Лексикология Лексика (сөздік қор мен сөздік құрам) · белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы · белгілі бір тілдегі сөз байлығы Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі



бет1/14
Дата22.12.2023
өлшемі117,59 Kb.
#143045
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Қазақ тілі - Лексикология


Лексикология
Лексика (сөздік қор мен сөздік құрам)
· белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы
· белгілі бір тілдегі сөз байлығы
Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтар тілінің көпшілігінде термин болып қалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіп орнықты. Бұл термин - бір тілдегі барлық сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі - сөз.
Лексикологияның ең басты салалары:
· Этимология – сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, тарихын зерттейді;
· Семасиология – сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
· Лексикография тілдегі сөздерді жинақтап, әр түрлі сөздіктер құрастырады.
· Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі. 
· Фразеологияда тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.
· Терминология – әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.
Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қамтиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б. 
Сонымен, лексикология дегеніміз — тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала. 
Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексикология мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан қарастырады. 
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады. 
Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан күрделі сөздермен ұқсас келетін тұрақты, фразологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет