З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар


Азия, Орта Азия жəне Еуропа, Батыс Еуропа



Pdf көрінісі
бет19/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Азия, Орта Азия жəне Еуропа, Батыс Еуропа, 
ТМД мемлекеттерінің макротопонимдері
Б.  Момышұлының  «Москва  үшін  шайқас»  шығармасы  үшін 
мемлекеттік сыйлықтың иесі болғандығы белгілі. Б. Момышұлының 
бұл  туындысы  қазақ  əдебиетінде  соғыс  тақырыбына  жазылған 
алғашқы  үлкен  шығарма  болып  есептелінді.  Бұл  шығарма  өзінің 
тарихилығымен,  көркемдігімен,  стилімен,  тəрбиелілігімен  қай  жа-
ғымен  болса  да  қазақ  батыры,  елінің  асқақ  біртуар  перзенті  Б.  Мо-
мышұлынан  қалған  өте  құнды  көркем  шығарма.  Негізінен  көркем 
шығарма  ономастикалық  лексика  əлемнің  ұлттық  көзқарасына  тəн 
мəнді,  мəдени  мағына  мен  ассоциациялар  туралы  өзіндік  ақпарат 
беруші болып табылады. Мəселен, осы шығармадағы топонимдерді 
зерттей,  зерделей  отыра,  көптеген  танымдық-тəрбиелік,  біліктілік, 
зияткерлік  тұрғысынан  мəліметтер  мен  білім  аласың.  Сол  себеп-
ті  де  жоғарыда  атап  өткеніміздей,  Б.  Момышұлының  шығармашы-
лығындағы  топонимдерді  танып  білу  арқылы  еліміздің,  жеріміздің, 
тіпті,  батырдың  ерлік  жасау  барысындағы  жүріп  өткен  жолын 
Орта  Азия,  Еуропа,  Батыс  Европа,  ТМД,  т.б.  шетелдік  қалалардың 
семантикалық  мəн-мағынасын,  тарихын  білу  арқылы  жастарды 
ұлттық патриотизмге тəрбиелеудегі мəні зор. 
Б.  Момышұлының  «Москва  үшін  шайқас»  романындағы  Орта 
Азия,  Европа,  ТМД,  т.б.  мемлекеттерінің  макротопонимдерін  нақ-
тылы  мысалдар  келтіре  тарихи-лингвистикалық  тұрғыдан  талдай-
мыз.  Мысалы:  əңгіме  Еуропаның  халықтары  мен  территориялары 
туралы  болсын,  немесе  Азияның,  оның  ішінде  Иранның  халық-
тары  мен  территориялары  туралы  болсын,  бəрінде  де,  басқалардың 
территориясын  жаулап  алуды,  басқа  халықтарды  бағындыруды 
көздеу  бізде  болмайды,  соғыста  ондай  мақсат  көздеуіміз  мүмкін 
емес (2 т., 199-б.).
Еуропа – (гр. Europa, семит  тілінің  «эреб» – «батыс»  сөзінен 
шыққан,  Ежелгі  Грекияда  Эгей  теңізінің  батысындағы  жерлер  осы-
лай  аталған) – Еуразия  құрлығының  батысын  алып  жатқан  дүние 
бөлігі.  Азиямен  бірге  Еуразия  құрлығын  құрайтын  əлем  бөлшегі. 
Аумағы 10 млн.  км
2
  жуық,  халқы 826 млн.  адам.  Азиямен  арадағы 
шекарасы  шартты  түрде  алынған.  Ол  құрлықта  Орал  тауы,  Жем 
өзенін  бойлай  Каспий  теңізіне  дейін,  одан  əрі  Кума  жəне  Маныч 
өзендері  бойымен  Донның  сағасына  жетіп,  Азов,  Қара  теңіздерге 
ұласады.  Одан  арғы  шекарасы  Босфор  бұғазы,  Мəрмəр  теңізі,  Дар-
данелл  бұғазы  арқылы  өтеді.  Еуропа  солтүстігінде  Солтүстік 
Мұзды  мұхитпен  жəне  оның  Кара,  Баренц,  Ақ,  Норвег  теңіздері-
мен,  батысы  мен  оңтүстігінде  Атлант  мұхитымен  жəне  оның  Бал-
тық  (Балт)  пен  Солтүстік  теңізі,  Ирланд,  Жерорта  теңіздерімен 
қоршалған.  Оңтүстік-шығысында  тұйық  Каспий  теңізі  орналасқан. 
Дүние  бөлігінің  құрлықтағы  қиыр  шеттері:  солтүстігінде – Норд-
кин мүйісі, оңтүстігінде – Марроки мүйісі, батысында – Рока мүйісі, 
шығысында – Байдарацк  кірмесіне  таяу  Полюстік  Оралдың  шығыс 
жақ  етегі.  Еуропаға  кіретін  аралдар  мен  топаралдардың  жалпы 
аумағы 7 мың  км
2
.  Ірілері:  Жаңа  Жер  аралы,  Франц-Иосиф  жері, 
Шпицберген,  Исландия,  Британия,  Ирландия,  Корсика,  Сардиния, 
Сицилия,  Крит,  т.б.  Еуропаның  жағалаулары  (жалпы  ұзындығы 
38  мың  км)  қатты  тілімденген.  Түбектер  Еуропа  аумағының 1/4-
ін  құрайды.  Олар:  Пиреней,  Апеннин,  Балқан,  Скандинавия,  Кола, 
Ютландия жəне Қырым түбектері. 
Eуропа  су  шекарасы  Атлант  жəне  Арктика  жəне  олардың  те-
ңіздерімен  шектеседі.  Аралдардың  аумағы  шамамен 7 мың  км.  Ең 
жоғарғы нүктесі – 5642 м. (Мəңгі тау не Эльбрус тауы). Жер аумағы-
ның  көбі – жазықтық  (ірілері – Шығыс  Еуропа,  Орта  Еуропа,  Орта 
жəне  Төменгі  Дунай,  Париж  бассейні),  таулары – жер  аумағының 
17%-ын  алып  жатыр  (бастылары – Альпі,  Карпат,  Пиреней,  Апен-
нин,  Орал  таулары,  Скандинав  таулары,  Балқан  түбегі  таулары). 
Сөнбеген  жанартаулар  Исландияда  жəне  Жерорта  теңізінің  аума-
ғында  орналасқан.  Аумақтың  көбінде  қоңыржай  климат  (батыста – 
мұхиттық,  шығыста – қарлы  жəне  салқын  қысты  континенталды), 
солтүстік  аралдарда – субарктикалық  жəне  арктикалық,  Оңтүстік 
Еуропада – жерорталық.  Арктика  аралдарында,  Исландияда,  Скан-
динав  жəне  Альпі  тауларында – мұз  басу  (оледенение) (аумағы 
116 мың км
2
. Негізгі өзендері: Еділ, Днепр, Дон, Печора, Солтүстік 
Двина, Дунай, Висла, Одра, Эльба, Рейн, Луара, Рона, Тахо. Негізгі 
көлдері: Ладога, Онега, Чуд, Венерн, Балатон, Женева. Арктика арал-
дарында  жəне  Арктика  мұхиты  жағалауында – арктикалық  шөлдер 
жəне  тундралар,  оңтүстікке  қарай – орманды  тундралар,  тайгалы, 
аралас  жəне  қалыңжапырақты  ормандар,  орманды  далалар,  дала-
лар,  субтропиктік  жерорта  ормандары  жəне  бұталар;  оңтүстік-шы-
ғыста – шөлейттер).
ХХ  ғасырдың  соңғы  он  жылдығында  Еуропаның  саяси-əкімші-
лік  бөлінісінде  үлкен  өзгерістер  болып  өтті.  КСРО,  ЮСФР-дің 
ыдырауына  байланысты  бір  топ  жаңа  мемлекеттер  пайда  болды. 
Германия  Демократиялық  Республикасы  Германия  Федеративтік 
Республикасының  құрамына  енді. 2001 жылдың  басында  Еуропада 
мынандай  мемлекеттер  болды:  Австрия,  Албания,  Андорра,  Бела-

278
279
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
русь,  Бельгия,  Болгария,  Босния  жəне  Герцеговина,  Ватикан,  Венг-
рия,  Германия,  Грекия,  Дания,  Ирландия,  Исландия,  Испания,  Ита-
лия, Қазақстан (батыс бөлігі), Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксем-
бург, Македония, Мальта, Молдова, Монако, Нидерланд, Норвегия, 
Польша, Португалия, Ресей, Румыния, Сан-Марино, Словакия, Сло-
вения, Түркия (солтүстік-батыс шеті), Украина, Ұлыбритания, Фин-
ляндия,  Франция,  Хорватия,  Чехия,  Швейцария,  Швеция,  Эстония, 
Югославия.
Азия  (ассириялықтар  тілінде,  мағынасы – асу,  шығыс) – Жер 
шарының  ең  үлкен  бөлігі.  Еуропамен  қосылып,  Еуразия  құрлығын 
құрайды.  Еуропамен  арадағы  шартты  шекарасы  Орал  тауының 
шығыс  етегі,  Ембі  өзені,  Каспий  теңізі,  Кума-Маныч  ойысы,  Азов 
теңізі, Қара теңіз, Босфор бұғазы, Мəрмəр теңізі, Дарбанелл бұғазы 
арқылы өтеді. Ауд. 43,4 млн км
2
 (бүкіл құрлықтың 30%-і). Оңтүстік-
батыста  Суец  мойнағы  Азияны  Африкамен  жалғастырады;  Сол-
түстік  Америкадан  Беринг  бұғазымен  бөлінеді.  Оңтүстігінде  құр-
лыққа Малай топ-аралы (архипелагы) кіреді. 
Ең ірі түбектері: Таймыр, Чукча, Камчатка, Корей, Үндіқытай, Үн-
дістан, Арабия, Кіші Азия. Құрлықтың шеткі нүктелері: солтүстігін-
де – Челюскин мүйісі, оңтүстігінде – Пиай мүйісі, батысында – Баба 
мүйісі, шығысында – Дежнев мүйісі.
Иран – (1935 жылға  дейін  парсы  елі),  Иран  Ислам  Республи-
касы – Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер 
көлемі 1,648 млн.  км
2
.  Халқы 65,2 млн.  адамнан  асады.  Халқының 
ұлттық  құрамы:  парсылар,  əзербайжандар,  курдтер,  арабтар,  турк-
мендер, белуджилер, армияндар, еврейлер, т.б. қала халқы 58,3. Аста-
насы Тегеран. Одан басқа Мешхед, Исфахан, Тебриз, Шираз сияқты 
ірі қалалары бар. Ресми тілі парсы тіл. Мемлекет діні – ислам діні-
нің шиит тармағы. 
Иран  Армиян  тауының  қыратының  оңтүстік  шығысы  мен  иран 
таулы  қыратының  батыс  бөлігінде  орналасқан.  Шет  жақтарында 
Солтүстік  Иран  (Эльбурс,  Туркмен-Хорасан),  Оңтүстік  Иран  (Заг-
рос,  Мекран),  Шығыс  Иран  (Серхед,  Пеленган,  боран,  Келат)  тау-
лары  ортасында  кухруд  жотасы,  Деште-кевир,  Деште-Лух  шөлдері 
орналасқан. Жері негізіне таулы. 
Иран  жеріне  адам  баласы  тым  ерте  заманда  орналасқан.  Б.з.б. 
3-мыңжылдықта  қазіргі  Иранның  оңтүстік  батысында  алғашқы 
мемлекеттер  орналаса  бастады.  Б.з.д. 2-мыңжылдықта  бұл  аймаққа 
Орта  Азиядан  арий  тайпалары  келіп  қоныстанды.  Б.з.б. 673-672 ж. 
қазіргі  Иранның  солтүстік-батысында  Мидия  мемлекеті  пайда  бо-
лып, 616-605 ж.  Ассирияны  талқандап,  аса  ірі  мемлекетке  айнал-
ды.  ХІV  ғ.  ильхандар  мемлекеті  бірнешеге  иілікке  бөлініп  кетті. 
1380-93 ж. Иранды Əмір Темір əскерлері басып алды. Батыс Иранда 
Қарақойлы мемлекеті құрылды. 
Біреумен  сөйлескенде: «Ия,  Орта  Азия – менің  екінші  туған 
жерім. Аз ба, көп пе, 17-18 жыл сонда қызмет еттім. Сонда балалы-
шағалы  болдым.  Балалардың  туған  жері  де,  елі  де  сол  жақта... 
Халқы өте сабаз, ержүрек келеді... Ия, солай...» (2 т., 206-б.).
Орта  Азия – Өзбек,  Тəжік,  Қырғыз,  Түрікмен  республикала-
ры жəне Қазақстанның оңтүстігін (Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, 
Алматы,  Талдықорған,  Маңғышлақ  облыстары)  қамтитын  ірі  физи-
калық-географиялық  аймақ.  Жері 2400 мың  км².  Батысы – Каспий 
теңізі;  солтүстік  жəне  солтүстік-шығысы  Мұғалжар  тауларының 
оңтүстік  етегіне,  Арал  маңы  Қарақұмына,  қазақтың  қатпарлы  өл-
кесіне  (Сарыарқа),  Балқаш-Алакөл  ойысына,  оңтүстік  жəне  оңтүс-
тік-шығысы  Копетдаг,  Паропамиз,  Памир-Алай,  Тянь-Шань,  Жоң-
ғар  Алатауы  жоталарына  ұласады.  Геологиялық  құрылымы  жөні-
нен  Орта  Азия  Тянь-Шаньның  ертедегі  палеозой  қатпарларынан, 
Тұран  плитасынан  тұрады.  Тянь-Шаньның  Ыстықкөл  маңындағы 
сілемдері  Қырғыз,  Талас  жəне  Қаратау  жоталары,  Шу-Іле  таула-
ры  жəне  Бетпақдала  шөлдері  арқылы  Орталық  Қазақстанның  ба-
тыс  бөлігіндегі  Каледон  қатпарлығымен  жалғасып  жатады.  Тұран 
ойпаты  герциндік  қатпарлық  құрылымының  платформалық  негізін 
мезо-кайнозой  шөгінділері  жапқан;  тек  орталық  жəне  шеткі  ау-
дандарында  биіктігі 500-900 метрлік  аласа  тау  күйінде  жер  бетіне 
шығып жатқан бөліктері (Маңғыстаудағы Қаратау тауы, Қызылқия, 
Сұлтануыздақ  тау  қыраттары,  Қызылқұмның  орталық  бөлігіндегі 
таулар)  ғана  кездеседі.  Орта  Азияның  таулы  бөктері  соңғы  тек-
тониктік  қозғалыстарға  ұшыраған  əртүрлі  жастағы  қатпарлық  құ-
рылымдарға  жатады.  Жоңғар  Алатауы  (Тышқантау 4464 метр)  гер-
цин, Тянь-Шаньнің (Жеңіс шыңы 7439 метр) солтүстік бөлігі герцин 
мен  каледон,  оңтүстігі  герцин,  Памир-Алайдың  солтүстігі  герцин, 
Памир  (Коммунизм  шыңы 7482 метр)  альпі  қатпарлығы  кезінде 
пайда  болған.  Альпілік  геосинклинальдық  облысқа  Копетдаг  (Ризе 
тауы 2492 метр) тауы жатады. 
Ірі гидронимдері – Əмудария, Сырдария, Іле, Шу, Қаратал, Тед-
жен,  Мургаб.  Энергетикалық  қорлары  мол.  Сырдарияда  (Беговат 
қаласы  жанында)  Фархад,  Нарында  Үшқорған,  Тоқтағұл,  Вахшта 
Нүрек,  Іледе  Қапшағай  СЭС  салынған.  Басты  көлдері – Балқаш, 
Ыстықкөл,  Алакөл.  Орта  Азия  өңірі  негізінен  сұр  қоңыр,  сұр,  қы-
зыл  қоңыр  топырақты  келеді.  Өсімдік  жамылғысы  алуан  түрлі; 
жазық бөлігінде нағыз шөлге тəн өсімдіктер – эфимерлер, астық тұ-

280
281
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
қымдастылар,  селеу,  бетеге,  жүзгін,  адыраспан,  Мойынқұм,  Арал 
маңы  Қарақұмы  жəне  Балқаш-Алакөл  ойысындағы  шөлде  сексеуіл, 
көкпек,  баялыш,  жиде;  өзен  бойында  қайың,  үйеңкі,  көктерек  то-
ғайы;  Сырдария,  Шу,  Іле,  Қаратал  өзендерінің  атырауларында, 
Арал,  Балқаш,  Алакөл  жағалауында  ну  қамыс;  тауда  қарағай,  шыр-
ша,  арша,  ырғай  өседі.  Шөл  зоналарында  кесіртке  мен  жылан  түр-
лері,  қоян,  түлкі,  қасқыр,  ақбөкен,  қарақұйрық,  тау  белдеулерін-
де  борсық,  таутеке,  арқар,  марал,  бұғы,  елік  кездеседі.  Солтүстік 
жəне  солтүстік-шығысындағы  көлдерде  жəне  өзен  атырауларында 
ондатра өсіріледі.
«...Батыс  Европада  жолы  болған  «қауырт  соғыстың»  шығыста 
жолы болмай, іске аспауының себебі не?» (2 т., 197-б.).
Сергей  Иванович  аузын  толтыра-толтыра  асап,  шабыттана  та-
мақтанып  отырып,  жайдарылана  жымиып  Украинаның  сықағы  мен 
түрлі күлдіргі əңгімелер айта бастады (2 т., 1-б.).
«...Жау  Украинаның  көбін,  Белоруссияны,  Молдавияны,  Лит-
ваны,  Латвияны,  Эстонияны,  басқа  бірсыпыра  облыстарды  жаулап 
алды, Донбасқа өтті, Ленинградтың үстіне қара бұлт болып төнді, біз-
дің даңқты астанамыз – Москваға қауіп туғызып отыр» (2 т., 197-б.).
Украина (укр. Україна –Украйина) – Шығыс Еуропадағы ірі мем-
лекет.  Украинаның 24 облысы  бар.  Жер  көлемі – 600 мың  шаршы 
шақырым. 50 миллиондай  халқының 74 % украиндар.  Одан  басқа 
поляк,  словак,  румын,  венгрлер  бар,  олар  елдің  батыс  жағында  қо-
ныстанған  болса,  ал  орыстар  негізінен  шығысында  тұрады.  Геог-
рафиялық  орнының  ерекшеліктері  мен  алып  жатқан  ауданына  бай-
ланысты Украина жерінің климат жағдайлары алуан түрлі болады.
1990 жылдардың орта шенінен бастап, Украинадан басқа елдер-
ге  қоныс  аударатындар  саны  көшіп  келетіндер  санынан  асып  түсе-
тін болды. 
Беларусь  Республикасы – Шығыс  Еуропадағы  мемлекет.  Жері-
207,6  мың  км
2
.  Халқы – 10 млн. 203 мың  адам (1997). Негізгі 
халқы – белорустар (80%), бұған  қоса  орыстар (13,6%), поляк-
тар (4,1%) тұрады. Астанасы – Минск (1,6 млн). Ірі қалалары Брест, 
Витебск, Гомель. Əкімшілік аумақтық жағынан 6 облысқа бөлінеді. 
Мемлекеттік  тілі – беларусь  тілі.  Орыс  тілі  мемлекеттік  тілмен 
қатар жүреді.
Белорусь  Шығыс  Еуропа  жазығында  Днепр,  Батыс  Двина  мен 
Неман  өзендерінің  аңғарларын  алып  жатыр.  Климаты – қоңыржай-
континенттік.  Қысы  аса  суық  емес,  ылғалды;  жазы – салқын,  жаң-
бырлы.  Жауын-шашынның  жылдық  мөлшері 600-700 мм.  Басты 
өзендері: Днепр, Батыс Двина, Неман. Қазіргі Беларусь жеріне адам-
дар  қола  дəуірінен  бастап  қоныстанған.  ІІ-V  ғ.-да  аталған  өңірге 
Днепр бойынан славяндар келе бастады да, ІХ ғасырларда жергілікті 
тайпалар  соларға  сіңісіп  кетті.  Осы  кезде  славяндардың 3 ірі  тайпа 
бірлестігі  қалыптасты:  Полесье  мен  Орталық  өңірде – дреговичтер, 
Сож  өз  алабына – радмичтер,  Двина  бойы  мен  Днепрдің  жоғарғы 
жағына – кривичтер  қоныстанған.  ІХ  ғасырда  Киев  Русінің  құры-
луына  байланысты  Беларусь  жері  бірте-бірте  соның  құрамына 
енеді.
Беларустар – Беларусь Республикасының байырғы халқы. Ресей, 
Украина, Литва, Латвия, Польша, Канада, т.б. елдерде тұрады. Жал-
пы  саны – 10,5 млн.  адам (1997). Еуропа  нəсіліне  жатады.  Бела-
русь  тілінде  сөйлейді,  орыс,  поляк  тілдерін  де  қолданады.  Əліпбиі 
кириллицаға  негізделген.  Православие  дінін  ұстанады,  араларында 
католиктер  де  бар.  Беларусь  шығыс  славяндарға  жатады.  Беларусь 
халқының  этникалық  негізін  шығыс  славяндар  тайпалары:  дрего-
вичтер,  кривичтер,  радимичтер,  древляндар,  северяндар  құраған. 
ІХ-ХІ  ғасырда  осы  тайпалар  Киев  Русінің  құрамында  болған.  Ол 
ыдырағаннан  кейін  (ХІІІ-ХІV  ғ.)  Ұлы  Литва  князьдігінің, 1569 ж. 
Речь  Посполитаяның  құрамына  енеді.  ХVІІІ  ғасырда  Россияға  қо-
сылады. 
Латвия,  Латвия  Республикасы – Еуропаның  солтүстік-шығы-
сында,  Балтық  теңiзi  жағалауындағы  мемлекет.  Жер  аумағы – 
64,5  мың  км².  Халқы – 2,38 млн.  адам.  Астанасы – Рига  қаласы. 
Мемлекеттік  тiлi – латыш  тiлi.  Ұлттық  мейрамы – 18 қараша – Тə-
уелсiздiк күнi (1918). Ұлттық ақша бiрлiгi – еуро (2004 ж., мамыр). 
Латвия жерi Шығыс Еуропа жазығында, Балтық теңізіне құятын 
Даугава  (Батыс  Двина)  өзені  алабында  орналасқан.  Елдің  батысын-
да – Курзем, орталығында Видзем, шығысында Латгаль қыраттары, 
солтүстік-шығысында  Латыш  ойпаты  жатыр.  Климаты  теңiздiк 
жəне континенттiк.
Өзендерi Балтық теңізіне құяды. Iрiлерi: Даугава, Лиелупе, Вен-
та,  т.б. 3185 көл  бар, iрiлерi:  Лубанас,  Резнас,  Усмас,  т.б.  Жерiнің 
38%-ы орман (қарағай, қайың, шырша, терек). 
Латвия  жерiн  адам  баласы  алғаш  мезолит  дəуiрiнде  (біздің  за-
манымыздан  бұрынғы 9-4-мыңжылдық)  мекендеген.  Алғашқы  мем-
лекеттiк  бiрлестiк  Шығыс  Латвияда  (латгалдардың 8 князьдiгi) 
Х-ХІІІ ғасырларда пайда болды. 
ХІІ ғасырдың 2-жартысында Семсерлiлер орденi, 1237 ж. Ливон 
орденi құрылды. Сөйтiп, 1561 жылға дейiн Латвия Ливонияның құ-
рамында  болды. 1558-83 жж.  Латвия  Речь  Посполитаға  қарады. 
Латвия  жерiнің  Ресей  империясының  қол  астына  өте  бастауы 

282
283
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
ХVІІІ  ғасырдың  аяғына  қарай  аяқталды. 1917 жылғы  Қазан  төңке-
рiсiнен кейiн елде Кеңес өкiметi орнағанымен, 1918 ж. ақпанда Лат-
вияны  немiстер  басып  алды. 18-қарашада  тəуелсiз  Латвия  Респуб-
ликасы  құрылды.  Бiрақ 1940 ж.  Латвия  КСРО  құрамына  қосылуға 
мəжбүр  болды.  Ел 1941-44 жж.  екiншi  рет  немiс  оккупациясын 
бастан  өткердi.  Соғыстан  кейiнгi  жылдары  социалистік  жолмен  да-
мып, 1989 ж.  күзде  өзiнің  КСРО  құрамынан  шығатынын  мəлім-
деді,  ал 1990 ж.  мамырда  Тəуелсіздiк  Декларациясын  жариялады. 
Латвия 1991 жылдан  БҰҰ-ға  мүше. 2004 жылы  Еуропалық  одаққа 
мүше болып қабылданды .
Литва – ресми  түрде  Литва  Республикасы – Балтық  теңізі-
нің  оңтүстік-шығыс  жағалауындағы  мемлекет.  Жер  аумағы 
65,2 мың км
2
. Халқы 3,61 млн (2001). Астанасы – Вильюнс қаласы. 
Ресми тілі – литван тілі. 
Литва  жерінен  табылған  археологиялық  деректер  бойынша 3-
мыңжылдықта  Литва  мен  оған  көршілес  жерлерге  балт  тайпалары-
ның арғы ата-бабалары келіп қоныстана бастаған. Литван тайпалары 
(жемайте,  акуштайте,  ятвягалар)  князь  Миндовганың  басшылығы-
мен  бір  орталыққа  бірігіп,  Литва  Ұлы  князьдігінің  негізі  қаланды. 
1990 ж. мамырда тəуелсіздігін жариялады.
Эстония  Республикасы – Шығыс  Еуропаның  солтүстік-баты-
сында  орналасқан  мемлекет  Балтық  теңізінің  Финн  жəне  Рига  шы-
ғанақтарының  суларымен  қоршалып  жатыр.  Эстонияның  құрамына 
1500-ден  астам  (оның  ішінде  Моонзунд  топаралы  да  бар)  арал  кі-
реді. Аумағы 45,1 мың км
2
.
Халқының 70%-ы қалаларда тұрады, ірі қалалары: Таллин, Тар-
ту,  Нарва,  Кохтла-Ярве,  Пярну.  Астанасы – Таллин  қаласы.  Ресми 
тілі – эстон  тілі.  Əкімшілік-аумақтық  жағынан 15 уезден  (мааконд-
тан) жəне орталық бағыныстағы 6 қаладан құралады. Конститутция 
бойынша  мемлекет  басшысы  президент,  ал  жоғары  заң  шығарушы 
органы – Рийгикогу  (бір  палаталы  парламент).  Ұлттық  мерекесі – 
Эстонияның  тəуелсіздік  күні, 24 ақпан (1918). Эстония  БҰҰ-ның 
(1991)  мүшесі. 1919 жылы 19 мамырда  Құрылтай  жиналысы  Эстон 
Республикасының  құрылғанын  жариялады. 1934 ж.  наурызда  Эсто-
нияда мемлекеттік төңкеріс жасалып, диктатура орнатылды. Парла-
мент таратылып, барлық саяси партияларға тыйым салынды. 1939 ж. 
тамыз-қыркүйек  айларында  болған  кеңес-герман  келісімшартынан 
кейін 1940 ж.  шілдеде  Эстонияға  кеңес  əскерлері  енгізіліп,  Эстон 
КСР-і  құрылды (1940 жылдың 6-тамызынан  КСРО-ның  құра-
мында).  Эстондықтардың  бір  бөлігі  КСРО-ның  ішкі  аудандарына, 
негізінен  Сібірге  күшпен  жер  аударылды. 1941 жылы  желтоқсанда 
Эстон КСР-інің аумағын неміс əскерлері басып алды, 1944 ж. Эсто-
нияны  Қызыл  Армия  Кеңес  Одағына  қайтарып  алды. 1990 жылдан 
Эстония  Республикасы  деп  аталады. 1991 жылы  республиканың 
тəуелсіздігі  жарияланды  (КСРО  Эстонияның  тəуелсіздігін 1991 ж. 
қырқүйекте  таныды).  Тəуелсіздік  алған  күннен  бастап  Эстония 
өзінің сыртқы саясатын Батыс Еуропаға қарай бағыттады.
Майндағы  Франкфуртта  туған  лейтенант  Густав  Цигельден  та-
былған  неміс  командованиесінің  солдаттарға  арнаған  бір  үндеуінде 
былай делінген (2 т., 198-б.).
Фра́нкфурт-на-Ма́йне  (нем. Frankfurt am Main (frankfuat am 
ˈmaɪn) (инф.)), Франкфурт – Гессен жеріндегі ірі жəне Германияда-
ғы 5-орындағы қала.
Рейн – Майн  (нем. Rhein-Main-Gebiet) метропол  аймағындағы 
ірі қала орталығы. 
Қала  көне  Майн  өзенінің  бұрылысында  (нем. «furt») Франко-
ни  елді  мекенінде  (аймағында)  орналасқан.  Ол  жерді  франктар  ме-
кен етеді. Сондықтан қаланың аты сол – «переправа франков» деген 
сөзден келіп шыққан.
Германияда  Франкфурт: 1. Франкфурт-на-Майне  (земля  Гес-
сен); 2. Франкфурт-на-Одере (земля Бранденбург) деген екі қала бар. 
Франкфурттың  əкімшілік  округтері 46, əкімшілік  квартал 118 
қалалық  округке  бөлінген.  Əкімшілік  кварталдар 16 округке  (нем.
Ortsbezirke) біріктірілген.
Гитлершіл  Германияға  қарағанда,  Совет  Одағы  мен  оның  одақ-
тастары  азаттық,  əділеттік  жолында,  Еуропа  мен  ССР  Одағының 
құлданылған  халықтарын  Гитлердің  құлдығынан  азат  ету  жолын-
да соғыс жүргізіп отыр. Сондықтан да барлық адал адамдар СССР, 
Великобритания  тағы  басқа  одақтастар  армиясы  азат  етуші  армия 
деп біліп, оған болысулары керек.
Бізден  көмек  күткен  славян  халықтарына,  Еуропаның  құлдық-
тағы  басқа  халықтарына  өзіміздің  талабымызды,  өзіміздің  режимі-
мізді ұсыну бізде болмайды, соғысты ондай мақсат көздеуіміз мүм-
кін емес (2 т., 199-б.).
Германия,  Германия  Федеративтік  Республикасы – Орталық 
Еуропада  орналасқан  мемлекет.  Кейбір  түркі  тілдерінде  Алмания 
болып  та  аталады.  Жер  аумағы 356,96 мың  км
2
.  Халқы 81,7 мил-
лион.  Астанасы 1991 жылдан  Берлин  қаласы (3,46 миллион). 
Халқының 94%-і немістер (1998). Ресми тілі – неміс тілі. Германия 
16 аймақтан (жерден) құралған федеративті республика.
Ұлттық  мерекесі – Герман  бірлігі  күні (3 қазан, 1990 жылы, 
Германия  Федеративтік  Республикасына  қосылған  күні).  Федераль-

284
285
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
дік Конституциясы 1949 ж. қабылданған. Ірі қалалары Бонн (297 мың 
адам), Гамбург (1,6 млн.), Кельн (1 млн-ға жуық) тағы басқа.
Германияның солтүстігін Орта Еуропа жазығы алып жатыр. Оң-
түстігінде  Шығыс  Альпі  тау  жоталары  орналасқан.  Өзендерінің 
көпшілігі  (Рейн,  Везер,  Эльба)  Солтүстік  теңізге,  оңтүстігіндегі 
өзендер Дунайға құяды.
Германия  жеріне  адам  баласы  палеолит  дəуірінде-ақ  қоныста-
на  бастаған.  Б.з.б. 3-2-мыңжылдықта  жергілікті  тұрғындар  мал 
шаруашылығымен  жəне  егіншілікпен  айналысты,  ал  б.з.б. 1-мың-
жылдықта  темір  қорытуды  меңгерді.  Б.з.б. 1 ғасырда  Рейннің  ба-
тыс жағалауы Рим империясының қол астына қарады. ІV ғасырдың 
аяғында  германдықтардың  алғашқы  тайпалық  одақтары  пайда  бол-
ды.  Олар  шығыстан  келген  ғұн  тайпаларымен  қосылып, V ғасырда 
Батыс  Рим  империясын  талқандады. VІ-VІІІ  ғасырларда  герман 
тайпалары франктердің қол астына қарады. Олар христиан дінін де 
осы  кезде  қабылдады. 843 жылы  Франк  империясы  ыдыраған  кез-
де Шығыс Франк корольдігіне бағынды. Осы мемлекеттің негізінде 
герман  тайпалары  қайтадан  біріктіріліп,  Германияның  тұңғыш 
королі  Генрих I-нің  басшылығымен 919 жылы  Герман  корольдігі 
құрылады.  Алғашқыда  бұл  корольдікке 4 тайпалық  герцогтік  (Сак-
сония,  Франкония,  Алеманния,  Бавария)  бағынды,  кейін  Лото-
рангия (925) жəне  Фризия  қосылды. 962 ж.  Герман  королі  Оттон  І 
Римді  жаулап  алып,  Рим  папасы  тағына  отырады.  Осы  кезден  бас-
тап  герман  корольдері  өздерін  «Қасиетті  Рим  империясы»  тағының 
мұрагерлері  деп  жариялайды. 1032-34 жылы  Империя  құрамына 
Бургундия корольдігі қосып алынды (қаласы Бургундар). Корольдік 
ХІ  ғасырдың  ортасынан  бастап  бытыраңқылықты  бастан  кешірді. 
ХVІІІ ғасырға дейін корольдікті билеуші 17 əулет ауысады. ХІІІ ға-
сырда  корольдік  құрамындағы  кейбір  князьдер,  əсіресе,  Саксон 
əулетінен  шыққан  князьдер  (Семсер  асынушылар,  Тевтон  ордені) 
шығысқа  жорықтар  жасап,  лив,  эст,  прусс  тайпаларының  жерлерін 
жаулап алады. Соның нəтижесінде Германия аумағы шығысқа қарай 
екі  есеге  жуық  ұлғаяды.  Алайда  Италиядан  бастап  Балтық  теңізі 
бойына  дейін  созылып  жатқан  корольдікте  ықпалды  əулеттер  би-
леген  жеке-жеке  князьдіктердің  беделі  күшті  болады.  Əсіресе,  ко-
рольді  сайлау  құқығын  иеленіп  алған  курфюреттер  жетекші  топқа 
айналды.  ХІV  ғасырда  жеке-жеке  князьдік  өкілдерінен  тұратын  заң 
шығарушы  орган-рейхстаг  жұмыс  істей  бастады.  Ал  князьдіктер-
дегі осындай өкілетті орган лантаг деп аталды.
Ұлыбритания (Great Brіtaіn),  Британия,  Ұлыбритания  мен  Сол-
түстік  Ирландияның  Біріккен  Корольдігі  (Unіted Kіngdom of Great 
Brіtaіn and Northern Ireland) – Еуропаның  солтүстік-батысында, 
Британ  аралдарында  (ең  ірісі – Ұлыбритания),  Ирландия  аралы-
ның  солтүстік-шығыс  бөлігі  мен  ұсақ  аралдарда  орналасқан  мем-
лекет.  Құрлықтан  Ла-Манш  (Ағылшын  каналы)  жəне  Па-де-Кале 
(Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244,11 мың км². Халқы 
60,3 млн. (2004), астанасы – Лондон (7 млн).
Ташкент.  Взводты  басқаратын  лейтенанттар  Ташкент,  Алма-
ты  училищелерінен  жаңа  ғана  шыққан  тəжірибелері  аз  жас  жігіт-
тер (2 т., 182-б.).
Ташкент  (өз. Toshkent, Тошкент,  орыс.  Ташкент) – Өзбекстан-
ның елордасы, Ташкент уалаятының əкімшілік орталығы. 2006 жы-
лы  қаланың  ресми  түрде  тіркелген  тұрғын  саны 2,1 миллион 
болды, бейресми деректер бойынша 3 миллионға жетті.
Орта  ғасырлар  заманында  қала  «Чач»  деп  аталды.  Кейінірек  ол 
«Чач  қаласы»  деген  мағына  беретін  «Чачканд»  деп  атала  бастады. 
Канд,  қанд,  кент,  кад,  кат,  куд  осы  жалғаулардың  бəрі  көне  пар-
сы  тілінен  алынған,  ол  қала  дегенді  білдіреді.  Мысалы,  Самарқанд, 
Жаркент,  Пенжикент  сияқты  қалалардың  аттары  осылай  пайда 
болған.  ХVІ  ғасырдан  кейін  Чачканд  деген  атау  «Ташканд»  деген 
түрге  өзгерді.  Түсініксіз  ескі  атауына  қарағанда  жаңа  атау («Тас 
қала»)  халық  этимологиясының  арқасында  түсініктірек  бола  бас-
тады. Ташкент деген түрі орыс тілінің əсерінен қалыптасқан.
Ташкент  қаласы  Тянь-Шань  тауларының  батыс  етектеріне  жап-
сарлас  жатқан  сулы  жазықтықта,  Шымкент-Самарқан  жолының 
бойында орналасқан. Ташкенттің маңында Шыршық өзені тағы бір-
неше өзендермен қосылады, сондықтан қаланың өзі қалың (15 м.-ге 
дейін) аллювийлі шөгінді жыныстардың үстінде жайғасқан. 
Ташкент  қаласы  Шыршық  өзенінің  бойындағы,  Гүлістан  таула-
рының  етегіндегі  шұраттағы  (оазис)  елді  мекен  ретінде  пайда  бол-
ған. Көне замандарда осы жерде «Бейтиан», Кангюй конфедерация-
сының жазғы астанасы орналасқан.
Чач  патшалығының  б.з.д. V-ІІІ  ғасырларда  соғылған  басты 
қала  қамалының  пішіні  төртбұрышты  болған,  ол  Сырдария  өзені-
нен 8 километр  оңтүстікте  орналасқан.  Б.з. VІІ  ғасырында  Шаш 
патшалығында  бірнеше  қала  мен 50 шақты  каналдың  желісі  бол-
ған,  соның  арқасында  ол  соғдылықтар  мен  түркілердің  арасындағы 
сауда  орталығына  айналды. VІІІ  ғасырдың  алғашқы  бөлігінде  қала 
мұсылмандардың билігіне өтті.
Суанзаң  қаланың  атын  «Че-ши»  деген  түрде  жазып  қалдырды. 
Қытайдың  Суйшу,  Бейшу  жəне  Таншу  деген  жылнамаларында 
V  ғасырдан  бері  «Ши»  немесе  «Чеши»  атты  бір  иеліктің  болғаны 
туралы айтылған.

286
287
З. Құламанова
Б. Момышұлы шығармаларындағы топонимдер
Самани  əулетінің  заманында  қаланың  аты  «Бинкат»  деген 
түрге  енді.  Алайда  арабтар  Бинкаттың  айналасындағы  аймақты 
«Чач»  деген  ескі  атауымен  атай  берді.  Қаланың  қазіргі  «Ташкент» 
(Тас  қала)  деген  түркі  тіліндегі  атауы  Қарахандар  əулеті  билік 
жүргізген Х ғасырдан бері белгілі.
Хорезмдіктер  қаланы 1214 жылы  тонады,  бірақ  Шыңғыс  хан-
ның  əскерлері 1219 жылы  оны  қайтара  тонады.  Əмір  Темір  əулеті 
жəне  одан  кейінгі  Шайбан  əулетінің  билігінің  кезінде  қала  қайта 
жанданып, өркендей түсті.
1809  жылы  қаланы  Қоқан  хандығы  қосып  алды.  Ол  кезде  Таш-
кенттің  халқы 100 000-ға  жетіп,  ол  Орталық  Азияның  ең  бай  қа-
ласы  болып  саналатын.  Қала  Ресеймен  жасалған  сауданың  арқа-
сында  байи  берді,  бірақ  Қоқанның  салған  салықтары  оған  ауыр 
болды.  Оның  үстіне  Ташкенттің  дінбасылары  Қоқаннан  гөрі  Бұха-
раның  дінбасыларына  оң  көзбен  қарайтын.  Бірақ  Бұхараның  əмірі 
бұл жайтты пайдаланып үлгірмеді – орыс əскерлері келіп қалды.
1865  жылдың  мамыр  айында  генерал  Черняев  қалаға  түнгі  ша-
буыл  бастады.  Қаланың  қабырғаларының  ұзындығы 25 километр 
болып, 11 қақпасы,  қорғаушыларының  саны  көп  болды.  Бұл  ша-
буыл  патшаның  бұйрығына  қарама-қайшы  жасалды,  оның  үстіне 
Черняевтың  əскерлері  қаланы  қорғап  жатқандардікінен 15 есе  аз 
болатын.  Кішкене  арнайы  топ  бір  жерден  шабуыл  жасап  жатқан 
кезде  басты  күш  қаланың  қамалы  арқылы  басып  кірді,  оларды  қо-
лында  кресінен  басқа  түгі  жоқ  орыс  православ  священнигі  бастап 
жүрді.  Ресей  əскері  қаланы  екі  күндік  кескілескен  ұрыстан  кейін 
қолға  түсірді.  Орыстың  тек 25 жауынгері  ғана,  қала  қорғаушыла-
рынан  бірнеше  мың  адам  қаза  тапты,  солардың  арасында – Қоқан 
хандығының  билеушісі  Əлімқұл  да  бар  еді.  Қаланың  ақсақалдары-
нан  «Ташкент  арыстаны»  деген  лақап  алған  Черняев  жергілікті 
тұрғындардың  сеніміне  ие  болудың  шараларын  жүзеге  асыра  бас-
тады.  Ол  қала  халқын  бір  жылға  алым-салықтардан  босатты,  қала-
ны  қарусыз  аралап,  көше  мен  базарларда  жай  халықпен  тілдес-
ті.  Ол  өзін  «Ташкенттің  əскери  басқарушысы»  етіп  тағайындап, 
ІІ  Александрға  қаланы  Ресейдің  қол  астындағы  тəуелсіз  хандық 
етуге кеңес берді.
Патша  Черняев  пен  оның  қарамағындағы  адамдарға  марапат 
пен  сый-сыяпаттарды  үйіп-төкті,  бірақ  Черняевтың  тұрақсыз  міне-
зін  еске  алып,  көп  ұзамай  оны  генерал  фон  Кауфманмен  алмас-
тырды.  Ташкентке  тəуелсіздік  берілмек  түгілі,  ол  жаңадан  құрыл-
ған  Ресей  Түркістан  аймағының  орталығына  айналдырылып,  фон 
Кауфман соның бірінші генерал-губернаторы болып тағайындалды. 
Ташкенттің  жанында  орыс  поселениесі  құрылып,  орыс  қоныста-
нушылары  мен  саудагерлері  ағыла  бастады.  Ресей  мен  Құрама 
Патшалықтың  арасындағы  «Үлкен  ойын»  атты  Орталық  Азияның 
үстінен  билік  үшін  тайталастың  кезінде  Ташкент  тыңшылықтың 
орталығына  айналды. 1889 жылы  Каспий  темір  жолы  салынып, 
оны  салған  теміржол  жұмысшылары  Ташкентте  қоныстанды.  Бұл 
1917 жылғы Қазан революциясына алғышарттар дайындады.
Абай  «Біраз  сөз  қазақтың  түбі  қайдан  шыққаны  туралы»  еңбе-
гінде  Шыңғысхан  қазақ  даласын  жаулап  алып,  Орта  Азияға  шап-
қыншылық  жасағанда,  отырықшылыққа  айнала  бастаған  қазақтар-
ды  да  кешіріп  ала  кеткен: «Сонан  соң  бұлар  бұрынғы  Апа  тауды 
қалдырып,  Ташкент  төңірегіндегі  тауларды  мекен  қылса  керек. 
Шағатай нəсілінің үлкен ханы Ташкентте тұрып, бұларды бір інілері 
билейді екен...» т.б. тарихи деректер береді.
Ақпан  төңкерісінен  кейін  жарияланған  Ресей  Уақытша  Үкіметі 
Ташкентте  өз  билігін  орнатуға  тырысты.  Бірақ  ол  көпке  ұзамады, 
жергілікті  мұсылман  қарсылығы  жойылды. 1918 жылы  сəуірде 
Ташкент  Түркістан  Автономиялық  Кеңес  Социалистік  Республи-
касының (Түркістан АКСР) орталығы болып жарияланды. Бұл жаңа 
үкімет  ақтардың,  басмашылардың  жəне  ішкі  жауларының  шабуыл-
дарына  ұшырады.  Ташкент 1924 жылы  жаңадан  ұйымдастырылған 
Өзбек  КСР-ның  үлесіне  тиді,  ал 1930 жылы  Самарқандтың  орнына 
Өзбекстанның астанасына айналды.
Ташкент  сол  кезде  басқа  кеңес  қалаларынан  айырмашылығы 
шамалы  болды,  өзінің 2000 жылдан  астам  тарихының  немесе 
Ұлы  Жібек  Жолының  бойындағы  маңызды  қала  болғандығын  ай-
ғақтайтын орындар аз еді. Қазір Ташкент Өзбекстанның ең көп ұлт 
тұратын қаласы, орыс тұрғындарының саны əлі де елеулі. Ташкент-
тің  көшелерін  жағалай  ағаш  көп  отырғызылған,  қалада  фонтан-
дар мен саябақтар көптеп кездеседі.
2007  жылы  тарихи  құндылығы  бар  мешіттер  мен  басқа  діни 
ғимараттары  көптеп  кездесетіндіктен  Ташкент  Ислам  дүниесінің 
мəдени астанасы болып жарияланды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет