Қ ұ р ы л т а й ш ы : Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#6453
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25

ҰМСЫН СҰЛУ ТУРАЛЫ
Орта Жүздің Ашамайлы керей елінің Самай руынан шыққан Ұмсын сұлу Жүсіпқызы Жансақа-
лованың Ашамайлы Керейдің Көшебе руының Торқа деген елінде болған жастардың тойында «Хан 
жақсы» ойыны үстінде өзінің сүйген жігіті - Ашамайлы Керейдің Көшебе руының Таузар бұтағынан 
шыққан Тоқтабайдың Нүркесі деген әнші, ақын, музыкант, палуан жігітке айтқаны: 
Құстың бәрі қыран боп ілмейді аң, 
Сөзімді тыңдасын шын бір абзал жан. 
Сөзбенен сусын беріп тояттатам, 
Тұғырын тауып қонса, болып қыран. 
Ежелден әйел ерге, ер әйелге
Қосылған теңін тауып сүйгеніне. 
Қазақтың кей әдеті құрысын-ақ, 
Өмірден, өлім жақын болды неге. 
Атап айтсақ, қазақтың кей қазына, 
Қыз Жібек, Баян сұлу, Ақбөпеге. 
Бұл сөзді айып етпе, Нүрке аға, 
Түсінер деп айтамын сізге ғана, 
Жақсының ар-ұятына арым ортақ
Сұрасаң, Ұмсын сұлу затым - ана. 
Ұмсын сұлуға қырындап, сырттай ғашық болып, Шоға Уақтың Қашағанның Мұқаны (қазанның 
түп күйесіндей қара өңді, дөң жауырынды, жуанның денелі орта бойлы, есер, нақұрыс кісі еді. Бертінде 
қайтыс болды), Сарыахметтің Жұманы (орыс кескінді, шикі сары, сарғыш шашты шегір-көзді, мұрны 
қолағаштай, дорбасақал, жалпақ денелі, ортадан жоғары  бойы бар, есер, дөрекі, жеңілтек, әрі арамы 
кісі еді, бертінде қайтыс болды, ақ сабаздың қанын мойнына жүктелген кісі) деген екі жігіт ғашық 
болады. Бұл екеуі де 15 жасынан бастап, ұрлыққа араласқан кісілер. Екеуі де 1881 жылы туған, жылы 
- жылан. Ұмсын сұлудан жастары кіші. Бірақ есейген қызға ғашық болған. Жансақалдың Жүсібімен 
замандас - Ескене-Қасаболат керейден шыққан Байеке Айдаболұлы (1840-1918) деген ақын Жансақал-
дыкінде қонақ боп жатады. Байеке, Нүрке мен Ұмсынның көңілдес екенін біледі. Себебі, Нұрке Ескене 
Қасаболат кереймен құдандалы, ол елде жиі болады. Бірақ бұл кезде Нүрке, Жама, Бағдат, Шоқпыт, 
Оразақ-бәрі қашқын еді. Бұлар қазақтың бойына да, кедейіне де тимейтін, орыс шаруалары мен орыс 
кедейлеріне де тимейтін. Бұл бесеуі Керейдің еркесі еді. Бұлар урядникке, стражникке, приставқа, по-
144

лицейге, казачьи станицаның атаманына, графтарға, купецтерге, поптарға өш болды. 
Байекеге келіп, Жансақал ауылымен көршілес отырған басқа керей ауылдарының жігіттері. Жұман 
мен Мұқанға арнап, өлең шығарып беруді өтінді. Байеке төмендегідей өлеңдер шығарды: 
Мекені - Ұмсын қыздың Марьевка қала, 
Бос жүрме Мұқан, Жұман - екі бала. 
Азғанбай сәйгел тиген жүргендеріңде, 
Орындарыңды басып кетті Нүрке бала. 
Аққу құс қыранменен болған жолдас
Көлдерге шалғыны жоқ құстар қонбас. 
Қырындап аққу құсқа сырттан ұшқан, 
Тәңірге қос қасқалдақтай жазған болмас. 
Қос қасқалдақ - Мұқан мен Жұман! 
Қыран - Нүрке, аққу құс - Ұмсын сұлу. 
Секілді сәйгел тиген асау азбан, 
Босқа жүр Жұман менен Мұқан жазған, 
Ұмсынның сүйген жары болсадағы, 
Байғұстар үміт еткен сұлу наздан!» - дейді Байеке.
Байеке Айдаболов өзінің досы, үзеңгілес жолдасы Қарауыл Ақан сері Қорамсаұлын ертіп, Жан-
сақал аулынан Есілдің күнгей бетін мекендейтін Ашамайлы Керейдің Балта руының Нашан еліне қо-
наққа барды. Нашан Балтаның қонысы «Қарағайлы» атанады. Өйткені, көлденең Есіл бойында Нашан 
Балта отырған қоныстан басқа жерде қарағай жоқ. Нашан Балта бұл қонысқа 1822 жылы Омбы айнала-
сынан көшіп келіп, май айында қоныстанған. 1822 жылдың көктемінде ол жерден Көшебе руының Бе-
гімбет, Қожагелді, Шақантай, Шақабай, Шақаман деген рулары үдере көшіп, Алтай-Шәуешекке өткен. 
Ал, Нашан Балтаның қонысы тарылған соң, амалсыздан Омбы төңірегінен көшкен. Нашан Балтадан 
сол кезде Байеке имам Бабасұлы деген ақын (1835-1917 жж.) шыққан. Байеке имам орысша-мұсылман-
ша сауатты, оқыған, ақылды, беделді, өткір кісі еді. Ол кісі заң қызметкері болатын. Байеке Айдаболов 
ақын мен Ақансері Қорамсаұлы Нашан Балта елінде Байеке имамның үйіне келді. Байеке имамды бұл 
екеуі де және Үкілі Ыбырай ақын, Қылыш ақын, Мұстафа ақын, Уақ Құлыкештің Мұқаны, Балуан 
Шолақ бәрі ұстаз тұтып, өнегелі сөздерін тыңдап, қадірлеуші еді. Қылыш ақын Көшебеден, Мұстафа 
Нұралыдан шыққан. Бұл ақындар бір-бірімен сөз таластырмаған, айтыспаған, кездескен жерге шұрқы-
раса кетіп, амандасып, бір-бірін сыйлап, бірін-бірі қолдайтын. Балуан Шолаққа, Шағалақ керей Шын-
темірдің Тұрғынына, Үкілі Ыбырайға еріп, он жеті жасынан бастап салдық-серілік құра бастаған Нүрке
күреске түсіп, ауызға іліге бастаған еді. Осы Нүрке қасына Жама қарақшыны ертіп, Байеке имамның 
ауылына  келіп,  қонақ  болады.  Жама  да  өлең  шығаратын  кісі.  Бұл  ауылда  Байекеге  келіп,  сәлем  бе-
реді. Байеке имамның үйінде Ақан серімен, Байеке Айдаболовпен әңгімелеседі. Сөз үстінде Ақан сері 
Нүркеге: «Нүрке шырағым, үміт күткен жас едің, шын жігіт болсаң, Жансақалдың Жүсібінің қызын 
ал! Қиын болса, Жүсіппен мен сөйлесейін. Байеке екеуіміздің досымыз!», - депті. Ақан серіні қостап, 
Байеке ақын да: «Нүрке балам, қыздың атастырған жері жоқ. Сенің теңің! Осы қызды алмасаң, саған 
ренжимін!», - деді. Байеке Бабасұлы отырып: «Жансақалдың қыз баласы – көргенді, әдемі, әдепті, өрім-
дей, Есілдің құба толындай сымбатты, ақылды бала! Оны алсаң, қор болмайсың. «Ер жігіттің зайыбы 
атжалмандай шұлғысын!» - деген. Ерге жолдас болатын бала!» - деді. Бұлардың сөзін естіп, делебесі 
қозып отырған Жама қарақшы: «Жақсы әкелер, дұрыс айтасыздар! Қызылжар - Қорған - Омбы – Түмен 
(Тюмень) - Көкшетау өңірінде Нүркеге лайықты қыз - Ұмсын! Алла бұйыртса, бас қосшы өзім болатын 
шығармын! Бас құда сіздер, Тәтең (Тәштит), Күзембай мырза, Омар, Оспан, Сейіт, Сандыбай, Нұрпейіс 
ақсақал -  бәріңіз боларсыз!» - деп, айтып салды. Бұлар қымыз-шұбат ішіп отырғанда, қасында ат қо-
сышысы бар Уақ Құлыкештің Мұқаны деген ақын, әнші, музыкант сәлем беріп, кіріп келіп қолдасып, 
отырғандармен амандасты! Екі жағы да ел-жұрттың, үй ішінің амандық-саулығын сұрасты. Келген қо-
нақтар да қымыз-шұбат ішті. Онан кейін шайға отырысты. Шай үстінде Ақан сері жақсы көретін досы-
ның бірі - Құлыкештің Мұқанына қарап: «Мұқан аға, біраз жұмбақ айтайын, соларды шеш, сонан соң 
сол жұмбақтарды кім шығарғанын айтыңыз?», -деді. Мұқан: «Мақұл, айтайын», - деді. 
Бірінші жұмбақ: 
Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ, 
145

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ. 
Қажеті үй ішінен табылған соң, 
Алысқа барып-келер сапары жоқ! 
Екінші жұмбақ: 
Ізі бар, адымы жоқ аяғының, 
Ұшы жерге тимейді таяғының 
Жануарға екі қолын арта салып, 
Әніне басушы еді баяғының. 
Үшінші жұмбақ: 
Бір нәрсе жердің бетін шыр айналған,
Бимағлұм біз білмейміз қайда барған. 
Арасын жер мен көктің сайран етіп, 
Белгілі бір мекенде тұра алмаған. 
Төртінші жұмбақ: 
Ақ шатыр, ақ шатырдың ішінде қызыл көзді шал жатыр. 
Бесінші жұмбақ: 
Дарияның ортасында қоңыр үйрек, 
құйрығы шығып жатыр жағасында. 
Алтыншы жұмбақ: 
Ана ауылдың бурасы, 
Мына ауылдың бурасы, 
Желкілдейді шудасы. 
Жетінші жұмбақ: 
Бір жанды қуаты бар ұшпас биік, 
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп. 
Арасын жер мен көктің өрт шалса да, 
Кетпейді ешбір жері отқа күйіп. 
Айтып болдым, енді шеш, иесін тап!», - деді Ақан Сері. Құлыкештің Мұқаны: «Біріншісінің ше-
шуі: мысық, екіншісінің шешуі: қазақ арба, үшіншісінің шешуі: бұлт, бесіншісінің шешуі: қазандағы 
ожау-шөміш. Алтыншысының шешуі: мұржадан шыққан түтін, төртіншісі мен жетіншінің шешуі: шам 
мен балық!», - деді. «Мұны дұрыс таптың!», - деді Ақан сері: «Тоқта! Тағы екі жұмбақ айтамын, сол 
екеуін шеш те, бәрін шығарған кісіні айт!», - деді. 
Сегізінші жұмбақ: 
Ай далада ақ сандық
Аузы-мұрны жоқ сандық. 
Тоғызыншы жұмбақ: 
Ай далада ақ отау, 
Аузы мұрны жоқ отау. 
Оныншы жұмбақ: 
Ұзын-ұзын ұз келер, 
Ұзын бойлы қыз келер, 
Көлеңкесі күмістей, 
Күліп тұрған қыз келер! 
Сонда Мұқан «Екі жұмбақ айтам», - деп үш жұмбақ айттың, жарайды шешейін. Сегізінші мен 
тоғызыншысы: жұмыртқа. Ал, Нүрке қарағым, осы отырған жұрттың бәрі сенің қамыңды көп жейтін 
көрінеді. Жас талапкерсің ғой, оныншы жұмбақтың шешуін айтшы? Сонан соң жұмбақты кім шығарға-
нын мен айтайын!», - депті Құлыкештің Мұқаны. Нүрке: «Оныншысының шешуі: аспалы шам!» - депті. 
Сонда Жама қарақшы: «Аспалы шамды суреттейтін жұмбақ Ұмсынды бейнелеуге лайықты екен!»-деп, 
елді күлдіріпті: 
«Бұл он жұмбақты шығарған кешегі Көшебе керейден шыққан әкеміз-марқұм Сегіз сері ардагер!» - 
депті. Сол кезде үйдегілер сегіз серіні еске алып, ауыр күрсініпті. Ақан сері отырып: «Жұмбақты дұрыс 
шештің, шығарған кісіні де дұрыс таптың! Нүрке де дұрыс шешті. Екеуіңе де рахмет!» - депті де: «Нүр-
ке, шырағым, осы атаң - Cегіз серінің шығарған әндерін білесің бе?», - дейді. Нүрке: «Сегіз сері сіздер-
ге әке болса, маған ата екені рас. Менімен рулас. Әндерін білемін!», - депті. Ақан сері: «Аттарын ата?» 
146

- депті. Нүрке: «Гауһар тас», «Жылы ой», «Қарғаш», «Ғайни қыз», «Әйкен-ай» бесеуі де сегіз серінікі!» 
- депті. Сонда Ақан сері: «Дұрыс! Шіркін! Мұстафаның ерлігі, шешендігі, батырлығы мен өткірлігі 
Сегіз серінің өзіне тартқан! Ал, Мұсайынның палуандығы мен ақындығы, қолөнері Сегіз серіге тартып 
еді. Не керек! Мұстафа барымташы боп кетті. Қарт анасын тастап, Мұсайын ешқайда кете алмады, ерте 
үйленді, шаруа басты болды. Палуандықты, ақындықты, салдықты, серілікті тым жас кезінде тастап, 
бәрін де қойып кетті. Әйтпесе, нағыз ақын, нағыз палуан сол Мұсайын еді. Қобызды елде біреу жақсы 
тартса, сол - Мұсайын!», - деді. Ақан серінің бұл сөзін отырған жұрт тегіс қостады. Ақан сері: «Нүрке, 
шырағым, Сегіз серінің әндерін домбырамен орындашы?» - деді. Нүрке: «Гауһар тас», «Жылы ой», 
«Қарғаш» үшеуін Жама ағаң орындасын. Мен «Ғайни қыз» бен «Әйкен-ай» әндерін орындайын!», - 
деді. Семіз жабағының еті піскенше, делебесі қозып отырған Жама қарақшы «Гауһар тасты», «Жылы 
ойды», «Қарғашты» ырғағына келтіре домбырамен орындады, шаттық сезімге бөленген Нүрке «Ғайни 
қыз», «Әйкен-ай» әндерін орындады. Екеуі де, отырған кемішіліктің алғысына бөленді. Ас келді. Табақ 
тартылды. Семіз жабағы мен семіз бағыланның етін жеп, бәрі де сорпа ішіп, қолдарын жуып жайласты. 
Тағы да қымыз-шұбат ішті. Қымыз ішіп отырғанда, бастығы Нүрке мен Жама болып, ауыл жастары: 
«Жүйріктің шабысы қалса да, қырыны қалмайды» деген, Ақан аға, сізден бір дастанды әнге сап, дом-
бырамен орындап, бір ән орындап беруіңізді өтінеміз!», - деді. Сонда Ақан сері Нүркенің домбырасын 
алып, тартып, Бағаналы Найман Жанқиса деген қарт жыраудың: 
Сөйлесең, сөз шығады лебізбенен, 
Телегей тең болмайды теңізбенен. 
Қыста Арқа, жазда Сырдың бойын жайлап
Өтіпті Керей жігіт Сегіз деген. 
Қыс айы қандай қатты ақпан деген, 
Қаңтарда түлкі аулайды қақпанменен, 
Сол, Сегіз Мәжнүндей ғашық бопты, 
Найманның қызын көріп Мақпал деген. 
Мақпалдың Сегізбенен жылы-барыс, 
Арасы аулының өте алыс. 
Омбыдан іздеп келіп, Сегіз сері
Мақпалмен Сыр бойында болған таныс. 
Қызылжар - Ер Сегіздің туған жері,
Сұрасаң, Көшебе керей оның елі.
Мейман боп біздің елге келе қалды, 
Қасында жолдасы бар Нияз сері», 
- деп, дастанның бір нұсқасын нақышына келтіре әнмен орындап берді. Сонан осң аздап дем алып, 
Мадияр Керей Нияз серінің өзі туралы шығарған «Нияз әнін» орындады. «Нияз әнін» Ақан сері сүйіп 
орындайтын. Ақан өзі де Мадияр керей Нияз серіге еліктеп, көп өлеңдер мен әндер шығарған. Отырған 
жұрт серіге алғыс айтты. Мұнан кейін Жама қарақшының өзі өтініп, кейін көпшілік өтінішін мақұлдап 
«Есіл тасып барады» әнін орындады. Бұлар шай ішіп, дем алып жатты, ауыл адамдары тарады. Жақсы 
ұйықтап, дем алды. Жайымен тұрып, беті-қолдарын жуып, киінді. Жама Нүрке бастаған бір топ ауыл 
жігіттері таңертеңгі салқынмен Есіл өзенін бойлай жүріп, қаршыға салып, құс аулап әкелді. Ел шайға 
отырды, ауыл адамдары жиналды. Шай үстінде Ақан серіге: «Осы күні қазақта жақсы кім?», - деді 
Құлыкештің Мұқаны. Ақан сері: «Қазақта қазіргі тірі адамның жақсылары: Тәтең (Тәштит), Жамақ, 
Байдалы, Күзембай, Шынтемір!», - деді. Отырған жұрт: «Дұрыс!» - деп қостады. Құлыкештің Мұқа-
ны:  «Атығай  Зілғара  балалары,  Шопан  балалары,  Жалғыз  батырдың  Бекқожасы,  Жаулыбай,  Шоқат, 
Сасықтың Тоқсанбайы, Қарауылда Кемел балалары, Шайгөз Уақта Торсан мен Машат, Бике Керейде 
Бейсенбі, Самай Керейде Нұрғожа, Шыңғыстың Қозыкесі, Қоқышы, Махметі жақсыға қосылмай ма?», 
- депті.  Сонда Ақан сері: «Ту, Мұқан аға, осы атаған адамдарыңыздың кісілігі малында тұр! Өз бой-
ларында адамшылық қасиет жоқ! Сол айтқан кісілеріміз Мәтен, Байдалы, Ақпан, Өртеміш, Күзембай 
мырза, Шынтемір, Жамақ, Иса, Төлеміс, Байжан, Жұрнаш, Құнияз сияқты Керей атаңның жақсылары-
ның арқасында кісі боп жүрген месқарындар. Сасықтың Тоқсайбайын Тәтең болыс қойған. Зілғараның 
Әлібегі мен Тұрлыбегін Тәтең мен Байдалы айдаудан қайтарып алды. Ал, Торсанның көзі ашылғалы 
екі жыл болды. Құнияз өз көзінің тірісінде Торсанды кісі деп есептеген жоқ! Ал, нағашысына бала боп, 
Уақ керей боп кетті демесең, ол да Ашамайлы керейден шыққан қазақтың жақсысы – Қозыбай шешен. 
147

Бұл мақтауға тұрарлық кісі. Тағы бір жақсы - Алдай Керейден шыққан Арықбай шешен!», - деді. Бұл 
сөзіне серінің ешкім қарсы болмады. Құлыкештің Мұқаны разы боп, алғыс айтты. Жама қарақшы оты-
рып: «Керей-Уақ деп, неге айтады? Уақтың өзі - біздің Керейдің бір атасы!» - деді. Сонда Ақан сері: 
«Керейдің Уақ, Ғали (Ашамайлы), Жәнібек, Ақылбай деген төрт ұрпағынан төрт үлкен рулы ел тарап 
кеткен. Жәнібек Керей елі маңғұлдан (моңғол – З.Т.) шыққан жалмауыз Шыңғыс ханның кезінде Оты-
рарға жасаған шабуылда ауыр шайқастар жүргізіп, соғыста қырылып қалған. Содан Тайбұға деген бір 
батыр тірі қалып, он алты атаға дейін Тайбұғадан бастап, оның ұрпағы жалғыз-жалғыздан боп келіп, 
Күшік деген батыр да жалғыз болады. Күшіктің ұлы - Құлболды да жалғыз болады. Құлболды өліп, 
Құлболдының әйелі - Жұқаны Арғын Қара софы алады, сонда Құлболдыдан қалған Атығай, Қарауыл 
деген екі бала шешесі  Жұқаға еріп кетті. Қарасопыға бала болады. Сөйтіп, Арғын боп кетеді, кейін 
жеті момын Арғынның құрамына кіреді. Қарасопыда жалпы бала болмаған. Біздің Атығай - Қарауыл-
дың арғы-тегі - Керей! Ана Кіші жүздің Жеті руына жататын Керей елі де осы біздің Керейден шыққан. 
Сол Шыңғыс ханның тұсында шабуыл кезінде бөлініп, Кіші жүздің құрамына кірген. Керей-Уақ дей-
тін себебі былай! Ашамайлы - Ғали деген атамыздың атымен аталмай, онан тараған көп ұрпақ түпкі 
атамыз Керей атымен аталған. Уақ - ру атына ие болған. Ал, Ақылбайдан он екі ата, Тоғыз, Жанат, 
Абақ Керей тарайды. Абақ - Ақылбайдың бәйбішесі. Жәнібек Керейдің ұрпағы - біздің Атығай - Қа-
рауыл! - деп жауап берді. Нүрке отырып: «Өтей-Дауыш Уақ біздің Ашамайлы Керейге өкпелі, соның 
ішінде Байдалы, Тәштит, Жамақ, Күзембайды, Тіленбиді, Ақпан мен Боқаңды, Күшібайды, Құниязды, 
Баржақсыны, Жоланды, Исаны, Төлемісті, Қозыбай мен Арықбайды жек көреді. «Өз күшігін жеген 
қасқыр! Қожықты Шортан, Араб, Кескентерек деген үш батырымен, жиырма төрт ұлымен, екі жүз елу 
бес сарбазымен айдатты, бала-шағасын, әйелдерін қаңғыртып жіберді, келіндерін бытыратып жіберді, 
«Өтей-Дауышты Есіл бойынан көшірді!», - депті. Сонда Ақан сері: «Ашамайлы ешбір елге қиянат жа-
саған жоқ! Өтей-Дауыштың айтқаны артық әңгіме! Аты аталған Ашамайлы Керейдің адамдарының 
бәрі де жақсы кісілер! Қожық өз басын өзі жұтты. Ол кісілер көпке дейін, Қожықты қорғады. Қожық, 
оны түсінбеді. Ақыры Уақ руларын шаба бастады. «Қой!» - дегенді тыңдамады. Сонан соң айдатты. 
Өтей-Дауышты қуған жоқ, тіпті Қожықтың Қоқан, Қоқи, Қоқай, Қоқыш деген ағаларына да, оның бала-
ларына да, ол ауылдарға да тиген. Ол кісілер кім жазықты, кім жазықсыз екенін өздері түсінеді. Біздің 
Қарауыл  Мырзабектің,  Баубегін  Арғын-Қыпшақтар  айдатты.  Баубек  пен  Қожықтың,  Кенесарының 
бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Баубек те  өз басын өзі жұтты! Оны осылай түсіну керек! Қожықтың 
немересі Исайға ел кешірім жасады!», - деді. Жама қарақшы: «Жақсы әкелер. Осы Қанжығалы - Күрле-
уіт: «Қожықты біз айдаттық. Кенесарының қарындасы Кенжебикеден туған Қожықтың үшінші сотқар 
баласы Қожақай Қанжығалы Меңдікеңнің Шәңкісін, Айдапсалдың Асаубайын, Күрлеуіт Артықбай мен 
Елтіңді боқтады. Сол үшін айдаттық!» деп мақтанады!», - деді. Имам Байеке: «Бұған да жауапты Ақан 
інім берсін!» - деді. Сонда Ақан сері отырып: «Қанжығалы - Күрлеуіттікі оттаған сөз! Олар айдатпақ 
түгіл, Қожықтың маңына келе алмайды. Қанжығалы - Күрлеуіт шетінен ұры, кезеп, қарақшы. Олардың 
Қожыққа күлетін реті жоқ! Өздері де Қожық пен Баубектің ол жақ, бұл жағы! Қанжығалы - Күрлеуіттің 
бар өнері - ел жайлаудан көшерде, Керей -Уақ -Атығай -Қарауылдың  малын ұрлап алу!», - деді. Нүрке 
отырып: «Ақан аға, Ашамайлы Керейдің жақсыларының өзіңізге тигізген пайдасы болды ма?», - деп, 
сұрақ қойды Ақан серіге. Ақан сері: «Неге болмасын! Болғанда қандай! Маған Ашамайлы Керей атаң 
баласы үлкен жақсылық жасады. Барлық жақсылықтардан да ат мініп, шапан, ішік кидім. Бірақ, өзім 
үлкен ағаттық жасадым. Ақсары Керейде Жүкен деген жақсы кісі бар. Қазір қарт адам. Сол Жүкенді 
Жардың Ыбырайы, Паң Нұрмағамбет, Аққошқар, Сайдалы балалары жала жауып айдатпақ болды. Бай-
далы, Тәтең, Күзембай мырза, Жамақ, Нөгербек, Тұрлыбекұлы, Иса, Төлеміс бәрі ара түсіп, Омбының 
ұлықтарымен сөйлесіп, Жүкенді ақтап жіберді. Сөзі іске аспаған соң, Паң Нұрмағамбет өзінің Күрса-
рысынан басқа Керей біткенмен, Уақпен өш болды. Әкесінің асына оларды шақырмады. «Керей-Уаққа 
жақтас елі деп, біздің Атығай-Қарауылды да асқа шақырмады. Бірақ, Керей-Уақ-Атығай-Қарауылды 
Кіші жүз Он екі ата Байұлының Сары Алаша руының Сатыбалды деген батырының асына шақырды. 
Күзембай мырза маған арнаулы адам жіберіп: «Ақан інім, маған ер, Құлагерді Кіші жүзде болатын аста 
бәйгіге қосайық! Палуандарым, мергенім, көкпаршым, ат ойынына шебер жігіттерім дайын», - депті. 
Бұрын Күзембай мырзаға көп ердім, үнемі жолым болып жүрді. Неге екені белгісіз, әлі күнге аң-таң қа-
ламын. Кіші жүздің асына барғым келмеді. Алыссындым. Жақын жердегі Сағынайдың асына бардым. 
Бірақ, ас Керей жерінде болмады. Қанжығалы-Күрлеуіт жерінде, яғни Ерейментауда болды. Танитын 
кісім жоқ. Жалғыз ғана ел жақтан Сибан Керейдің Тоқпанбет руынан орта жастағы палуан – Қисықты 
көріп, шұрқырасып, амандасып, қуанып қалдым. Қисық ағайдың күресті қойған кезі болатын. Қисық 
148

ағайдың ылғи бәйгеде бірдің соңынан келетін Көк шолақ аты бар еді. Бірақ, Көкшолақ о кезде кәрі еді, 
оның үстіне жолдан қажып келген еді. Қисық ағайдың қасында жеті жас жігіт бар екен. Ташкентке 
барып, сауда жасап келе жатыр екен! Қисық аға «Ақанжан, астың түрі жаман екен. Бәйгесі де, асы да 
бар болсын! Елге қайтайық!» - деді. Мен: «Өмірде қорқып көрмеген палуан аға, неге қорықтыңыз? 
Әлде шаршадыңыз ба? Асқа кез келдіңіз! Көк шолақты бәйгі болатын күнге дейін жаратып, бәйгеге 
қосыңыз?! Мені жалғыз тастап кетпеңіз?!», - дедім. Менің көңілімді қимай, Қисық аға тоқтап қалды. 
Кәрі көк шолақты екеуіміз бәйге болатын күнге дейін жараттық. Құлагермен екеуін бәйгіге қостық! Па-
луандар күрескенде, Қисық аға зорға шыдап отырды. Қисық ағай күреске де түсетін еді. Сырқаттанып 
жүргендіктен күреске түспеді. Құлагер қаза болды. Ат пен баланы тауып алуда Қисық ағамен оның жі-
гіттері ерекше үлкен көмек жасады. Кімнің аты келіп, кімнің аты қалғанын білмеймін. Тек қарақшыға 
Көк ат, оған құйрық тістесе, көктің сыңары - Қайқы күрең ат, онан Күрең қасқа ат, онан кейін бурыл ат, 
онан кейін Қисық ағаның Көк шолағы келді. Қалған аттар көрінбеді. Ел аттарының алдынан шықты. 
Құлагер жоқ. Сенделіп зорға тұрдым. Көк шолақтың басына мінген Күрсары Керейдің баласы: «Құла-
гер барлық аттан озып, қара үзіп кеткен. Сонан соң көрмедім. Осы бес ат біріміздің артымыздан біріміз 
қалмай келдік. Көк тұйғын, Қайқы күрең бізден Талды өзектен шыққаннан кейін озды. Батыраш, Қо-
тыраш  деген  ұрылардың  аты  деп  естідім.  Менің  алдымда  Айтпақтың  Төлебайының  Күрең  қасқасы 
мен Шорманның Оқасының Бурылы келді. Арамыз есік пен төрдей ғана жер! Ал, Талдыөзекке жақын-
дағанда, қалың талдың арасынан киімдері қара екі көк атты шығып, оңтүстікке бет алып, шауып кет-
ті!» - деді. Не болғанымды білмеймін. Қалшиып тұрып қалыппын. Қисық аға жан ұшырып, Құлагерді 
іздеп жүр! Маған қайрат беріп, мені және өзінің төрт жігітін ертіп, Құлегерді іздеп щықты. Көк шолақ 
пен нәрселердің, киімдердің қасында үш жігіт қалды. Талдыөзектің ағашын қағып жүріп, аттың басын 
құшақтап отырып, жылаған Бөрібай деген жетімек баламды зорға таптық. Бөрібайдың айтуынша, бір 
көк атты шекеден айбалтамен қағып қалған, екінші көк атты тура жалдың үстінен шоқпармен ұрған, 
ат омақата жығылған. Сол арада жылап еңіреп жүріп, аттың басын кесіп алып, жуып, қоржынға салып 
алып келдім. Аттың денесі қылтада қалды. Неге Қисық аға Батыраш пен Қотырашты іздеді. Қуандық 
- Арғынның Алтай-Қарпық руының Мұрат тобынан шыққан Бегайдардың екі сұмырайы аттарын же-
тектеп, жігіттерін ертіп, тайып тұрыпты. Таба алмадық. Күрсары Керейдің жігіттері: «Асымызды бүл-
дірді, сүйекке таңба салды, қолға түссе, аямаймыз, табан аузында тепкілеп өлтіреміз!», - деп, кіжініп, 
бізбен бірге іздесті. «Олар бәйгесін алмастан қашып кетті, келсе де, оларға бәйге берілмейді!» - деді 
Паң Нұрмағамбет жиын топтың ортасында ызғарланып! Ызақор, отты, алып денелі, биік бойлы Қисық 
аға: «Оол заманда бұл заман атты өлтірген не деген сұмдық, не деген залымдық, не деген топастық, не 
деген надандық, не деген азғындық? Бәріміздің атамыз - Орта жүз, түбіміз бір еді. Мына Қуандықтың 
иттері жаттан бетер қастық етті. Бәлем! Олар да Омбының, Қызылжардың, Болатынайдың базарына бір 
келер! Келсе, аттың құйрығына сүйретіп өлтіреміз! Бас бәйге мен бесінші аттың бәйгесі біздікі! Қазір 
бәйгемізді беріңдер, тез елге кетеміз! Біз де Төрт момын деген елміз, біздің де белді адамымыз, біздің 
де сайдың тасындай атпал өз азаматтарымыз бар. Қуандықпен теңдесе аламыз!», - деді. Қисық ағаның 
бұл сөзін ешкім теріс демеді. Ешкім үн қатпады. Жалғыз-ақ Паң Нұрмағамбет ас басқарушыны шақы-
рып алып: «Мына палуан мен серінің бәйгесін беріп, қонақасы салыңдар!», - деп, бұйырды. Қисық аға: 
«Әлеумет кім айыпты екенін көрдіңдер! Қуандықтан Құлагер үшін ердің құнын әперіңдер!», - деді. 
Ешбір пенде үн қатпады. Сол күні қондық. Бізге арнаулы қонақасы берді. Бірақ ешқайсысымыз дұрыс 
тамақ жей алмадық. Бәйгені алып, таңертең елге аттандық. Бір топ жігіт бізді шығарып салу үшін біз-
ге ерді. Мен зарлы үнмен «Құлагер» әнін шығардым! Қасымдағы кісілер бастығы Қисық аға болып, 
көздеріне жас алып, бәрі қамықты. Шығарып салушы жігіттер кейін қайтты. Қисық аға жол бойы мені 
жұбатты. Мен палуанға шын сырымды айтып жыладым. Бірнеше күн жол жүріп, елге келдік. Қисық 
аға ат бәйгесін берді, өзі менің көңілімді аулап, біздің үйде үш күн қонды. Құлагердің басын осы көл-
дің жағасына жерледім. Қисық ағаны ауылына шығарып салдым. Ол кісі қош айтысып, жүріп кетті, 
ауылына қонаққа шақырып кетті. Жарты ай ауылда болдым да, Бес болыс Керей мен бес болыс Уақтың 
жақсыларына мұңымды шағу үшін, жездем - Ералыны, Құлмахан палуанды ертіп, ең бірінші Күзембай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет