Утвержден



Pdf көрінісі
бет1/103
Дата16.05.2022
өлшемі0,89 Mb.
#34533
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103


 

ЖОБА 


 

 «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» кәсіби стандарты 

 

1.  Жалпы ережелер 

 

1.  «Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар»    кәсіби  стандарты  білім  беру 



бағдарламаларын  қалыптастыру  үшін,  оның  ішінде  кәсіпорындардағы 

персоналды  оқыту  үшін,  білім  беру  мекемелеріндегі  қызметкерлер  мен 

түлектерді сертификаттау үшін, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды 

міндеттерді шешу үшін арналған.  

Осы  кәсіби  стандарт  негізінде  ұйымдар  ішкі  қолданыс  үшін 

қызметкерлердің  өндірісті  және  еңбекті  ұйымдастыру,  басқару,  олардың 

жауапкершілік  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  кәсіби  білімінің  деңгейі,  еңбек 

функцияларының,  білімдерінің,  біліктері  мен  дағдыларының  тізбесі 

нақтыланған  корпоративтік кәсіби стандарттар әзірлей алады. 

2.  Осы  кәсіби  стандартта  "Ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  туралы" 

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келесі терминдер мен анықтамалар 

қолданылады: 

1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы 

орындауға дайын болу дәрежесі;  

2)  біліктілік  деңгейі  –  еңбек  іс-қимылдарының  күрделілігі,  стандартты 

еместігі,  жауапкершілігі  мен  дербестігі  өлшемдеріне  қарай  сараланатын 

қызметкердің  даярлығы  мен  құзыреті  деңгейіне  қойылатын  талаптар 

жиынтығы; 

3) салалық біліктілік шеңбері - салада танылатын біліктілік деңгейлерін 

құрылымдық жағынан сипаттау; 

9)  ұлттық  біліктілік  шеңбері  –  салалық  біліктілік  шеңберін,  кәсіби 

стандарттарды  әзірлеу  үшін  жалпы  кәсіби  құзыреттердің  біліктілік 

деңгейлернің бірыңғай шкаласын айқындайды; 

5)  кәсіби топ – жалпы интеграциялық негізі бар және оларды орындау 

үшін еңбек функциялары мен құзыреттердің ұқсас  жиынтығын талап ететін 

кәсіби кіші топтар жиынтығы; 

5) кәсіби кіші топ - еңбек функцияларының және оларды орындау үшін 

қажетті құзыреттердің тұтас жиынымен қалыптастырылған  кәсіптер 

жиынтығы; 

6)    кәсіби  стандарт  –  кәсіби  қызметтің  нақты  саласында  біліктілік 

деңгейіне,  құзыреттеріне,  еңбек  мазмұнына,  сапасына  және  жағдайларына 

қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт; 




 

8)  кәсіп  –  арнайы  дайындық  нәтижесінде  игерілетін  және  білім  туралы 



тиісті құжаттармен расталатын белгілі бір білімді және тәжірибелік дағдыларды 

талап ететін адамның еңбек қызметіндегі кәсіптердің негізгі түрі;  

9)  еңбек  функциясы  –  еңбек  үдерісінің  бір  немесе  бірнеше  міндеттерін 

шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 

10) ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимi белгiленген 

мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер 

учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi; 

11)    ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  саласындағы  мемлекеттік 

бақылау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның 

тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында 

белгіленген  талаптарға  сәйкестігі  мәніне  тексеру  және  қадағалау  жөніндегі 

қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел 

ден  қоюсыз  құқық  шектеу  сипатындағы  шаралар  қолданылуы  мүмкін; 

      12) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік қадағалау 

–  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  саласындағы  уәкілетті  органның 

тексерілетін 

субъектілердің 

Қазақстан 

Республикасы 

заңнамасының 

талаптарын  сақтауын  тексеру  және  қадағалау  жөніндегі  қызметі,  оны  жүзеге 

асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу, оның ішінде 

жедел 

ден 


қою 

сипатындағы 

шаралар 

қолданылуы 

мүмкін; 

     13)  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  саласындағы уәкілетті  орган    – 

ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау және қадағалау, күзету 

және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. 

3. Осы кәсіби стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады: 

1)  ЕҚТА – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

2)  БТБА–  жұмысшылардың  жұмыстары  мен  кәсіптерінің  бірыңғай 

тарифтік-біліктілік анықтамалығы;  

3)  БА  -  басшылардың,  мамандардың  және  басқа  да  қызметшілер 

лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; 

4) КС – кәсіби стандарт; 

5) СБШ – салалық біліктілік шеңбері. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет