Зертханалық жұмыс №4 Тақырыбы: Деректер қорының құрылымын әзірлеу, кестелер мен сұраныстарды құру



бет1/6
Дата09.11.2022
өлшемі464,05 Kb.
#48800
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6

Зертханалық жұмыс №4


Тақырыбы: Деректер қорының құрылымын әзірлеу, кестелер мен сұраныстарды құру. Дәрістік материалдардың, ғылыми баяндамалардың және т б презентацияларын жобалау және құру.

Мақсаты: Деректер қорының құрылымын әзірлеп, кестелер арасындағы байланысты құру. Әр тұрлі парамтрлі сұраныстарды құра білу. MS Power Point бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысу.


1-тапсырма: Негізгі кестелерді кұру.


Кітапханадағы екі кестеге негізделген деректер туралы мәліметтер қорын құру. Бірінші кесте кітапханадағы кітаптарды тіркеуге арналсын. Екінші кесте оқырмандарға арналған, онда кітапханадан кітап алған оқырман жайлы мәліметтер көрсетіледі. Бағдарламаны жүктеңіз.
Деректер қорын құру
Файл - Сохранить базу данных как командасы арқылы «Имя файла» жолында деректер қорын сақтайтын жерді таңдап алып, файлға «Кітапхана» атын жазып, «Сохранить» батырмасын басыңыз. Сонда 4.1-суреттегі терезесі ашылады.

4.1-сурет – Microsoft Access-тің негізгі терезесі
Конструктор режимінде кесте құру.
Microsoft Access-тің негізгі терезесі конструктор режимінде кесте, сұраныс (запрос), пішін (форма), есеп беру, парақтар құруға мүмкіндік береді.
Создание мәзірінен Конструктор таблиц таңдаңыз. Таблица1 кестесін белгілеп алып, контекстік мәзірден Сохранить командасын таңдаңыз. Кестенің атын Кітаптар деп беріңіз.
4.2-суреттегідей ұяшықтарға мәліметтерді енгізіңіз. Конструктор режимінде мәліметтер сақталатын кестенің құрылысы беріледі.



4.2-сурет – «Кітаптар» кестесінің конструктор режиміндегі құрылысы

Имя поляӨрістің аты жазылады;


Тип данных – мәліметтер типі (Текстовые, МЕМО, дата/время логический, денежный, поле OLE, гиперссылка, мастер подстановок) беріледі;
Описание - Енгізілетін мәліметтер туралы жазылады;
Размер поля – мәліметтерді көрсету үшін ерекшеленген символдар саны көрсетіледі.
Microsoft Access-тің кез-келген кестесінің ең болмағанда бір кілттік өрісі болуы керек. Ол үшін тышқанның оң жағымен «Кітаптың Коды» өрісінде ашылған контестік мәзірден «ключевое поле» таңдаңыз және кестені сақтаңыз.
Создание - Конструктор таблиц командасын орындау арқылы конструктор режимінде «Оқырмандар» атымен тағы да бір кесте құрыңыз.



4.3-кесте - «Оқырмандар» кестесінің параметрі


Создать ключевое поле сейчас? Сұранысына Нет деп жауап беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет