— 1 — ДӘулет төлеутайұлы бизнеске бағыт #әрекеткеберекет Нұр-СҰлтан 2020


Жақсы нәтиже үшін зерттеу жүргізіңіз!



Pdf көрінісі
бет38/88
Дата17.07.2023
өлшемі4,82 Mb.
#104463
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   88
Байланысты:
????«БИЗНЕСКЕ БАҒЫТ»

Жақсы нәтиже үшін зерттеу жүргізіңіз!
Бәсекелестерді зерттеу сіздің парақшаңыздың 
алға басуына септігін тигізеді. Тіпті сіз олардың 
тәжірибесінде кеткен қателіктерді қайталамауға 
тырысасыз. Өзіңіздің салаңыздағы бизнес 
парақшаларды тексеріп көрсеңіз, олардың атқарып 
отырған жұмысын зерттей келе, сіздің парақшаңызға 
не керек екенін де анықтауға болады. Дәл сіздің 
қызметіңізбен айналысатын бизнес парақшалардың 


 — 91 —
дизайны қандай, қандай пайдалы ақпарат бар, 
қандай бағытта белсенді, аудиторияны қалай 
жинайтындығын толық қарап шыққан дұрыс. Не 
жазып жатқанын, қандай идеяларды қосқанын 
және қанша қаралым жинағанын талдап, өзіңіздің 
идеяңызды жүзеге асырасыз. Яғни, талдау арқылы 
сізде өзгеше ойлар пайда болуы мүмкін. Жүктелген 
фото-видеолардың не себепті көп қаралым 
жинағанын дұрыс зерттеп алыңыз. Мүмкін олар сол 
тауарды бөлісу барысында жарнама қосқан болар 
немесе қаралым трафигін қолдан көтерген болар. 
Парақшаларды зерттей келе, жаңаша бастама жасап, 
өзіңізге шабыт алыңыз. Сондай-ақ, бәсекелестеріңіздің 
парақшасына кіріп, жиі пікір қалдыратын белсенді 
адамның парақшасына кіріңіз. Оның қандай топтарға 
жазылғанын, қандай ақпараттармен бөлісетінін, 
не жазатынын, кімдерге лүпіл басатынын толық 
анықтап шығыңыз. Осылайша 10-20 адамды қарап 
шықсаңыз, барлығы түсінікті болады.
Контент-жоспар көмегімен жарияланым кестесін 
алдын-ала әзірлеуге, мәтінін, форматын анықтауға 
және одан кейін қандай материалдарды салу керектігін 
қадағалауға болады. Әрине оның барлығын қағаз 
бен қалам арқылы кесте сызып, жоспарлап жазуға 
болады. Алайда сіздің жұмысыңызды жеңілдететін, 
ыңғайлы контент-жоспар жасауға арналған бірнеше 
бағдарламаларды ұсынамын: 
y
SMMplanner
y
SocialKit
y
Gramblr
y
SmmBox
y
Kuku.IO




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет