мырзаның ауылына келіп, Итемір бабаға, Мырзаға, Үмітбай мырзаға сәлем бердім, өлеңмен мұңым-
ды шағып, «Құлагер» әнін айттым. Бірдің соңынан келіп жүрген бәйгі Қаракөк атты күміс ертоқым
ерттеп, сыйға тартты, иығыма шапан жауып, басыма кәмшат бөрік кигізді, екі жолдасымның иығына
жібек шапан жауып, шығарып салды. Үмітбайдың қасында Үкілі Ыбырай ақын бар екен, ол Керейдің
әрбір мырзасының үйінде айлап жатып, өлең айтады екен, тұрағы – Шағалақ Керей ішінде! Онан кейін
Құнияз мырзаға, Байжан-Жұрнаш мырзаға, Дүйсе, Баубек мырзаларға, Нұрғожа, Жүсіп мырзаларға,
149
Мұқыш, Шынтемір, Бекберді, Қолбай, Жақсыбай, Нұрпейіс (Таз Керей), Сибанбай мырзаларға барып,
Қуандық, Шабақ, Көшке мырзаларға барып, сәлем беріп, қонақ болып, бәрінен де құнан, дөнен, бесті
ат, бие алып, шапан кидім.
1876 жылы, яғни тышқан жылы бес болыс Уақта Маңтөбетке, Қозыбайға, Күрлеуітке, Бектұрға,
Бесейге, Елембайға барып өлең айтып, мұңымды шағып, «Құлагер» әнін айтып, ат мініп, шапан ки-
дім. Балта керей Иса мен Төлеміс бір бие мен бір тайлақ түйе берді. Шәрке сол қолыма қыран бүркіт
ұстатып, иығыма қарсақ ішік жапты. Міне, бұл - үлкен жақсылық! Ел іші, шіркін, алтын бесік емес
пе?», - деді. Сол кезде Құлыкештің Мұқаны: «Осы Шыңғысты аға сұлтандықтан түсірген, кісендеген
қай батыр? Ол қай Керей?» - деді. Ақан сері: «Қантай Керей Жолан батыр өте жақсы кісі еді. Ол іске
Шыңғыстың өзі кінәлі болған. Шыңғысқа қарсы топты Таузар керейден шыққан Қожамжар Дауылов
деген Керей руының аға старшыны басқарған. Есеней аға сұлтан Шыңғысты кісеннен босатып алған.
Себебі, Шыңғыс Есенейге бір кезде бала болған. Есеней Шыңғысты тәрбиелеп, оқытып, оған Зейнепті
әперіп, үй қып шығарған. Есеней өзі Уәлі ханға өкіл күйеу болған. Жоланға, Қожамжарға Есеней рен-
жімеген, ұрыспаған! Есекең бір кезде Арғын-Қыпшақты Аман-Қарағай мен Арақарағайдан, Тобыл
өзені бойынан қумақшы да болған, ол жерге біздің Атығай-Қарауылды қоныстандырмақшы болған, бұл
жайында Атығай-Қарауылдың басты адамдары келісім берген. Себебі, Атығай-Қарауыл-Керей-Уақты
Арғын-Қыпшақтар, Жаппастар, Кенесары жасағы: «Басы аманның елі!» - деп атаған. Оның үстіне,
өтірік «Абылайлап» ұран салып, үнемі дамылсыз Арғын-Қыпшақ біздің төрт момынның жылқысы-
на тиетін. Міне, осыған ыза болып, Есекең Арғын-Қыпшаққа қатты жауыққан. Кенесарымен соғысып
жүргендіктен, амалсыз райынан қайтқан!»- депті.
Жамакең отырып: «Осы отырған қонысымыз ата-мекеніміз, дейді Қанжығалы-Күрлеуіт, сол рас
па?» - деп сұрақ қойды. Ақан сері отырып: «Мына Қанжығалы-Күрлеуіттің өтірігіне дауа болмас! Осы
сұрақтың жауабын имам Бакең аға айтсын! Қалғанын ақын Бакең аға толықтырсын!» -деді. Имам
Байеке отырып: «Оқиға былай еді: Есеней мырзаның өзі оқытып, әйел әперіп, үй қып шығарған, өзіне
хатшы қып алған Омбы төңірегіндегі Мұраталы Балта руынан шыққан Меңдіғали Дербесалиев деген
әсем, сымбатты, палуан, әнші, музыкант, сөзге шешен кісі болды. Меңдіғали сал, сері болды. Меңдіға-
ли 1806 жылы туып, 1847 жылы жазда ел хан жайлауда отырғанда, ауырып қайтыс болды. Көкірек ау-
руынан кетті. Жылы - барыс еді. Өзінен алты жас кіші Ғайникен (Ғайникамал) деген аса көркем зайыбы
болды. Ғайникен бет біткеннің әдемісі, сымбатты, сұңғақ бойлы, алма мойын, ат жақты, кескіні кәрлен
кесенің ақтығындай! Мына Ақан інімнің «Көркем әйел» деген өлеңін оқығанымда, марқұм Ғайникен
бәйбіше есіме бірден түсті. Расында, тал бойында тарыдай мін жоқ еді. Жібек мінезді әйел еді. Осы
жасқа келгелі, көп жерді аралап жүріп, ондай қазақтың сұлу әйелін көрген емеспін. Ғайникеннің жылы
- мешін, 1812 жылы туған. Өзінің «Қыз Жібек» дастанында Сегіз серінің Жібекке берген суреттемесі
Ғайникенге дәл келеді. Меңдіғалиға 1848 жылы ел жайлаудан қайтқан соң, Кіпитанға таяу «Киікбай»
деген жерде Есеней мырза үлкен ас берді. Ас жақсы өтті. Меңдіғалидан ұрпақ жоқ. Ғайникеннен бір-
неше ер бала туды. Бәрі де өліп қалды. Есеней мырзаның өзімен құрдас, бірге жасасқан, бірнеше жыл
отасқанда, бірде-бір рет түс шайыспаған нақсүйері - Қаныкей бәйбіше сырқаттана бастады. Бір күні
оңашада Есеней мырзаға: «Сізге қарап, мен өттім, маған қарап, сіз өттіңіз! «Тоқсан әйел алсаңшы, тоқ-
сан бала тусыншы, кімнен туса, онан тусын! Бәрі де Есеней мен Қаныкей балалары болсыншы!» - деген
тілегімді орындамадыңыз! Енді бір тілек қоямын! Өзім оған қарсы болмаймын! Қайта қуанамын! Сіз,
мына Ғайникен келінді басқаға қор қылмай, өмірін өксітпей, өзіңіз алыңыз?! Сізге бұдан жағдайлы әйел
табылмайды. Ол сізге сырмінез кісі! Мен өлі болам ба, тірі болам ба, айтар өсиетім - осы! Алла жазса,
аманшылық болса, осыдан ұрпақ көресіз! Менімше, бұл істі созбай, тездеткен дұрыс!», - деп, Қаныкей
бәйбіше көптен бері көкейінде жүрген сөзін айтты. Есеней мырза ұялып, бірден бұл іске кірісе алмады.
Сөйтіп жүргенде, 1849 жылдың көктемінде Қаныкей бәйбіше қайтыс болды. Шәрке сал Қорабайұлы,
Атығай Тоғыжан ақын, Мадияр керей Нияз сері, Матақай керей Көрпе ақын - төртеуі жас келіншектер-
ге, ер жеткен қыздарға жоқтау, жыр шығарып берді. Ғайникен мен Еменалының соңғы әйелі - Алтынай
бастаған қыз-келіншектер тобы Қаныкей бәйбішеге арнап жоқтау, жыр айтты. Есеней мырза өзінің
қарағайдан қиып салған үйінің төргі бөлмесінде қайғырып, жер бауырлап, жатып алды, ас ішпеді. Осы
он бөлмелі үйдің шатыры тақтаймен жабылып, көмкерілген еді. Есеней мырза өзі қайтыс болардан екі
жыл бұрын, яғни 1868 жылы, ұлу жылы ел хан жайлауға көшерде, інісі - Еменалыға беріп еді. Есекең
қайтыс болған соң, екі жылдан кейін, яғни 1872 жылы жазда осы он бөлмелі үйді, мешіт үйін, медересе
үйін, моншаны, ұстахананы, шеберхананы Еменалы мен оның Ресей деген ұлы Қызылжардағы бір орыс
купеціне сатып жіберді. Орыс купеці тез арада бұзып, тасып алды. Еменалы анық нашар адам еді. На-
150
шар болмаса, сөйте ме? Тіпті Есекеңнің шаңырағына да ие болмады. Бұл – мешін жылы еді. Шаңырақ
айдаладағы бір шеркеске бұйырды. Тәштит, Байдалы, Жамақ, мен - төртеуіміз: «Неге бұлай еткіздіңіз,
ұят емес пе?», - деп Ұлпанға айтып едік. Ұлпан: «Өзім отыратын үй бар, қонақ үй өз қарауымда, мал
өз қолымда басқасында шаруам жоқ, не қылса, о қылсын Еменалының өзі біледі!» - деді. Байдалыдан
сөз қала ма: «Ордасын ойран етермін!» деген ертеде айтқан сертің бар еді, сол сертіңе жеткен екенсің
жарайды! Бұл үйден дәм татуға болмайды, ал, жігіттер, аттанайық!», - деді Байдалы. Біз ол ауылдан
шығып, Тоқпанбет Сибан Мүсіреп шешеннің үйіне келіп, қонақ болып, бір мал жедік! Ертеңіне Қисық
палуанның үйіне келіп, қонақ болып, бір малын жедік. Ертеңіне Жайылған Сибан Байтастың Айтбайы-
ның (1807 жылы туған. Жылы - қоян) үйіне келіп, қонақ болып, бір семіз жабағысын жедік. Бұл ауылға
бізге еріп, Мүсіреп, Қисық, Құнияз болыс - үшеуі де келіп еді. Еменалының сорақылығына біз ғана
жағамызды ұстадық па десек, бұлар да сұмдық көріп, жағасын ұстап отыр екен! Қисықтың аты ғана
қисық! Өзі – жақсы адам. Қисық 1827 жылы, яғни доңыз жылы туған. Қисық Алдай керей Дәулетбай
палуанмен Қапсыт керей Жұдырық палуанмен, Жайылған Балта Күшібай палуанмен, Көшебе Керей
Есболдың Аңдамасы деген палуанмен, Көшебе Керей Шабақ мырза Қыдырбайұлы деген палуанмен
құрдас және дос еді. Шабақ мырза, Таузар керей Доби, Мұстафа, Күшібай, Аңдамас, Жұдырық - алтауы
мүлде жығылмаған, теңдесі жоқ алып, түйе палуандар еді. Айтбай үйінен шыққан соң, Тәштит екеуміз:
«Аздап бұрыс жүрерміз, ол ештеңе етспес! Шоңның Мекайласыныкінен (1809 жылы туған. Жылы -
жылан) бір мал жеп аттансақ, қайтеді?», - деп едік, Жамақ пен Байдалы ширығып, бұл сөзге қарсы боп:
«Шоңның Мекайлысыныкінен дәм татуға болмайды, себебі, ол - әйел құмар адам! Есеней мырзаның
қартайған шағында обалына қалған сол! «Қаныкей бәйбішенің асы өткен соң, Ғайникенге сөйлесем!»
- деп, қарайлап жүргенде, Мекайла көлденеңнен киіп кетіп, Есенейдің ұрпақсыз қалуына, ордасының
ойран болуына себепкер болды. Есекең қартайса да, адамның ақ иығы еді, Ғайникен - әйелдің аққуы
еді, ал, Мекайла ақбас күшігін боп, араға арабшы жылан боп кіріп, үлкен бөгет болды. Мырза мен Ғай-
никеннің көзі жасы жібермейді, көрерсіңдр әлі. Мекайлының арты, тұқымы оңбайды. Мекайла Жәнібек
батыр қайтыс болған соң, оның баласы Итаяқтың (Құнияздың әкесі) момындығын пайдаланып, оған да
зор қиянат жасады!», - деді. Жол-жөнекей елге қарай бет алғанда, Тәштит: «Жақсы болса, тартпас еді,
жаман болған соң, тартып тұр-ау! Менің Ешмұхаммед ағайымнан туған інім - Құсайын түп нағашысы
- Еменалыға тартыпты да қойыпты. Кенесарының қарындасы - Бопан (Бопайдың сіңлісі) марқұм «мата
даңқымен бөз өтеді, ата даңқымен қыз өтеді», - дегендей, Еменалы үшін емес, Естемес пен Есенейдің
аруағын сыйлап келген ғой! Есеней Еменалыға бес әйел әперді, тым болмаса, бесеуінің біреуінен бір
дұрыс бала тумады!», -деді. Жамақ: «Еменалы мен Ресейді Сейіт пен Естемеместің ұрпағы, Есенейдің
туысы деуге болмайды. Мүлде ұят!». Шынында да солай! Осы күні Ресейдің Мұстафасы деген бір қо-
пылдаған мес қарын бар! Өзі бір ақылсыз, даңғой кісі. Қазіргі Сибанның Құнияздан кейінгі жақсысы
- баяғы өзімізге еріп, салдық-серілік құратын Ботбай Мүсірепұлы, сонан соң, Мәшік. Міне, осы екеуі
ғана!», - деп, тоқтады да: «Енді алғашқы оқиғаны әрі қарай жалғастырайын! Хабаршы жігіттер жүйрік
аттарға мініп, ауыл-ауылға барып айтып, үлкендерді жаназаға шақырды. Ел жиылды. Мал сойылды.
Қаныкейді таза арулап, ақ жібек ақіретке орап, жерледі. Үшін, жетісін, қырқын берді, ел саба-саба
қымыздарын, жылқыларын, қойларын әкеп, бата қылды. Мен сол жылы оны төртте едім, Қызылжарда
орысша оқитынмын! Менің әкем бір дөненшығар апарып, бата қылды. Есеней мырза налып, бір жарым
ай жатып алды. Ғайникен мен жігіттері тамақ апарып тұрды. Ақыры Керей-Уақ-Атығай-Қарауылдың
игі жақсылары жиналып келіп, көңіл айтып, жұбатып, орнынан тұрғазды. Бұл игі жақсылардың ішінде
Шыңғыс пен Қожық жоқ еді. Есеней мырза Қаныкей мінетін қара жал, қара құйрық құла жорғаны ал-
дырып, жігіттеріне құйрық-жалын күзетіп, тұяғын қашатып, жылқыға қосып жіберткізді. Алдағы көк-
темде ас болатынын хабарлау үшін, жігіттерін жіберіп, ел-елге сауын айтқызды. Қаныкей бәйбішенің
басына құлпы тас орнатты. Есеней мырза әлсіреп, Мүсіреп, Кенжетай, Қисық, Қазақ шабарман сияқты
аталас жігіттерді шақырып алып: «Жігіттер, Ғайникен келіннің басын, біреу-міреу қатырып жүрмесін,
бас-көз болып, байқап жүріңдер, сақ болыңдар, абай болыңдар!», - деді. Жігіттер аға сұлтанның ойын
бірден түсінді. «Есеней батырдың көңіліне қаяу салмайын» - деген оймен Сибан Мүсіреп Еменалының
Ғайникенде ойы бар екенін білсе де, жасырып, айтпады. Еменалы оңашада өз ойын Мүсірепке айтқан
еді. Бірақ, Еменалы Ғайникенге сөйлескен жоқ. Жалпы Ғайникенге ешкім сөйлесе қойған жоқ. Өзі де
ұстамды, бетті, өжет әйел еді. Мырзаның сөзін естігеннен кейін, Қазақ шабарман Ғайникенді сырттай
бақылауға алды, өзі екі адамнан қауіптенді. Екі адамның бірі- Еменалы, екіншісі - әйелі өлгеніне жыл
жарым болған Шоңның Мекайласы. Екеуі де бөтен кісілер емес, өз адамдары. Бірақ, екеуі де әйел құ-
мар кісілер!
151
Келер 1850 жылдың, ит жылының көктемі келді. Менің Омбыда оқыған алғашқы жылым еді. Ас
Кіпитанға таяу «Күйкей жалы» атты орманда берілді. Асқа көп ел келді. Мақаштың Қожығы мен Са-
пақтың Күсеміс, Тілемісі деген ұрылар асқа келмеді. Оларды асқа ешкім шақырған да жоқ. Асты Сибан
керей Мүсіреп, Балта керей Күшібай, Көшебе керей Қоқы би, Аңдамас палуан, Шағалақ керей Боқан
батыр, Қантай керей Жолан батыр, Таз керей Тайкөт Тоғалақұлы, Алдай керей Мүсіреп Жылқыбайұлы,
Ескене -Қасаболат керей Айдабол старшын, Бике керей Баржақсы батыр, Дәулетімбет керей Қолбай
мырза, Самай керей Жансақал мырза, Қапсыт керей Жұдырық палуан, Мадияр керей Нияз сері, Ма-
тақай керей Сырым би, Есенбақты керей Тілеу мырза - осы он алтысы басқарды. Құла жорғаны бас
қып, асқа көп мал сойылды. Құла жорға сол жерде сойылғандықтан, «Күйкей жолы» ас болған күннен
бастап, «Құлан ат сойған» (Пресновкадан 5 км) деп аталды. Ас жақсы өтті. Ел разы болып тарады. Ас
тараған соң, Ашамайлы Керейдің игі жақсылары оңаша кейін қалып, Есенейге еріп, оның ордасына
жиналып, мәжіліс құрып, аға сұлтанның көңілін аулап, оған әйел алу керектігі туралы ұсыныс жасады.
Мырза қарсы болмады, бәріне алғыс айтты. Ел жайлаудан қайтқан соң, үйленбек боп уәде берді. Игі
жақсылар Есеней батырға лайықты әйел қарастырмақ болды. Осы жиында Баржақсы батыр қамшы
тастап, кезек алып сөйлеп, игі жақсылардың алдында, мырзаға мұңын шағып: «Мен үш ағайындымын.
Шайгөз, Жангөз деген екі інім бар. Екеуі де әке-шешеден жас қалды. Өзім тәрбиелеп өсірдім. Жетімдік
көрсетпедім, тамағы аш, киімі жалаңаш болған жоқ, бейнет көрген жоқ, молладан оқытып, арабша
сауатын аштым. Шайгөз жақсы боп өсті, үйлі-баранды боп отыр. Жангөз он жетіге келген соң, үйден
кетіп қалды. Шақырып ем, келмеді, тілімді алмады. Қазақ мал алған жоқ. Орыстардың малын ұрлайды.
Міне, үш жыл болды, қаншелек ұры. Қожыққа күлуші едік, бір Қожық өзімізден шықты. Қазасы оры-
стан болама деймін! Бастығы мырзадан бастап, бұл бәріңіздің беттеріңізге де шіркеу ғой, жалғыз менің
бетіме емес! Ал, мырза, өз қолыңыздан алатын кісі жоқ. Осы Жангөздің ұрлығын тыйып беріңізші?!
Өз қолыңызға бердім! Реті келсе, өзім ұстап берейін! Реті келмесе, хабар айтайын, жүрген жерін хабар-
лайын, жігіттеріңізді жіберіп, ұстатып алыңыз?! Менің өтінішім - осы!», - деді. Баржақсының өтінішін
бәрі мақұлдады, мырза қабыл алды. Қонақасы ішіп, игі жақсылар мырзаға алғыс айтып, қоштасты. Ел
жайлауға көшерге Таузар керейдің Байкісі, Жанықұл деген екі батырын шақыртып алып, Долан, Боқан
төртеуін бас қылып, елу алты жігітті аттандырып жіберіп Жанкөзді ұстатып алып, кісендеп, түйеге
теңдеп, көшпен бірге алып кетеді. Хан жайлауда болып, енді ел қыстауға қайтып, күздікке қонады,
мырза Жангөзді кісеннен босатпайды, дүрелемейді, тамағын ашықтырмайды, тоңдырмайды. Мырза
бір нәрсені есінен шығарып алады, өйткені, қарт аға сұлтан қалың ойдың үстінде еді. Кіші жүз он екі
ата Байұлының Жаппас руының Жылгелді табынан шыққан Жанғабыл батыр (1805 жылы туған, жылы
- сиыр, 1843 жылы күзде Кенесарының тоқсан жасауылын қырған, Байтабын батырды атып өлтірген)
тоқсан алты жасқа келіп, қайтыс болған әкесі - Төлегенге ас бермек болып, ел-елге сауын айтқанда,
Керей-Уақ-Атығай-Қарауылды да шақырған. Керейдің палуандары саудамен шұғылданушы еді, сон-
дықтан алыс жерлердегі базарға кетті. Тіпті ағайыны - Қисық палуан да, көршілес ауылдағы Жұдырық
палуан да үйлерінде болмады. Арнайы түрде жігіт жіберіп, іздестіріп, ел ішінен палуан таппады. Жай-
шылықта қыдырып жүретін палуандардың бірде бірі үйлерінде болмады. Мырза өзіне-өзі ыза болды.
Өйткені, не мерген жоқ, не көкпаршы жоқ, не палуан жоқ. Аға сұлтан бұрынғы астарға барғанда, сай-
ланып барып, әрдайым көп олжалы боп қайтатын. Бұл жолғы сапары көңілсіз болатын болды. Ал-
дай Керей Қосекейде Үш жүзге даңқы шыққан Қарасұр ат бар еді, нағыз тұлпар. 1840 жылы бесті ат
кезінде Кенесарының інісі - баскесер Наурызбайдың Бозаузына да, Кенесарының көк бурылына да
жеткізбеген болатын. Наурызбай кейіп, Бозаузды басқа ұрған. «Қосекей інім, көп жыл бәйгеге қосып,
талай қызығын көрді ғой. Қосекейдің ермегі бар ғой. Менің ермегім жоқ қой! Қартайғанда, бәйгеге
көтерейін, менен келіп, қырық бес саяқ ат алсын! Қарасұр атты күміс ертоқым ерттеп, өз қолымен
әкеп берсін! Менде жылқы көп, бірақ, оның ішінде Қарасұрдай ат жоқ! Осы сәлемімді Қосекейге жет-
кізіңлер!», - деп, Мүсіреп пен Қазақты жұмсапты. Мүсіреп пен Қазақ Қосекейге қонақ боп, ертеңінде
Есенейдің сәлемін айтыпты. Қосекей қарсы болмайды, қасына үш жігіт ертіп, Қарасұрға күміс ертоқым
ерттеп, жетекке алып, Мырзанікіне келіп, сәлем береді. Қарасұр атты мырзаға сыйлайды, қонақ бола-
ды. Қонақасыға тай сойылады. Ертеңіне Қосекейдің иығына жанат ішік жауып, басына кәмшат бөрік
кигізіп, қасына ерген үш жігіттің иығына үш жібек шапан жауып, үш кәмшат бөрікті бастарына ки-
гізіп, алдарына қырық бес саяқ атты салып беріп, шығарып салады. Қарасұр ат бұл кезде он бесте еді.
Аға сұлтан бұдан басқа Көк шұбар ат пен үш атты бәйгеге қосуға апаратын болды. Мырзаның асқа
баратынын естіп, Жангөз өтіп бара жатқан аға сұлтанға: «Ассалаумағалейкум мырза! Асқа барсаңыз,
мені де ала барыңыз?!» - дейді. «Тәйт! Жай жат! Кезеп!», - деп, Мырза ұрсып кетіп қалады. Біраздан
152
соң, Жангөздің қасынан Мүсіреп пен Қазақ өте бергенде, «Мүсіреп аға, Қазақ аға, ассалаумағалейкум!
Сіздер мырзаға айтып, мені де асқа ала барыңыздар?!», - дейді. Мүсіреп пен Қазақ ақылдасып: «Осы
баланың бір керегі болар, ала кетейік, мырзаға өтініш етейік!», - дейді. Олар келіп, мырзаға: «Жангөзді
ала кетсек, қайтеді? Бір керегі болар!», - деседі. Есеней батыр ойланып, «Ендеше босатып, киіндіріп,
жақсы ат мінгізіп, бірге ертіп жүріңдер, бір тентек қой, жүрсін!», - деді. Жангөз киініп, ақбоз ат мініп,
мылтық асынып, асқа баруға дайындалды. Сойыстық мал алып, саба-саба қымыз-шұбат алып, түйеге
шатыр теңдеп, күймеге үш боз шұбар ат жегіп, бәйгі аттарды жетекке алып, аттарға мініп шабатын үш
баланы қасына отырғызып, жиырма бес ақбоз атты кісіні күйменің алдында жүргізді. Күйменің артын-
да жиырма бес мақпал қара атты кісіні жүргізді, күйменің оң жағынан жиырма бес күрең атты кісіні
жүргізді, күйменің сол жағынан жиырма бес көкшұбар атты кісігені жүргізді. Сөйтіп, бірнеше күн жол
жүріп, салтанатты түрде жүз он кісімен асқа барды. Астың елі бұлардың ерекше қарсы алды. Өте жақ-
сы үйлерге орналастырды. Өйткені, Жанғабыл Итіке батырдың, Мәненбай батырдың, Меңдіғалидың,
Тоқсан бидің, Тіленші бидің, Шақшақ бидің, Киікбайдың, Маманайдың, Қаныкейдің астарында болып,
Керейден сый-құрмет көрген еді. Керей – Уақ - Атығай – Қарауыл бірыңғай орналасты, топтасып бірге
жүрді. Бұлар асқа да бірге келген еді, жұбын жазбады. Керей-Уақ-Атығай-Қарауылдан жеті ат қосыл-
ды. Қожық бұлардан бөлек жүрді. Ол Шыңғыс - екеуі бірыңғай отырды. Бәйгеге Қожық бір торы ат пен
бір қара көкті, Шыңғыс тышқан сұр атты қосты. Шыңғыстың қасында Аннас деген ағасы, Аба, Сары,
Тақырбас деген үш жігіті бар еді. Ал Қожықтың қасында Шортан, Кескентерек, Құйтырқы, Кәдірсіз
деген төрт батыры бар еді. Елдің бәрі бәйгі аттардың басына балаларын мінгізіп, құлай мен аруаққа
сиынып, жолға шығарып салып қайтты. Палуан күрес басталды. Бас палуанға Қоқанның қоңыраулы
палуаны -Айбек шықты. Екінші палуанға Бұхар хандығының палуаны - Фахридден шықты, үшінші па-
луанға Хиуа хандығының палуаны - Бабахан шықты, төртінші палуанға Қарақалпақ халқынан Қысырау
деген палуан шықты, бесінші палуанға Қырғыз халқының батыры - жиырма сегіз жасар Кәрібоз Ерқа-
найұлы (Кенесары-Наурызбайға қарсы қырғыз жасағын бастаған қолбасшы, кейін 1847 жылы Кенеса-
ры мен Наурызбайды өлтіруге қатысқан. Кенесары, Наурызбай, Қошқарбай, Кеген (соңғы екеуі Керей
руынан, Кенесарының қарындастарына үйленген батырлар) - төртеуінің басын Петербургке апарып,
сыйға тартып, патшадан шен-шекпен, тарту-таралғы алған жеті манаптың бірі) шықты. Сес көрсету ме,
әлде мақтан ба? Әйтеуір бесеуін де ноқталап, әрқайсысын қырық кісі жетектеп шықты. Әрқайсысы бір
бұрылғанда, жиырма кісіден құлай кетеді. Мұны көріп, қазақ палуандары күреске шықпады.
Ас басқарушы: «Жеті палуанға дейін шығуға болады. Жеті палуан бәйгесі бар!», - деді. Мұны
естіген соң, Ұлы жүздің Сары үйсін руынан Наубай деген палуан алтыншы палуанға шықты, Жалай-
ыр руынан Шұлғаубай деген кісі жетінші палуанға шықты. Алғашқы бесеуіне қарсы әлі ешбір палуан
шыға қойған жоқ. Құшбегілер мен манаптар қуана бастады. Қожық шешініп, шекпен киіп, беліне бел-
беу буынып, алтыншы палуан Наубаймен күреспек болып, Шыңғыс пен Аннастан бата алып алаңға
барып, Наубаймен ұстасты. Мұны көріп, Есеней тобынан Атығай Зілғараның Әлібегі шешініп,
шекпен киіп, беліне белбеу буынып, жетінші палуан Шұлғаубаймен күреспек болып, Есеней
бастаған Керей-Атығай-Қарауылдың адамдарынан бата алып, күрес алаңына барып, Шұлғаубаймен
ұстасты. Сол кезде Есеней тобынан Алдай керей Арықбай Шешен мен Шәрке сал шешініп, белдеріне
белбеулерін буынып, Есеней бастаған Төрт момын елінің адамдарынан бата алып күрес алаңына ба-
рып, Арықбай төртінші палуан - Қысыраумен ұстасты, Шәрке сал бесінші палуан - Кәрі бозды ұста-
сқан бетке үйіріп алып, жерге алып ұрды. Арықбай да қысырауды іштен шашып алып жықты. Әлібек
Шұлғаубайды жықты. Есеней мырза: «Бас палуанға бізден қайсың барасың?» - дей бергенде, Жангөз
жетіп келіп: «Мен күресейін!» - деді. Мырза: Сен тентек жығылып қалып, ұятқа батырарсың!» - деп
еді. «Жоқ, мен оны жығамын! Батаңызды беріңіз?» - деп, Жангөз тұрып алды. Есеней бастаған, Төрт
момын елінің адамдары бата берді. Бата алып, Жангөз Мүсіреп ағасынан шекпен мен белбеу алып,
шекпенді киіп,белін белбеумен буынып, даңдайсып тұрған бас палуанмен ұстаса кетіп, жерден көтеріп
алып, үйіріп-үйіріп, Есеней тобының алдына әкеп, алып ұрды. Айбек орнынан әрең тұрды. «Тусаң -
ту, күшіңнен айналайын, ұлым!», - деген Есеней батырдың даусы шығып кетті: Есеней мырза: «Бекер
кісендеген екенмін. Жай ақыл айтуым керек еді!», деп іштей қынжылды. Мүсіреп пен Қазақ қуанға-
нынан орындарынан атып тұрып, Жангөздің бетінен қолынан кезек сүйді. Мадияр керей Нияз сері мен
Шағалақ керей Боқан батыр шешініп, белбеу алып, белдеріне буынып, Есеней бастаған Төрт Момын
елінің адамдарынан бата алып, екеуі күрес алаңына барды. Батыр атанған соң, бұл екеуі күресуге ар-
ланушы еді. Екеуі де Есенейдің сүйікті батырлары болатын. Нияз сері екінші палуан - Пахридденмен
ұстасып, оны алып ұрды, Боқан батыр үшінші палуан - Бабаханды оп-оңай жықты. Сөйтіп, Есеней
153
бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, жетінші палуанның бәйгесін қолма-қол, табан аузында тү-
гелдеп алды. Алтыншы палуан бәйгесін Қожық пен Шыңғыс, Аннас - үшеуі алғанын Есеней де, оның
адамдары да іштей ұнатпай, қынжылды.
Биік діңгек орнатылып, басына теңгелік қойып атпақ болды. Теңге атуда да Жангөз, Нияз, Шәрке
сал, Боқан, Арықбай, Жиентай, Кенжетай, Медебай, Тайкөт, Қазақ шабарман, қос Мүсірептер бірінші
орын алды. Мергендік бәйгесін де Есеней алды. Қожық пен оның төрт батыры да мергендікпен көзге
түсіп, екінші бәйгеге ие болды. Қожықтың мергендігін Есеней де, оның жігіттері де жақтырмады. Жер-
ден күмісті ат үстінен алуда да, шарадағы қымызды ат үстінен жерге иіліп барып ішіп, тілімен шараның
түбіндегі жүзікті алуда да Нияз, Боқан, Шәрке сал, Жангөз, Арықбай, Кенжетай, Жиентай - жетеуіне
ешкім тең келмес еді. Мұның да бәйгесін Есеней алды. Көкпар тартуда Нияз, Боқан, Шәрке Сал, Жан-
гөз, Арықбай, Қазақ, Кенжетай, Жиентай, Жолан, Баржақсы, Сазанбай, Қуаныш - он екісіне ешбір жан
тең келмеді. Көкпар тартуда қашқалақтап, Керей жігіттеріне қарсы келе алмады.
Күш көрсету бәйгесі басталды. Нар түйені, атан түйені, бесті атты көтеріп, 50 саржан, не 100
саржан жерге апарса, сол адам бәйгі алатын болы. Бұған ешкім шықпады. Кіші жүз Әлімұлының
Шекті руының Тілеуқаба тобынан шыққан атақты Көтібар Берсенов батырдың (1763-1835 ж.ж.) не-
мересі - Бекет Серкебайұлы батыр (1822 жылы, яғни жылқы жылы туған, 1856 жылы өмірлік каторгаға
Достарыңызбен бөлісу: |