— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020


Неге бизнес үшін Instagram керек?



Pdf көрінісі
бет36/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

Неге бизнес үшін Instagram керек?
 
Бұл сұраққа статистика арқылы жауап беруге 
болады. Pew Research Center мәліметтері бойынша, 
18 жастан асқан жандар әлеуметтік желілерді 
пайдаланушылардың жалпы санының 17%-ы 
күнделікті Instagram-дағы аккаунтты тексереді. Бұл 
әлеуметтік желі аудиториясының басым көпшілігі 18-29 
жас аралығындағы жастар. Бұл дегеніміз қазіргі таңда 


 — 87 —
жастар – озық ойлы орта буын, яғни миллениалдар, 
әлеуметтік платформалардың ықпалымен сатып 
алу туралы жиі шешім қабылдайтынын көрсетіп 
отыр. Сондай-ақ, бұл желіде әйелдер қауымы басым. 
Instagram әлеуметтік желісінде 57% оқырман 
аккаунтына күніне кем дегенде бір рет кірсе, ал 35% 
оны күніне бірнеше рет тексереді.
Бизнес-профиль 
«Instagram» әлеуметтік желісінде сіздің 
бизнесіңізді тиімді жүргізуге 2016 жылы шілде айында 
арнайы бизнес-профильде көптеген мүмкіндіктер 
пайда болды. Бұл мүмкіндіктің басты қызметі 
«Связаться» тетігі. Яғни сіз байланыс нөміріңізді, 
сайтты, электронды поштаңызды, тіпті орналасқан 
жеріңіздің мекенжайына тікелей сілтеме қоюға 
болады. Сондай-ақ, сіздің оқырмандарыңыздың 
белсенділігі мен қызығушылықтарын қадағалау 
мақсатында арнайы статистика қызметі де бар. 
Парақшаңыздағы постты қанша адам көріп, лүпіл 
басып, сақтап алғандығы жөнінде толық ақпаратты 
тексеріп отыра аласыз. Ал жалпылама статистикада 
тіркелушілердің жалпы санын, оқырмандар арасында 
жас мөлшерін, жігіттер немесе қыздар санын, 
сонымен қатар қай қаладан екенін білуге болады. Ал 
сіз жариялаған посттардың ішінен апталық, айлық, 
жылдық үздік постты да анықтай аласыз. Сіздің 
оқырмандарыңыздың ішінен басым көпшілігінің 
талғамын, сізден қандай ақпарат күтетінін де оңай 


 — 88 —
білуге болады. Яғни сіздің жұмысыңызды біршама 
жеңілдетіп, аудиторияңызды жақынырақ тануға 
мүмкіндік береді. Бұл ақпараттарға көз жеткізгеннен 
кейін қай уақытта публикацияны жариялап, не 
туралы жазып, қандай геолокацияны қойып, тегтер 
мен хэштегтерді пайдалануды үйреніп, толықтай 
контент тауып, белсенді адамдарды жинау жолын 
түсінуге әбден болады.
Инстаграмда профильдің атауын дұрыс 
толтырған жөн. Профиль сипаттамасында сіздің 
компанияңыз жайлы ақпаратты толық жазыңыз. 
Қызметтер түрін қысқаша сипаттап, кері байланыс 
үшін телефон нөмірін қоюды ұмытпаңыз. Алайда 
инстаграм профильінде 150 таңбаға шектеу бар екенін 
еске сақтаңыз.


 — 89 —
Парақша жұмысын дұрыс бастау
үшін ең алдымен басты фотоға назар аударған 
жөн. Бизнес профиль болғандықтан, өзіңіздің 
компанияңыздың логотипін ойлап тауып, жүктеп 
қойсаңыз оқырмандарға да бірден түсінікті болып, 
бренд қалыптастыруға әсер етеді. Көп бизнес 
парақшалардың қарқынды жұмыс істеуі дәл осы 
бизнес-профильге фото жүктеу мен профиль 
сипаттамасын дұрыс толтырудан басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет