Виртуалды және кеңейтілген шынайылық
<<Виртуалды және кеңейтілген шынайлық>>,<< заттар интернеті>>,<<блокчейн>>, <<нейрожелілер>> деген сияқты ұғымдар мен <<ақылды>> заттар өмірімізге енді.Бірнеше жыл бұрын виртуалды және кеңейтілген шынайылық ұғымдары тек ойын-сауық саласында ғана қолданылса,қазір бұл технологиялар мүлдем жаңа деңгейге көтеріледі.
Кеңейтілген және виртуалды шынайылықтехнологияларының қарқынды дамуына соңғы 10 жылда түбегейлі өзгерген мобильді құрылғылар нарығы едәуір әсер етті.Қарапайым аппараттардың орнына толыққанды операциялық жүйесі бар сенсорлық смартфон мен планшеттер келді.
Технологияның дамуы виртуалды және кеңейтілген шынайылық технологияларын түбегейлі жаңа деңгейге көтереді.Ол адам қызметінің жаңа салаларын қамтуға мүмкіндік берді.Ойын-сауық саласынан басқа, қосымша және виртуалды шынайылық технологиялары қазір инженер, сәулетші, дизайнер мен риэлторларға арналған программалық өнімдерде жобалау,мамандары оқыту және қайта даярлау мақсатында кеңінен қолданылады.
Виртуалды және кеңейтілген шынайлық технологиялары білім беру мен медицинада да қолданылып, олардың негізінде оқыту бағдарламалары мен жаттықтырушылар әзірленеді, медицина аппараттары үлгіленеді және ота жасалады.