13.03. – 18.03.2023ж. Зейінді диагностикалауға арналған әдістемелер.
Әдістеме «Іздеп тауып, белгіле» Тапсырма баланың зейінінің тұрақтылығының қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Бұл суретте әр түрлі фигуралар бейнеленген. Мен саған «баста» деп тапсырма берген кезде, айтқан затты суреттен «тоқта» деп айтқан уақытқа дейін іздеп, оны сызып отырасың. Маған келген жеріңді көрсетесің мен қайта «баста» деп айтамын, сен ойынды жалғастырасың. Мен бірнеше рет «баста», «тоқта» деп айтып отырамын, мен ойын «аяқталды» деген уақытта ойын аяқталады. Бұл ойынға бала 2,5 минут уақыт жұмсайды, әр 30 секундтан кейін ойын тоқтатылып, қайта басталады. Ойын 5 рет жалғасады.
Эксперимент жүргізуші екі затты ұсынады, ол ұсынылған затты әр түрлі екі сызықпен сызып отыру керек. (Түзуінен және көлденеңінен).
Бұл суретте баланың зейінінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Бұл тапсырмада бала 2,5 мин. аралығында орындауы тиіс және баланың қанша рет берілген фигураларды таба білгені есептеледі.
2) Әдістеменің мақсаты: зейіннің қызмет кезінде қандай деңгейде жұмыс атқаратынын анықтау. Нұсқауы: сіз 2 минут ішінде төменгі бланк квадратының бос клеткаларына өсу реті бойынша сандарды қойып шығуыңыз қажет. Бұл сандар жоғары квадрат бланкісінде 25 торшада шашыраңқы орналасқан. Бағалау дұрыс жазылған сандар көлеміне байланысты орташа норма 22 сан. Жоғарғы 25. Әдістемені топтық зерттеуде қолдану ыңғайлы.
16 37 98 29 54
80 92 46 59 35
43 21 8 40 2
65 84 99 7 77
13 67 69 34 18
3) Әдістеме «Дұрыс белгіле » Баланың зейінінің қаншалықты деңгейде екенін анықтауға арналған. Тапсырманы бастамас бұрын балаға сурет көрсетіліп тапсырма түсіндіріледі. Бұл тапсырманың ерекшелігі әр төртбұрышқа, ромб, үшбұрышқа төбесінде көрсетілген үлгідегі белгілерді қою керек. Бала бұл тапсырманы 2 мин аралығында орындау керек, жалпы көрсеткіші формула бойынша анықталады.
S — зейін қою деңгейі;
N — геометриялық фигуралар саны, 2 мин. аралығында белгілеп отырған белгілер саны;
п — тапсырманы орындау кезінде жіберілген қателер саны. Дұрыс белгіленбеген және қалып қойған, геометриялық фигуралардың сыртына шығып кеткен белгілер қате болып саналады .
Зейіннің шоғырлануына арналған әдістемелер.
Зерттеу мақсаты: Зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау.
Зерттеу мақсаты: Зейіннің шоғырлану деңгейін анықтау.
Құрал жабдықтар: Пьерон-Рузер тестінің бланкісі, қалам және секундомер.
Нұсқау: «Сізге шаршы, үш бұрыш, шеңбер және ромб бейнеленген тест ұсынылады. «Баста» - деген сигнал бойынша геометриялық фигураларға қатесіз сәйкес белгілерді қойып шық: шаршыға +, үшбұрышқа -, шеңберді ешқандай белгімен белгілемейсің және ромбқа нүкте қойып шық. Белгілер қатарымен қойылады. Жұмысты орындауға 60 секунд беріледі. «Тоқта» деген сигнал бойынша белгілеуді тоқтатыңыз»
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейін ерекшеліктері.
Мектепке келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды. Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей қызықтығымен, ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшелінетін нәрселерге аударады (ырықсыз зейін), мектеп жұмысының шарттары алғашқы күннен бастап баладан сол кезде оны қызықтырмауы да мүмкін пәндерді және мәліметтерді назардан тыс қалдырмауды талап етеді. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес қажеттілерге зейінін бағыттап,оны дәйекті ұстауды үйренеді.ΙΙ-ΙΙΙ кластарда көптеген оқушылар ырықты зейінді игереді, оны мұғалім түсіндірген немесе кітапта бар кезкелген материалдарға көздей алады. Ырықты зейін,оны қандай да бір міндетке алдын ала ойластырып бағыттай білу - бастауыш мектеп шағындағы маңызды жетістік. Ырықты зейінді қалыптастыруда баланың іс-әрекетін сырттан жақсы ұйымдастырудың, ол өз санасын басқара алатындай үлгілерді пайдалана отырып хабарлау мен сыртқы құралдарды көрсету маңызды. Мысалы, фонетикалық талдауды мақсатқа бағыттап орындауда бірінші класс оқушыларының картон белгілер сияқты дыбыстармен олардың реттілігін белгілеп отыратын сыртқы құралдарды үлкен роль атқарады. Оларды салудың дәл бірізділігі балалардың зейінін ұйымдастырады, олардың күрделі, нәзікте «ұшқыр» дыбысты материалмен жұмыс істегенде зейінін шоғырландыруға көмектеседі.
Баланың өзін-өзі ұйымдастыруы алдымен үлкендердің, әсіресе мұғалімнің жасаған және бағыттаған ұйымдастыруының нәтижесі. Зейінді дамытудың жалпы бағыты баланың мұғалім қойған мақсатқа жетуден өздері қойған міндеттің шешімін тексеруге өту болып табылады.
Бірінші класс оқушыларының ырықты зейіні олар әлі өздерін-өздері алып жүрудің ішкі құралдарын игермегендіктен тұрақты болмайды. Сондықтан тәжрибелі мұғалім оқу ісінің сабақта біріне-бірі ауыстырып отыратын және балаларды шаршатпайтын әр алуан түрлерін (түрлі тәсілдермен ауызша есептеу, есептер шығару және нәтижелерді тексеру, жазбаша есептердің жаңа тәсілдерін түсіндіру, оларды орындап жаттығу және т.б.) қолданып отырады. Ι-ΙΙ класс оқушыларының ақыл-ой әрекетінен гөрі сыртқы іс-әрекеттерді орындауда зейіні неғұрлым тұрақты. Бұл ерекшелікті ақыл-ой сабақтарын графикалық схемалар, суреттер, макеттер, аппликациялар жасаумен алмастыра отырып сабақтарда пайдалану абзал. Қарапайым бірақ біркелкі сабақтарды орындауда бастауыш класс оқушылары жұмыстың түрлі әдістері мен тәсілдерді қолдануды талап ететін неғұрлым күрделі тапсырмаларды шешу кезіндегіден көрі көбірек алаңдайды. Зейінді дамыту, сондай-ақ оның көлемін кеңейту мен және зейінді іс-әрекеттің алуан түріне бөле білумен байланысты. Сондықтан оқу тапсырмаларын былайша қойған дұрыс: бала өз тапсырмасын орындай отырып, жолдастарының жұмысын қадағалауы керек және қадағалай алатындай етіп, мысалы, берілген тексті оқи отырып,оқушы басқа оқушылардың мінез-құлқын тексеріп отыруға міндетті. Қате жіберіп алған жағдайда ол жолдастарының теріс әсерін байқап, оны өзі түзетуге тырысады. Кейбір балалар класта зейінін бөле алмайтындықтан «алаңғасар» болады: олар бір іспен айналысып отырып, басқаларын естен шығарады. Мұғалім оқу ісінің әр түрін балалар бір мезгілде бірнеше іс -әрекетті бақылауды үйренетіндей (алғашында әрине, біршама қарапайым), жалпы жанама жұмысқа даярланатындай етіп ұйымдастыру керек.