Вестник Казнпу имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г



жүктеу 3.11 Mb.
Pdf просмотр
бет11/18
Дата21.03.2017
өлшемі3.11 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

 

Резюме 

З.С. Конофеева - старший преподаватель, konofeeva54@bk.ru, КазНПУ им. Абая 

«Чистота окружающей среды-залог здоровья человека» 

В статье представлены особенности формирования среди учащихся навыков по ведению здорового образа жизни. 

Представленые  научные  теории  и  опыт  можно  использовать  в  обновлении  системы  внеклассной  воспитательной 

работы  с  учащимися  начиная  с  начальных  классов.  С  изменением  общества  меняется  и  содержание  воспитания, 

формы  и  методы  ее  организации  становятся  более  обширны  и  разнобразны.  Невозможно  пересчитать  формы  и 

методы организации внеклассной воспитательной работы, представленной до настоящего момента. Воспитательная 

работа  организована  в  направлении  обеспечения  интеллектуального  развития,  экономического  и  экологического 

воспитания, подготовки к специальности с формированием навыков по ведению здорового образа жизни, приучени-

ем  к  труду  и  реальной  жизни  в  соответствии  с  этическими  темами  и  нормами.  Известно  что  соответствующие 

школьное оброзование и воспитание их прогрессивность и современность зависят в первую очередь от постановки 

обучения  будущего  предподавателя  школы  в  стенах  педагогического  вуза.В  этой  связи  особую  актуальность 

приобретает задача подготовки педагогического персонала образовательных учрежденийбспособной в полной мере 

осуществлять  упомянутые  функции  педагогической  направленности.  Причем  такая  подготовка  предполагает  не 

только традиционную специализацию представителей смежных с экологией педагогических специальности – учите-

лей биологии и географии,физики но и вовлечение в нее всех потенциальных участников педагогического процессе 

ө учителей гуманитарных и технологических дициплин, воспитатели и социальных педагогов, психологов. Необхо-

димость такого падхода сегодня очевидно многим: без всеобщей экологизации образавательного процесса воспита-

ние у подрастающего поколения экологической культуры останется чрезвычайно трудно выпалнимой задачей. 



Ключевые  слова:  воспитание,  форма,  привычка,  здоровый  образ  жизни,  интеллектуал,  учитель,  школа, 

молодеж, труд, обучение, уровень жизни, качество жизни, стиль жизни, обычай жизни 



 

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

57 


Summary 

Z.S. Konofeeva - senior teacher of Kazakh national pedagogical university after Abay,konofeeva54@bk.ru 

«Cleanliness of the environment, human health pledge» 

To discuss the ecological knowledge, ecological information from the hierarchical side, to widely explain it`s abilities. The 

method  of  introducing  the  ecological  knowledge  base  in  pedagogy  is  introduced  into  the  structure  of  pedagogical  system, 

system  at  all.  To  extend  the  worldview  by  the  help  of  ecological  knowledge  on  the  base  of  the  given  model  «Ecology-

pedagogy». To represent it as the main method of lesson leading element. Features of formation of skills on keeping a healthy 

lifestyle among pupils are presented in the article. It is possible to make use the presented scientific theories and experience in 

updating of system  of out-of-class educational work with pupils since initial classes. With change of society the content of 

education changes also, forms and methods of its organization become more extensive and various. It is impossible to count 

forms  and  methods  of  the  organization  of  the  out-  of-school  educational  work  presented  until  now.  Educational  work  is 

organized  in  the  direction  of  ensuring  intellectual  development,  economic  and  ecological  education,  and  preparation  for 

specialty with formation of skills on keeping a healthy lifestyle, accustoming to work and real live in compliance with ethical 

subjects and norms. 



Key words: upbringing, form, habit, healthy lifestyle, class, intellectual, teacher, school, pupil, labour, education 

 

ӘОЖ 502.45 



 

ТАБИҒАТТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ 

ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Б.Е. Тастанова – аға оқытушы, 

Ж.Б. Қалдыбаева – аға оқытшуы, Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Мақалада табиғатты тиімді пайдалануда экологиялық менеджментті дамытудың маңызы туралы қарастырылады. 



Нарық  жағдайында  кез-келген  істің  нәтижелі  болуының  негізгі  кілті  менеджмент  –  яғни  тепе-теңдікте  ұстай  алу, 

қойылған  мақсат  бағытындағы  приоритетті  құндылықтарды  және  соны  ұстайтын  факторларды  реттей  алатын 

қабілетті  талап  ететін  дұрыс  басқару  көзқарасы.  Бір  уақытта  іс-әрекеттің  және  білімнің  облысы  болғандықтан, 

менеджмент қазіргі шаруашылық басқаруда, ғылымда және мәдениетте нық орын алып отыр. Қазақстан Республика-

сының нарықтық қатынастарға және тұрақты  дамуға көшу жағдайында  ең маңызды роль  қоршаған табиғи  ортаны 

қорғау  саласындағы  мамандарға  жүктеледі.  Бірақ,  экологиялық  қауіпсіздік  басқармасы  жүйесіндегі  қадағалаушы 

органдар барлық өндіріс орындарының экологиялық жағынан дамуын, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп үлгермейді. Бұл 

қызметтерді экологиялық аудит, консультативтік, трейнингтік және инжинирингтік қызметтер саласындағы бәсеке-

лестік тудыра алатын жеке фирмаларға берілсе де, тұрақты дамуға қатысты негізгі мәселелер өндіріс және ұжымдар 

деңгейінде  шешіледі.  Ал,  оларда  көбіне  өндірісті  басқару  жүйесіндегі  экологизацияландырудың  қазіргі  талаптары 

деңгейіндегі мамандар жоқтың қасы. Міне, бұл бағыттағы нағыз маман менеджер-эколог немесе экологиялық сұрақ-

тарға жауап бере алатын менеджер-кеңесші. 

Экологиялық менеджмент – әлеуметтік, экологиялық және экономикалық нормативтік параметрлері қамтамасыз 

етілген қоршаған орта сапасын сақтауға бағытталған реттеу жүйесін негізге алған арнайы басқару жүйесі. Экология-

лық  менеджмент  –  дер  кезінде  экологиялық  қауіпсіз  өндірістік-территориялық  кешен  қалыптастыруды  көздейтін 

және сол кешеннің, шығаратын өнімінің экологиялық-экономикалық көрсеткіштері арасында оптимальды қатынас-

ты қамтамасыз ететін басқару. 

Мақалада экологиялық менеджмент түсінігі, менеджменттің практикадағы тенденциялары, сонымен қатар эколо-

гиялық менеджменттің мақсат-міндеттері және принциптері айқындалып көрсетілген.  

Түйін  сөздер:  экологиялық  менеджмент,  табиғатты  тиімді  пайдалану,  эколог-менеджер,  нарық,  экологиялық 

қауіпсіз  өндірістік  үрдіс,  экологиялық  басқару,  нарықты  экологияландыру,  өндірісті  экологияландыру,  эколого-

экономикалық қатынастар, жасыл бизнес-план 

 

Қазіргі  адам  –  табиғат  арасындағы  қарым-қатынастағы  маңызды  көзқарас,  экономикалық  дамудың 



темпіне байланысты деформацияға ұшыраған ортада адамның табиғи қалыпты тепе-теңдікте өмір сүруін 

барынша қамтамасыз ету. Осыған сай табиғатты тиімді пайдалануды іске асыруда экологиялық менедж-

ментті  елімізде  дамытудың  маңызы  өте  зор.  Бірақ,  экологиялық  қауіпсіздік  басқармасы  жүйесіндегі 

қадағалаушы органдар барлық өндіріс орындарының экологиялық жағынан дамуын, қауіпсіздігін қамта-

масыз етіп үлгермейді. Бұл қызметтерді экологиялық аудит, консультативтік, трейнингтік және инжини-

рингтік қызметтер саласындағы бәсекелестік тудыра алатын жеке фирмаларға берілсе де, тұрақты дамуға 

қатысты негізгі мәселелер өндіріс және ұжымдар деңгейінде шешіледі. Ал, оларда көбіне өндірісті басқа-

ру  жүйесіндегі  экологизацияландырудың  қазіргі  талаптары  деңгейіндегі  мамандар  жоқтың  қасы.  Міне, 

бұл бағыттағы нағыз маман менеджер-эколог немесе экологиялық сұрақтарға жауап бере алатын менед-

жер-кеңесші қызметіне жүгіну қажеттілігі туындайды. 



Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

58 


Менеджер-эколог  немесе  эколог-менеджер  терминіне  толығырақ  тоқтала  кетсек.  Терминді  авторлар 

әртүрлі  мағынада  қолданады,  мысалы,  экономиканы,  өндірісті  экологизациялау  жүйесіндегі  басқарушы 

немесе тұрақты дамуға жету мақсатындағы саналы басқару. Яғни, өндірістің экономикалық өсу темпі мен 

қоршаған  орта  сапасы  және  табиғат  ресурстарының  қалпына  келу  темпінің  тепе-теңдігінің  сақталуы. 

Сондықтан  менеджер-эколог  терминінде  приоритет  экологиялық  машықтанған  басқарушы  маманға,  ал 

эколог-менеджерде  –  қажетті  басқару  дағдысы  бар  эколог  маманға  беріледі.  Менеджер-кеңесші  бұл 

экологиялық  басқару  жүйесіндегі  маманның  ірі  өндіріс  орындарын  экологияландыру,  министрліктерде, 

ведомстваларда экологиялық мәселелерге жауап бере алатын кеңесшінің ролі [1]. 

Қазақстан  экономикасының  негізін  құраушы  табиғат  ресурстары  болғандықтан,  бұл  мәселелермен 

айналысатын  эколог  мамандарды,  қазіргі  заманға  сай  менеджерлерді  дайындап,  олардың  қызмет  аясын 

одан  да  кеңейтуге  талпыну  қажет.  Сондықтан  қазіргі  жаһандану  заманындағы  мамандарды  дайындау 

үшін, алдымен экологиялық менеджменттің мақсат, міндеттерімен танысқанымыз жөн. 

Менеджмент  термині  (ағылшын  тілінен  management  –  басқару,  меңгеру,  ұйымдастыру)  -  өндірісті 

басқару; өндірісті басқару принциптері, әдістері мен формалар бірлестігі деген мағына береді [2]. 

Нарық жағдайында кез-келген істің нәтижелі болуының негізгі кілті менеджмент – яғни тепе-теңдікте 

ұстай алу, қойылған мақсат бағытындағы приоритетті құндылықтарды және соны ұстайтын факторларды 

реттей  алатын  қабілетті  талап  ететін  дұрыс  басқару  көзқарасы.  Бір  уақытта  іс-әрекеттің  және  білімнің 

облысы болғандықтан, менеджмент қазіргі шаруашылық басқаруда, ғылымда және мәдениетте нық орын 

алып отыр. 

Қазіргі басқару түсінігінің теориясы және практикасына 3 жаңа тенденция тән: 

Қарапайым шындық пен дұрыс ойлауға көбірек көңіл аудару. Осыған байланысты басқару саласына 

тартылған кәсіби менеджерлер, қатардағы басқарушылар мен орындаушылардың күнделікті творчес-

тволық мотивациясы іске асады. 

Сыртқы дүниеге өзін бақылаушы ретінде сезіну әдетін тастау. 

Менеджментті  интернационалдандыру,  практикалық  қолдануда  әлемдік  экономиканы  жаһандан-

дыру, коллективтік ойлану нәтижесінде көрінеді [3]. 

Экологиялық  менеджмент  –  әлеуметтік,  экологиялық  және  экономикалық  нормативтік  параметрлері 

қамтамасыз  етілген  қоршаған  орта  сапасын  сақтауға  бағытталған  реттеу  жүйесін  негізге  алған  арнайы 

басқару жүйесі. 

Экологиялық менеджмент – дер кезінде экологиялық қауіпсіз өндірістік-территориялық кешен қалып-

тастыруды көздейтін және сол кешеннің, шығаратын өнімінің экологиялық-экономикалық көрсеткіштері 

арасында оптимальды қатынасты қамтамасыз ететін басқару [1]. 

Мақсаты: ғылыми негізделген және практика жүзінде қалағаныңа жету үшін экологияны басқарудың 

обьектісі ретінде қарау. 



Негізгі  принциптері:  экономикалық  мотивацияны  негіз  етіп  алу;  экологиялық  проблемаларды 

уақытында  шешу;  кез-келген  басқару  деңгейінде  қабылданған  шешім  нәтижесінде  туындаған  экология-

лық апатқа жауап беру; экологиялық проблемаларды шешудің маңыздылығы (приоритеттілігі). 

Негізгі міндеттері: экологиялық қауіпсіз өндірістік процестерді енгізу; компанияның барлық өндірісі-

не  экологиялық  сәйкестілікті  қамтамасыз  ету;  оптимальды  эколого-экономикалық  қатынастарға  жету 

(қоршаған  ортаға  минимум  зиян  келтіре  отырып,  максимальды  жетістіктерге  жету);  өндіру  барысында 

зиянды антропогенді әсерді қадағалау; шығарылатын өнімнің пайдаланылуы немесе жою; қоғам алдында 

«жасыл»  имиджді  қалыптастыру;  табиғат  қорғау  инициативаларын  қолдау;Кез-келген  басқару  жүйесі 

қойылған мақсаттарды іске асыру үшін белгілі жүйемен реттелген кезеңдерден тұрады. Экоменеджментте 

міндетті түрде орындалуы керек кезеңдер жоқ, бірақ мақсатқа жетуге практика көрсеткендей ол уақытты, 

қажетті заттарды, ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Жаңа  өндіріс  орнын  салуда  немесе  ескіні  реконструкциялауда  және  модернизациялауда  мынадай 

ұстанымдар болуы керек (жауапты менеджер-эколог). 

  Іс-әрекетті алдын-ала келісу, ақылдасу; 

  Болашақ өндірістің халықаралық экологиялық стандартқа, талаптарға сәйкестілігін қамтамасыз ету; 

  Ішкі мемлекеттік стандартқа сәйкестігі; 

  Экологиялық талаптарды қатайту [2]. 

Өндірістегі, ауылшаруашылығы, таулы-өндірістік кешендердегі, мұнай-химия, химия кешендеріндегі, 

биотикалық  ресурстарды  игеруде,  әскери-өндірістік  кешендердегі  экологиялық  менеджменттің  маңызы 

ерекше. Соның ішінде өндіріс орындарындағы экологиялық менеджменттің жүйесіне тоқталайық. 

Өндірістегі экоменеджмент - өндірістің табиғат қорғау іс-әрекетін жақсарту мақсатында тиімді басқа-

ру шешімдерін қабылдау. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

59 


Кез-келген  өндіріс  өзін  қоршаған  ортаға  тигізетін  зиянды  әсер  мен  оның  нәтижелерінен  сақтандыру 

үшін «Жасыл» бизнес-жоспарды құрастыруға міндетті. 

«Жасыл» бизнес-жоспар – өндірісті экологияландыру жағдайында оның күшті, әлсіз жақтарын, алдын-

да  ашылатын  мүмкіндіктерін  көрсету  үшін  өндіріс  басшыларының  көзқарасын  трансформациялау. 

Бизнес-жоспар құру нұсқауының негізі  ол өндірістің іс-әрекет сипатына және қоршаған ортаға тигізетін 

әсеріне байланысты [3].  

Менеджер-экологтың  міндеті  –  өндірістің  оның  іс-әрекетінің  экологиялық  талаптарға  сәйкестілігін 

практика жүзінде көрсету. Сондықтан «Жасыл» бизнес-жоспар өндіріс орындарының экологиялық анали-

зі  формасында  болады,  оған  күшті,  әлсіз  жақтары,  мүмкіндіктері,  экологиялық  талаптар  күшейтілгенде 

экономикалық жағынан келетін қауіптер.  



Экологиялық жағынан өндіріс орындарының басым жақтары 

 экологиялық таза өнім; 

 қоршаған ортаға зиян тигізбейтін ресурс үнемдеуші технологиялар (аз қалдықты, қалдықсыз, таза 

өндіріс т.б.); 

 «Жасыл» өндіріс имиджі; 

 өндірісте жұмыс істейтін адамдарды қолдау және т.б.; 

 қоғамдық экологиялық қозғалыстар мен экологиялық қорлардың жақсы көзқарасы; 

 қосымша және жеңілдетілген инвестицияларды алу мүмкіндігі; 

 экологиялық таза өнім алу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту; 

 «жасыл» жарнама және т.б. 

Экологиялық жағынан өндіріс орындарының әлсіз жақтары 

 Өнім утилизацияға жатпайды (жойылмайды); 

 Қаптама материалдар, ыдыстар табиғи жойылмайды (қалдық жағдайында); 

 «лас» өндіріс; 

 өндірістің қауіпті қалдықтары; 

 өндірістің қоршаған ортаны ластаушы көз ретінде болуы; 

 қоршаған ортаны қорғауға өндіріс жұмысшыларының, басшыларының немқұрайлы көзқарасы; 

 дайын өнімді пайдалану нарығын жоғалту; 

 экологиялық стандарт талаптарының өсуіне байланысты үлкен шығындар [4]. 

Қорыта келгенде, еліміздің қазіргі даму саясаты экономиканың барлық салаларында менеджер маман-

дардың  қажеттілігін  туындатып  отыр.  Сондықтан  табиғатты,  оның  ресурстарын  пайдалану,  оларды 

дүниежүзілік деңгейге көтеру, қауіпсіздендіру, бір сөзбен айтқанда экологияландыру басты міндеттердің 

бірі екендігі даусыз. 

 

1  Бабина  Ю.В.,  Варфоломеева  Э.А.  Экологический  менеджмент.  -  М.:  Изд.дом  «Социальные  отношения»; 



Перспектива, 2002. 

2 Steger U. Handbuch des Umweltmanagement. Besk, 1996. 

3 Кокин А.В., Кокин В.Н. Менеджер-эколог. – М., 2000. 

4 Норт К. Основы экологичного менеджмента. - М.: Премьер, 1993. 

 

Резюме 

Б.Е. Тастанова - старший преподаватель, t_bekzat@mail.ru, 

Ж.Б. Калдыбаева - старший преподаватель, zhanar_161081@mail.ru, 

КазНПУ имени Абая, город Алматы, Республика Казахстан 

«Роль развития экологического менеджмента в рациональном природопользовании» 

В статье рассматривается вопрос о роли развития экологического менеджмента в рациональном природопользо-

вании. В рыночных условиях в ключевой фактор успеха любой деятельности, превращается именно менеджмент – 

управленческая точка зрения, требующая умения балансировать, приоритеты в зависимости от поставленных целей 

и  сдерживающих факторов.Являясь  одновременно  сферой деятельности  и  областью знания, менеджмент занимает 

прочное место в современной системе управления хозяйственной деятельностью, наукой и культурой.  

В  условиях  перехода  Республики  Казахстан  к  рыночным  отношениям  и  к  устойчивому  развитию  важная  роль 

принадлежит  специалистам  в  области  охраны  окружающей  среды.  Однако,  контролирующие  органы  в  системе 

управления экологической безопасностью физически не в состоянии обеспечить безопасное и допустимое развитие 

всем предприятиям. Эти функции в какой-то мере могут быть поделены между частными конкурирующими фирма-

ми в области экоаудита, консультативных, трейнинговых и инжиниринговых услуг, но главные проблемы устойчи-

вого развития будут решаться на уровне предприятий и организаций. А в них как раз в большинстве случаев отсут-


Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №1(43), 2015 г. 

60 


ствуют  специалисты  системы  управления  производством  на  уровне  современных  требований  к  его  экологизации. 

Таким специалистом должен быть менеджер-эколог или менеджер-консультант по экологическим вопросам. 

Экологический  менеджмент  -  это  система  управления  в  области  охраны  окружающей  среды  обеспеченный 

социальными, экологическими и экономическими параметрами. Экологический менеджмент - управление, заблаго-

временно  предусматривающее  формирование  экологически  безопасного  производственно-территориального 

комплекса  и  обеспечивающее  оптимальное  соотношение  между  экологическими  и  экономическими  показателями 

самого этого комплекса, так и производимой им продукции. 

В статье даетcя полное описание понятии экологического менеджмента, практическим тенденциям менеджмента, 

а также определены цели-задачи и принципы экологического менеджмента. 

Ключевые слова:экологический менеджмент, рациональное  природопользование, эколог-менеджер, рыночные 

отношения, экологически безопасный производственный  процесс, экологическое  управление, экологизация рынка, 

экологизация производства, эколого-экономические отношения, зеленый бизнес-план  

 

Summary 

B.E. Tastanova - senior lecturer, t_bekzat@mail.ru, 

Z.B. Kaldybaeva - senior lecturer,zhanar_161081@mail.ru 

KazNPU named Abai, city Almaty, Republic of Kazakhstan 

«The role of development of ecological management the rational wildlife management» 

In the article discusses the role of development of ecological management the rational wildlife management.Under market 

conditions, a crucial factor in the success of any activity, it turns into management - management point of view, requires the 

skill to balance priorities depending on the goals and disincentives for.Being simultaneously scope and areas of knowledge 

management placed firmly in the modern system of management of economic activities, science and culture. 

In the transition of the Republic of Kazakhstan to market relations and sustainable development the important role belongs 

specialists  in  the  field  of  the  environment.However  control  authorities  in  a  control  system  of  ecological  safety  are  not 

physically are able to provide a safe and permissible development of all enterprises.These functions are in some way can be 

divided between private firms competing in the field of environmental audit, advisory, and engineering services-training, but 

the main challenges of sustainable development will be addressed at the level of enterprises and organizations.A in them just, 

in most cases there are no specialists production management system in line with modern requirements for its greening.Such a 

specialist should be an environmental manager or manager and consultant on environmental issues. 

Ecological management- is a management system for the protection of the environment to ensure social, environmental 

and economic parameters.Ecological management - management, providing advance the formation of environmentally sound 

production and territorial complex and provides the optimum balance between environmental and economic performance of 

this complex and its production. 

Given in the article a complete description of the concept of ecological management, practical management trends, as well 

as defined goals, objectives and principles of ecological management. 

Keywords:ecological  management,  rational  nature,  ecologist  manager,  market  relations,  ecologically  safe  production 

process,  environmental  management,  ecological  the  of  the  market,  the  ecological  of  production,  ecological  and  economic 

relations, green business plan 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №1(43), 2015 ж. 

61 


ПӘНДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ 

МЕТОДИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ДИСЦИПЛИН 

 

ӘОЖ541.2+546 



 

ХИМИЯНЫ КОМПЬЮТЕР КӨМЕГІМЕН МЕДИАОҚЫТУ 

 

Ж.Ә. Шоқыбаев – п.ғ.д., профессор, 

А.К. Чарибаева – ҚазҰПУ химия магистр

 

 



XXI  ғасыр  –  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  адамзатқа  компьютерлік  сауаттылық  қажет.  Бүгінгі  таңда  химия 

мамандығын компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемалар-

ды  шешу  ең  басты  орын  алады.  Химияны  оқытуда  ақпараттық  технологияның  маңызы  зор,  яғни  интернет  пен 

мультимедианы  пайдалану  арқылы,  әлемдік  ақпараттық  кеңістікке  енуінде  ақпараттық  мәдениеті  қалыптасады. 

Компьютерді қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар алу үшін көрнекі құрал ретінде 

пайдалана  алады.  Химияны  медиаоқытудың  негізгі  мақсаты  студенттерді  өздігінен  ауқымды  ақпараттар  алуына, 

медиамәліметтерді өз бетінше  оқып, бейне  суреттер, бейне фильмдер арқылы түсінуіне, шығармашылық дамуына, 

жинақылыққа негізделген. 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет