I этап – 1938-1952 гг. – становление ученого, защита кандидатской диссертации, присвоение зва-
ния доцента, первые научные и научно-популярные статьи, доклады, сборник документов и материалов
и т.д.
II этап – 1954-1984 гг. – плодотворная 30-летняя научная деятельность: крупные монографии,
научные статьи, доклады, ряд сборников документов и материалов, защита докторской диссертации,
присвоение ученого звания профессора, избрание членом-корреспондентом АН КазССР, лауреат Госу-
дарственной премии Казахской ССР им. Ч.Ч. Валиханова и др.
Бегежан - ага являлся членом Главной редколлегии и одним из основных авторов пятитомной
«Истории Казахской ССР с древнейших времен до наших дней». (Алма-Ата, 1977-1980 гг.), в особен-
ности ее третьего тома, около половины которого был написан Б. Сулейменовым. Этот обобщающий
труд по истории Казахстана был удостоен Государственной премии Казахской ССР. К сожалению, са-
мого Б. Сулейменова, по разным чисто субъективным причинам, среди числа лауреатов этой премии
не оказалось.
Несмотря на такие и другие зигзаги судьбы, Бегежан-ага к этому периоду был уже крупным ученым,
специалистом по истории Казахстана ХVIII - начала ХХ вв., пользовался заслуженным авторитетом не
только у историков Казахстана и Средней Азии, но и Москвы, Ленинграда, а также других республик
85
Советского Союза. Создал новую семью, имел двух дочерей (Акжанну и Жанар), сына (Жанибека).
Сейчас его супруга – Казима Жагыфаровна с детьми хранит очаг Бегежан-ага в тепле и уюте, вос-
питывает его внуков.
Сегодня, отмечая 100-летие со дня рождения Бегежана Сулейменова, мы особо подчеркиваем его
крупный вклад в историческую науку Казахстана, чтим и преклоняемся перед его светлой памятью, по-
стараемся и дальше продвигать основные направления его научных исследований в условиях суверен-
ного Казахстана, когда открылись широкие возможности для развития Отечественной исторической
науки.
Литература
____________________________
1 Асылбеков М.Х., Есқалиев С.А. Бегежан Сүлейменов – тарихшы – ғалым. –Алматы, 2001. – С. 14, 25.
2 Библиография обществоведов Казахстана. – Алма-Ата: Наука, КазССР, 1986. – С. 397-398.
3 Государство наций: империя и национальное строительство в эпоху Ленина и Сталина. – М:
РОССПЭН, 2011. – С. 336-342.
4 Сарсеке М. Бекмаханов. – М.: Молодая гвардия; Астана: Фолиант, 2010. – С. 213.
5 Стенограмма дискуссии по книге тов. Бекмаханова. Казахстан в 20-30-е годы ХIХ века: июль
1948 года. – Алма-Ата, машинописный вариант. – С. 458-464.
6 Архив НАН РК. Ф. 74. Оп. 1,9,6. Д. 108-109.
7 Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России. – Алма-Ата: Наука, 1981. – С. 14-15.
8 Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане последней ХIХ-начало ХХ в (1867-1907 гг.).
– Алма-Ата:изд-во Академии наук Казахской ССР, 1963. – С. 23-24.
9 История независимого Казахстана. – Алматы: Қазақ Энциклопедиясы, 2011. – С. 110-111.
10 Сулейменов Б. Некоторые вопросы истории Казахстана в трудах А.А. Диваева // Известия АН
Казахской ССР. – Серия истории, археологии и этнографии, 1959. – №1. – С.41-48 и др.
Түйін
Мақала ХVIII – ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан тарихын зерттеуші аса ірі ғалымдардың бірі
Қазақ ССР ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор,
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Бегежан Сүлейменовтың өмір жолы
мен ғылыми мұрасына арналған.
Summary
The article is devoted to life path and scientific heritage of Begezhan Suleymenov – the corresponding
member of the Academy of Sciences of Kazakh SSR, Doctor of Historical Sciences, Professor, laureate of the
Ch.Ch. Valikhanov’State Award, one of the first-rate researchers of Kazakhstan’s history (period of XVIII-
early XX centuries).
86
ӘӨЖ 94 «15/16»
З. ҚИНАЯТҰЛЫ
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және
этнология институтының Бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д.
ЖОШЫ ХАННЫҢ ӨЛІМІ ЖӘНЕ ТАРИХТАН
ОНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Аннотация
Мақалада автор Жошы ханның туған, қайтыс болған жылы, жерленген жері туралы жаңа қорытын-
дыға келіп, өзіндік пікір ұсынды.
Автордың анықтауы бойынша Жошы хан 1179 жылы қараша айында туылып 1225 жылы күздің
соңғы айы, Григориан жыл санауы бойынша 46, шығыстық жыл санауы (Шығыс күнтізбесі) бойынша
47 жасында өмірден өтіп құпия жағдайда жерленген деген қорытындыға келген. Автор Ұлытаудағы
«Жошы мазары» оның алғаш жерленген жері емес, ұрпақтары хан атасына арнап ХVІ ғ. соңы ХVІІ ғ.
басында тұрғызған болуы мүмкін, сондықтан бұл мәселені әлі де зерттей түсу қажет деп есептейді.
Түйін сөздер: орта ғасыр, Жошы хан, Хорезм, Шыңғысхан, Қыпшақ даласы, Шығыс империясы,
Моңғол империясы.
Жошы ханның өлімі төңірегінде алып қашпа әңгіме көп. Олай болуы Жошы өлімінің кездей-
соқтығында ма деп ойлаймын. Оқиға былай болған. Шыңғысхан 1225 жылдың күзінде Хорезм жо-
рығынан атамекеніне қайтып оралып, Туланың қара орманында хан ордасын тігеді [1]. Келе сала алда
тұрған Тангут (Си Ся) жорығына қамдана бастайды. Жорыққа байланысты ол өз ұлдары және қолбас-
шы, кеңесшілерін қара шаңырақта бас қосуға шақырады. Жошы «Денсаулығының ақаулығына» бай-
ланысты бұл жолы да келе алмады. Бірақ Хорезмнен келген Шағатай «Жошы қыпшақтарды жақын
тартып алғаны соншалық ол ата жұртынан іргесін алысқа салып қана қоймай тіптен қара шаңыраққа
қарсы бағытталған әрекет жасауы ықтимал» [1], - деген хабар жеткізеді. Оның үстіне дәл осы кезде
Маңғыттық біреудің: «Жошы хан есен-аман Қыпшақ даласында бөкен аулап жүр [2], - делінетін хабары
Шыңғысханды шынымен қаһарына міңгізеді. «Жошы бізге жау болды, ол жынданған екен» [2], - деп
қаһарланған Шыңғысхан Өгөдэй, Шағатай қолын Жошыға қарсы аттандырып, өзі ұлдарының соңынан
атқа қонбақшы болып жинала бастайды. Дәл осы сәтте «Жошы дүниеден өтті» деген оқыс хабар келіп
жетеді. Шыңғысхан басында бұл хабарлардың қайсысына сенерін білмей дал болды. Ақыры Жошы
туралы жағымсыз хабар шындыққа айналғанда, Қаған жалған хабар таратқан маңғытты ұстап басын
алуды бұйырады, бірақ ол із түзсыз жоғалып кетеді.
Мұндай суық хабарды Шыңғысханға жеткізу де оңайға түспесе керек. Түрік шежіресінде (Родос-
ловия Тюрков) айтылуы бойынша қайғылы оқиғаны Қағанға естіртуге ешкімнің батылы бармай қаған-
ның әмірлері бұл міндетті ұлы жыршыға жүктейді. Шыңғысхан жыр жырла деп әмір берген сәтін пай-
даланған ұлы жыршы:
- Тенгиз баштын булғанды, ким тондурур, а ханым?
Терек тубтын жығылды, ким тургузур, а ханым?,- дегенде,Шыңғысхан оған жауап ретінде:
- Тенгиз баштын булғанса, тондурур (тундырар) олум Жучи дүр,
Терек тубтын жығылса, тургузур олум Жучи дүр.
Жыршы жоғарыдағы сөзін қайта қайталағанда көзі жасқа толы екенін аңғарған Шыңғысхан:
- Кöзунг йашын чöкӱртӱр конглӱнг толды болғаймы?
Жиринг кöнгуль öкӱртӱр Жучи öльди болғаймы?, -
деп, бұдан былай Жошының өлімі жайлы ауыз ашқан жанның көмекейіне құм құйылсын деген билік
айтады. Сонда ұлы жыршы:
- Сöйлемеске эрким йок сен сöйлединг, а ханым!
Ӧз йарлығынг öзге жаб айу öйлединг, а ханым! - деп жауап қайырады.
Сонда қасіретті мойындамасқа шарасы қалмаған ұлы қаған: - Кулун алған куландай кулунумдин
айрылдым
Айрылышкан анкаудай эр олумдин айрылдым, - делінетін түрік жырынан үзінді айтқан сәтті пай-
87
даланып, әмірлері түгелімен орындарынан тұрып ұлы қағанға көңіл айтқан екен деседі [2]. Мұнда,
біріншіден, Жошының өлімін қаған әкесіне естірту оңайға түспегенін аңғартады. Екіншіден, мұнда
Шыңғысхан әулетінің үрдіс, салтының түркілік салт дәстүрге өте-мөте жақындығын көрсетеді. Қа-
зақтың «Ақсақ құлан» күйін тудырған аңыздың сарыны да тура осы оқиғаны меңзейді. Ақселеу Сей-
дімбек «Күй шежіре» атты еңбегінде жоғарыдағы жыр және күйдің авторы найман жыршысы Кетбұға
еді деп жазады [3]. Иә, қазақ арасында Шыңғыс ханның кезінде найманнан шыққан Кетбұға деген
жыршы болған деген аңыз бары рас. Бірақ аталмыш жыр мен күйдің ақы иесі (авторы) Кетбұға
еді дегенді растайтын нақтылы тарихи дерек жоқ. Моңғолдың қаған ордасында ол кезде белгілі жыр-
шы, күйші, жұлдызшы, бітікшілер өте көп болған. Тарихшылар үшін қызықтысы жырдың авторы кім
екенінде емес, жыр Жошының әкесінен бұрын өлгендігі және әкесі ол өлімді қандай күйде қабылдаға-
ны жайлы дерек болып отыр.
Шыңғысхан үшін өз басы әзер көндіккен үлкен қайғыны Жошының анасы Бөртеге естірту тіптен
оңайға түспесе керек. Жошының өлімі жайлы қайғылы хабарды оның анасы Бөрте эжеге тура естіртуге
жүрегі дауаламаған Шыңғысхан кеңесшісі Елюй Чу Цайға әдейі жарлық жаздырады. Онда «Хан ұлым
Жошы Қыпшақ даласының бір үстіртінде дүниеден өтіпті. Ол мекен бұрын біздің ата бабамыз Бөрте
бөрі, сұлу Марал мекен еткен Марал (Арал?) теңізінің жағалауы екен. Жошы аты затына сай алланың
әмірімен біздің боржығындарға жіберген қонағы екен, міне ол тәңіріне қайтып аттанып кетті…» делін-
ген [4]. Міне, Жошының өлімі жайлы хабар Моңғол қаған ордасына осылайша келіп жетті. Бірақ бұл
төңірегінде әлі де ақиқаттан гөрі аңызға жақын әңгіме көп. Мысалы, ғылымда Жошы ханның дүниеден
қайтқан уақыт мерзімі туралы екі түрлі пікір бар. Шыңғыс Қаған әулетінің тарихын жазған Рашид ад-
дин Жошының өлген жылы туралы кесіп ештеңе айтпаған, бір сөзбен айтқанда, оның еңбегінде Жошы
ханның өлген жылының орны бос тұр [5]. Моңғолдың әйгілі «Нууц товчоо», «Алтан товч» шежіресінде
де бұл туралы ешбір мәлімет жоқ. Жошының қайтыс болған жылын айқындау үшін әуелі оның өлім
себебін айқындай түскен жөн сияқты. Бұл туралы да әзірге үш түрлі болжам бар.
1. Рашид ад-дин, Юань Ши авторлары және А. Амар, Ш. Нацагдорж, Б. Сайшаал қатарлы ғалымдар
Жошы Үргенші шайқасынан бастап (1223) сырқаттанып, сол науқасының салдарынан қайтыс болды
деп жазады [5].
2. Орыс тарихшылары Н. Аристов, Л. Гумилев, Иакинф (Бичурин), тарихи романшы В. Ян,
Абу-Омар ал-Джузджани және басқалар Жошы Шыңғыс орда жансыздарының қолынан қаза тапты
деген пікірде [6].
3. Өтеміс Қажының «Шыңғыснамасында» Жошы Ұлытаудың бойында аң аулап жүріп, қоралы
киіктің соңына түсіп жебе тартқан сәтте аттан құлап жарақаттанып, алған жарақаты салдарынан қай-
тыс болды деп көрсетеді [2].
Бірінші болжам дұрыс-ақ делік. Сонда қоян-қолтық жатқан Шыңғысхан ордасына Жошының
сырқаты туралы нақты хабар естілмей, тексерілмей жатуы мүмкін бе еді?. Жоқ, мүмкін емес. Шыңғыс
империясының «ұзын құлағы» қол созымда жатқан Қыпшақ даласын былай қойып, Шығыс Европа,
Қытайдағы жағдайды араға апта салып еститін мүмкіндігі болған. Жошы хан егер шынымен науқас
болса, Шыңғысхан басқадай шаралар қолданған болар еді, көңілін сұратар еді, өйтпеді. Осыған қа-
рағанда, ұлы Шыңғысханның өзі «Жай түсіп өлді» делінетіні сияқты Жошыхан да кенет жағдайда қаза
болды деп қарауға жетелейтін қисын бар. Өйткені Орыс, Парсы, Моңғол жазбаларында оны «қайтыс
болды» демей «өлді» (погиб) деп жазады. Бұл ой бізді жоғарыда айтылған екінші болжамға қарай же-
телейді. Ол – «Жошыхан әкесінің әдейі жіберген жансыздарының қолынан қаза тапты» делінетін бол-
жам. Жошыхан егер «жансыздардың қолынан қаза болды» деп қарайтын болсақ, онда Жошыхан және
әкесі арасындағы қайшылықтан (ұлы қағанның көзінің тірісінде әке мен балалары арасында ашық қай-
шылық байқалмайды) емес, хан әулетінің мүдде қайшылығы немесе Жошы мен інісі Шағатай аралық
қайшылықтан туындауы мүмкін. Абу-Омар Минхадж-ад-дин Осман ибн Сирадж-ад-дин ал-Джузджа-
нилердің қабарлауынша: «Жошы тым айбынды, қаһарман, жаужүрек, оның күш қуатынан әкесінің өзі
жүрексінетін» [7], - деп жазғаны сияқты Лев Гумилев бастаған орыс зерттеушілері Жошының өлімін
тура әкесі Шыңғысханнан көреді.
«Шыңғысхан қайтыс болар қарсаңында туған негізгі проблема жеңілгендерге көзқарас мәсе-
лесі еді, – деп жазады Лев Гумилев,- бұл арада бірінші пікір оларды тек күшпен бағыныштылыққа
ұстауға, екінші бір пікір еппен қайрымдылықпен ұстауды көздеді. Жошы екінші бағытты жүргізуге
тырысып, ол үшін тіршілігінен айрылды» [7]. Ол ары қарай: «Жошы әкесімен тату тұрмады, жеңіл-
гендерге қайрымдылық көрсетуге әрекеттенді, сондықтан 1227 жылдың бас кезінде астыртын жі-
берілген кісі өлтірушінің қолынан қаза тапты» [8], – деп жазады. Бұл тек болжам ғана.
88
Ал Шыңғысхан мемлекетінің ішкі қауіпсіздігін басқарған інісі Отчигинді жіберіп өлтіртіпті
[9] делінетін жазушы В. Янның болжамы шындыққа еш жанаспайды. Шыңғысхан Отчигинді Жо-
шыны өлтірту үшін емес, Жошы өлгесін елдің ішкі жағдайын орнықтыруға Батыға көмектесу үшін
жібергені мәлім [2].
Жошы мен Шағатай арасында бала жастан бері келе жатқан түпкілікті қайшылық болғаны рас.
Екеуі де ес жиып, ат жалын тартып мініп, еншілері әйгіленіп, келешек саяси тағдыры шешілер тұста
бұл қайшылық тіптен асқына түсті. Шыңғысхан Хорезм жорығына аттанар алдында болған от-ба-
сылық кеңес кезінде Шағатай және Жошы арасында болған теке-тірес осының куәсі [10]. Мұндай ара
қайшылықтың тууына әр қашан Шағатай түрткі болып отырғанын көреміз. Шыңғысханның өлер ал-
дындағы аманатында: «Менің орнымды Өгөдэй бассын деген шешімді еш өзгертуші болмаңдар! Бұл
шешімді іске асыруына Шағатайдың бөгет болу әрекетінен сақтаныңдар» [2], – деп ескерткеніне қа-
рағанда, Шағатай қатыгез де қызғаншақ адам болса керек. Шағатайдың мұндай мінезі ағасы мен екеу-
аралық қатынастарды әрдайым құйтырқыландырып отырды. Хорезм жорығының жеңісі нәтижесінде
ағайынды екеуіне тиесілі ел, жерлер көрші, қанаттас келуі ара қайшылықты одан ары асқындыра түсті.
Шығыс Қыпшақ даласы Жошының көңілінен шыққаны байқалады. Бірақ қырында үйір-үйірімен
құланы жортып, даласында бөкені жыртылып айрылған көз жеткісіз кең өлкенің Жошыға берілуі,
Жошы бұл даланы құлай сүюі және мұнда «Дербес мемлекет құруға ұмтылуы» інілері Шағатай мен
Өгөдейге соншалықты ұнамаса керек [2]. Өйткені Қыпшақ даласындағы Жошының жасаған әрбір
қадамдары, іс-әрекеті туралы жағымсыз хабарлар қаған ордасына тым жиі келе берген. Осындай ха-
бардың көпшілігі қоныс жайы көршілес інісі Шағатай арқылы жететін болғанын көре аламыз. Жошы
жайлы ең соңғы жағымсыз хабар белгісіз бір «Маңғыт арқылы» осылайша жеткен еді [11]. Аталған
деректерге қарап, Жошының өліміне Шағатайды кінәлауға болар еді. Бірақ осылай да осылай деп
кесіп айтуға тұрарлық тыянақты дерек кездеспейді. Егер Жошының көз жұму оқиғасы әке өлімінен
соң болған болса, бұлайша күдіктенуге болар еді. Оқиға әкенің көзі тірісінде болған. Ал әулеттің бас
төрешісі ұлы қағанның көзінің тірісінде мұндай әйгілі қадам қағанның рұхсатынсыз жасалуы мүмкін
емес. Шыңғысханға келешек Батыс жорығы міндетін мойнына жүктеген тұңғыш ұлы Жошының есен
саулығы қажет болатын. Ұлы қағанның көзі тірісінде Шыңғысханның тікелей өз отбасында опасыз-
дық болған емес, ұлы отбасының береке бірлігі арқасында жарты әлемнің билігіне қол жеткізе алды.
Мұндай ішкі бірлік Ұлы Қаған өлгеннен кейін де көп уақыт бойы сақталды. Біз осы жайларды сарап-
тай келіп, Өтеміс Қажының болжамы төңірегіне ерекше тоқталғымыз келеді. Ол «Шыңғыс Наменің»
Шыңғысхан туралы дастанының алғы сөзінде былай деп жазады. «Жошы хан Дешті-қыпшақ еліне
аттанып, Ұлы тауға жетеді. Сонда аң аулап жүргенінде бірде оның алдынан қоралы марал-киік шыға
келеді. Киік маралдың соңына түсіп қуа жүріп ат үсті садақ тартқан кезінде арғымағынан құлап, мой-
нының буыны шығып, содан өлді» [12]. Осыған ұқсас хабарды біз басқадай авторлардың еңбектерінен
де кездестіре аламыз. Әйтеуір, Жошы Қыпшақ даласында есен-сау бөкен аулап жүргені туралы қауесет
және оның өлімі туралы қайғылы хабар ұлы хаған ордасына біркезде келіп жеткеніне қарағанда, Жошы
хан кенеттен, оқыс жағдайда қайтыс болды ма деген қортындыға келесің. Тіптен Жошы қанды әдейі
өлтірді дегеннің өзінде өлім аң аулау науқаны үстінде жасалған болуы мүмкін. Бұл туралы Құрбанғали
Халид «Тауарих хамса» (Бес тарих) атты еңбегінде былай деп жазады: «Жошы аңға шығып, бір жабайы
құланды атып аяғынан ақсатып, оны ұстаймын деп қуып достарынан озып ғайып болған (қабарсыз кет-
кен - Қ.З.). Ақсақ құлан-Жошы хан, жоқтау айттым осыған деген тақпақ қазақта мәшһүр (әйгілі)» [2].
Автор бұл ойын қазақтың әйгілі «Ақсақ құлан» күйі аңызынан түйсе керек.
Ал моңғол жазылымдары Жошы ханның «құпия жағдайда» қайтыс болғандығын мойындамаға-
нымен, «Аң аулау науқаны кезінде алған жарақаты салдарынан дүниеден өтті» дегенді жоққа шығар-
майды.
Жошы хан сырқаттығын алға тартып 1224 жылы Құлан басында, 1225 жылы көктемде Ертістің
Бұқа шошығанындағы ұлы жиынға қатыса алмауы, сол жылдың күзінде Туланың қара орманындағы
жиынға қатыса алмайтындығын алдын ала қабарлауына қарағанда, «жарақат» жайлы деректер Жошы-
ның әкесі және інілеріне деген өкпе назынан болып әдейі ойлап тапқан сылтауы болуы ықтимал.
Әйтеуір, Жошы кенеттен өлсін немесе алған жарадан өлсін, бәрібір бұл өлім құлан, марал, киік
аулау науқанымен тікелей байланысты екеніне күмән келтіруге болмайтындай. Қалай дегенмен Жошы
хан әкесінен бұрын дүниеден өткені шындық. Бірақ қай жылы, неше жасында өлгені туралы болжамдар
әрқилы пікір, талас тудырып отырған мәселелердің бірі. Бұл мәселе төңірегіндегі көп пікірді негізінен
екі топқа бөліп қараса болғандай.
89
Біріншісі, Жошы кейбір хабарлар бойынша 20, ал сәл соңырақ әйгілі болған деректер бойынша 30,
40 жас шамасында өлді делінетін Рашид ад-дин, Д. Оссон, Бичурин (Иакинф) және басқалардың пікірі
[2]. Бірақ аталмыш ғалымдар Жошының өлген жыл, айы жайлы кесіп пікір айтпаған. Жошыханның
өлген ай, жылы жайлы кесімді хабар қалдырған адам ол Парсы тарихшысы Казвини. Ол өзінің
«Тарих-и-Гузиде» (Таңдамалы тарих) атты еңбегінде: «Туши (Жошы) әкесінен алты ай бұрын өлді», –
деп хабарлайды [13]. Егер Шыңғысхан шығыстық жыл қайыруы бойынша қызғылт доңыз жылы күздің
жетінші айының 16-шы жаңасы, ал жаңаша жыл санау бойынша 1227 жылы 16 тамызда 66 жасқа
қараған шағында дүниеден өтті деп көрсек [14], онда Жошы «1227 жылы ақпанның ортасында өлді»
деген қорытынды жасауға тура келеді. Бірақ аталған деректердің қай-қайсысы шындыққа сай емес.
Егер олай болғанда, В. Бартольд айтқандайын, Шыңғысхан ұлының өлімі жайлы хабарды Си Ся жо-
рығында жүргенде естіген болып шығады [15]. Бірақ Рашид ад-диннің хабарлауы бойынша Шыңғыс-
ханның Си Ся еліне қарсы жорығы 1225 жылдың күзінде, Қытай және Моңғол жазылымдары бойынша
1226 жылдың көктем айларында басталғаны белгілі [16]. Сондықтан бұл мәселеге оның басқадай бір
қырынан қараған жөн сияқты. Осыдан барып екінші пікір туындайды. Джамал ал-Карий өзінің «ал –
Мулхакат би-с-сурах» атты еңбегінде «Шыңғыс хан Харасаннан оралғасын қыжыраның 624 жылы 10
рамадан күні европалық жыл қайыру бойынша 1227 жылы 24 тамыз күні дүниеден өтті. Оның ұлы
Жошы (Туши) әкесінен бұрын 622/1225 жылы өлді деп жазды.
Қытай тарихшысы Б. Сайшаал да осындай пікірде [17]. Ол қытай және моңғолдың көне жазылымда-
рына сүйене отырып, Жошы хан 1225 жылы 47 жасында аурудан қайтыс болды деп жазды. Моңғол
тарихи деректері осы болжамды растай түседі. Жошының өлімі туралы хабар моңғолдың ата жұртын-
дағыларға қаған ордасы Туланың қара орманында күзеп отырғанда, Тангутқа қарсы жорыққа дайындық
мәселесін талқылаған ұлы жиын кезінде жеткені белгілі. Шыңғыс ордасы Ертісті жайлап, сол жылы
күзде осы мекенге шаңырақ көтерген болатын. Бұл 1225 жылдың күзі еді. Шыңғысхан Батыға көмек-
тесу үшін Отчигинді осы жерден аттандырды. Ал Шыңғыс Қаған Тангут жорығының алғашқы тобын
осы жылы аттандырып, өзі 1226 жылы күзде Гурван сайхан тауын асып, Ежен өзенін бойлай Тангутқа
қарсы шабуылын бастағаны белгілі [18]. Ал Жошы өлімі аталмыш жорық басталудан бұрын болып
өтті. Міне, осы деректердің барлығын ескере отырып, біз Жошы хан 1225 жылдың күзінде дүниеден
өтті деген пікірмен келісеміз. Сөйтіп әйгілі Жошы хан 1179 жылы қараша айында туылып, 1225 жылы
күздің соңғы айында Европа жыл саналуы бойынша 46 жасында өмірден өткеніне көз жеткізе аламыз.
Жошы өмірбаянының және бір күңгірт те жұмбақ тұсы оның жерленген орны төңірегіндегі мәсе-
лелер. Моңғол тарихшылары Жошының ордасы Ертісте болған, ал өзі Каспий мен Арал аралығында
өлді деп жазады [19]. Бұл оның өлімі туралы. Ал Жошы қайда, қалай жерленгені жайлы еш мәлімет
кездеспейді. Тек жапондық тарихи романшы Ино Юувэй Эсэси өзінің «Бөрте Чинө» романында «Хан
ұлы Жошы үш жыл бойы науқастанып үстіміздегі жылы (қай жыл екені белгісіз - Қ.З.) тамыз айында
ауруы асқынып, Қыпшақ даласында Каспий теңізінің батысындағы елді мекенде дүниеден өтті. Аманат
бойынша келесі жылы ақпанда барлық нояндары мен сарбаздары оның табытын ата жұртына жеткізу
үшін жолға шықпақ», – деп хабарлайды [20]. Бірақ Жошы табытының Моңғол жеріне жеткізгені жайлы
моңғол жазылымдарында қандай да бір дерек кездеспейді. Ұлы қаған Шыңғысхан өзі жерленді делі-
нетін Их-Өтөгте (Ұлы қорық) тек Өгөдэй, Тулуй және оның немерелері Мөңке қаған, Қубылай қаған,
Арықбұқа, шөберелері Батмөнх Даян цэцэн хан жерленген.
Ал Қазақ тарихында Жошы орталық Қазақстанның Сарысу бойында Теріс Кендірлі өзенінің ба-
тысындағы Сарайлы бұлақ маңында жерленген деп жазып келді [2]. Қазақ халқы «Жошы мазары» деп
қастерлеп келген мазар кәзір осында тұр.
Жошы шығыс мұсылман жазылымдары бойынша (Өтеміс Қажы) Ұлы тауда, ал моңғол және басқа-
дай көптеген жазылымдар бойынша Каспий мен Арал маңында өлді делінеді. Мұндай жағдайда Жо-
шының мәйітін Арқа даласы, Сарысуға әкеліп жерлеу мүмкін бе? Және не үшін әкелді? - деген сауал
туады. Екіншіден, Шыңғысханның ұрпақтары ұлы әміршінің өзінің көзі тірісінде әке жарлығын бұзып,
оның тұңғыш ұлына бөгде жұртта мазар тұрғызу мүмкін бе еді?. Тарихшы біздерді, міне, осы сауалдар
мазалайды. Ол кезде моңғолдар пұтқа табынатындықтан моңғолдар бұл кезде марқұмға мазар тұрғыз-
байтын. Шыңғысхан бұл мәселеге заң бойынша тиым салған. Шыңғысхан әулетінің жерлеу рәсім салты
жайлы Джузджани, Қытай тарихшысы То Жи, 1236 жылы Моңғолға келіп қайтқан Сун әулетінің елшісі
Пэн Да Яа, Рашид ад-дин, А. Жувейни, Марко Поло, Д. Оссон қатарлы көптеген ғалымдар жазды. Бар-
лығының да қалдырған деректері, жасаған түйіні бірдей. Ол аталған кезеңде моңғолдар өлгендерінің
әсіресе қаған әулетінің белгілі адамдарының басына мола, мазар тұрғызуға тиым салынғандығы. Мы-
салы, Джузджани Баты ханды жерлеген рәсімі жайлы (1256) былай деп жазады. «Оны Моңғол рәсім
90
салты бойынша жерлепті. Оларда егер біреуі қайтыс бола қалса, жер астынан үй-жай орнатып оны
кілем және басқадай құнды заттармен орап, марқұмның көзі тірісінде қолданған барлық заттарын сонда
қоятын болған. Оның көп зайыбының ішіндегі ең сүйіктісін бірге жерлеген. Сосын жерді топырақпен
жауып ешбір белгі қалдырмайтындай етіп ат тұяғымен таптатқан» [21]. Біз мұнда Моңғол дәуірін-
де Джузджани айтқандайын хан өлсе хатундарын бірге жерлейтін көне дәстүр қолданылудан қалған-
дығын ескергеніміз жөн. Ал 1236 жылы Сун әулеті атынан Өгөдэй қаған ордасына елшілікке келіп,
моңғол салтын көзімен көрген Пэң Да Яа «Қара татарлар жайлы қысқаша мәліметтер» атты еңбегінде
моңғолдардың жерлеу рәсімі жайлы келтірген деректері шындыққа жақынырақ. Онда ол былай дейді:
«Екі ағаштың ортасын үңгіп кісі бойы қуыс шығарады да, оның үңгіген бетін қиыстырып абдыра жа-
сайды. Табытты абдыраға салып сыртын бояп, абдыраны таза алтыннан жасалған белдеумен үш мәрте
орайды. Сосын басын құбылаға қаратып табытты көмеді. Мемлекет заңы бойынша басына мола, ма-
зар тұрғызылмайды. Жерлеу рәсімі аяқталғасын, үстінен мың жылқы айдап, жерін таптатады. Сосын
бір жас ботаны енесінің көзінше құрбандыққа шалады. Өлік жерленген жерге мың салт аттыдан қара-
уыл қойып, топырағына өсімдіктер өсіп, жер қалпына келгенше күзеттіреді. Бейіт жерден айнымастай
болғасын күзет түсіріледі. Ол жерді адам пенде табуы мүмкін емес, тек ботасы өлген іңгеннің бозда-
уымен ғана пайымдауға болатын еді» [2]. Моңғолдардың жерлеу рәсіміне байланысты құнды хабар
қалдырғандардың бірі - Плано Карпини. Оның берген хабарының құндылығы соншалық, ол – Жошы
өлгесін 20 жылдан соң (1245) шығыс Қыпшақ даласын басып өткен адам. «Егер белгілі адам өлсе, -
дейді ол, – ол адамды далаға жасырын түрде жерлейді. Алдына тостаған толы қымызымен дастархан
жаяды. Өлген адамның о дүниедегі тірлігі үшін құлынды бие және ер тұрманымен бірге жерлейді…
Алтын, күмісін де бірге қойған. … Үш ұрпаққа дейін өлген адамның атын атамайды» [22]. Тотемдік
осынау салт-дәстүрдің қайсы бірі моңғолдар арасында бүгінгі күнге дейін сақталған. Мысалы моңғол-
дар кәзірге дейін өлген адамның атын атамайды, «талийгаач» (марқұм) дейді.
Жошы хан Қыпшақ даласында, Моңғол ошағынан тысқары бес-алты-ақ жыл (1219-1225) өмір
сүрді. Бұл Дешті - Қыпшақ даласына мұсылман діні дендеп ене қоймаған тұс. Жошыхан қайсыбір
дінге табынғаны туралы мәлімет жоқ. Тіптен олай болуға мұршасы да болмады. Және ол «Көк дәп-
тер» заңын құрандай қастерлеп қолына ұстап отырған қаған әкесінің көзінің тірісінде дүниеден өтті.
Мұндай жағдайда сол кезде Жошы ханға Қыпшақ даласында мазар тұрғызылу мүмкін бе еді? Енді осы
мәселелерге тоқталып көрелік.
Ұлытау маңындағы «Жошыханның мазары» жайлы алғашқы хабар Бұхар билеушісі Абдаллахтың
1582 жылы Ұлытауға барған сапарына байланысты пайда болды. Онда «Осы айдың 6 жаңасы
сенбі күні хан Жошы ханның мазары алдындағы сарайға тоқтады» [23] делінген. Жошы мазары
жайлы Ю. Шмидт [24], В. Бартольд [25], және Ш. Уәлихановтар жазды [25].
Археологиялық қазба жұмысы Ә.Х. Марғұланның басшылығында 1946 жылы жүргізілді. Екі бей-
ітке жүргізілген қазба жұмысының нәтижесінде табылған сүйек сұлбалары және материалдық заттарға
сүйеніп, алғашқы қорытындылар жасалды. Ә.Х. Марғұлан бірінші бейіттен табылған адам қаңқа сүй-
егінің бір қолы жоқ болғанына байланысты, оны «Жошы хан», ал екінші бейіттен табылған әйел адам-
ның сүйегін оның бәйбішесі Керейт Тогорил Уан ханның қызы Бектұтмыштың табыты деп пайымдап-
ты. Әрине, Жошы ханның Ұлытау қойнауы, Арқа даласында жерлену мүмкіндігін жоққа шығаруға
болмайды. Өйткені Жошы хан Ұлытауда орда тікпегенімен, Ұлытау, Арқа даласы Жошы хан ордасы-
ның аң аулайтын (ав талбих) қорығы болғаны белгілі. «Жошыханның өлімі осынау Ұлытауда аң аулау
кезінде болды»,– делінетіні де сондықтан. Ш. Уәлиханов «Арқаның құланы кері жосып кетпеу үшін,
олар далада ор қаздырған. Бұл орларды Тэмучин (Моңғол) ұлыстарының шекарасы деп қарауға мүм-
кіндік бар», - деп жазады [25]. Ш. Уәлихановтың аталған ұсынысына тарихшылардың берген ғылыми
анықтамасында «Ордың ұзындығы 900 шақырымға дейін жететін… Қазақ даласындағы Тарбағатай
тауынан Ілеге дейінгі жасанды жылғаны халықтың ауыз әңгімесінде өткеннің аңшылық үрдісімен бай-
ланыстыратын» көрінеді [24].
Аталғандарға сендіретін және бір қисын – моңғолдар өлгенін далаға жерлейтіндігі. В. Бартольдтың
моңғолдар әйгілі адамдарын адам пенденің аяғы жетпейтін тау қияларына жерлейтіні жайлы пікірі
моңғолдардың бүгінге дейін жалғасып келе жатқан этнографиялық салт дәстүріне сай емес [25]. Одан
гөрі, қанша дегенмен, даланың өз тумасы болғандығынан болар Ш. Уәлихановтың пікірі ұтымдырақ.
Ол былай деп жазады: «Бұл ордалардың (Қыпшақ даласындағы Моңғол ордалары - Қ.З.) хандарының
әрқайсысы өздерін дала бойында жерлеуін аманат еткен (Мысалы, Маңғыт ордасының іргетасын қа-
лаушы Едігені Ұлытаудың қырқасына жерлегені сияқты) [26]. Сондығынан болар Ұлытау бойындағы
кең дала әйгілі қорыққа айналғаны белгілі. Мұнда әрқайсысы өзіндік бет-бейне, сыр-сыйпатымен ерек
91
шелінетін Қамыр хан, Алаша хан, Домбауыл әулие, Бұлғын ана, тағы басқа бейіт-мазарлар жатыр.
Осылардың барлығын әдейі зерттеп мақала жазған Ш. Уәлиханов «Жошыхан мазары» жайлы ештеңе
айтпаған. Бірақ, біз жоғарыда айтқанымыздай, Жошы ханның Ұлытау даласында жерлену мүмкінді-
гін жоққа шығара алмаймыз. Бірақ: «Бірінші бейіттен табылған сүйек - Жошынікі, екінші бей іттен
табылған әйел затының сүйегі –Бектұтмыштыкі», - деп кесіп пікір айту мүмкін емес. Біздіңше, бұл
тарихи және лабораториялық зерттеудің қортындысы дегеннен гөрі, ел аузындағы аңыз әңгімелерге
сүйенген қияли пікір сияқты. Неге?
1 Жошы хан дәл осында жерленді деп кесіп айтарлықтай дерек жоқ.
2 Табылған адамның сүйегі орта жастан жоғары (кейде 70-72 жастағы адамның сүйегі делініп те
жүр) адамдікі. Ал Жошы болса 1179 жылы туып, қайсыбір ғалымдардың пікірінше, 1227 жылы, біздің
пікірімізше 1225 жылы 46-48 жасында дүниеден өткен адам.
3 Шыңғысхан өзі және хан, қаған ұлдарын «О дүниеде көлденеңнің көзіне түсуінен» мұқият
сақтандырып, мола, мазар тұрғызуға тыйым салғаны белгілі. Сондықтан қағанның көзі тірісінде Жо-
шыға мазар тұрғыздыруы мүмкін емес.
4 Жошы 1225-1227 жылдары өлсе, «Жошы мазарының» жер асты және жер беті архитектуралық
конструкциясы және қолданылған құрылыс материалдары ХҮІ ғасырға жатады.
5 Жошы - моңғолдар пұтқа табынған дәуірдің туындысы. Ал «Мазары» таза мұсылмандық үлгі-
де. Мұсылман діні Шығыс Қыпшақ даласына ХІҮ ғасырда келе бастағаны белгілі. Қ. Сәтбаев өзінің
«Жезқазған өлкесіндегі көне ескерткіштер» атты еңбегінде Жошы хан мазарын Алтын орда дәуіріне
жатқызуы тегіннен тегін емес. Бұл пікір де мазардың жұмбақты сырын меңзейді.
Моңғолдың «Их Өтөгінде» (қорық) Жошы ұрпағының бірде бірі жерленбеген. Олардың о дүние-
ден сая тапқан жері Қыпшақ-Қазақ даласы екенінде дау жоқ. Бірақ қалай дегенмен бұл мазар, әсіресе
мазардағы табыт тікелей Жошы ханның өзінікі болуы мүмкін емес сияқты. Жошыхан мазары жай-
лы әдейі зерттеп мақала жазған Ж. Егінбайұлы «Алайда, мазар Жошы ханға арналып салынғанымен,
жерлеу ғұрпын саралай зерттеудің нәтижесінде, біз бұл мазар ішінде Жошы хан жерленген деп кесіп
айта алмаймыз» [24], – деген қорытындыға келген. Біздіңше, мазар не Жошының мұсылман дінін қа-
былдаған дәуірінде өмір сүрген белгілі бір ұрпағынікі немесе В. Бартольд айтқандайын, «Жошының
мұсылманданған хан ұрпағының бірі пұтқа табынып бейітсіз қалған ұлы ата бабасына (Жошыға - Қ.З.)
арнап кейін тұрғызылған» [14] болуы әбден мүмкін. Өйткені мұндай үрдіс Орталық Азиялық мұсыл-
мандар арасында ертеден-ақ жалғасып келеді. В. Бартольд «Сейіт-Мұхаммед Баһадур хан ата бабасы
Нугдай бидің басына үй тұрғызғаны және Аббас шейхтің басына мешіт, күмбез орнатып, құран оқып
тұратын молдалар тағайындағаны туралы хабарлайды [2]. Бұл үрдістен Жошының әйгілі ұрпақтары да
шет қалуы мүмкін емес. Жошы мазарында оның өзінің сүйегі болмағанымен, мазардың Жошы аруағы-
на арналып орнатылуы мүмкін деп ойлаймыз. Бірақ мазарды тарихи-географиялық, антропологиялық
және архитектуралық тұрғысынан әлі де жан-жақты зерттей түсу қажет сияқты.
Ендігі мәселе, Жошы ханның тарихи рөлі жайлы. Жошы хан - әуелі артына текті де, өскелең
ұрпақ қалдырған адам. Ол алғаш 1197 жылы 17-18 жас шамасында Керейт Жақамбының қызы Никти-
миш-фуджинмен (моңғол жазбаларында - Бедешөміш) бас қосып, өз шаңырағын көтереді. Араға екі
жыл салып Орда еженнің анасы, Қоңырат қызы Сартақты, және екі жылдан соң нағашысы Алшы но-
янның қызы Үкі-фуджинді айттырады. Тарихшы шежірешілер Баты хан осы Үкі-фуджиннен туды деп
жазады [27]. Қадырғали Жалайыр Сартақ-хатунды бас бәйбіше деп көрсеткен [28]. Менімше, соңғы екі
деректің қай-қайсысы да сенімсіздеу. Юань әулетінің алғашқы қағаны әйгілі Қубылай қаған ата - баба-
сының атақ даңқын мәңгіге қалдыру үшін, Бэйжиңдегі (Пекин) қаған ордасы жанынан сегіз Үй-Музей
тұрғызып, оның төртіншісін ағасы Жошы, оның бәйбішесі Бедешөміштің ескерткішіне арнаған [2].
Егер Үкі-фуджин Жошының бас бәйбішесі, Баты ханның анасы екені рас болса, әуелі сол аталуы тиіс
еді. Өйтпеді.
Тулуйдың бәйбішесі Соркуктан-хатун және Жошының бас бәйбішесі Бедешөміш-хатун бір туы-
сады, Керейт Жақамбының қыздары. Баты хан Тулуйдың бәйбішесі Соркуктан-хатунды ерекше сый-
лап, одан туған Мөңке қағанмен етене жақын болғанына қарағанда, Баты хан Үкі-фуджиннен емес,
Бедешөміштен туылуы мүмкін бе деп ойлаймыз. Өйткені Шыңғысхан әулетінде қаған, хан ұл туған
бәйбішелердің ықпалы күшті болған. Ал Баты хан туылды делінетін Үкі-фуджиннің ықпалын еш жер-
ден көре алмаймыз. Қалай дегенмен Жошының хан, бек, ноян ұлдары Сартақ және Бедешөміш хатун-
нан тарайды. Рашид ад-дин Жошыда 40 ұл болғанын айта келіп, олардың ішінен аты әйгілі он төртін
ат-атауы, ұрық ұрпағымен саралап таратып жазған [15]. Олар: 1) Орда (монғ. Ордана), 2) Баты (монғ.
Бат), 3) Береке (монғ. Бэрх), 4) Беркечар (монғ. Бэрхшар), 5) Шибан (Монғ. Сыбан), 6) Тангкут (монғ.
92
Тангад), 7) Бувал, 8) Чилаукун (монғ. Чулуун), 9) Шингкур (монғ. Шонхор), 10) Чимпай, 11) Мухаммед,
12) Удур, 13) Тука-Тимур (монғ. Тогоон-Төмөр), 14) Сингкум (монғ. Сэнгум).
Жошы ұлдарының әрқайсысының тарихтан алатын өзіндік орны бар. Олардың атқарған ісі әкесінің
тарихи рөлін толықтыра түседі.
Жошы ханның өмірбаяны мен Жошы ұлысы тарихында Орда Ежен, Баты хан, Берке ханның алатын
орны бөлек. Баты хан, Берке хан туралы Орыс тарихшылары көп жазды.
Баты хан - Жошы ханның өзінен кейінгі әйгілі тұлға. Ол ұлы қағанның тікелей өз ұсынысымен әке
орнын басып, 1237-1256 жыл аралығында 19 жыл хандық құрды. Батыс жорығы кезінде (1235-1241)
Орыстың орталық және шығыс бөлігі, Булгар, Черкес, Польша, Мажар қатарлы шығыс европа жұртын
бағындырып, «Батыста моңғол жабысының тұяғы жеткен барлық өлкені алыңдар» деген ұлы қаған ата-
сының аманатын орындады. Ол ұлы жорық кезіндегі қаталдығына қарамай «Сайн хан» немесе «Қай-
ырымды хан» атанды. Баты хан әкесі құрған ұлыстың өрісін кеңейтіп, державаның орталығы Сарай
қаласының ірге тасын қалады.
Бэрх (Береке) хан 1257-1266 жылдары Жошы ұлысында тоғыз жыл хандық құрды. Жошы ұлысы
тарихындағы аса белгілі тұлғалардың бірі. 1) Мұсылман елдерімен жан жақты қарым-қатынас жасау
арқылы Қыпшақ даласына мұсылман діні дендеп кіруіне мұрындық болды. 2) Алғаш рет салық рефор-
масын жүргізді. 3) Ел астанасын Еділді бойлай көшіру арқылы Евроазия мәдениетінің ара жібін жалға-
ды, шығыс пен батысты араластыруға мүмкіндік тудырды. Береке ханның атқарған және бір елеулі
рөлі ағасы Батының тікелей тапсырмасымен 60 мың қолмен Қарақорымға аттанып, 1251 жылы 1 шіл-
деде басталған Шыңғысхан әулетінің ұлы құрылтайын басқарып, Тулуй ұлы Мөңкені ұлы қаған тағына
отырғызуы [29]. Бұл Шыңғысхан әулеті үшін ірі оқиғалардың қатарына жатады. Осы кезеңнен бастап
Империя тізгіні Өгөдей әулеті билігінен Жошы ұрпақтарымен етене жақын болған Тулуй әулетіне өтіп,
империяның соңына дейін жалғасты.
Орыс тарихшылары Б.Д. Греков және А.Ю. Якубовский өздерінің көпке белгілі «Алтын орда және
оның күйреуі» атты еңбегінде «Алтын орда қаншама Жошы ұлысы деп атанғанымен, Жошы Алтын
орда мемлекетінің тағдырында шын мәнінде ешқандай рөл атқарған жоқ... Дешт-қыпшақ даласын то-
лығымен жаулап алу процесі Баты хан билік құрған 1237-1256 жылдары аяқталды» [12] деп жазады.
Біз бұл пікірмен келісе алмаймыз. 1) Жошы ұлысының құрылу тарихы бұл елді орыс жұрты «Алтын
орда» деп атаған кезден емес, одан әріректен, 1224 жылы Ертіс, Алакөл аралығында болған ұлы жиын
тұсынан басталады. 2) «Алтын орданы» «Жошы ұлысынан», Баты ханды әкесі Жошыдан бөліп қарау
мүмкін емес. Өйткені Жошы ұлысының іргетасын көзі тірісінде Жошы ханның өзі қалады. Ал Баты хан
ұлы қаған атасы және өз әкесінің орындалмаған арманын орындаушы. 3) Баты ханның Батыс жорығы
стратегиясы Шыңғысхан кезінде жасалып, 1229 жылғы ұлы құрылтайда шешімін тапқан мәселе.
Жошы хан құрған мемлекеттің аты «Жошы Ұлысы» тіптен «Қыпшақ хандығы» десе де жарасады.
Ресей зерттеушілері мемлекеттің атын 1564 жылы шыққан «Қазан хандығының тарихында» «Алтын
Орда» деп атап жібергендіктен зерттеушілерді көп адастырды, мемлекет алғаш Қыпшақ даласында бой
көтерді. Әскери оң, сол екі қанаттан құралды. Баты хан Батысқа көшпенде мемлекеттің қара шаңырағы
– Ақ Орда Жошының тұңғыш ұлы Орда Еженнің билігінде қалды. Сондықтан ол ежелгі түркі – моңғол
салты бойынша Ақ Орда (қара шаңырақ) немесе «үлкен үй» («Ulug UB») деп аталады.
Ордана (Орда ежен) Жошы ұлысының әскери сол қанаты Ақ Орданың әскери қолбасшысы, жеке
дара билеуші «Хан-оғлы» (моңғ.Khan huu) еді. Ежелгі Түркі және Моңғолдық мемлекеттік үрдіс-сал-
ты бойынша «хан оғлы» немесе «хан хүү» жеке дара билік иесі болып табылады. «Ежен» (Эзэн)
моңғол-тунгусша хан лауазымымен парапар [30]. Қытай тарихшысы Су Би Хай «Ақ Орданың бірінші
ханы Орда ежен еді» деп жазды [31].
Қазақ хандары осы Орда еженнен тарайды. Ақ Орданы шынға шығарып, Жошы Ұлысы держава-
сын билеген Шымтайұлы Орыс хан Орда Еженнің VIII ұрпағы әрі «Қазақ хандарының атасы» санала-
ды. Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек Орыс ханның шөберелері. Сондықтан қазақ мемлекеті
үшін Жошы хан Орда ежен, оның ұрпақтарының алатын орыны ала бөтен [19].
Жошы хан оның ұлдары мен кейінгі ұрпақтары Жошы ұлысы державасын құрып, оның ұзақ өмір
сүруіне елеулі ықпал етті. Моңғол Империясының Батыс шебін қалыптастырып, онда билік жүргізу,
батыс пен шығыстың ара жібін жалғау тек Жошы ұрпақтарының тікелей ықпалымен жүргізілді. Жошы
аса дарынды әскери қолбасшы. Ол алғаш 22 жасында бес қаруын асынып, атқа қонады.
Алғашқы шығыс жорығында қол бастады. Орман жұртын бағындырды. Елінің Батыс шекара шебін
басқарды. Батыс Хорезм жорығы тұсында Сыр бойы қалаларын бағындырып, Үргенішті қолға түсірді.
Ол жорық жолында әлемнің 90 қамалын бұзып, 200 қаланы қолға түсірген [32] әскери стратег, ірі әске-
ри қолбасшылардың бірі.
93
Әрине Жошы ұлысы Шыңғысхан және оның ұрпақтары Шығыс- Қыпшақ даласын жаулап алуының
жемісі екені рас. Сондығынан болар, Орыс және Орталық Азия тарихшыларының арасында Жошының
тарихи рөліне оны тек жаулап алушы, нәсілдік қарсыласы тұрғысынан бір жақты баға берушілік орын
алып келді. Жошының жаулаушы рөлі Жошы ұлысы тарихының бастапқы кезеңіне жатады.
Шапқыншылық талай қиямет әкелді, мәдениет ошақтары жойылып, талай жанның басы жұтылды.
Бірақ Жошы ұрпақтарының Қыпшақ даласында билік құрған соңғы кезеңін (әсіресе ХІІІ ғасыр
соңынан ХVІІІ ғасырға дейін) алғашқы жаулап алған кезеңімен салыстыруға болмайды. Моңғол импе-
риясының орталығы Қарақорымнан Бэйжиңге аударылған 1264 жылдан бастап Жошы ұлысы импери-
алдық билікке бағынбайтын дербес мемлекетке айналды.
Жошы ұрпақтары Қыпшақ даласына Орта ғасырлық мемлекеттік басқару жүйесін әкелді. Мемле-
кеттіліктің басты нышандарын қалыптастырды. Алып далада ара қақтығыстан арып шаршаған дүй-
ім жұрттың басын біріктіріп, әрқайсысы ел болып қалыптасуына өктемдік ықпал етті. Жошы ұлысы
державасы ыдырағанда, оның шекпенінен Ұлттық бірнеше жаңа мемлекеттер туып шықты. Мысалы,
солардың бірі Ресей. Тарихшы С.М. Соловьев, М.Н. Покровский, В.Г. Вернадский, Лев Гумилевтер
бұл шындықты мойындайды. С.М. Соловьев «Моңғол билігі тұсында Орыстың күш-қуаты нығайды»
[33], – деп жазса, М.Н.Покровский Татарлар орыстың әлеуметтік өміріне «терең өзгерістер әкелді» [34]
деп ой түйеді. В. Вернадский және Лев Гумилевтің қисыны одан гөрі тереңірек. «1480 жылғы оқиға
төңірегінде сөз болғанда, - деп жазды Лев Гумилев, - «басқыншылықтың күйреуі» туралы емес, керісін-
ше Алтын орданың жұртында ұлы Москва княздігі, Қырым және Қазан хандығы, Ноғай ордасы си-
яқты бір-біріне қарама-қарсы мемлекеттік жаңа одақтардың пайда болу жайы сөз болғаны дұрыс»[35].
«Шығыс Русь Алтын Орда хандары билігінен басы босағанда сонау Монғол шабуылы кезеңіндегісінен
әлдеқайда қуатты, қабырғасы қатайған мемлекет болып шықты» деп жазды В.Г. Вернадский [36].
Жошы ұлысы жүйесінің Орыс жұртына тигізген саяси ықпалы жайлы ағылшын тарихшысы Чарльз
Гальперинның «Орыс және Алтын Орда: Орта ғасырлық орыс тарихындағы моңғолдардың үлесі» атты
еңбегінде біршама толық талданған [61]. Ал Астархан, Қырым, Қасым, Ноғай ордасы, Өзбек және Қа-
зақ мемлекеті осынау Жошы ұлысының туындысы. Өздерін әлдеқашан Моңғол деп атаудан қалған
Жошы ұрпақтары аталған мемлекеттердің қалыптасуы, ел болып шыңдалуы, тәуелсіздігі, ұлтының
бірлігі үшін қажымай талмай күресті. Әрине, тарихта бұл деректер ұлы Шыңғысханның саяси ұпайына
жазылғаны болмаса, Евроазия даласында 250 жылға жуық сұлтанат құрған Жошы ұлысының шаңы-
рағын көтерген Жошы және оның ұрпақтары, болды.
Бірақ Жошы, оның әйгілі хан ұлдарының өмірбаяны, атқарған ісі әйгілі әкенің (Шыңғысханның)
көлеңкесінде қалып келді. Жошы ұрпағынан ұлы қаған шықпады демесек, ол құрған Қыпшақ хандығы
өз алдына әйгілі держава болатын. Сондықтан Жошы ханның атқарған ісін оның әйгілі әкесінің рөлі-
нен, Жошы құрған Қыпшақ хандығының тарихын Моңғол империясының тарихынан бөліп қарауға
болмайды.
Жошы хан оның ұрпақтары Қазақ мемлекетін құрып, қазақты ұлт ретінде, Қазақ елін ел ретін-
де қалыптастырып қабырғасын қатайтуға ерекше үлес қосты. Қазақтың хан ұрпақтарының барлығы
да Жошы әулетінен тарайды. Қазақ мемлекетінің бір қайнар көзі Жошының тұңғыш ұлы Орда (Орда
ежен) және оның ұрпақтары басқарған Ақ орда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |