Тақырып: Жазудың қоғамдағы орны.
Жоспар:
1.Жазудың зерттелу әдістемесі
2.Жазу тәжірибесінің басқа елдермен ауысуы.
3.Жазу мәдениеті
Пиктографиялық жазу - жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу - суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы депте атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Зерттеушілер жазудың бұл түрі неолит дәуірінде пайда болған деп есептейді. Мұнда хабарлануға тиісті оқиғаға қатысты заттардың суреті салынады. Айталық, «осы жерден үш күндік қашықтықта аю жүр» дегенді хабарлау үшін аюдың суреті және үш сызық белгісі қойылған. Суретін салуға болмайтын абстракт ұғымдарды беру үшін басқа заттардың суреті қолданылған. Мысалы, бақыттылықты, олжаны-тасбақаның, махаббатты- сызықшамен қосылған екі жүректің, достықты -ұстасқан екі қолдың, соғысты садақ оғының суретімен белгіленген. Пиктографиялық жазу өте жабайы жазу болды, оның кең мазмұнды ойды жеткізуге мүмкіндігі болмады. Идеографиялық немесе логографиялық жазу. Пиктографиядан идеографияға көшу өте баяу болды. Идеографиялық жазу-жекелеген сөздерді, морфемаларды сурет арқылы немесе шартты таңбалар арқылы белгілейді. Онда әр сөздің тұрақты графикалық таңбасы, әр таңбаның жекемағынасы болады. Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталды. Лингвистикалық әдебиеттерде пиктограмманы синкретикалық жазу немесе суретті-синкретикалық жазу деп, ал идеографияны логографиялық жазу деп атау кездесіп жүр. Логограммаларды сөздерді белгілейтін таңбалар ретінде екі түрге бөліп қарауға болады. Оның бір түрі- иероглиф жазу. Ерте кезде адамдар тасқа, ағашқа, т.б. заттарға жазуды бастаған. Заман дами келе түрлі жұмсақ материалдар: папирус, қағаз, перо, қаламсап пайда болды. Өте ерте кезде адамдар тасқа сурет салу арқылы өз ойын білдірді. Идеографиялық жазудың үлгілерін өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан 4000 жыл бұрын жасалған болатын. Египет, шумер, қытай жазулары логографиялық жазу болды. Логографиялық жазу жүйесінің барлығында нақтылы мағынасы бар сөздер олардың бейнесімен берілсе, қала, су дегендер бейнелі сызба берілген. Ертедегі шумер жазуында «ағаш, тау, сабақ» деген сөздер, қытай жазуында «күн, тау, ат» деген сөздер де бейнелеу түрінде берілген. «Жыл» деген сөз пальманың бұтақтарының бейнесімен белгіленген, өйткені египеттер пальманың бұғағының саны 12 болады деп түсінген. Буын жазуы таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Мұның бірінші түріне ассировавилон, элам, урар, сына жазулары дыбысгық корей жазуы жагады. Жазудың бұл жүйелерінде таңбалар кез - келген буынды, атап айтқанда, ызыңның мынандай түрлерін белгілейтін болған: дара дауыстының өзі, А (дауысты) + С (дауыссыз), С+А, С+А+С майя жазуында сөз соңындағы дауыссыздар да белгіленген. Буын жазуының екінші түріне кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады. Жазудың бұл жүйесінде таңбалар тек дара дауыстыларды және дауыссыздардың тіркесі мен белгілі бір дауыстың қосындысын белгілейді. Қазіргі кезде иероглифпен Қытай мен Жапония елдері жазады. Қытай иероглифтері өте ерте кезде пайда болған. Қытайлықтар үшін иероглиф тек белгі емес, сонымен қатар сурет болып табылады. Олар жазуды оқи отырып, оның бейнесін көре алады. Көне Қытайда әр иероглиф жеке сөз құраған, кейін иероглифтер тұтас бір сөзді ғана емес, буынды білдіретін болған. Қазіргі қытай тілінде жеті мыңнан астам иероглиф бар. Зерттеушілер логографиялық жазудың пайда болуын құл иелену құрылысының пайда болып, ежелгі мемлекеттерді жазбаша қарым-қатынас жасау қажеттілігінің күшеюімен байланыстырады. Египет, шумер, қытай, ацтек жазулары логографиялық жазу болады. Американдық психолог Ф.Фришен ХХ ғасырдың басында жазуды үйрету 9 жасында өте қолайла десе, 20 – жылдары Ю.К.Фаусек 5 жастан көркем жазуды үйрету керек екенін тәжірибе жүзінде көрсетті. Көркем жазудың әдістемесіне басқа елдердің тәжірибесінде де орны бөлек. Мәселен, Германияда торкөз арқылы оқыту. ХIХ ғасырдың аяғында бірнеше елдерге тарап қолдану аясы кеңейді. Алайда, гигиеналық талап пен көркем жазуға кері әсерін тигізетіні дәлелденгенде алынып тасталынды. Сол сияқты Англиядағы курсивті үзіліссіз жазуды да айтуға болады. Мұндай көркем жазу әдістемесіне әсерін тигізген, оның өзгеруіне мынадай себептер болды.
1. Өзінің зерттеулер немесе басқа мұғалімдердің тәжірибиесі негізінде жасалынған қорытындылар немесе әдістемелік нұсқаулар. Бұл көркемжазуды байытуға әсерін тигізеді. Мәселен, ХХ ғасырдың басында Е.Евсеев көркем жазудың әдістемесін жасаса, Е.В.Гурьянова, Е.Н.Соколова методикалық нұсқаулар жазды.
2. Көркем жазудың тәжірибесінің басқа елдермен ауысуы.
3. Жасалған іс – тәжірибиелер арқылы әдістердің өзгеруі. Осындай іс – тәжірибиелер негізінде жазуға оқытудың алғашқы әдістерін Гурьянов енгізді. Жеке мектепте және сыныпта жүргізілген эксперимент негізінде графикалық дағдыларын үйретудің әдістемесін жасады.
Англия, Америка, Германия, Швеция т.б. елдерде жазуға үйретудің алғашқы кезінде курсивті жазу емес, құрамында көптеген элементтері бар шрифтпен жазды. Бұл жазуды монускрипт деп атады. Бірақ бұл проблемены шеше алмады. Жазудың жылдамдығы мен сапасы жақсармады. Чехословския елінде оқушыға жазу оңай болу үшін ең алдымен әріпті үлкен, кейін кіші етіп жазуды үйретті. АҚШ елінің кей мектептерінде жазудың алғашқы кезінде машинамен басып үйренді. Болгарияда жазу дағдысы оқытуға үйретуден дамып отырды. Бірінші оқытып үйренуден осы кезде элементті, қолдың қозғалысын жазуға даярлайды. Сонымен қатар, дәптердегі сызықтардың орналасу үлкен мәселе тудырған. Дәптердегі сызықтардың орналасуымен М.Ричердеон айналасты.