Зәки Ахметов



Дата31.12.2021
өлшемі3,04 Mb.
#21624
түріӨмірбаяны

Зәки Ахметов

Қазақстан-Американдық еркін университеті

Зәки Ахметұлы Ахметов (4 мамыр 1928 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұзынбұлақ ауылы - 17 желтоқсан 2002 жылы Алматы) — кеңестік-қазақстандық аса көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, профессор (1966), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1978), І дәрежелі Ш.Уәлиханов ат. премия сыйлығының (1980), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік премиясының лауреаты (1996) («Абай» энциклопедиясын жасаушылардың бірі ретінде).

Өмірбаяны

1943-1948 жылдары Алматыдағы С.Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы қазақ ұлттық университеті филология факультетінің журналистика бөлімін үздік бітірген.



Өмірбаяны

1947-50 жж. КСРО ғылым академиясының Ленинградтағы Шығыстану инстиутының аспирантурасында оқыды. Ленинград Мемлекеттік университетінде "Лермонтов және Абай" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, 1971-75 жылдары Қыздар педагогикалық инстиутында доцент, кафедра меңгерушісі, декан және Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері болды.



Өмірбаяны

1965 жылы "Қазақтың өлең құрылысы" атты диссертациясын қорғап, филололгия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін иеленді. 1975 жылы Қазақ КСР ҒА корреспондент мүшесі. 1983 жылы Қазақ КСР ҒА академигі болып сайланды. 1975-81 жылдары Қазақ КСР ҒА М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, директор болып қызмет істеді. 1976-84 жылдары Қазақ КСР ҒА Қоғамдық ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы, 1984-86 жылдары Қазақ КСР ҒА вице-президенті болды.



Өмірбаяны

1985 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1986 жылы өмірінің соңғы күндеріне дейін М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер инстиутында әдебиет теориясы және әдебиеттану методологиясы бөлімінің, сондай-ақ Абайтану және жаңа әдебиет бөлімінің менгерушісі болды. Ахметов - 10-нан астам монография, 400-ден астам мақаланың авторы. Оның жетекшілігімен 20-дан астам кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалған. 1996 жылы Халықаралық қоғамдық Айтматов академиясының академигі болып сайланды.



Еңбектері
  • «Поэзия шыңы – даналық»
  • «Өлең сөздің теориясы», А., 1973
  • «Абайдың ақындық әлемі», А., 1995
  • «Лермонтов және Абай»
  • «Казахское стихосложение»
  • «О языке казахской поэзии»
  • «Қазақ әдебиетінің қазіргі дамуы және дәстүрі», 1978
  • «Роман-эпопея Мухтара Ауэзова» және т.б.

Шығыс Қазақстан облысында ең бірінші академик деген жоғары ғылыми атақты иеленген де Зәки Ахметов еді. 1993 жылы ғалымға Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағы берілді.

Ол кісінің кішілігі, шынайы зиялы азаматқа тән сыпайылығы, қай кезде де қатар құрбыларын тәнті етіп, шәкірттерін ризашылықпен сүйсіндіруші еді. Ұстаздық тұлға қандай болуы керек деген кезде алдымен Зәки аға секілді зерделі, білімдар ұстаздың бейнесінің көз алдымызға елестеуі де табиғи.



Әдебиеттанушы ғалым тек әдебиеттің арғы-бергісін аударып, жіліктей талдап беретін сөз ұстасы ғана емес, сол сөз өнерінің жанашыры, жоқтаушысы.

Назарларыңызға рақмет

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет