Пысықтау үшін сұрақтар
Ес дегеніміз не? Адам өмірінде оның маңызы қандай?
Есте сақтау дегеніміз не?
Ассоциация деп нені айтамыз? Оның қандай түрлері бар?
Естің қандай түрлері бар?
Есте қалдыру дегеніміз не?
Механикалық есте қалдыру дегеніміз не?
Есте қалдыру формалары қандай?
Ұмыту неден болады және оның қандай деңгейлері бар?
Ес бұзылысы неден көрінеді?
Ми және психика
Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым.
Жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты, И.П.Павлов ілімі, оның қағидалары.
Ми, оның атқаратын қызметі, ми сыңарлары.
Ми және психика
Психика дегенде, жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан психологиялық қызметін дұрыс түсіну үшін адам мен жануар психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғары жүйесі қызметінің ерекшеліктерін білу керек. Жүйке жүйесі орталық және перифериялық шеткі жүйе болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі бұл – ми. Перифериялық жүйке жүйесі жүйке талшық шоңдары орталық бас ми мен омыртқа жұлыннан адамның барлық денесінде таралып жатады. Мида жүйке нейрондардан, яғни бір мен бір қосалқы буындармен жалғасып жататын жүйке клеткаларынан құралады. Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы жұлын қарапайым қозғалысты реттейді. Ол денедегі, мысалы, ас қорытатын, қан жүргізетін, демалдыратын , т.б. тәннің өмір сүруін қамтамасыз ететін әр түрлі процестермен айналысатын ұзыншақ миға өтеді. Үлкен ми сыңарлары кіші ми қыртысының төменгі бөлімінің тораптарымен бүкіл адам психикасын басқаратын ми қыртысынан тұрады. Әр түрлі жандардың миларының жоғары бөліктерінің, үлкен ми сыңарларының қандай роль атқаратынын мына мысалдардан көруге болады. Балықтың басындағы ми сыңарлары алынса, оның мінез-құлқы пәлендей өзгермейді. Егер көгершіннің ми сыңарлары алынса, ол ұша алмай, тамақ іздеуден қалады. Ал итті толық мүгедек деуге болады. Үлкен ми сыңарынсыз туған бала тіршілікке жарамайды. Демек, мидың бұл бөлігінен айырылған адам мүлде өмір сүре алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |