Қ ұ р ы л т а й ш ы : Казақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет16/25
Дата03.03.2017
өлшемі2,35 Mb.
#6453
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

Әдебиеттер
__________________________________
1 Движение Алаш: Сборник материалов судебных процессов над алашевцами. Трех томник. – 
Алматы: ФФ Ел-шежіре, 2011. – Т. 3. – 407 с.
2 Сұлтанбек Қожанов. Шығармалары. – Алматы: Арыс баспасы, 2009. – 352 б.
3 ӨРООМ. – 39 қ. – 1-т. – 11-іс. – 3-10 пп.
Резюме
Автором статьи анализируется книга С. Ходжанова «К десятилетию Советской  Автономии Тур-
кестана» как исторический источник. Веской причиной рассмотрения книги С. Ходжанова как истори-
ческого источника является то, что он сам  являлся очевидцем описываемых событий в своей книге, 
а также был их активным участником. Поэтому анализируемая книга представляется наиболее обьек-
тивной в изучении того бурного периода истории. Описывая царскую Россию, оказавшуюся на тот мо-
мент в тупике своей внешней и внутренней политики и стоявшая перед своим падением, С. Ходжанов 
представляет читателю предпосылки активации разношерстных политических партий и политических 
групп  в  Туркестанском  крае.  Также  на  фоне  двух  революций  он  разъясняет    расстановку  наиболее 
значимых политических сил и их направления, дает критику советской власти в начальный её период.
Summary
The  author  analyzes  the  S.Khodzhanov’s  book  «On  the  tenth  anniversary  of  the  Soviet  Turkestan 
autonomy» as a historical source. Good reason considering books by Khodzhanov as a historical source that he 
was an eyewitness of the events described in the book, and was an active participant. Analyzed for this book 
to be the most objective in the study of the turbulent period of history. Describing imperial Russia was on that 
point in the impasse of its foreign and domestic policy, and stood before his fall, the reader is S.Hodzhanov 
premise activations of different political parties and political groups in Turkestan. Also on the background of 
two of the revolution he specifies the alignment of the most significant political forces and their direction.
123

ТАРИХНАМА ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ
ИСТОРИОГРАФИЯ И ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЕ
HISTORIOGRAPHY AND SOURCE STUDIES
ӘӨЖ 94 «04/15»
Ә. ДӘУЛЕТХАН
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының
аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к.
ТҮРКЕШТЕРДІҢ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ 
ЭТНОАУМАҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Аннотация
Мақала Түркеш қағанатының (692-766) негізін қалаған «он оқ бұдұнның» пайда болу мен қалып-
тасу барысы және оның этноаумағын нақтылауға арналған.
Түйін сөздер: Түркеш қағанаты, этникалық құрамы, Батыс Түрік қағанаты, он оқ бұдұн.
Түркеш қағанатының қашан құрылғаны, оның этникалық құрамымен этноаумағының қалыптасу 
барысы жөнінде отандық және шетелдік тарихшылар арнаулы зерттеу жүргізбегендіктен болар, олар 
бір-біріне қарама-қайшы болжал пікірлер айтумен ғана шектелгенін байқаймыз.
Сондықтан да бұл тақырыпты жан-жақтылы қарастыру барысында бұған дейін айтылған пікірлер-
мен тұжырымдарға сын көзімен қарап, ой қортуға талпындық.
Түркеш қағанаты, Ерте Орта ғасырда, ежелгі үйсін мемлекеті жерінде, Батыс Түрік қағанаты 
орнында шаңырақ көтерген әскери-феодалдық мемлекеттің бірі. Оның негізін қалап, туын көтерген-
дер Батыс түрік қағанатына қарасты бес арыс ел Дулаттың (Дулудың) белді  тайпасы түркештер болды. 
Түркештер шежірелік деректерде «Сары үйсін» деп аталады.
Түркеш  қағандығы  Батыс  Түрік  қағанаты  билік  жүргізген  аумақта  шаңырақ  көтергендіктен  ха-
лықтың этникалық құрамына ерекше өзгеріс әкеле қоймады. Сондықтан бұрынғы қалыптасқан үрдіс 
бойынша Түркештер құрған мемлекетті «он оқ елі, он тайпа, он жебе қағандығы» деп те атай берді. 
Бұл этнонимдердің қалыптасу тарихы тым әріден басталады. VІ-VІІІ ғасыр аралығында оның құрамы 
әлденеше рет жаңарып, толығып отырған. Ол өзгерістер дәуірін шартты түрде үш кезеңге бөліп қара-
стыруға болады.
Алғашқы пайда болу кезеңі: яғни Естеми Ябғудың Батысқа жорығына қатынасқан ру-ұлыстар-
дың жортуыл кезеңі. Таң патшалығы тарихнамаларында алғаш рет: «Естемидің қоластында Он шад 
басқарған 100 мың әскері болған. Ол Батыс өңірдегі елдерді бағындырған соң, өзін қаған деп жари-
ялады. Оның қоластындағы тайпалар «Он оқ бұдұн» (он оқ халқы) деп аталды» [1], – деп жазылған. 
Алайда одан әрі «он оқ бұдұнға» қандай тайпалар жататыны атап көрсетілмеген. «Көне Таңнаманың» 
басқа бір бөлімінде «Олардың ішінде ду лу, нүшбе, қарлық, шымыр, еурғұл (и-у) қатарлы тайпалар 
бар» дей келе, Таңнаманың келесі бөлімінде «шато, ши би, шоянтолардың да» [1] он оқ бұдұнға» қа-
тысы  барлығын айтады. «Жаңа Таңнамада» бұл тайпалар «Күшәрдің Батыс солтүстігіндегі - Жұлдыз 
өзені бойында» тұратыны жазылған.
Сонымен Естеми ябғуға ілесіп Батыс өңір елдерін бағындыруға қатысқан «он оқ бұдұн» - дулат 
(дулу), нүшбе (ну шы би), қарлық (ге ло лу), шігіл (шу ие), шымыр-шұмыл (шу ми), еурғұл (и-у), шато, 
ши би, шо және янто қатарлы үлкенді-кішілі рулар деуге болады.
Естеми ябғу бастаған Он шад қарамағындағы бұл «он оқ бұдұн» арасында бір-біріне бағыныштылық, 
үлкен-кішілік қатынас болмағандығын қытай жылнамалары атап көрсетіп отырады.
Екінші кезеңі: ол «он оқ бұдұнның» Естеми Ябғу мұрагерлері Батыс Түрік қағанаты шекарасын 
барынша кеңейтіп, халқын молайтқан тұсындағы құрамын атауға болады. Бұл кезеңде алғашқы «Он 
шад» өз ішінен бес дулатты бес шор, бес нүшбені бес еркін билейтін болып жіктеледі. Қытай жазба 
124

деректерінде жоғарыда аты аталған «он оқ бұдұн» ішіндегі қарлық,  шығыл, шымыр, еурғұл, шато, шо, 
янто т.б. рулар қатардан ығыстырылып, бағынышты рулар тобына жатқызыла жазылатын болғанын 
көреміз. Ендігі «он оқ бұдұнның» бес дулат тобына шимойын (шу му кун) қойлау (ху лу жүй), ысты 
тон - шор (ше шы ти) түркеш алаш - шор, жаныс - шопан шор, ал, бес нүшпеге аскіл күл еркін, касо 
күл еркін, барысхан тон ашпар, азғыр (аскіл) нижұқ еркін, касо - шопан еркін ұлыстары жатқызылып 
жазылатын    болды.  Бұл  кезеңде  «он  оқ  бұдұнды»  дулат  пен  нүшбелер  билеп-төстей  бастады.  Олар 
Батыс Түрік қағанаты аумағын екі аймаққа бөліп басқаруға көшті. «Жаңа Таңнамада»  Шбара Елтеріш 
қаған тұсында (634-636) оның бұйрығымен «Бес дулатты Суябтың шығысына, ал, бес нүшбені Суяб-
тың батыс жағына бөліп орналастыру» [2] дәстүрі орныққаны жазылған. «Он оқ бұдұн» арасындағы 
алауыздық пен теке тіресті болдырмау мақсатында жүргізілген бұл әкімшілік реформа бара-бара бес 
дулат пен бес нүшбенің арасын ашып, кейінгі үлкен қақтығыстарға жол ашқандай болады. Мұндай 
қақтығысты қолдан жасап, оны одан әрі өршіте беруді Таң империясы арнайы мемлекеттік саясат дәре-
жесіне көтеріп, жүйелі жүргізіп отыру арқылы Батыс Түріктің елі мен жерін өз бақылауында ұстауға 
ұмтылған еді.
Үшінші кезеңі: сонымен, Батыс Түрік қағанаты аумағында бес дулаттың белді тайпасы Түркештер 
күшейген тұста қалыптасқан «он оқ бұдұнның» VІІ ғасырдың үшінші ширегінде басталғанын атап ай-
туға болады. Бұл кезеңде бес дулат пен бес нүшбені негіз еткен ру-ұлыстар ара қатынасы едәуір өзгер-
гені байқалады. Әйтсе де тарихи қалыптасқан «он оқ бұдұнның» этникалық құрамы бүтіндей өзгеріп 
кетті деуге ешбір негіз жоқ. Солай болса да әр ел тарихшы-ғалымдары арасында «он оқ бұдұн мен оның 
қағанат құрған түркеш бірлестігінің этникалық құрамы мен этногенезі жөнінде бір-бірінен мүлдем 
алшақ көзқарастар сақталып келе жатқаны да аян. Осыған орай біз де әртүрлі пікірлердің бірнешеуіне 
тоқтала кетуді жөн көріп отырмыз. 
Нығмет Мыңжан қатарлы тарихшылардың пікірі «Түркештер Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс 
ел дулаттың белді тайпасы болған. Дулаттар ежелгі  үйсін күнбиі Елжаудың ортаншы ұлы Дулының 
(Далоның) үлесіне тиген он мың үйден өсіп өрбіген. Ду лы (Дұғлы) ұлысы дегеннен Дулат (Дұғылат) 
атанған. Демек түркештер ежелгі үйсін- дулы ұлысының ұрпағы. Олар шежіре деректерде «сары үйсін» 
деп те аталады. ... Дулат ұлысы заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдағы ежелгі үйсін  заманынан  Іле 
өзені өңірін мекендеген» [3], – деген қорытындыға келеді.
Шынында, осы пікірді біз де қуаттаймыз. Қазақтың шежірелік баяндарына назар аударған адам, 
қүллі ру-ұлыстардың аты, негізінен сол ру-ұлысты басқарған әйгілі адамдар атына тікелей байланысты 
болғанына қөз жеткізе алады.
Ал белгілі тарихшы Л.Н. Гумилев бірден «...Түркеш халқы екі тайпадан - мұқырлар мен аварлар-
дан пайда болды. VІІ ғасырдың өзінде-ақ түркеш тұқымдары сарыларға (мұқырлар ұрпағы) және қара-
ларға (аварлар ұрпағы) бөлінді» [4], – деп келте қайырады.
Ал мұқырлар деген кімдер дегенге ол Шабанненің сөзіне сілтеме жасап: «мүкрін, мұқры - мой-кі 
тұңғыстардың қытайлықтар мохэ деп атап кеткен тобына жатады [4], – деп жазады ол. Бұл жөніндегі өз 
ой топшылауларымызды сәл кейінге қалдыра тұрып, Түркештердің этногенезін толайым көктүріктерге, 
жалпы түрік этносына жатқызғысы келмейтін басқаша үстанымдағы қытай тарихшысы Су Бейхайдың 
пікіріне назар аударып көрелік. Ол былай дейді: «Бұл күндері еліміздің іші-сыртындағы Орта Азия 
даласы тарихы мен түрік тарихын зерттеушілер Түркеш қағандығын Батыс Түрік қағанаты аясында 
қарастырып жүр. Бұл  тарихқа сай келмейді. Өйткені, түркештер  қазақ ұлтына тән тайпаларға жатады. 
Солар құрған қағандық, былайша айтқанда, қазақ ұлты тарихта бірінші рет құрған қағандық. Алтайдан 
Каспийге дейінгі ұлан байтақ қазақ даласын бірлікке келтірген. ...Түріктер құрған қағандық емес» [5],– 
деп жазады. 
Тарихшы осы арада қазақтың ұлттық, мемлекеттік құрылымының қалыптасу барысына  тоқталу-
дың орнына «Таңнама, Батыс Түрік тарауындағы «Түркештер батыс түріктің басқа бір тұқымы еді” 
деген жолдарға негізделіп «Демек Таң дәуіріндегі адамдар түркеш пен батыс түріктер арасында айыр-
машылық барын  білген» [5], – деген қорытындыға тоқтайды.
«Таң дәуіріндегі адамдар білді» делінген «айырманың» ең белгілісі «Таң патшалығы тарапынан 
Түркештерді билеуге жіберіп тұратын Асана (Ашин) ханзадаларын қабылдамай қарсы тұратындығы, 
оның түп себебі - басқа емес, өздерінің (түркештердің - Ә.Д.) түрік текті болмағандығынан еді [5], 
дегенге саяды.
Бұл автордың пікірімен әсте келісуге болмайды. Бұл арада Түркештердің түрік текті Асана ханзада-
ларын бөтенсіну, жатсынып сыртқа тебу мәселесін академик Әлкей Марғұланның сөзімен – «Олардың 
125

қытайланып, өз халқының жауларына «Табғаш хандары сойына айналып кеткендігімен» [6] дәлелдеу 
оңайырақ, әрі тарихи шындыққа сай келген болар еді. Түркештердің түрікке оның ішінде батыс түрікке 
де бөтендігін дәлелдеу үшін Су Бейхай көк түріктерден қалған мәңгі тас жазуларынан да мысалдар 
келтіреді. Ол, Тоныкөкке арналған тас жазудың 19 жолындағы «Табғаш қағаны жауымыз еді» деген 
жолды  қалдырып:  «он  оқ  қағаны  жауымыз  еді»  деген  жолдарға  қоса  «Күлтегінге”  арналған  (үлкен 
жазудың 19 қатарынан «...білместігі үшін, бізге жауыздығы үшін қағаны өлді, он оқ халқы азап көрді» 
[7], дегенді мысалға келтіреді.
Тарихшылар мен түркологтар үшін ең сенімді, әрі ең бай дерек көзі Орхон-Енесай мәңгі тас жазуы 
екені даусыз. Сол қасиетті тас жазуда  түркеш пен батыс түрік халқының Орхон түріктеріне туыстығы, 
жанашыр жақындығы былай жазылған еді.
1. «Күлтегін” (үлкен жазу) 11-қатарда «Мен барлық айтар сөзімді мәңгі тасқа бастым. 12-қатарда, 
көңілдегі айтар сөзімді, он жебе ұрпағына, таттарға арнадым. Мұны көріп біліңдер...»
2.  18-қатар «...Түркеш қағаны  түркіміз, өз халқым еді».
3. Күлтегін қазасына аза тұтып, көңіл айта келген ондаған үлкенді-кішілі елдерден бөле-жара: «он 
оқ ұлым - түргіс қағанынан Макрач таңбашы, оғұз Білге таңбашы келді» - деп жазуында да айрықша 
жақындық білініп тұрғанын  жоққа шығаруға болмайды. 
Жоғарыдағы  үзінділерден  Түркештер  шаңырақ  көтерген  Батыс  Түрік  қағанатын  құраған  он  оқ 
бұдұн мен Орхон (Шығыс түрік) түріктерінің барынша жақын тілдес, салттас туысқан халықтар екені-
не көз жеткіземіз. Батыс Түрік пен Шығыс Түрік қағанатын құраған тайпалардың этникалық құрамы 
жөнінде қытай тарихшысы Лин Ганды тыңдап көрелік: «Батыс Түрік пен Шығыс Түріктің ата-бабасы 
әуелден бір болатын. Шығыс Түріктің бөлшектенуі - түркілік саяси күштердің шығыстан батысқа қа-
рай кеңеюіне орай, билеуші топтардың ішкі қырқысуларының тікелей нәтижесі, түріктердің ұлттық 
құрамының өзгеріп, бөтенденіп кетуінен болған емес» [8].
VІ-VІІІ ғасыр аралығында он оқ халқының этникалық құрамында да этноаумағында да айта қалар-
лықтай өзгеріс болмағаны, тек бес Арыс Дулаттың кейбір рулары Жетісу аумағынан жылжып Еренқа-
бырға, Боғда тауларына, Бесбалық, Құмыл атырабына дейін  шығандап барса да  Түркештер күшейген 
тұста қайтадан Тарбағатай, Жетісу жағалап ата қонысына жақындағаны  анық байқалады.
Тұтастай алғанда он оқ халқының тең жарымын құраған «Бес арыс дулат» ру-ұлыстарының эт-
никалық мекен-жайы - Жетісу мен Жоңғария, Тарбағатай мен Еренқабырға өңірі болды. Ал, олардың 
тайпалық құрамы ескі тарихи жазбалар мен шежірелерде  былай айтылады:
1. Чимойын (Шу му күн) Лүй-чор ұлысы, Тарбағатай өңірін мекендеді.
2. Қойлау (Ху лу шы) - Күлүч-чор ұлысы - Манас өзенінің солтүстігі мен батысында.
3. Ысты - (Ше шы ти) Тон шор ұлысы - Бұратола өзені аңғарында.
4. Түркеш - Алаш шор (Ту ши шы хе ло шы) ұлысы - Іле өзенінің ортаңғы және төменгі аңғарының 
терістік бетінде.
5. Жаныс - Шопан чор (Шу нишы Шубан) ұлысы - Қарашәр мен Жұлдыз өзені аңғарында.
Тарихшы Н. Мыңжан «Жұң Гуо тарихи сөздігі, түрік тарауына» сілтеме жасай отырып, аталмыш 
түркеш, қойлау, чимойын, ысты, жаныс дегендер тайпа аттары. Алаш, Лүй, Күлүч, Тон, Шопан деген-
дер тайпа бастықтарының аттары болар деген байламға келеді.
«Он оқ бұдұнды» құрайтын екінші бестік «Бес тайпалы Нүшбе» деп аталады. Таң патшалығының 
«Жаңа және көне тарихында» бес тайпалы Нүшбе төмендегіше жазылған болатын:
1. Азғыз (Аскіл) Күл - Еркін ұлысы.
2. Касо - Күл - Еркін ұлысы.
3. Барысқан (Бо сай Ган) (Барсаған) тон Ашбар - (Дун  Шабо) Еркін ұлысы.
4. Азғыр (Аши же (Аскіл), Нижұқ (Ни шу) - Еркін ұлысы.
5. Касо - Шопан Гешу   Шубан - Еркін ұлысы [9].
Бұлардың бәрі де Шу мен Таластың Батыс оңтүстігін мекендегені аян. Мұндағы азғыз, касо, ба-
рысқан дегендер тайпалардың аттары. Күл-тон, Ашбар, Нижұқ, Шопан дегендер сол тайпаны билеген 
көсемдердің аттары, ал, еркін солардың лауазым аттары еді. Осындағы касо, азғыз, азғыр деген тайпа 
аттарының  қайталануы,  тайпалар  көші-қонымен,  әкімшілік  бөліністерінің  әр  кезде,  әрқалай  өзгеріп 
отыруына қарай қалыптасқан деп қарау керек. Кейде ру аттары сол руды билеуші көсемінің мансабы-
ның атымен (Мохэ Даган, Суго Мохэ т.б.) аталып кеткен жағдайлар да кездеседі. Оның себебін басқа-
дан іздеп әуреленудің керегі жоқ. Ол тек Орда жазбалары, көшпелілер өмірі мен тұрмысын, ел билеу 
жүйесін анық біле бермейтін қытайлық әскерилер қолымен жазылған рапорттарды негіз ететіндігіне 
126

байланысты болатын. Оның нақтылы көрінісін касо тайпасының көші-қоны мен этникалық құрамының 
өзгерісінен анық байқаймыз. Касо тайпасы кезінде Батыс Түрік қағанатының Шығыс жағында Чуйо, 
Чымыр, Бесенелермен көрші болды. 
634  жылы  Шбара  хилаш  атағымен  Батыс  Түрік  қағанатына  Таң  патшалығы  тағайындаған  Тоңа 
Шад билігін нығайтып, он оқ халқын өзіне тарту мақсатымен “он оқ тайпасын” басқару құрылымына 
өзгеріс енгізді. Осыған дейін бір мезгіл нақтылы билігі де айқын шек-шекарасы да болмай келген он оқ 
тайпаларындағы «Бес Дулаттың» әрқайсысына бірден Чор ал, Бес Нүшбеге бірден Еркін тағайындап 
бақылауды күшейтті.
Дәл осы тұста касолар екіге бөлінді. Оның бір бөлегін Күл Еркін, екіншісін Шопан Еркін биледі. 
Ал, Түркеш қағанатының алғашқы жылдарында касолар Батысқа жылжыды да Жетісудың шығысын-
дағы қарлықтармен араласа қоныстанды.
Бара-бара қағандықтың оң қанатындағы нүшбелер құрамына қосылып кеткен. Қарлықтар Батысқа 
жылжып, Түркештердің мекенін иеленген тұста касолар да бірге қоныс аударған болса керек. Араб та-
рихшысы Әль-Ауфи қарлықтар ішінде үш ұлыс қазақ бар дегенде сол касаларды назарда ұстаған болар.
Азғырлар туралы да осыны айтуға болады. Шбара Хилаш он оқ тайпаларын сол қанат және оң 
қанатқа айырып басқарғанда азғырлар да екіге бөлінді. Оның бірін Күл Еркін, екіншісін Нижұқ Еркін 
билеген.
Тарихи жазбаларда каса, гыса, хеса, гешу т.б. түрінде жазылып келген этнос атауын зерттеушілер 
оның бүгінгі қазақ этнонимінің ертедегі айтылуы бойынша қытайша жазылған түрі деп пайымдаула-
рында шындық бар деп қараймыз.
Тарихи  жазбаларда  Батыс  Түрік  қағандығы  да,  Түркеш  қағандығы  да  «он  оқ  бұдұн»,  «он  жебе 
халқы»  немесе  «он  тайпа  қағандығы»  деп  аталып  кеткенімен  қағандық  құрамында  басқа  да  толып 
жатқан  үлкенді-кішілі  тайпалар  болғандығы  қытай  жазба  деректерінде  анық  жазылған.  Қытай  та-
рихшысы Лин Ган «он жебе тайпаларына» тағы да 11 тайпаның аты мен мекен-жайын көрсетіп жазған 
еді [8]. Олар мыналар:
1. Түркеш - Суөго - Мүһы (Сақал Баға - Ә.Д.) ұлысы - (Іле өзенінің орта және төменгі сағасының 
терістік жағасында.
2. Қарлық - мұрын (муло) ұлысы - (Зайсанның шығысы мен Ертіс өзенінің оңтүстік жағалауында.)
3. Қарлық Чи-Еркін ұлысы (мұрындардың Шығыс оңтүстігінде)
4. Қарлық - тасты (Ге Лолу Та ши (мұрындардың Батыс оңтүстігінде) оңтүстігі шимойындармен 
шектеседі.
5. Яғма ұлысы [10].
6. Мұқы Тархан (Мохэ Даган) ұлысы.
7. Ду Можы ұлысы [11].
8. Чуми ұлысы (шөрелер).
9. Чу йо ұлысы (Үрімжінің Батыс оңтүстігінде)
10. Шато ұлысы (Баркөлдің шығысында)
11. Хеса ұлысы (Каспий теңізі маңында)
Осыншама көп ру-ұлыстардың басын біріктірген Батыс Түрік қағанатының мұрагері болған Түр-
кеш қағандығы айбынды қолбасы Сақалдың тұсында тіпті дәуірлеп, төрт тарапқа мәлім болғанын Таң 
патшалығының 708 жылы Сақалды «он төрт тайпа қағаны» деп танитындығын әрі оның «Алып Білге 
қаған» деген атағын да мойындағанынан да байқауға болады. Мұндағы «алып» сөзі күллі түрік әлемі-
не белгілі «күшті, мызғымас тақ иесі» мағынасында қолданылып тұр. Ал, «он төрт тайпа» дегені Бес 
Дулат, Бес Нүшбеге қалың қарлық пен Мұқы тархан, Думожы тайпаларын тұтас аумағымен Түркеш 
қағандығы иелігі ретінде мойындауы болып табылады.
Аталмыш он төрт тайпа бірлестігіне жоғарыдағы 21 тайпаның ішіндегі шато, чуми,  чу йо қатарлы 
ірі тайпалар енбей қалған тәрізді. Әйтсе де бұл тайпалар да Түркеш қағандығынан аулақтанып басқа 
жаққа  кете қойған жоқ. Шато бір кездері  шу йоның құрамында Батыс Түрік қағанатына бағынып, Іле 
өзені аңғарын мекендеп тұрған уақытта түркештермен тығыз байланыста аралас-құралас өмір сүрген.  
Батыс Түрік қағандығы әлсіреп, ішкі қырқыс жиілеп, асқынған тұста шығысқа жылжып Баркөл мен 
ұлы қорған шегіне дейін ауа жайылып қоныстанады. Осы замандарда олар шато түріктері деп атала 
бастайды.
Таң дәуіріндегі жазба деректерде шатоны ежелгі аты бойынша чу йо деп жазатын болған. Чу йоның 
мағынасы - шатоларды билеуші дегдар тұқымының аты болған. «Жу ие» аталығының дыбыстық аудар-
127

масы еді. Академик Ә. Марғұлан ол сөзді «Жәуке-тәуке» түрінде  жазады. Шатолардың билеушісінің 
мансабы Батыс Түрік қағанаты тұсында да, Түркеш қағандығы тұсында да Күл Еркін деп аталады.
Шато сөзінің этнонимі құм-шөл, немесе құмдық, шөлдіктер дегенді білдіретіндіктен де болар ұй-
ғырлар  «шато түріктері» дегенді «шөл түріктері» деп, кейде «сарт түріктері, сатарлар» деп жазып жүр.  
Шатолардың бір бөлегі ІХ-Х ғасырларда қытайланып, бір бөлегі ұйғырланып, ал, бір бөлегі түркештер 
құрамына қосылу арқылы кейінгі орта жүз, найман, уақтардың қатарларын толықтырады.
Жоғарыда атап өткеніміздей Түркештердің шығу тегі мен этникалық құрамы жөнінде өзгеше, тіпті 
бүтіндей  басқаша  дерлік  көзқарастағы  ғалымдардың  бірі  Гумилев  болатын.  Ол  өзінің  әйгілі  «Көне 
түріктер» атты кітабында  Түркештер туралы әлденеше жерде арнайы тоқталған. Л. Николаевич «Түр-
кеш халқы екі тайпадан мұқырлар мен абарлардан пайда болды... Абарлар мен мұқырлар сияқты олар-
дың ұрпақтары Түркештер телестік те, шулық та, тегінде түріктік те (түркіттік) топқа жатқан жоқ» [4], 
– деп тұжыра жауап берді.
Біздер оның бұл тұжырымын қостай алмаймыз. Біздің түсінігімізше Л.Н. Гумилевтың жоғарыдағы 
тұжырымды жасауға итермелеген үш жағдай болса керек. Оның біріншісі, әрі ең бастысы - қытайдың 
«Жаңа және көне таңнама» дейтін тарихи жазбаларында жиі кездесетін мохэ, суо гэ мохэ, мохэ ду, 
алиша, мохэ даган т.б. атаулардың этимологиясы мен қолданыс аясын дұрыс түсінбеуден болса керек. 
Ендеше жазба деректерде осы атаулар қалай қолданылған, ол Л.Н. Гумилев айтқандай ру-тайпаның 
аты ма, әлде мансап-лауазым аттары ма немесе әр кезеңде бір-бірінің орнына ауыстырылып қолданыла 
берді ме деген  сұрақтың жауабын іздеуге тура келеді.
Бұл сұрақтарға жауап іздеуге әрекеттенгендіктен де болар Л.Н. Гумилев өзіне дейінгі зерттеушілердің 
сілтемелерін талдай келе « ...мохэ (шабани «баға» деп оқиды) ешқандай да біреудің жеке есімі болуы 
мүмкін емес, өйткені Үш желенің де «Мохэ даган» деген құрметті атағы болған [4], – деп жазды. 
Біз өз уәжімізді осы арадан - «мохэ даган» құрмет атағы дегеннен өрбіткенді жөн көрдік.  «мохэ» 
қытай жазба деректеріне  тым ертерек ілінген атаудың бірі. Ол алғаш рет «Солтүстік Вей» патшалығы 
тарихында (386-534) «ормандықтар» деген мағынаны білдіретін  Шывій түрінде хатталады. Ол кейбір 
тарихшылардың пікірінше «Шиян Би» деген тұңғыс тайпасының басқаша жазылған түрі көрінеді. Вій, 
Таң патшалығы дәуірінде Шы- війлердің 20 дан көбірек тайпалары болғаны, олардың елбасыларын 
“Мохэ  дуо” деп атайтындығы [12] белгілі болған. Осыдан былайғы қытай жазба деректерінде «мохэ»  
әртүрлі қосымша жалғаулар тіркелген түрде, мәселен, мо хэ фу мо хэ Даган мо хэ Дагуан, мо хэ қаған 
мо хэ Дуошы т. б. атауларда кездесіп отырады. Бұл жөнінде тарихшы Лин Ган мынадай анықтама бе-
реді: «Бұл сөздер түрік тілді халықтарда жиі кездеседі. Оның ішінде мо фу мен мо хэ сөзі бүгінгі түрік 
тілінде  баһадүр_ күшті немесе ержүрек, жау жүрек  дегенді білдіреді» [8]. Ол әр кездегі қолданыста 
көбінше тайпа атын емес, мансап, онда да әскери шен дәрежесін көрсетіп тұрған  атаулар болатын. 
«Мо хэ» ны қытай-түрік тарихының білгірі Н. Мыңжан кейде «мұқы» түрінде, кейде «баға» түрінде 
қолданады. Ал, ұйғыр тарихшылары мохэны - баға деп, мохэ дуоны бағадур түрінде жазып жүр. Мо хэ 
даган - баға тархан ретінде қабылданып, қалыптасып кетті деуге болады. Олай болғанда Л.Н. Гумилев 
«мұқры-бакрин»  этнонимін  қайдан,  қалай  алған  болды  екен  дейтін  заңды  сұрақ  туады.  Ол  сұраққа 
жауап  ретінде:  қытайлықтар  тайпа  мен  тархан  құрметті  атағын  бір  ғана    иероглифпен  жазады.  Бұл 
«мохэ-баға» термині адамның қай тайпаға, бұл арада мұқры-бакринге жататындығын білдіреді. Со-
ның өзінде Мо хэ Дигань яғни, Мұқры Тарханы - тұқымдық атақ екенін, өйткені Түркеш қағанатының 
бағыныштылық тәртібінде бізді қызықтырып отырған бұл персонаж Куль-чур құрметті атағын алып Чу 
мугунь тайпасын басқарғанын ескеруіміз керек [4], – дегенді келтіреді. Біріншіден қытайлықтар тайпа 
мен құрметті атақты бір ғана иероглифпен жазып тұрған жоқ, «баға тархан» дейтін әскери атақты біл-
діріп тұр, екіншіден Түркештер ғана емес Орхон түріктері (көк түріктер) де «Баға тархан» атағын кеңі-
нен пайдаланған. «Тоныкөк» мәңгі тас жазуының 6-қатарында дана Тоныкөктің «Білге тоныкөк - бойла 
баға тарханмен» (Білге тонукук, бойла баға тархан  бірле) атағы бар екендігі анық жазулы тұр. Сонда 
Тоныкөкті де бойла мұқры-тарханы еді деп қабылдауымыз керек пе еді? Л.Н. Гумилевтің өзі де «718 не-
месе 719 жылдары хан оған тарханның бойла бағасы шені мен мемлекеттік кеңесші қызметін қайтарып 
берді [4], – деп жазған жерлері де бар. Бұл арада мұқры-тархан туралы сөз болмай тұрғаны түсінікті.
Көк түріктер қағанатының негізін салған ағайынды Бумын мен Естеми қаған тарихын зерттеушілер 
пікірін сарапқа салушы қытай тарихшысы Лин Ганның пікірлері де ойлануға тұрарлық деп қараймыз. 
Ол былай дейді: «...Батыстағы тайпаларды басқаратын мансаптыларды көбінше ябғу деп атайды. Мәсе-
лен,  Батыс  Түріктің  түп  атасы  Естемидің  әкесі  Ұлық  ябғу  еді.  Естемидің  өзі  болса  бағындырылған 
өңірдің ябғуы (мо хэ дуо йе ху) болған. Батыс Түріктердің кейінгі қағандарына көбінше “ябғу” атағы 
128

қосымшалана айтылатыны содан болар. Мысал үшін, Шекуй қағанның ұлы алғашында ябғу деп аталса, 
Шекуй өлгеннен кейін Тұң ябғу таққа отырды да «Тұң ябғу қаған” деп аталды» [8].  
Жоғарыдағы  айтылғандарды  түйіндер  болсақ,  сонау  ІV-V  ғасырдан  бастап  тарихи  жазбаларда 
көрінген «Мохэ» атауы негізінен тайпалық, халықтық этноним болмастан, Шиян би - Шы вій, қомұқ 
(ку мочи) жүржіттерден (авар) бастап, түрік қағанаты (шығыс, батыс) мен Түркеш қағанатына дейінгі 
үлкенді-кішілі әскери мемлекеттік билік жүйесінде қолданылып келген, қағаннан кейінгі ябғу дәреже-
лес немесе жабғудан кейінгі үлкен лауазым аты деп санаймыз. Ал, Түркеш қағандығында «Баға тар-
хан» қағанның қол астындағы ірі әскери қолбасшы, тіпті  бас қолбасы дәрежелес мансапты болса керек.
Мәселен,  Түркеш  қағандығының  негізін  салушы  Өжелі  -  Өгелі  «...  алғашында  Ху  селоның  
(Хұсрау) қол астындағы . Баға тархан деп аталушы еді» [13], - деп анық  жазылған. Мұнда да сөз Мұқры 
тайпасы туралы, Мұқры - дигань  туралы емес, нақтылы  әскери билік атағы жөнінде айтылып тұр. 
Л. Н. Гумилев сүйенген екінші тұғыр - яғни мұқры соге және моко рулары жөніндегі сілтемелері-
нен көрінеді. Ол былай деп жазды: «Олар жөніндегі алғашқы мәліметтер VІІ ғ. екінші ширегіне жата-
ды, онда бұлар Дулудың бес тайпасы құрамында атап көрсетілген, 659 жылы Батыс түріктік қағанатты 
қытайлықтар жаулап алған кезде түркештер екі әскери округті: Соге және моко рулары өмір сүрген Іле 
өзені алқабының жоғарғы бөлігіндегі Ву-Ләуды және Алишелер тұрған Іле өзенінің  батысындағы Го 
- Шаньді мекендеді [4].
Түркеш қағанаты құрылар қарсаңында яғни, 659 жылдан былай қарай Батыс Түрік қағанатына қа-
расты ел мен жерді Таң патшалығының  тізгіндеуші  әскери әкімшілік аймақтар құру арқылы басқарған  
болатын.
Мәселен: 659 жылы қайта құрылған Күнлин тұтұқ мекемесіне (кейіннен Бей тиң - Бесбалық) 
қарайтын 23 уәлилік құрылған еді. Солардың  қатарында  Түркештер  қоныстанған  өңірде  құрылған 
уәли мекемелері Л.Н.Гумилев айтқандай екеу ғана емес, кейінірек түркеш қағандығына негіз болған 
«Бес Дулат пен бес Нүшбені қамтыған алты уәли мекемесі құрылған болатын. Олар: жазба деректерде 
былай көрсетілген [14]:
1. Бүгінгі Шинжияң Тарбағатай өңірін мекендеген Шимойын Лүй ұлысын бақылайтын Хұң Ян 
Уәли мекемесі .
2. Вен Лу ( Ву-Ләу емес. Ә. Д.) Уәли мекемесі - Іле өзені орта және төменгі ағысының терістік  
жағасын мекендеген Сақа Баға (СуегеМұхе ) ұлысының аумағы.
3.  Жие сан уәли мекемесі - Суеге мұхе ұлысының батыс аумағын мекендеген түркеш Алаш - Али-
ше ұлысы.
4. Екі өгіз уели мекемесі - Ысты тон шор ұлысы мекендеген бүгінгі Шинжяңның Бұратала ауданы-
на қарасты батыс Бұратала өзені бойында құрылды.
5. Иың Са уәли мекемесі - Жаныс Шопан шор ұлысы мекендеген ертедегі Агінй, Қарашәр аумағын-
дағы Жұлдыз өзені аңғарында.
6. Ян бо жу уәли мекемесі - Қойлау Күлүч чор ұлысы мекендеген Үрімжінің батыс солтүстігі мен 
Манас өзенінің батысында құрылды. 
Біз бұдан Түркеш қағанаты құрылу қарсаңындағы туыстас түркі халықтарының этникалық орнала-
су жағдайын байқай аламыз. Түркеш қағанаты құрылғаннан кейін де ру-тайпалардың өріс-қонысында 
да, әлеуметтік жіктелуінде де үлкен өзгеріс болмағанын көреміз. Сондықтан да бұл өңірде елден ерек 
даралап айтар «Манжурлардың орман-тоғай тайпасы делінетін аварлар мен (мохэ) мұқырлар» жөнін-
дегі сөз орынсыз сияқты. Олай дегендік, берісі түркештер, арысы хұн, үйсін, көк түріктер құрамында 
тұңғұс-манжұр текті, авар-моңғол текті халықтар болмаған дегендік емес. Түрік халықтары құрған үл-
кенді-кішілі мемлекеттік құрылым нығайған тұста мемлекет атын иемденген билеуші тайпалар төңіре-
гіне алуан түрлі шағын ру-ұлыстар, бөгде халықтар өкілі көптеп шоғырланып отырды. Уақыт өте келе 
бір-біріне сіңіп, кірігіп кетті. Түркеш қағанаты құрамында батысқа ауған аварлар (жүржіт-жужандар) 
мен мұқры-бәкріндердің көшке ілесе алмай қалған топтарының да бар екеніне күмән келтірмейміз. Тек 
Түркеш қағанатының негізін қалап, өз атын берген түркештердің түріктерге еш қатысы жоқ, манжур-
лардың орман-тоғайлық мүкрін, бакриндер болатын дейтін Гумилевтік талдаудың тарихи шындыққа  
үйлеспейтін жерлерін арнайы  атап көрсеткіміз келеді.
«Қазақ совет энциклопедиясының» 11 томында: «Түргеш Батыс Жоңғария мен Жетісуды мекенде-
ген түркі халқы»... дей келіп соңынан... қытай, араб, парсы жылнамаларына қарағанда (қандай жылна-
малар? - Ә.Д.). VІ ғ. да авар, муари тайпаларының біріккен одағы. Бұлар ҮІІ ғ. да Батыс Түрік қаған-
129

дығының құрамына енді [15], – деп жазылған.
Түркештер жөнінде қалам тартқан авторлар түгел дерлік осылай жазады. Бірақ тарихи дәлел, 
ғылыми талдауға бармайды. Ал, көзқарасын дәлелдегісі келген  Л.Н. Гумилев өзінің белгілі тезисі бой-
ынша: «Түркеш халқы екі тайпадан: мұқырлар мен аварлардан пайда болды. VІІ ғасырдың өзінде-ақ 
түркеш тұқымдары сарыларға (мұқырлар тұқымы) және қараларға (аварлар ұрпағы) бөлінді. Бұл арада, 
Азияда сары түс ақ сүйектікті, ал, қара түс бұратана халықты бейнелеп келген» [4], – деп жазады. Л.Н. 
Гумилев одан әрі нақтылап: «Біздің талдауымыз бойынша «сарылар» байырғы тұрғындар - мұқырлар, 
ал, «қаралар» келімсек аварлар. Олар бірігіп, бір халық болып кетсе де өздерінің шыққан тектерін, 
нәсілі бөлектігін әлі ұмыта алмаған” [4], – деп жазады.
Біз осыған дейін түркештердің тегі мен этникалық құрамы жөніндегі ой-пікірлерімізді, олардың 
этноаумағы бойынша жүйелеп беруге ұмтылдық. Ал, тарихи жазба деректерге жүгініп Түркеш этно-
нимінің этимологиясына тоқталар болсақ сөзді мынадан бастар едік.
Түркештер жөніндегі кейбір жазба деректі тарихшы Сы Магуаң (1019-1086 ж) құрастырған «Билік 
ғибратнамасынан» кездестіреміз, онда: Ту ши шы деген Батыс түріктің Бес Дулат тайпасының бірі. Іле 
өзенінің орта және төменгі жағасында, оңтүстіктен солтүстікке қарай жайыла қоныстанған” [16] – деп 
жазылған. Ал, «Күлтегін» (үлкен жазу) ескерткіш тасындағы  « -  түргеш қағаны түркіміз, өз халқым-
нан еді)  және он оқ ұлым, түргіс қағаннан...» [17] – деген жолдардың авторы Иоллуғ Тегін өзінің ата 
жауы саналған тұңғұстар мен аварларды «өз халқым, өз ұлым»- деп жазбаған болар еді.
Араб тарихшысы Эл-Идриси Түргешті – turgis нағыз түрік, шын түрік деген мағынаны білдіретін 
түрік сөзі деп түсіндірген болатын. Арабтың тағы бір тарихшысы Ибн Айтхам Эл-Куфи түсінік бер-
местен «turgis» түрінде жазғаны белгілі.
Сайып келгенде, біз түркештің түрік екенін, «нағыз түрік» екенін, дулаттың белді тайпасының бірі 
ретінде Жетісу мен Ерен қабырғаны мекендеп келген ежелгі халық екеніне күмән келтірмейміз. Сон-
дықтан да VІ ғасырдың алды-артында Жетісуға келіп қоныстанды делінген мұқырлардың (мохэ-мү-
крилер) VІІ ғасырдың басында Жетісудың «байырғы тұрғыны» ретінде сарылар - ақсүйектер қатарына 
жатқызатын Л. Гумилевтің тұжырымына қосыла  алмаймыз.
Ал, Түркеш халқын пайда қылды делінген екінші этникалық аварлар жөніндегі нақтылы тарихи де-
ректерді кездестіре алмадық. «Таңнама» (Көне және жаңа) «Сүйнама», «Билік ғибратнамасы» қатарлы  
ескі дерек көздеріне сүйенген белгілі қытай тарихшысы Шуе Зұңжың былай дейді: «Түркеш қағандығы 
- Таң патшалығы дәуірінде Батыс өңірде бірінші рет, басқа бір түрік әулеті құрған өкімет еді. Оны түр-
кеш, шеп, шимойын (шу мукүн) қатарлы үш тайпа құрды.  Осының алдыңғы екеуі тарихтан бері қаған 
шығып келген тайпалар болып, соңғы біреуі - (ши мойын) қағандықтың ең басты көмекші қолқанатта-
ры еді. ... 738 жылы Сұлұқ қаған өлтірілген соң қағандық ішіндегі сары және қара тұқымдар арасында 
қырқыс басталды да, мемлекеттің берекесі қашты» [18].
Демек, тарихтан бері қаған шығып келген түркеш, шеп тайпасы тұтастай алғанда ақсүйек «са-
рылар»  аталуға хақылы. Олай болғанда «келімсек, қаралар»  шимойындар болып шығады. Алайда 
олай деуге ешбір тарихи негіз жоқ. Біздің пайымдауымызша түстер, оның ішінде сөз болып отырған 
VІ-VІІІ ғасырдағы «азиялықтардың»  сары, қара түстер жөніндегі ұғым-түсініктері  тіпті де басқаша 
болса керекті.
Өздерін «көк пен жерден жаралған, күн мен ай таққа отырғызған... Тәңірінің ерке перзенті» деп 
білетін хұндардың ұрпағы - түріктердің «тәңірдей, тәңірден болған» көк түріктер атауы әсте кездей-
соқтық емес еді. Түрік халықтары үшін «көк» түс қасиетті, киелі, көк бөрідей тәңірлік мағынаға ие. 
Түріктің тәңірлік наным-сенімі бойынша “Көк - әке, жер - қара жер ана, тіршілік көзі мәңгіліктің - 
сарқылмас  күш-қуаттың  баламасы  іспетті.  Түрік  қағандарының  атағына  қосыла  айтылатын  «қара» 
сөзінің  осындай  -  жердей  зіл  батпан  салмағы  бар  болатын.  Мысалы:  алғашқы  түрік  қағанатының 
(552-603) 7-қағаны Баға қағанның (Мохэ қаған)  «қара шор» лауазымы болса, екінші Шығыс Түрік 
қағанатының (603-630) 3-қағаны - Қара қаған деп  аталды.
М. Қашқари «Қара» сөзіне «Хақаняның хандары «Қара» деп аталады. Бұғра Қара қаған - Бура 
қара хан» деген сияқты [19] - деп анықтама берген болатын. Әлемнің түркологтары мен тарихшылары 
«түстер» жөнінде, оның этимологиясымен, этникалық тарихына қатысы жөнінде көп жазды, көп та-
ласты. Ақырғы сөз әлі айтылған жоқ.
Қытай тарихшысы Шуе Зұңжыңның пікірі «Қара» жөніндегі бұлдырлыққа сәуле түсіретін сияқты. 
Ол былай дейді: «Түркеш» қағандығының соңғы кезінде Сұлұқтың ұрпағы арасындағы тақ таласы 
өршіп кетті. Қағандыққа жол ашып, көш бастаған Сақал хан шыққан түркеш тайпасы  сары шаштылар 
130

тұқымына жататындықтан оны қолдаушылар сарылар (сары тұқымдылар - Ә.Д.) деп аталынды. 
Ал, Сұлұқ болса қағандықты қалпына келтіріп, айбынын асырған қаған еді. Ол шыққан Шеп 
тайпасы қара шашты, нақ моңғолдық типке жататындықтан  Сұлұқты қолдаушылар қаралар (қара 
тұқымдылар - Ә.Д.) болып аталды» [18].
Бұл  арада  сөз  -  ақ  сүйек,  қара  сүйек,  бұратаналар  туралы  болып  тұрмаған  сияқты.  Өйткені, 
Сақал да, Сұлұқ та тарихтан бері қаған шығып келген түркеш пен шеп сияқты билеуші - ақсүйек 
тайпаның өкілдері еді. «Келімсек аварлар» туралы бір нәрсе деуге орын жоқ тәрізді.
«Қара, қара шаштың» дегдарлыққа, ақсүйектікке қатысы туралы ой кездірер болсақ сөз ұзаққа 
кетеді. Түйіндеп айтқанда Миллер мен Г.Е. Грумм-Гржимайлолар хұндардың қара шаштыларға жа-
татынын, ал, Х. Короғлы «Оғыз ханның шашы мен сақалы қара болғанын» [20] - жазған еді.
Грумм-Гржимайлоның анық жазғанындай түріктердің де шашы қара болған. Түріктердің дене 
бітімі мен түр-түсі қандай болғанына дауласпай-ақ Күлтегін бейнесі түсірілген тас мүсінге  бір қа-
рай салу жеткілікті. 
Енді бірер сөз Сарылар, сары шаштылар жөнінде.
Антропология,  генетика  ғылымдары  әлдеқашан  дәлелдеп  бергендей,  қазақ  антропологиялық 
типі негізгі екі расалық жүйеден құралған. Оның бірі - еуропеоидтік, екіншісі - монғолойдтық раса-
лар. Бірінші жүйе қазақ даласының негізгі тұрғындарына тән қасиет болып саналады.
Қазақстандық  антропологтардың  соңғы  зерттеулерінің  қорытындылары  бойынша:  «Түріктер 
заманының (VІ-ХІІІ ғасырдың басы) жинақтап алынған краниологиялық  деректеріне талдау жасау 
Қазақсатан аумағынан еуропеоидтік элементтер монголоидтік элементтерден біршама басым бола-
тын аралас антропологиялық тұрпатқа тән морфологиялық  топтарға жататыны анықталды» [21]. 
Заманымыздан бұрынғы Ш ғасырдан бастап Жетісу мен  оңтүстік  Алтай, Еренқабырғаны ме-
кендеген    үйсіндердің  нәсілі  жөнінде  Таң  патшалығы  (618-907)  дәуірінде  өмір  сүрген  Ян  Шыгу 
(581-645 ж) «Үйсін Батыс өңір ұлттары ішіндегі пішіні тым   ерекше. ...Көзі көк, сақалы жирен» 
[22], деп жазады.
Біз  Түркештер  ежелгі  үйсін-дулы  ұлысының  ұрпағы,  шежіре  деректерінде  айтылатын  сары 
үйсінді Түркеш қағандығы кезіндегі Өжелі мен Сақал қаған шыққан сарылардың (сары тұқымды 
түркештер)  үрім-бұтағы  дейтін  пікірді  қолдағымыз  келеді.  Үйсіндер  оның  ішінде  сары  үйсіндер 
2000 жылдан бері Жетісу өңірінен табан аудармай өмір сүріп келгені, қазақ халқын құраған ежелгі 
ру-ұлыстардың бірі ретінде күні бүгінге дейін ата қонысында отырғаны баршаға аян. Мұны бүгінгі 
антропологиялық зерттеулер де дәлелдеп отыр. 
Белгілі антрополог академик О. Смағұловтың қазақ антропологиялық типінің қалыптасу бары-
сы жөніндегі мына бір түйінді пікірі біздің жоғарыдағы ойларымызға ғылыми негіз бола алады. Ол 
былай деп ой қорытады:
«...Это особенно отрадно и примечательно для казахского народа, который вместе  со своими 
близкими и дальними физическими предками, обитавшими на современной территории Казахстана 
на протяжений 40 веков, неизменно проживает на собственной географической, антропологической, 
этнической и культурной родине. Есть полное основание считать, что от эпохи бронзы, включая со-
временность, весь культурно-исторический процесс на данной территории протекал без каких-либо 
природно-климатических катаклизмов, без редких смен  древнего этно-антропологического пласта 
и без полного изменения базовых хозяйственно-культурных традиций» [23]. 
Осыған орай М. Ақынжанов қатарлы тарихшылардың Түркештердің этникалық тегі мен этникалық 
қалыптасу барысын қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуының алғашқы дәуірі ретінде қарасты-
руға талпынысы назар аударарлық жаңалық деп қараймыз. Ол былай дейді: «...Қазақтың халықтық 
негізіне алғашқы ұйытқы болған түргеш пен қарлық одағы болды. ...Түргеш одағының құрамына 
болашақ  қазақ  халқының  негізгі  ру-ұлыстарының  бір  сыпырасы  бірікті.  ...  Түргештің  құрамында 
үйсін (сары үйсін, қара үйсін) ...Сары түркеш, қара түркеш, қаңлы, дулат, қарлық, арғын, қыпшақ 
ұлыстары болды» [24].
Қазақ халқының ұлт болып ұйып, өз атымен аталатын мемлекет құрғанға дейінгі дәуірлердегі 
этникалық тек  тамыры мен құрамы жөнінде, әсіресе ол ру-ұлыстар құрған үлкенді-кішілі қағанат-
тар мен хандықтардың арасындағы дәстүрлі жалғастық, мұрагерлік мәселесі Отандық тарихшылар-
дың назарынан тыс қалмауы керек. Қазақ даласында өмір сүріп, елдік салтанат құрған хұн, үйсін, 
қаңлы, иобан (албан), түрік, түргеш, қарлық, қарахан мемлекеттері бір тұтас, жалғасты мемлекеттік 
ұғым-түсінік аясында қарастырылуға тиіс.
131

Біз осы жағдайларды ескере отырып, қазақ жерінде өмір сүріп, елдік салтанат құрған ру-ұлыстардың  
Ерте Орта ғасырдағы этникалық тарихын мынадай екі  үлкен тарихи  дәуірге бөліп қарастыруды 
жөн көреміз.
1. Қазақ халқының арғы тегі мен негізгі құрамына ұйтқы болған ру-тайпалар біздің заманымы-
здан бұрынғы V ғасырдан заманымыздың VІ ғасырына дейінгі аралықта ұлан-байтақ қазақ жерінде 
өмір сүріп, елдік салтанат құрды. Яғни, тайпалық одақтар негізінде бірігіп-тіршілік етуде олардың 
нәсілдік белгілерінде, тұрмыс қалпында мәдениеті мен тілінде жақындық, ұқсастық көп болды.
2.  VІ  ғасырдан  ХІІІ  ғасырдың  басына  дейін  тайпалық  одақтар  дамудың  жаңа  сатысына  кө-
теріліп, біртұтас мемлекет туы астына топтасу арқылы ұлттық, халықтық белгілері айқындала түсу 
кезеңін басып өтті. Түрік қағанаты (Шығыс және Батыс түрік), Түркеш қағанаты, Қарлық қағанаты, 
Қарахан-қара қытай (кидан) хандықтары тұсында бір орталыққа бағынып, аралас-құралас өмір сүру 
барысында бір-біріне жақындасып, этникалық бірігу жолына түсті. Біртұтас мәдени, тілдік, діндік 
ахуал қалыптаса бастады. Сөйтіп, ру-тайпалық айырмашылықтар барынша азайып, халықтық, ұлт-
тық қасиеттер орныға бастады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет