Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік


Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым



бет7/19
Дата31.01.2023
өлшемі337 Kb.
#64042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым

Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байлансыны жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар, жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.


Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі – ұзын тармақты нейрит, ал екіншісі – көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.
Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты дәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төменгісінен құрылысы жөнінде де күрделірек болып келеді.
Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі – жұлын омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см ге дейін жетеді.
Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес. Ол қарапайым қозғалыстарымыздың жұмысын басқаратын орталық болып табылады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі – ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми – бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы, әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқарады.
Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организм қозғалысының , оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді.
Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді. Олар маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардың ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм, т.б.
Адамның миы үлкен және салмақты болған сайын, ақылды және қабілетті болады, деп ойлаған. Осы кезге дейін бүкіл әлемде ғұлама атына бар-жоғы 400 ге дейін адам ғана ие болыпты. Солардың кейбіреулерінің миларының салмағы мынадай балған:

  1. Тургенев 2012 гр.

  2. Кювье 1828 гр.

  3. Байрон 1807 гр.

  4. Шиллер 1785 гр.

Мида әлсіз электр токтары істейтіні ғылымға көптен мәлім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет