XIII. Алқалылар тұқымдасы - Solanaceae Hall Тұқымдас паспорты Туысы – 95(11), түрі – 2500 (22) түрі
Гүлі – Т(5) К(5) А(5)G(2) Таралуы – барлық жер шарында, көптеген түрлері әсіресе Оңтүстік Америкада кездеседі.
Тіршілік формасы – біржылдық және көпжылдық шөптесін, жартылай бұталы.
Тозаңдануы – жәндіктер арқылы.
Жемісі – жидек немесе қорапша, мал арқылы таралады.
Қазақстанда кең таралған туыс өкілдеріне: алқа, меңдуана, үрмежеміс, сасық меңдуана.
Мәдени өсімдіктеріне: бұрыш, қызанақ, темекі, физалис, баклажан, картоп.
Шаруашылықтағы маңызы: азықтық және дәрілік өсімдіктер. Сонымен қатар алқалылардың ішінде улысы да бар (сасық меңдуана).
Алқалылар тропикалық және субтропикалық аймақтарда кең таралған, әсіресе Орталық және Оңтүстік Америкада (40–қа жуық туысы эндем).
Біздің флорада жабайы өсетін алқалылар өте аз, негізінен мәдени өсімдіктер. Алқалылар шөптесін өсімдіктер, сирек жағдайда жартылай бұталы. Жапырақтары кезектескен, қосалқы жапырақсыз, жай, пластинка тәрізді не бүтін жиекті.
Гүлі қосжынысты, дұрыс, жоғары, гүлшоғырлы. Гүлшоғырлы оралған тәріздес бұйра. Гүлсерігі 5 – мүшелі. Тостағаншасы қатты терең тілімделінген, көбінесе жемісінде қалып қояды. Күлтесі қысқа не түтік тәрізді ұзын және 5 алақанды масық не түтік тәріздес алақанды. Аталығы 5 не аз (1-3сталиминодинға айналған). Аталық жіпшесі қысқа, күлтенің түтігі жалғанған. Аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, тозаңы үлкен. Мойыны 2–ге бөлікті, жоғарғы жатын, тұқым жолы көп, тұқымды эндоспериді.
Жеміс – қорапша немесе жидек, сирек жағдайда сүйекті. Көптеген алқалылардың құрамында улы алкалоидтар бар, оларды дәрі – дәрмек алуды қолданады. Солардың қатарына: сасық меңдуана, қара меңдуана, белладонна.
Алқалылардың шаруашылықтағы маңызы өте зор, әсіресе, бірінші кезекте: қызанақ, бұрыш, баклажан, картоп.
Қазақстанда алқалылардың жабайы өсетін маңызды түрлеріне: алқа (7 түр), меңдуана (2 түр), сасық меңдуана (1 түр).