Әдебиеттер
____________________________
1 Классовый и профессиональный состав городского населения ТССР в 1923 г. Приложение к стати-
стическому ежегоднику. – Ташкент: Издание Туркестанского экономического Совета, 1924. – С. ІІ. – 142 с.
72
2 Құдайбергенова А.И. Түркістан АКСР құрамында болған қазақ жерлері халқының құрамында
болған өзгерістер // Отан тарихы. – 2011. – № 2. – 112-122 бб.
3 Койгелдиев М.К. Сталинизм и репрессии в Казахстане 1920-1940 гг. – Алматы: Искандер, 2009.
– 448 с. – ISBN 9965-784-38-8.
4 Жолдасов А.А. Демографические последствия коллективизации в Каракалпакии // Вестник
КарФАН УзССР. – 1991. – № 3. – С. 84-89.
5 Откочевка коренного населения за границу и его возвращение на родину // Неизвестные стра-
ницы истории Семипалатинского Прииртышья (20-30 гг. ХХ в.). – Семипалатинск, 2002. – С. 174-175.
6 Ресей мемлекеттік экономика мұрағаты (бұдан былай РМЭМ), 329-қор, 281-іс, 120,121,126,132-пп.
7 РМЭМ. 1562-қор, 329-тізбе, 151-іс, 175-п.
8 Құдайбергенова А.И. Қазақстандағы көші-қон үдерісінің басқарылуы (1917-1939 жж.) // Отан
тарихы. – 2011. – № 2. – 130-139 бб.
9 Нұрман Ш.Т. Қазақстанда кеңес үкіметінің қоныс аудару қорын құруы // ҚазҰУ хабаршысы.
Тарих сериясы. – Алматы, 2003. – № 4(31). – Б. 94-97.
10 ҚР ОММ. 698-қ., 14-т., 193-іс, 4, 5, 6, 9, 33, 52-пп.
11 РМЭМ. 1562-қ., 336-т., 1287-іс, 4-п.
12 РМЭМ.1562-қор, 329-тізбе, 151-іс, 175-п.
13 РМЭМ. 329-қор, 281-іс, 120-п.
14 Население Казахстана по Всесоюзной переписи населения 1939 года. В 5-ти томах. Т. 1. / отв.
ред. М.Х. Асылбеков. – Алматы: Арыс, 2009. – 400 с. (С. 56). – ISBN 9965-17-640-Х.
15 Всесоюзная перепись населения 1937 года: общие итоги: сб. документов и материалов / отв.
ред. Ю.А. Поляков. – М.: Российская политическая энциклопедия (РОССПЭН), 2007. – 320 с. – ISBN
5-8243-0337-1.
16 ҚР ОММ. 40-қ., 1-т., 640-іс, 1-18-пп.
17 РМЭМ. 1562-қ., 329-т., 107-іс, 92-93-пп.
18 Омарбеков Т. Аштық апатын анықтай алдық па? // Ақиқат. – 1994. – №5. – Б. 45-50.
19 Ғабжалилов Х. Аштық ақиқаты: тарихи шындық бұрмаланбауы керек // Алаш.– 2006. – № 1(4).
– Б. 82-91.
20 Поляков Ю.А., Жиромская В.Б., Кисилев И.Н. Полвека молчания // Социологическая исследо-
вания. – 1990. - №6. – С.6.
21 Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті – Алматы: Санат, 1994. – 310 б. – ISBN
5-7090-0251-8.
22 ҚР ПМ. 141-қ., 1-т., 5149-іс, 82, 103-пп.
23 ҚР ОММ. 1179-қ., 1-т., 58-іс, 27-п.
24 ҚР ОММ. 1179-қ., 1-т., 23-іс, 11-п.
25 ҚР ОММ. 1179-қ., 1-т., 12-іс, 13-п.
26 Гольцев В.А., Абиров Х.И. Откочевники // Шекарашы.
- 2003. - №6. – С. 67.
27 Сдыков М.Н. История населения Западного Казахстана: ХVІІІ-нач. ХХІ вв.
– Алматы: Западно-Казахстанский центр истории и археологии, 2004. – 408 с. – ISBN 9965-408-52-1.
28 ҚР ОММ. 5-қ., 16-т., 365-іс.
29 ҚР ОММ. 1179-қ. қ., 5- т., 3-іс, 76-п.
30 Насильственная коллективизация и голод в Казахстане в 1931–1933 гг.: сборник документов и
материалов / М-во науки – АН РК, Ин-т истории и этнологии им. Ч.Ч. Валиханова; Архив Президента
РК; ЦГА РК. – Алматы: Фонд ХХI век, 1998. – 263 с.
Резюме
В статье рассматривается демографические последствия голода в Казахстане начала ХХ века.
Автор отмечает, что в промежутках между голодом 1917-1918, 1921-1922 и 1929-1933 гг. в Казахста-
не голодали целые губернии. Голод не утихал. А также в статье впервые в областном разрезе анализи-
руется изменение численности населения республики по данным переписей 1926 и 1937 гг.
Summary
I
n this article the author is considering the demographic consequences of famine in Kazakhstan in the
beginning of ХХ century. The author is nothing that in the periods of 1917-1918, 1921-1922, and 1929-1933
the famine in Kazakhstan was not descending. In this article the author is analyzing numeral changes of the
republic`s population in regional profile for the first time.
73
ӘӨЖ 94 (574); 084.91
К.Қ. НҰРЫМБЕТОВА
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының
аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к.
ОРАЛМАНДАРДЫҢ КҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
1
Аннотация
Мақалада дүние жүзінде шашырап жүрген қандастарымыздың біртұтас Қазақ мемлекетіне топ-
тастыруды шешудің құқықтық қамтамасыз етілуі қарастырылған.
Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын іске асыру және көші-қон саяса-
тының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың көші-қоны саласындағы бірыңғай мемлекеттік
саясатты жүзеге асыру мақсатында әзірленген этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы тұжы-
рымдамасы туралы айтылып, тұжырымдаманың негізгі мақсаты қандастарымыздың тарихи отанына
оралуының нақты тетіктерін жасау, оның ішінде оларды ұйымдасқан түрде көшіру және орналасқан
жерінде өмір сүруіне жағдай туғызу болып табылатындығы көрсетілді. Мақалада тәуелсіздік алғаннан
бері елімізге келген барлық оралмандардың сандық көрсеткіші келтірілген.
Түйін сөздер: Қазақстан Республикасы, халық, көші-қон, иммиграция, оралман, тұжырымдама, Қа-
зақстан Республикасының Жарлығы, нормативті-құқықтық актілер, «Халықтың көші-қоны туралы» Заңы
Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының басты басымдықтарының бірі этникалық қазақтардың
тарихи отанына көшірілуі болып табылады.
Қазақстан Республикасының егемендік алып, алғаш рет демографиялық саясатын өзі қалыптасты-
ра бастауының тұңғыш кепілі – 1992 жылы 26 маусымда қабылданған «Иммиграция туралы» Заң [1].
Бұл заң бойынша әрбір жылға иммиграция квотасы белгіленіп отырды. Онда иммиграция түрі мен сан-
дық мөлшері белгіленіп, қай елден келетіндіктері, оларды қабылдауға қажетті материалдық-қаржылық
ресурстар, орналастыру мен ортаға бейімдеу, олар мекендейтін аймақтар мен оларды еңбеккке орна-
ластыратын шаруашылық типтері көрсетілді. Квотада жеке басқа берілетін жәрдем төлемдері мен ре-
прессия кезеңінде, күштеп коллективтендіру мен адамгершілікке жат саяси акция, жаппайашаршылық
салдарынан шетке кетуге мәжбүр болған, енді өз еліне оралып жатқан босқындар мен репатрианттарға,
олардың ұрпақтарына берілетін жеңілдіктер жүйесі айқындалып белгіленді. Ұлттық диаспораға және
оны жаңа орынға орналастыруға қамқорлық көрсету Үкімет пен көші-қон департаменті, жергілікті
әкімшілік органдарына жүктелді.
1992 жылдың 1 қырқүйегіне дейін Қазақстанға тек Моңғол Халық Республикасынан 22215 адам,
немесе 4280 отбасы, ал тәуелсіз мемлекеттерден 4216 адам, немесе 1040 отбасы көшіп келді. Олар-
дың көпшілігі Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Семей және Тал-
дықорған облыстарына жайғасқан [2, 52-54 б.].
1997 жылдың 13 желтоқсанында қабылданған «Халықтың көші-кон» туралы заңы көші-қон сала-
сындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, көші-қон үрдісінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік
негіздерін белгіледі. Осы Заң күшімен қазақтардың ата-жұртына біртіндеп оралуы, олардың азамат-
тық мәртебе алуы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі сияқты мұқтаждықтарын шешуге байланысты Қа-
зақстан үкіметі көптеген жұмыстар атқарып келді.
Осы заңда айтылғандай: «Репатриант (оралман) - жалпы саяси қуғын-сүргін актілері заңсыз рек-
визициялау, күштеп ұжымдастыру, ізгілікке жат – өзге де іс-әрекеттер салдарынан тарихи отанынан
тысқары жерге қуылған және азаматтығынан айрылған, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру
мақсатымен ерікті түрде қоныс аударған байырғы ұлт адамы, сондай-ақ оның ұрпақтары» [3].
1
Мақала ҚР БҒМ Ш.Ш. Уәлиханова атындағы Тарих және этнология Институтының гранттық жобасы «Тәу-
елсіз Қазақстандағы көші-қон саясаты және оралмандар тағдыры» аясында дайындалды. (ГФ № 0078, жетекшісі т.ғ.д.,
проф. Абжанов Х.М.)
74
Қазіргі кезде Қазақстан шет елдердегі отандастарына қамқорлақ жасап отырған әлемдегі түркі
тілдес халықтар арасындағы бірден-бір мемлекет. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының оралмандар
мәселесін ұлттық саясат деңгейінде қарастырып жүргізілуі көрегендік мен саясаткерлік деуге болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 900 қаулысымен этникалық
қазақтардың тарихи отанына оралуы тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама Қазақстан Республи-
касының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңын іске асыру және көші-қон саясатының ұзақ мерзімді
стратегиясына сәйкес халықтың көші-қоны саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асы-
ру мақсатында әзірленді. Шет елдерде тұрып жатқан барлық қазақтың өзінің тарихи отанына оралуға
құқылы болды. Тұжырымдаманың негізгі мақсаты этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуының
нақты тетіктерін жасау, оның ішінде оларды ұйымдасқан түрде көшіру және орналасқан жерінде өмір
сүруіне жағдай туғызу.
Халық санының және оның табиғи өсуін ұлғайту, елдегі демографиялық ахуалды сауықтыру
этникалық қазақтарды тарихи отанына қайтарудың нәтижесі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік
көші-қон қоры көші-қон іс-шараларын қаржыландыруды жүзеге асыруға арналған. Оның қаражаты
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен, ұйымдардың, оның ішінде ұйымдар-
дың ерікті аударымдарынан және жеке адамдардың қайырымдылықтарынан құралады.
Отанына қаржылық қолдаусыз орала алмайтын ұлты қазақ адамдардың отанына оралуы Қазақстан
Республикасының Президенті бекітетін көшіп келу квотасына сәйкес жүзеге асырылады.
Оралмандардың санына және әлеуметтік-демографиялық құрамына қатысты талдау және алдын
ала бағалау жұмыстары жүргізіледі. Көшіп келу квотасына сәйкес қазақтарды көшірумен байланысты
тікелей және жанама шығыстар алдын ала есептеледі. Квота көші-қон шараларына бөлінетін қаржы
қаражатының көлеміне сай болып келеді.
Квотаның шегінде қазақтарды көшіру жөнінде шешім қабылданғанда саяси жағдайы тұрақсыз
мемлекеттердегі (Ауғанстан, Тәжікстан) және экологиялық жағынан қолайсыз аймақтардағы (Өзбек-
стан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстан) оралмандарға басымдық берілді.
Өзінің тарихи отанына тұрғылықты тұру үшін көшіп келген ұлты қазақ адамдар республиканың ау-
мағында тұру мерзіміне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданып, тұрғын
үй сатып алуы үшін қаражат беріледі. Сондай-ақ жеке құрылыс салуы мен шаруашылығын ұйымдасты-
руы үшін жер телімдері бөлінеді.
Оралмандарға әлеуметтік қамсыздандыру, оларға зейнетақы мен жәрдемақының барлық түрін
төлеу, медициналық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарт-
тарға сәйкес жүргізіледі.
Оралмандардың Қазақстан қоғамына қысқа мерзімде кірігуін қамтамасыз ету үшін қазақ және
орыс тілдерін оқыту ұйымдастырылып, жыл сайын Мемлекеттік көші-қон қорының қаражаты есебінен
Қазақстанның оқу орындарында оқушыларды жоспардан тыс қабылдаудың квотасы белгілененуде [4].
2003 жылы наурызда «Халықтың көші-қоны туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіл-
ді. Енгізілген өзгерістер бойынша Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қон туралы» Заңы-
ның 1-бабына сәйкес оралман дегеніміз ұлты қазақ, азаматтығы жоқ, Қазақстанда тұрақты мекендеуге
келген шетелдіктер болып табылады. Оралмандар басқа иммиграция субъектілері сияқты Қазақстан
Республикасы территориясында тұрған күннен бастап бес күн ішінде тіркелуі тиіс болды. Тіркеу жеке
куәлігі арқылы жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжаттар қатары мен тіркеу Қазақстан
Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы» Заңының 14-бабына сәйкес оралман-
дықты мойындау туралы қолдау хат отбасының жасы кәмелетке толған мүшесіне немесе Қазақстан
Республикасының шетелдегі дипломатиялық өкілдік, консулдық мекемелер өкілдері арқылы беріледі.
Оралман мәртебесін алғандығы туралы қолдау хатты қарау оралман иммиграциясы квотасына кіргізу,
сонымен қатар сол мәселені шешу тіркеуге тұрғаннан кейін екі ай ішінде территориялық миграция
және демография қызметінде жүзеге асырылады. Оралман болып табылған тұлғаларға бекітілген
үлгідегі куәлік беріледі. Оралман куәлігі заңмен қарастырылған жеңілдіктер мен өтемақылар алуға
негіз бола алады.
Оралман мәртебесін алған тұлға Қазақстан Республикасында кең спекторлы жеңілдіктерді алады.
Жеңілдіктер түрлері: – жұмысқа орналасуға, біліктілікті арттыруға, жаңа мамандық алуға көмек-
тесу;
– Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруге жағдай жасау;
75
– Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қарулы күштер қатары қызметінен босату;
– Орта кәсіби және жоғары кәсіби білім ұйымдарына түсуге квота бөлу;
– Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерден орын қажет еткендерге орын алып беру;
– Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу;
– Бұқаралық саяси репрессия құрбандары үшін өтемақы алатындар қатарындағы азаматтардың
құқығын жақсарту;
– Қазақстан Республикасына кіру үшін берілетін визаға консулдық жинақтан босату;
– Заңнамаға сәйкес кепілденген көлемдегі тегін медициналық көмек алу;
– Қазақстан Республикасы азаматтарына қарастырылған мемлекеттік адрестік көмек көрсету;
– Кеден төлемдері мен салық төлемдерінсіз шекарадан өткізу;
– Тұрғылықты мекен-жайына тегін жету және мүлкін жеткізу (оның ішінде сиыр);
– Келген жерінен баспана алу мен бірреттік жәрдемақы төлеу үшін қаражат бөлу.
Оралман мәртебесі Қазақстан Республикасы азаматтығын алғаннан кейін жойылады [2, 52-54 б.].
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 399 Жарлығымен 2007 жылы
Қазақстан Республикасының 2007-2015 жылдарға арналған Көші-қон саясатының тұжырымдамасы қа-
былданды. Тұжырымдаманың құқықтық негізін 2003 жылғы 10 шілдедегі «2004-2010 жылдарға ар-
налған ауыл аумақтарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлықтары, 2006 жылғы
28 тамыздағы №167 «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы ту-
ралы» Жарлығы құрайды.
2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы
қабылданды. Бұл заңның 3-тарауында оралмандардың құқықтық мәртебесі оралман мәртебесін беру
және оралмандарды көшіп келу квотасына енгізу; оралмандарды көшіп келу квотасына олардың от-
басының жеке мүшелерін енгізу ерекшеліктері; оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру, оралман
мәртебесін тоқтату мәселелерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндеттері айқындалып берілді.
Жаңа заң бойынша Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар біржолғы жәрде-
мақы мен тұрғын үй сатып алуға арналған қаражатты тек қана Қазақстан Республикасының азамат-
тығына қабылданғаннан кейін, отбасының ұлты қазақ емес мүшелерінен басқа, отбасының кәмелетке
толған мүшелерін қоса алғанда, жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынуы бойынша алуы мүм-
кін. Оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандар Қазақстан Республикасының азамат-
тығын алудан бас тартқан жағдайда біржолғы жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат
есептелмейді және (немесе) төленбейді.
Оралман немесе оның отбасы мүшесі оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілгеннен кейін
қайтыс болған жағдайда отбасының мүшелеріне немесе оралманға біржолғы жәрдемақы мен тұрғын
үй сатып алуға арналған қаражат олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын алу-алмауына
қарамастан төленеді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында тұрған алғашқы үш жылдың ішінде оралмандардың
көшіп келу квотасын алған кезде қоныстану үшін белгіленген өңірден тыс жерге өзінің ерік қалауымен
өз бетінше ішкі көшіп-қонған жағдайларда; оралман мәртебесін алған күннен бастап бес жылдың
ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кететін болса, Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекетке өтеуге міндетті [5].
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша, еңбекке жарамды
жастағы оралмандардың 70%-дан астамы өндірістің әртүрлі салаларында жұмыспен қамтылған, әрбір
төртіншісі ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.
Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарындағы іске асырылып жатқан бейімдеу
бағдарламалары құқықтық мәселелер бойынша кеңес беруді, мемлекеттік тілді және қалауы бойынша
орыс тілін үйретуді, кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті көтеруді көздейді.
2011 жылғы шілдеде «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға өзгерістер енгізілді,
соған сәйкес оралмандарды Қазақстан азаматтығына қабылдау оңайлатылған (тіркеу түріндегі) тәртіп-
пен, үш айдың ішінде жүзеге асырылады.
2011 жылғы 1 шілдеден бастап орнықты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жолымен ха-
лықтың кірісін көтеруді мақсат тұтқан 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын Жұмыспен қамту бағдар-
ламасы іске асырылуда. Бағдарламаның қатысушылары өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз
және аз қамтылған халық болып табылады. Бұл Бағдарламаға қатысу құқығы оралмандарға да берілген.
Бағдарламаны іске асыру азаматтарды оқытуға, жұмысқа орналастыруға, тұратын жерінде өз ісін
76
ашуына және кеңейтуіне жәрдемдесуге, ал ондай мүмкіндік болмаған жағдайда экономикалық әлеуеті
төмен елді мекеннен экономикалық әлеуеті жоғары елді мекенге және экономикалық өркендеу орта-
лықтарына өнімді жұмыспен қамтуға қол жетімділігін кеңейту мақсатында ерікті түрде қоныс аударуға
жәрдемдесуге бағытталған.
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес оралмандардың көшіп
келу квотасына енген оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне жеңілдіктерден, өтемақылардан,
жәрдемақылардан және басқа да әлеуметтік көмек түрлерінен бөлек Қазақстан Республикасының
Үкіметі анықтаған тәртіппен келесі қосымша жеңілдіктер беріледі:
- қоныстанған өңіріне қарай сараланған және бастапқы бейімделуге, тұрақты тұратын жеріне
дейінгі жол ақысын және мүліктерін тасымалдауды қамтитын біржолғы жәрдемақылар төлеу;
- тұрғын үй сатып алуға немесе құрылыс, қалпына келтіру немесе тұрғын үй сатып алу үшін жеңіл-
дікті несиелік займ алуға қаражат бөлу.
Бұл ретте, оралмандардың көшіп келу квотасына енген адамдарға тұрғын үй сатып алуға арналған
біржолғы жәрдемақылар мен қаражаттар тіпті оралман қайтыс болған жағдайда немесе Қазақстан
Республикасының азаматтығын алған жағдайда да төленеді.
Біржолғы жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға арналған қаражатты төлеуді Мемлекеттік зейнетақы
төлеу орталығы оларды тағайындау туралы көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелерінен үзінді
хат алғаннан кейін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан
Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
жүзеге асырылады.
Заңның 2-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамтамасыз ету құқығын егер де заңдар мен
халықаралық шарттарда өзгелей көзделмеген жағдайда Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең
дәрежеде пайдаланады.
Осылайша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оралман мәртебесі бар адамдар республика аумағын-
да тұрақты тұратын шетелдіктер ретінде Қазақстан Республикасы азаматтарымен тең дәрежеде зей-
нетақымен қамтамасыз ету құқығына ие. Оралмандардың зейнетақылық төлемдеріне өтемақы қолда-
ныстағы заңнамада көзделмеген [5].
Заң барлық азаматтарға зейнетақымен қамтамасыз етудің тең құқығын беру принциптеріне негіз-
делген, осыған байланысты бұрынғы тұрған жерінде белгіленген мөлшерде зейнетақы төлеуге негіз
жоқ.
Бұған қоса, оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне төленетін жәрдемақы түрлері:
«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойын-
ша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша
және жасына байланысты берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар алады;
«Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» Қазақстан Республика-
сының Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; «Балалы отбасыларға берілетін мемлекет-
тік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес балалы отбасыларға берілетін
жәрдемақылар.
Сондай-ақ, жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен оралмандарға «Мемлекеттік атаулы әлеумет-
тік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек
көрсетіледі.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет
нысаналы топтарға, соның ішінде оралмандарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар-
ды қамтамасыз етеді. Нысаналы топтарға кіретін азаматтар басымдық тәртіппен қоғамдық жұмысқа
қатысуға және кәсіби дайындықтан өтуге, біліктілігін көтеруге және қайта даярлыққа құқылы. Заңда
оралмандарды халықтың көші-қоны жөніндегі уәкілетті органның аумақтық қызметі берген оралман
куәлігі негізінде жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркеудің оңайлатылған рәсімі
көзделген.
Қазақстан Республикасына келген оралмандар санының қарқыны мен құрылымын талдау нәтиже-
сінде, 1991 жылдан бастап 2011 жылғы 1 қазанға шейін тарихи отанына 221,3 мың отбасы немесе 860,4
77
мың этникалық қазақ оралғандығы айқындалған. Оның ішінде көшіп келу квотасына 127,7 мың отбасы
енгізілcе, квотадан тыс өз бетінше 94,2 мың отбасы келіп қоныстанған. Келген оралмандардың жалпы
санының 51% 2004-2008 жылдардың еншісінде (439 430 адам) болып отыр [6].
Репатриация тәуелсіз құқықтық мемлекеттің қалыптасу жағдайына, саяси және әлеуметтік-эконо-
микалық мазмұнына ие бола отырып сыртқы миграцияның маңызды құраушысы болып табылады. Қа-
зақстан Республикасы өзінің сыртқы көші-қон саясатын халықаралық құқықтың көпшілік мойындаған
үрдістерін негізге ала отырып, мемлекет пен халық мүддесіне сәйкес жүргізіп келеді.
Әдебиеттер
______________________________
1 ҚР ПА-5-Н-қ., 1-т., 675-іс, П. 34-36.
2 Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы. – Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1993. – 192 б.
3 Халықтың көші-қон туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 13 желтоқсан, 1997 жыл // Егемен
Казақстан. – 1997.
4 «Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуы тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республи-
касы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қыркүйектегі № 900 қаулысы // http://akimvko.gov.kz/ru/files/migr1.doc
5 Закон Республики Казахстан «О миграции населения»: принят 22 июля 2011 года № 477- IV //
Казахстанская правда. – 2011.
6 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның
арнайы баяндамасы // http: unhcr.kz/eng/resources/publicationsand reports.
Резюме
Статья посвящена правовому обеспечению возвращения этнических казахов на историческую ро-
дину. Рассматриваются цели и задачи концепции возвращения этнических казахов на историческую
родину, подготовленную в целях предворения в жизнь единой долгосрочной государственной миграци-
онной политики и Закона «О миграции населения».
В статье рассматривая правовые основы возвращения этнических казахов, автор приводит числен-
ные данные оралман прибывших на историческую родину в период независимости.
Достарыңызбен бөлісу: |