Зарипова К.Т. дКЯЛ-101в тобы
9-билетке жауап
1. Пор - Рояль грамматикасы
2. ХХ ғ. структуралық лингвистика
3. Глоссарий. Тіл және сөйлеуге қатысты ұғымдар мен терминдер
1. Әмбебап грамматиканы француз ғалымдары-логик,философ,профессор Антуан Арне (1612-1694) мен грамматист,филолог профессор Колод Лайсле (1616-1695) екеуі бірігіп жазған.Бұлар өз заманындағы Франциядағы ғылым мен халық ағарту істерінің орталығы болған Пор-Рояль моностырының ғалымдары болғандықтан және сол монастрьдан шыққандықтан, оны «Пор-Рояль грамматикасы» деп те, «Рационалды жалпы грамматика» деп те атайды.
Пор-Рояль грамматикасы ежелгі грек,еврей,латын және француз тілдері материалдары негізінде жазылған.Бірақ бұл еңбек салыстырмалы туынды емес,логика-типологиялық грамматика.Оның алға қойған мақсаты-барлық тілдерге ортақ рационалды негізді және олардың арасындағы өзгешеліктерді ашу.Бұл еңбектің өзіне дейін шыққан грамматикалардан тағы бір ерекшелігі- оның тілдік материалды жан-жақты талдауға негізделуі.Грамматикада екі түрлі принцип басшылыққа алынған:біріншісі- берілген грамматикалық ережелердің жалпы тілдік болуы,екіншісі-ол ережелердің логикаға негізделуі.
Универсалды грамматика екі бөлімнен тұрады.Оның бірі-фонетика,екіншісі- грамматика.Алты тарауға бөлінген бірінші бөлімде дыбыс пен әріп,буын,екпін мәселелері,оқуға үйрету әдісі сөз болған,екінші бөлімі жиырма төрт тараудан құралған.Оларда морфология.синтаксис мәселелері жан-жақты талданған.
Пор-Рояль грамматикасы өз дәуірінде Европада зор беделге ие болды.Ол көп ұзамай-ақ бірсыпыра тілдерге аударылды,әлденеше рет қайта басылды. Көптеген ғалымдар Пор-Рояль грамматикасын тіл білімі даму тарихындағы ерекше құбылыс,жаңа сапалы тіл білімінің төл басы,жалпы тіл ғылымының алғашқы жаршысы деп жоғары бағалайды.Пор-Рояль грамматикасының өз дәуіріндегі және өзінен кейінгі кездердегі лингвистикалық ой-пікірдің дамуына тигізген әсері болған.Заманында барлық оқу орындарында қолданылатын,жалпы тілдік теориядан терең мәлімет беретін оқулық деп саналған.
Тіл білімінің міндеті –барлық тілдерді бір ғана грамматикаға тәуелді ету емес,тілдер арасындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.
2. Қазіргі заман тіл білімі жас грамматистерге қарсы күресте туып қалыптасты. XIX ғасырдың соңғы он жылы мен XX ғасырдың бас кезінен бастап Батыс Еуропа тіл білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа әдісі, бұрынғыдан өзгеше амал-тәсілдері іздестіріледі. Әр елде, әр жерде жас грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда болды. Олардың қатарына "Сөздер мен заттар", "Эстетизм", ''Социологизм" деп аталатын мектептерді жатқызуға болады. Жас грамматизм бағытын сынауда бұлардың өкілдері бірауызды болғандығымен, тілдің өзіндік сипатын, мәнін айқындауға келгенде әр-қайсысының өзіндік көзқарастары, ұстаған жолдары болды.
Эстетизм. XX ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі - эстетизм немесе эстетикалық лингвистика. Оны қалыптастырушы - неміс ғалымы, роман тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл Фосслер (1872-1949).
Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің "Тіл -біліміндегі позитивизм мен идеализм" (1904), «Тіл - шығармашылық және даму» (1906) деген еңбектерінде баяндалған.
Мектептің эстетизм деп аталу себебі - оның тілдері тілді эстетикалық тұлға, эстетикалық көрсеткіш дейді де, оны зерттейтін тіл ғылымы - эстетиканың бір саласы, эстетика -оның негізі, қайнар бұлағы. Тіл жөніндегі зерттеу эстетикадан басталып, эстетикамен аяқталады деп санайды.
Кейде бұл мектеп неофилология немесе идеалистік неофилология деп те аталады.
Неолингвизм (гр. нео - жаңа және лингвистика атауларының бірігуінен туған). Неолингвизм де жас грамматизм бағытына қарсы XX ғасырдың бас кезінде қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Неолингвистика деген атауды бұл мектеп өкілдері өздерін жас грамматизм бағытынан мейлінше бөлек лингвист етіп көрсету үшін қолданған. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946), Джулиано Боифанте, (1904), В.Пизан (1899 ) т. б..
Неолингвистер жас грамматистерді сынаған, өз принциптерін баяндаған көптеген еңбектер жазды. Сондай еңбектердің бірі - 1925 жылы М.Д.Бартоли жазған "Неолингвистиканың қосымша очеркі" атты кітап. Онда лингвистикалық жаңа мектептің істері мен принциптері қысқаша баяндалады. Неолингвизм бір-біріне үйлесе қоймайтын әр түрлі көзқарастағы ғалымдардың - В.Гумбольдттың, Г.Шухардттың, К.Фосслердің, кейбір мәселеде Г.Паульдің принциптеріне сүйенеді. Сондықтан бұл мектеп кейде эклектикалық неолингвизм деп те аталады.
Социологиялық мектеп. Бұл мектеп тілдің қоғамдық сипатын, әлеуметтік мәні барлығын мойындаудан туған. Тілде әлеуметтік сипаттың барлығын, қайта өркендеу дәуірі мен ХҮШ-ХІХ ғасырлардың бірсыпыра ойшылдары да баса айтқан. Дегенмен, бұл мәселе XIX ғасырдың екінші жартысына дейін жүйелі зерттелмеді. Социологиялық бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері - Поль Лафарг (1842-1911), Ф.де Соссюр (1857-1913), А.Мейе (1866-1936), Ж.Вандриес (1875-1960), Э.Бенвенист (1902).
Прага лингвистикалық мектебі Прагада 1926 ж. тіл үйірмесінін негізінде кұрылып, 1950 ж. басында таркаған. Оны үйымдастырушылар В. Матезиус бастаған чех ғалымдары: Б. Трнка, Б. Гавранек, Й. Вахек, кейінірек С. Скаличка, И. М. Коржинек т. б., үйірмеге Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, С. О. Карцевский сиякты орыс ғалымдары кірген.
3.
Достарыңызбен бөлісу: |