Векторы. Операции над векторами



бет1/4
Дата12.05.2023
өлшемі1,6 Mb.
#92678
  1   2   3   4

Дәріс №14 Тақырып: Фитопатогенді микроорганизмдер.
Фитоиммунитет

Жоспар
1.Фитопатология. Фитопатогенді микроорганизмдер


2. Паразидті микроорганизмдердің патогенді факторлары.
3.Көкөніс пен жеміс – жидектерді зақымдаушы микроорганизмдер ерекшелігі.
4. Фитоиммунитет.

Фитопатология

Фитопатология (гр. phyton - өсімдік, pathos - ауру және логия) — өсімдік ауруларының себептері мен салдарын, оларды қоздыратын микроорганизмдердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін анықтап, аулулар дамуының алдын-алу жолдары мен әдістерін зерттейтін ғылым саласы.

Фитопатологияның міндеті - ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдік ауруларын толық жою немесе зиянды әсерін азайтатын әдістер табу.

Фитопатология жалпы фитопатология және жеке немесе арнайы фитопатология деп екіге бөлінеді.

Жалпы фитопатология - аурудың пайда болу себептері мен салдарын, даму заңдылықтарын, таралуын, өсімдіктердегі анотомиялық-физиологиялық ауытқуларды, иммунитет, карантин сияқты мәселелерді зерттейді.

Арнайы фитопатология - белгілі бір өсімдік түрінің ауруын зерттеп,оны емдеу, аурудан қорғау шараларын қарастырады.

Өсімдіктер ауруларының түрлері


Фитопатологияның бөлімдері
Фитопатологияның бөлімдері:
1.Фитодиагностика – ауру белгілерін жинақ көрсеткіші бойынша тану, ажырату, анықтау;
2.Этиология- пайда болу себептерін (қоздырғышты) анықтау;
3.Этиофитология – жұқпалы аурулардың пайда болу заңдылықтарын зерттейді;
4.Фитопрофилактика – өсімдік ауруларымен күресу жолдарын қарастырады.

Өсімдіктің жұқпалы аурулары және қоздырғыштарына тән ерекшеліктер

Өсімдік ауруларының негізгі ерекшелігі - теңбілдену, шіру, солу, таттану, қаракүйе түйіршіктері сияқты өзгере қоймайтын тұрақты белгілердің болуы.

Фитопатогенді микроорганизмдерге тән қасиет - гетеротрофты қоректену, паразидтік тіршілік ету, бүлдіруші қабілеті патогенділіктің факторларына тікелей тәуелді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет