Қ ұ р ы л т а й ш ы : Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#6453
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
айдалып, содан оралмаған. Өз тұсында Шекті руының көсемі болған, көтеріліс басшысы - қолбасшы 
батыр, түйе палуан) шығып, атан түйені көтеріп, 50 саржан жерге апарып, екінші бәйге алды. Бекен 
Серкебаев асқа кешігіп келді де, Ақбоз атын бәйгеге қоса алмай, палуан күресіне де қатыса алмай қал-
ды. Соған ыза болып, өз бармағын өзі тістеп, өзіне-өзі кейіп, көкпарға да, күміс алуға да, теңге атуға да 
зауқы соқпай қойды. Қуаныш, Сазанбай - екі батыр, ағайынды қоңырқаз шығып, екеуі екі нар түйені 
көтеріп, 100 саржан жерге апарып, бас бәйгеге ие болды. Бұлардың бәйгесін Есеней алды. Нияз, Бар-
жақсы, Жолан, Боқан, Жангөз бесеуі шығып, бес атан түйені бесеуі көтеріп, 50 саржан жерге апарып, 
екінші бәйгеге ие болды. Бұл бесеуінің бәйгесін де Есеней алды. Ақпан (Таз керей), Шәрке сал (Бике 
керей), Арықбай, Жиентай, Медебай - бесеуі шығып, бесеуі бес бесті атты көтеріп, 60 саржан жерге 
апарды, үшінші бәйгеге ие болды, бұл бесеуінің бәйгесін де Есеней алды. Қожық шығып, бір бесті торы 
ала атты көтеріп, 50 саржан жерге апарып, үшінші бәйгеге ие болды. Қожықтың ат көтергенін Есеней 
мен оның адамдары жек көрді. Қожық көкпардан да, күміс. Жүзік алудан да екінші орын алған, екінші 
бәйгеге ие болған! Бекет батыр: «Уа, мырза, ассалаумағалейкум! Бәйгелеріңіз құтты болсын!», - деді. 
Есенейге еркелеп. Бекеттің әкесі Серкебай палуан Есенеймен құрдас еді. Серкебай түйе палуан болған-
мен, батыр емес, момын кісі еді. Бекет ұлы әкесі - Көтібарға тартып, батыр болды. Есеней: «Айтсын! 
Уағалайкумиссалам, Бекет ұлым, саламатпысың, әке-шешең, ел-жұртың аман ба? Көрінбеп едің, кеш 
келдің-ау деймін! - деді: «Иә, әке, кешігіп келіп, ат бәйгесі мен палуан бәйгесінен құр қалып отырмын!» 
- деді Бекет батыр.
Жұрт жайланып отырып, тамақ ішті. Әңгімеге кірісті, ақындар айтысы басталды. Есеней тобынан 
Матақай керей Көрпе ақын, Таузар керей Жанақ ақын, Атығай Тоғыжан ақын, Шәрке Сал, Нияз сері, 
Қарауыл  Орынбай  ақын,  Атығай  Арыстанбай  ақын,  Қарауыл  Шауыпкел  ақын,  Біржан  сал  -  тоғызы 
басқа елдердің тоғыз ақынымен айтысып, жеңіп, ақындар бәйгесіне ие болды. Бұл бәйгелерді де Есеней 
алды. Орынбай ақын 1842 жылы жазда Шыңғыспен араздасып, одан бөлініп, Жолан жағына шығып, се-
гіз жылдан бері Көшебе керейден шыққан Аманқарағай дуанының аға сұлтаны - Итемір Барлыбаевтың 
қамқорында болған. Қасына ерген ығай мен сығай өңкей палуан, батыр, ақын, әнші, музыкант, мерген, 
көкпаршы алып, өнерпаз жігіттердің өзі-ақ Ашамайлы Керейдің бекзадасы - Есеней Естемесұлының 
қандай мықты адам екенін елге айқындап көрсетіп тұр! Түні бойы күйшілер күй тартты, әншілер ән 
айтты, ел ұйып тыңдады. Қонақасы ішіп, ел жатып дем алды. Ертеңіне тұрып, киініп, ел жуынды, шай 
ішті, қымыз-шұбат ішті, табақ-табақ ет тартылды, ас ішті. Енді ел бәйгі аттардың келуін күтті. Түске 
жақын бір ат келді, оның артынан екі шақырым кейін бір ат келді. Басқа аттардың қарасы көрінбеді. 
Бірінші  ат  -  Есенейдің  Қарасұры  еді,  екінші  бәйгені  де  Есеней  алып  алды.  Биенің  үш  сауымындай 
уақыт өткен соң, бірінің соңынан бірі үш ат келді. Есенейдің Бөрте аты, онан кейін Тәсібектің (Таузар 
керей) Қарасұр аты, онан кейін Бике Керей Шәрке салдың Сары аты келді. Сөйтіп, алдында келген бес 
аттың бәйгесіне Керей елі ие болды. Бұл бес аттың бәйгесін Есеней алды. Ашамайлы Керейден осы бес 
ат қосылған. Қалған екі аттың бірі - Зілғараның Әлібегінің Бурыл аты мен Қарауыл Кемел мырзаның 
Жирен аты еді. Уақ елі бәйгіге ат қосқан жоқ! 
Торыққан  жұрттың  назарын  аударып,  ас  басқарушы:  «Бәйгеге  850  ат  қосылды,  алдында  келген      
16 атқа бәйге беріледі, қалған атқа бәйге жоқ. Өкпелеп, жүрмеңдер! Алғашқы бес аттың бәйгесі берілді. 
154

Енді алда келетін он бір аттың бәйгесі бар!», - деді. Әлден уақытта түс ауған соң, Кіші жүз он екі ата 
Байұлының Байбақты руының ру басшысы - Жүніс Жантеліұлының (Сырымның немересі) Көк аты, 
оның артынан Қожықтың Қаракөгі, онан кейін Зілғараның Әлібегінің Бурылы, онан кейін Сүйіндік 
Арғын Тұрсынбайдың Боштайының Қара жорғасы, онан кейін Қожықтың Торы қасқа аты, онан кей-
ін Қарауыл Кемел мырзаның Жирені келді. Сегізінші аттың бәйгесі мен он бірінші аттың бәйгесі де 
Есенейдің қолына тиді. Жетінші ат пен оныншы аттың бәйгесін Қожық алды. Қожық ат бәйгесіне ие 
болғанын Есеней мен оның тобындағы адамдар жақтырмады. Шыңғыстың тышқан сұр аты жиырма 
төртінші боп келді, ол бәйгеге ие бола алған жоқ! Сөйтіп, Есеней аға сұлтан бұл жолы да оңынан тұрды. 
Ас тарқағанша болды. Ас тарқаған соң, бұлар да елге аттанды. 
Жаңғабыл жігіттерін ертіп, Есеней бастаған Төрт момын елінің адамдарын салтанатты түрде қозы-
көш жерге шығарып салып, қоштасып, қайтып кетті. Есенейлер бірнеше күн жол жүріп, Құсмұрынға 
келіп, көл жағасына тоқтап, шатыр тікті де, ат тынықтырды. Бәйгіден түскен малды да түгел Құсмұрын-
да сатып, ақшаға айналдырды да, қасына ерген Керей-Уақ-Атығай-Қарауылдың адамдарына тең етіп, 
олжаны ақшалай бөліп берді. Бәрі разы болды, алғыс айтты. Сөйтіп, мырза көпшіліктің сүйіспеншілі-
гіне бөленді. Көлденең Есілге дейін жұбын жазбай келіп, өзен жағасында бір-бірімен қош айтысып, 
әрқайсысы өз ауылдарына кетіп, топ тарады. Есеней мырза ауылына келсе, ауыл көңілсіз, тым-тырыс! 
Қазақ шабарманның Ғайникенді сырттай бақылауға қойған адамы - бала жігіт Өтегелді бұлармен оңа-
ша сөйлесіп, Мүсіреп пен Қазаққа Ғайникеннің Шоңның Мекайласымен көңілдес, ашына екенін, үсті-
нен шыққанын айтты. Қазақ бұл сөзді Есеней мырзаға дәл сол қалпында жеткізді. Мырза ойға қалды. 
Егер Мекайланы жазаласа, елге жария болады. «Алдап-сулап, Ғайникенді Еменалының қасына көшіріп 
салайын, ешкім білмесін! Бұл іс жабулы күйінде қалсын!», - деп шешті де, Ғайникенді ордаға шақыр-
тып алып: «Ғайникен, шырағым, мен болсам, қартайдым. Жақсы көретін келінім едің, саған Еменалы 
бас-көз болады, шаруаңа да көмектеседі. Сол Еменалымен қонысқа еншілес бол! Ол - жас! Қолыңа қы-
зметші мен бір жігіт пен бір келіншек беремін! Жарай ма, ренжіме?! Айғыр үйірлі жылқыны жылқыңа, 
он шақты түйені түйеңе, он өгіз, жеті сиыр, 55 қой-ешкі қосып беремін! Соған разы бол! Жаңа келетін 
абысының қадіріңді білмей жүрсе, қиын боп жүрер. Бірге өсіп, біте қайнасқан Еменалының үйіндегі 
келіндер  қадіріңді  біледі,  сыйлайды,  жағдайыңа  қарайды!  Сондықтан  Еменалының  қасында  бол!»  - 
деді де, батасын беріп, көшіріп салды. Ғайникен артынан Мүсірептен өзінде Мырзаның көңілі болға-
нын, оны өзінің түсінбегенін естігенде, еңіреп жылап жіберді. Бір апта бойы орнынан тұрмай, төсекте 
жатып алды. Еменалының әйелдері зорға дегенде, жұбатып, орнынан тұрғызды. 
Мекайлының адамшылығы жақсы болғанмен, сол жақсылығын әйелқұмарлығы жуып кететін еді. 
Әкесі Шоң адал кісі еді. Шоң 1779 жылы туған кісі болатын! Өлеңші еді. 
«Жәнібек сөз сөйлейді желден есіп,
Есеней тоқтамайды үдере көшіп, 
Бескөл мен Қызылжарым қош болып тұр,
Жерім ең кірім жуып, кіндік кесіп.
Туған жер қолдың кейін, уа, дариға-ай!
Мұндай жер енді бізге табыларма-ай,
Егін сап, бала-шаға асыраған
Бескөл мен қош есен бол Қызылжар-ай!» 
- деп басталатын ұзақ өлеңді Шоң 1826 жылы жазды Қызылжар (Петропавловск) қаласының дәл жа-
нындағы атамекені, туған жері - Бескөлден Есеней Тоқпанбет Сибан мен Ескене  - Қасаболат керейді 
бастап көшкенде, шығарған еді. Тоқпанбет Сибан Нұралының жарты елін көшіріп, қонысын алғанда, 
Ескене-Қасаболат керей Қапсыт елін көшіріп, сол елдің қонысын алған болатын. Есеней көшкен соң, 
яғни 1830 жылдың жазында Бескөлге казак-орыстар келіп қоныстанды. Есеней ауылына келіп, Ғайни-
кенді Еменалының ауылына көшірген соң, Жангөзді жақсылап киіндіріп, астына ат мінгізді, Жангөзге 
Атығай Тау батырдың қызы - Ағайшаны айттырып, қырық жетіні қырқа матап беріп, отаулатып алып 
берді. Үстіне үй тігіп, алдына мал салып, батасын беріп, Баржақсының аулына көшіріп апарып, екі 
ағасымен табыстырды. Жангөздің жылы - қоян, 1831 жылы туған кісі еді. Жангөздің үйленген қызы 
туралы Шәрке сал:
«Басқанда, жүрген ізі білінбеген,
Төсінде қос алмасы дірілдеген. 
Атығай Тау батырдың қызын алды,
Ботакөз, оймақ ауыз, күлімдеген!» 
155

- деп, басталатын ұзақ өлеңін шығарған. 
Есеней мырза көңіл көтермек болып, қасына өзінің құрдасы, жан аямас досы, үзеңгілес, қанды көй-
лек жолдасы – Көшебе керей Сағындықтың Есболы деген аңшы-мергенді бас қып, бір топ жігіт ертіп, 
бүркіт салуға шықты. Бұл топтың ішінде Есенейдің, Нияз, Ерен, жолан, Боқан, Баржақсы сияқты ба-
тырлары, Есболдың Аңдамасы, Дәулетбай, Күшібай, Жұдырық, Елен, Қисық сияқты палуандары бар! 
Есенейдің Шәуілдір, Шұбаржендет деген қыраны салмастан қасқырға түсіп, қасқыр алатын Жангөздің 
үйлену тойының алдында осы екі қыран қолды болды, жоғалып кетті. Той өткен соң, Есеней мырза Қа-
зақ шабарманды Көшебе Керей Тәнібай би мен Итемір мырзаға жұмсап, қос бүркітті сұратты. Бұл екі 
шонжар көптен бері Есеней мырзаның осы екі қыранын қолқалап сұрап жүр еді. Екі қыранды алдырған 
осы екеуі екенін Есеней үйде жатып-ақ білді, басқа алатын адамның ыңғайы жоқ! Қазақ шабарман бұл 
екі мырзаның Маманай ауылында Боранбай деген жас жігіттің үйінде түстік жеп отырған үстерінен 
түсті. Сәлем беріп, қолдасып амандасып, асқа отырғаннан кейін, Есенейдің бүркітті сұрата жібергенін 
айтты. Дайындалып отырғандай: «Мырзаға бізден сәлем айт! Бұл екі қыранын бізге қисын! Біз екеуміз 
екі бүркіт алуға жарайтын шығармыз! Мырза қыранға зар емес! Басқа бүркіттері де жетеді!» - деді 
екеуі бірден қосарлана сөйлеп. Ас ішіп, шай ішіп, қымыз-шұбат ішіп, Қазақ шабарман бірден атта-
нып, ауылға келіп, Есеней мырзаға бүркітті ала алмағанын хабарлады. Есеней Есбол бастаған топты 
ертіп, аң аулауға сайланып шығып, жол-жөнекей күздікте отырған Таузар керей Маманай аулына келіп, 
Тәнібай биді іздеп еді. Бала жігіт Жақа сегіз қанат ақ үйден шығып: «Ассалаумағалейкум мырза! Жол 
болсын! Үйге кіріңіздер, қонақ болыңыздар!» - деді. Есеней мырза: «Уағалайкумиссалам балам! Әлгі 
Көшебенің теріс азу биі қайда?», - деді. «Әкем Итемір мырзаның ауылына қонаққа кетті», - деді Жақа. 
«Ә, екеуі бірден табылатын болды, уақыт оздырмайық, аттанайық!», - деді де, аттың басын Танабас 
мергеннің үйіне тіреді. Бәрі де аттан түсіп, үйге: «Ассалаумағаликум!» - деп, кіріп келіп, Танабаспен 
амандасып, үй ішінің амандық-саулығын сұрасты. Бүркіт жайын әңгіме етіп еді, аңғырт мінезді Тана-
бас мерген: «Анада Есілдің Күнгей бетіндегі Атығай-Уақ елдеріне әйел іздеуге аттанып бара жатып, екі 
бірдей тамаша шұбар қыранды Шоңның Мекайласы алып келіп, бірін менің ағам - Тәнібайға, екіншісін 
оның құрдасы - Итемірге тарту етті, бізге Орал тауынан ұстап әкеп, өсіріп баулыдым, қасқырға да, аюға 
да түседі», - деді. Бірақ, сіздің бүркітіңіз екенін Итемір мен Тәнібай білетін сияқты. Өйткені, ол екеуі 
Мекайланың сөзіне қарқылдап күліп жіберді!», - деді. Желдің қой жақтан қолайсыз соғып жүргенін 
Есеней мырза әбден аңғарды. Есбол отырып: «Қас та ағайын, дос та ағайын» - деді. Қымыз-шұбат ішіп, 
қуырдақ қуыртып жеп, Есеней мырза жолдастарын ертіп, Танабаспен қоштасып, оған алғыс айтып, 
аттанып кетті. 
Жолдағы ауылдарға соқпастан, суыт жүріп отырып, Итемір ауылына келіп, Итемірдің он екі қанат 
ақ үйінің алдына келіп тоқтап, сыртта аттан түспей отырып: «Уа, мырзалар бармысыңдар!» - деді. 
Үйде мәжіліс құрып, Атығай Тоғыжан ақынға өлең айтқызып, соны тыңдап отырған екі мырза Есеней 
мырзаның даусын танып, өзара күлісіп, іште отырып: «Бармыз!» - деді. Сол кезде Есеней де, оның 
жолдастары да аттарынан түсті. Итемірдің жігіттері оның аттарын кермеге байлады. Үйге: «Ассалау 
мағалейкум!» - деп, бәрі де бірінің соңынан бірі келіп, үйдегілермен қолдасып амандасып, үй ішінің 
амандық саулығын сұрасып, төрге жайғасып орналасты. Есеней мырза: «Екеуіңнің істеп жүргендерің 
не? Екеуің де інімсің, қанатымсың, қырандарымды сұрамай жігіттеріңді жіберіп алдырыпсыңдар, оны 
әлгі бесті бұқа Мекайла шығарып беріпті. Есеней кім? Мекайла кім? Мекайланы қайдан бойға үйір қып 
жүрсіңдер? Ол бір шайтан! Туыс болған жоқ, жау болды. Амал нешік! Өз қолыңды өзің кесе алмайсың. 
Әйтпесе, Мекайлының құдай сүйер қылығы жоқ! Қара да бойы қар жүзін көретін адам емес! Жастарды 
да бұзып барады. «Қарғайын десем - жалғызым, қарғамайын десем – жалмауызымның» дәл өзі болды 
да қойды. Аяймын. Сол аяғанымды білмейтін, шіркін! Ал, екі мырза , екі қыранымды қайырыңдар 
өзіме!», - деді. «Мырза, біз еркелеуге жарамаймыз ба? Мекайла емес! Біз өзіміз жігіттерді жібертіп 
алдырдық. Бұл екі қыранды сізден талай рет қолқалап та сұрадық! Сіз бермедіңіз! «Мырзаның басқа 
да қырандары бар ғой! Бұл екі қыранды мырза бізге қияр!», - деген оймен алдырып едік! Шабарма-
ныңызға да бермей жібердік! Біз екеуміз екі қыранды алуға жарайтын шығармыз! Тарту-таралғыңызды 
алыңыз?! Қырандар бізге қалсын!», - деді Тәнібай мен Итемір екеуі. Сонда Есеней отырып: «Сен екеуің 
еркелеуге жарайсыңдар! Мен де еркеліктеріңді көтеруге жараймын! Мен үндемес едім, қырандарымды 
сұрамас та едім! Егер менің Жақа мен Күзембайдай ермегім болса! Тәнібай сенің Жақадай ермегің бар, 
Итемір сенің Күзембайдай ермегің бар! Қырандарымды іздеп, әуре де болмас едім, егер менің Аман-
жолым (1817 жылы туған, жылы - сиыр), Аманқұлым (1819 жылы туған, жылы - қоян) тірі болса, тіпті 
екі жасында қайтыс болған Есенғұлым (1827 жылы туған, жылы -  доңыз), бір жарым жасында қайтыс 
156

болған Есенжолым (1829 жылы туған, жылы - сиыр), үш жасарында қайтыс болған Есенжаным (1831 
жылы туған, жылы қоян) тірі болса! Сол ақиық қырандар мен алғыр тазылар бұл күнде менің ермегім 
боп тұр! Өзіммен бірге жасасқан жарқосағым - бәйбішем Қаныкейде жоқ бұл күнде! Көңілге тұтқан 
медеуім - ит жүгіртіп, құс салып, аң аулау, бәйгіге ат қосу, жігіттердің ойын-сауығын көру!», - депті. 
Сонда  Тәнібай  мен  Итемір:  «Мырза,  сіз  жеңдіңіз!  Сіздің  сөзіңіз  дұрыс!  Біз  ағаттық  жасаппыз! 
Түсіндік! Бірақ біз үшін Мекайла байғұсты сорлатып жүрмеңіз?! Баяғы Сапақ пен оның ұлы Тілеміс 
сияқты Мекайла байғұстың құл көгенге көгенделіп, дүре жеп, соры қайнап жүрмесін! Қайтесіз, өз туы-
сыңыз  ғой!  Азуыңызды  қатты  баспай-ақ  қойыңыз?!  Бүркіттеріңізді  өзіңізге  табыс  етеміз!  Алдымен 
қонақасы ішіңіздер!», - десті. 
Есенейдің сөзі елдің жүйкесін босатты, бәрінің де көңілі босады. Расында, Қаныкей он жеті құрсақ 
көтерді, бірде біреуі тұрмады. Тай мен бағылан сойылып, қонақасы берілді. Ас ішкен соң, қымыз ішті, 
шай ішті. Итемір Шұбар жендетті Мырзаның өзіне берді. Есеней өз тобын бастап, Итемірмен қошта-
сып, Тәнібайдың өзін ертіп, оның аулына қонағаға аттанды. Тәнібайдың аулына келді, Тәнібайдың жі-
гіттері қарсы алып, аттан түсірісіп, аттарды кермеге байлады. «Ассалаумағалейкум!» - деп, сәлем беріп, 
бәрі де бірінің соңынан бірі келді. Үй ішінің амандық-саулығын сұрасты. Қонақтар төрге жайланып 
отырды. Шара қымыз әкелініп, сапырылып, ағаш шара аяқпен бәріне берілді, шұбат та берілді. Қы-
мыз-шұбатты аралас ішіп, құймақ жеді. Сөйтіп отырғанда, қасына Матақай керей Көрпе ақынды ертіп, 
Сазанбай күйші келді. Сәлем беріп, қолдасып амандасып, үй іштерінің есендік-саулығын сұрасты. Са-
занбай әрі күйші, әрі найзагер, садақ тартқыш, қылышқа шебер, сауыт киген батыр, өзі Тәнібай бидің 
кенже інісі, әнші, үлкен музыкант. Сазанбай отырып: «Мырза, бұл уәде қайда? «Ел жайлаудан қайтқан 
соң, үйленем!» - деп едіңіз, созылып кетті ғой! Әлі белгі жоқ. Бір жақсы жеңгей алып, ел жұртқа бір 
той жегізбейсіз бе?», - деді. Сазанбай күйшінің сөзін Есенейдің құрдасы Есбол мерген әрі қарай жалға-
стырып: «Ертең аңға шыққанда, Аманқарағай, Арақарағай, Тобыл бойына, онан да әрі барамыз. Арғын-
Қыпшақ, Жаппас еліне барамыз, сонда алдымнан осы ауылдағы Сегіз сері інімнің «Гауһар тас» әнінде 
суреттелетін Мақпалдай бір сұлу газал кездеседі, сонда: 
«Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң,
Сылдырап шашта шолпың, алтын сырғаң,
Құлпырып әр уақытта шаттанасың,
Бейне бір аққу құстай мойнын бұрған», 
- деп, аққу құсты кездестірген Оралдың ақиығындай, менде бір аққуды кездестіріп, бәйбіше қып әке-
лем!» деп отыр мырзаң!», - деп қарқ-қарқ күліпті. 
Осыдан соң, көпшілік өтініп, Сазабайға күй тартқызып, Көрпеге өлең айтқызып, Омбыдан келіп, 
үйіне жаңа ғана кірген Сегіз серіні болмай шақыртып алып, ән айтқызып, тыңдап тамашалапты. Қо-
нақтарға арнап тай сойылып, бағылан сойылып, қазан-қазан ет асылып еді. Ет жидіп пісті. Қонақтар 
есік  алдына  шығып,  қолдарын  жуып,  төрге  жайғасып  отырды.  Алдарына  табақ-табақ  ет  тартылды. 
Жас етке қонақтар әбден тойды. Сорпа ішті, қол жуды, шай ішті, қымыз-шұбат ішіп, ұзақ әңгімелесіп, 
бұрынғы өткен жорық күндерін естеріне алып, түн ортасы ауа қонақтар ұйқыға бас қойды. Ұйқыла-
рын әбден қандырып, қонақтар жайымен тұрып, жуынып киінді. Шай ішті. Дайын тұрған етті жеді, 
қымыз-шұбат ішті, дастарханға бата қылды. Тәнібай би Шәуілдір деген үлкен шұбар бүркітті Есеней 
мырзаның өзіне берді. Есеней тобы Тәнібай бимен және Маманай ауылының адамдарымен қош айты-
сып, аттанып кетті. 
Бұлар сол атанған қалпымен Аманқарағайға бірнеше күн жүріп жетті. Аң аулады, қасқырды итке, 
бүркітке алдырды. Есенейдің Шәуілдір деген бүркіті аюға түсіп, аю алды. Қаршыға, лашын салып, құс 
аулады. Сөйтіп, олжалы боп, елге қайтты. Аман-есен елге келді, қонжығаларына қарсақ, түлкі байлан-
ды әрқайсысы өз ауылдарына аттанды, мырзаға алғыс айтып, қоштасты. Боқан батыр Есенеймен бірге 
кетті. 
Есенейдің төрт заседателі бар еді, соның ең кішісі - Петропавловск уезінің уездной начальнигі - 
Федоров болатын. Ол қазақтар үшін уездной начальник еді, әскери атағы - есаул еді. Есеней келген 
күні оның үйіне екінші заседатель Язу Янов келіп, мырзамен қолдасып амандасып, қонақ болды. Ол 
Федоровты жамандады, оның елге тынышсыз екенін айтты. Сөйтті де, өзі Кенжетай, Қазақ шабарман, 
Қисық палуан арқылы жігіт ұйымдастырып, Федоровты Есеней ордасына жеткізбей, сабатып алмақ 
болып, жігіттерге Федоровтың жолын тостырды, сабатты да өзі көрінбеді. Бұл ойын да, Федоровтың 
келе жатқанын да Есенейге айтпады. Үндеместен қонақ боп жата берді. Бір күні таңертең бет-аузы қан-
қан, маңдайы іскен жаяу Федоров келді, қасында екі стражник, екі урядник, екі полицей бар, көшірі 
157

бар, бәрі де жаяу, бәрі де таяқ жеген. Аттары да, күймесі де, қару-жарақтары да жоқ! Есеней төрге 
отырғызып, шай бергізбек боп еді. «Мені ұрғызған Дауылов Қожамжар екеуің, сендердің жігіттерің, 
мен генерал-губернаторға барып айтамын, бәріңді де айдатамын, бәріңді де көшіріп жіберемін!», - деп, 
бұрқырап, шығып ала жөнелді. Полицейлер, стражниктер, урядниктер, көшір - жетеуі қалып қойды, 
шай ішті, қымыз-шұбат ішті, қуырдақ жеп, дем алып жатты. Ел аң-таң. Есенейдің бұл оқиғадан хабары 
жоқ! Қожамжар бұл істі білмейді және бұл ауылда тұрмайды, мекені бөлек! 
«Қызылжардың маңындағы қонысымыз бен Бескөлден айырылып қалып едік, бұл қоныстан тағы 
айырылып қала жүреміз бе?», - деп, Жәнібектің итаяғы деген момын жігіт күңк ете қалды. Итаяқтың 
сөзіне Язу Янов, Кенжетай, Қисық, Қазақ шабарман - төртеуі мырс етіп күліп жіберді. «Өзінің тамақ 
жейтін аузы барма екен. Тамақ жейтін аузы бар болса, келеді. Тамақ жейтін аузы жоқ болса, келмейді. 
Жаяу қайда барады. Долданып кетті дағы. Ішіңнің ұрайынның аузына келгенін оттағаны несі? Соны 
ылғи Қожамжар екеуміз бағып жүретін болармыз ба? Ертісбайдың Медебайының жігіттері ме, әлде 
Тоғалақтың Тайкөтінің жігіттері ме, әлде Жылқыбайдың Мүсірепінің жігіттері ме, әлде Ырсайдың Жи-
ентайының жігіттері ме, бір керуен жолын тосқан жортушылар сабап, аты мен күймесін алды да. Оның 
елге хабарласпай, шығып, лағып кеткеніне кім кінәлы? Қаңғып-қаңғып, шаршап, қалжырап өзі ит боп 
келеді. «Құл бірдеңесімен қорқытады», - дегендей, оттағаны несі? Қорқарым жоқ!», - деді ыза болып, 
өткір үлкен қара көздері қанталаған Есеней мырза сұрланып. 
Есеней мырзаның бойы үш аршыннан (бір аршын – 72 см) артық болатын. Есеней батырдың, Шөң-
ке батырдың, Табей советниктің, Сегіз серінің, Қуаныш батырдың, Белгібай батырдың, Жолан баты-
рдың, Тәнібай бидің, жанақ ақынның, Баржақсы батырдың, Боқан батырдың жиын топтың ортасын-
да тұрғанда, иықтары елден асып тұратын. Есеней мырза тек биік бойлы ғана емес, жалпақ денелі, 
кең жазық жауырынды, бұғы мойынды, үлкен әсем кесек басты,, кең маңдайлы, қоңқақ мұрынды, ат 
жақты, кісінің ту сыртынан өтетіндей қанталаған өткір қара көзді, қарасұр жүзді, қарлығаш қанатындай 
қиылған, тікірейген қара мұртты, шоқша сақалды, түсі суық, ызғарлы, айбынды, жалынды, ержүрек, 
шешен, сөзді тосып сөйлейтін, сонымен қатар өте балажан кісі болған.  
Қаныкей бәйбіше сұңғақ бойлы, жазық жауырынды, кең маңдайлы, үлкен қыр мұрынды, үлкен 
қара көзді, қара шашты, аққұба өңді, ат жақты, жұқа қызыл ерінді, денесі тіп-тік, кең жібек мінезді, 
жомарт, ер көңілді, бала жанды, беделді, мейірбанды ана еді!
Есеней мырзаның шашы тіп-тік, денесі де тіп-тік. Кенесарының сарбаздары Есеней мырзаны көр-
генде: «Керейдің қанішер жуаны келе жатыр», - деп қашады екен.
Біраз уақыт өткен соң, қара терге малшынып, шаршап-қалжырап, Федоров қайтып келеді. Есеней 
мырза оған: «Жаңа ғана «Бәріңді қиратамынә деп кетіп едің, неге келдің? Әуелі не болғанын, кімдер 
сабағанын айтпайсың ба? Мен де, Қожамжар да сені бағып, күзетіп жүрген жоқпыз! Біздің өз шаруамыз 
да жетеді. Жандарында болған жоқпыз, сендерден кім ұрып жүргенін біз қайдан білеміз? Ешкімге біз: 
«Федоровтың  жолын  тосып,  оны  сабаңдар,  қару-жарағын,  атын,  күймесін  тартып  алыңдар!»  деп, 
үйретпейміз. Саған тиіссе, Мақаштың Қожығының жігіттері тиіседі. Бұл өңірде керуен талап, кісі то-
найтын, кісі өлтіретін, ұры қылатын, жанжал шығаратын солар ғана! Басқа қазақтар саған тимейді. Сол 
Қожықты қолға алу керек! Сенің келе жатқаныңды ешкім білген де жоқ. «Ел аралауға шығайық!» - деп, 
хабарласу керек еді. Олай етпедің! Оны кімнен көресің? Бір жағынан бұл іске өзің кінәлісің! Жолдағы 
қазақ ауылдарынан жігіт ертіп алу керек еді. Сен айтқан сөзді генерал-губернаторға Қожамжар еке-
уміз де айта аламыз. Тіліміз де, беделіміз де, өнеріміз де жетеді. Қожамжар сен ойнайтын қазақ емес, 
оның өзің білетін шығарсыңдар! Оны да ескеру керек. Егер осы маңның жігіттерінен көретін болсақ, 
қазір бәрін жиып алып, көзінше өзім дүрелейін! Шындарын айтар!», - деді. «Ну Естемесович! Өзіңіз 
жазалаңыз?! Оларды мен танымаймын! Түнде тиісті. Бет-ауыздарын ақ матамен таңып алыпты. Көз-
дері ғана көрінеді!», - деді Федоров. Есеней мырза бір топ жігітті шабармандарын жіберіп, шақыртып 
алды, бәрін отырғызды, өзі олардың алдыңғы жағына шықты, қолына қысқа бұзау, тіс қамшыны алды, 
арқаларына тайлақ түйенің терісін алыстау ұстап тұрып, теріні қамшымен сабады. Өзінің арт жағына 
ешкімді қалдырмады, бәрі сырт отырды, сырт отырған кісіге шынымен ұрып жатқандай көрінді, шын 
мәнісінде бірде бір жігітке тиген жоқ. Құр тері ғана сырт-сырт сабалды. Жігіттердің бәрі де өтірік қи-
налғансып, ыңырсып жыламсырады. 
Шын  мәнінде  дүреленіп,  денелеріне  қамшы  батты  деп,  ойлаған  қант  қосқан  түнемел  қымызды 
аш  қарынға  ішіп  мас  болған  Федоров,  урядниктер,  стражниктер,  полицейлер,  көшір  -  бәрі  бірден: 
«Ну, Естемесович! Болады, көп ұрдыңыз, мүмкін бұлар емес шығар. Бәрін де босатып, тұрғызып, қоя 
беріңіздер!», – деді. Есеней мырза түйенің терісін көтеріп алып, бәрін тұрғызып: «Ендігәрі тиісуші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет