғалым Бақытжан Майтанов: «Туған жер, халқы мен ана тіліне деген шынайы, мөлдір көңілді ақын «Дала, сенің ұлыңмын» атты арнайы кітабында  ойы, сыры өзектес жырлар арқылы сарқылмай өрнектеді.Мұнда сол дәуірдің әсері де жоқ емес . Бірақ Ж.Әбдірашев уақыттың жұқалтаң талабын күмәнсіз  талант жүрек алауымен жеке өміріндегі мағыналы күйге бұра біледі» деп жазғанындай, Жарасқан Әбдірашев – «Ұлы даланың» сан тарау тарихын терең
түсініп, оның алдындағы перзенттік парызын үлкен жауапкершілікпен сезіне
білген асқақ үнді ақын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет