Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік



бет4/19
Дата31.01.2023
өлшемі337 Kb.
#64042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
stud.kz-64227

Қайта жаңғырту және тану

Біздің қабылдағанымыздың немесе жасағанымыздың көбі біз тарапымыздан көп күш жұмсамай-ақ еріксіз еске түседі (жаңғыртылады). Мысалы, оқушы тарихты оқып отырып, өзі бұрын оқыған тарихи романды еске түсіреді. Бұл еріксіз (немесе байқаусыз) жаңғырту болып табылады. Адамнан белгілі күш салуды талап ететін әрі еріктік күшке байланысты жаңғырту – еске түсіру деп аталады. Бұл ойдың белсенді жұмыс істеуін керек етеді. Еске түсіру барысында затты затты не құбылысты қабылдаған кездегі жағдайларды, фактілерді қайта жаңғыртсақ, бұл процесс онша қиын соқпайды.


Тану – қайта жаңғыртудың ерекше формасы, объектті қайта қабылдау кезінде іске қосылады. Мысалы, біз көшеде өзімізге қарсы келе жатқан адамды көреміз. Танымдық, бірақ онымен бұрын бір жерде кездескен сияқтымыз. Ол бізбен дауыстап сәлемдесті. Енді ғана біз оның дауысынан оның өткен жылы демалыс үйінде бірге болған жолдасымыз екенін білдік.
Бірақ тану есте қалдыру толықтығының және беріктігінің өлшемі бола алмайды. Кейде оқушылар материалды қайталап оқуда оны игеріп алған сияқты сезінеді. Шындығында олар бұл материалды біліп қана отыр, әлі игерген емес, оқушы материалды кітапқа қарамай айтар болса, ол бұл материалды есте қалдырудың әлі қашық екенін түсінеді. Сондықтан есте қалдырудың сапасын тек қайта жаңғыртудан ғана білуге болады.
Жеке адамның қасиеті ретінде естің ерекшеліктері адам қабілетінің дамуына, оның іс-әрекетіне ықпал жасайды. Есі нашар дамыған адамдар, ес қабілеті күшті адамдарға қарағанда оқу материалын игеруге көп уақыт, артық күш жұмсайды. Көптеген мамандықтар есте жақсы сақтай білуге байланысты.
Адамдарды игергендерін есте қалдырып, оларда ой сақтауына (ес сапасына) қарай төрт топқа бөлуге болады: а) тез және берік есте қалдыратын, көпке дейін ұмытпайтын; б) материалды игеруі тез, бірақ берік емес, тез ұмытатын; в) баяу есте қалдыратын, бірақ игергендерін көп уақытқа дейін ұмытпайтын; г) баяу игеретін және тез ұмытатын, берік емес.
Адамдар анализаторларының ақпаратты игеру және есте қалған материалды жаңғырту процесіне көп-аз қатысуына орай айырылады. Мысалы, кейбіреулерге есте қалдыру үшін затты қалайда көзімен көруі немесе ол туралы жазғанды өзі оқуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет