Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік


Жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты, И.П.Павлов ілімі, оның қағидалары



бет8/19
Дата31.01.2023
өлшемі337 Kb.
#64042
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
stud.kz-64227

Жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты, И.П.Павлов ілімі, оның қағидалары

Жүйке жүйесінің қызметі рефлекс арқылы жүзеге асып отырады. Рефлекс туралы алғаш айтқан француз ғалымы Ранэ Дэкарт (1596-1650). Рефлекстің биологиялық сипатын чех ғалымы Иржи Прожаске деген (1749-1820) ғалым өз еңбектерінде дұрыс көрсете білді.


Рефлекс терминін ғылымға ендірген де осы кісі. Рефлекс латын сөзі, қазақша – бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Рефлекс сырттан және іштен келетін тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы. Шартсыз рефлекстің жүйке жүйесі арқылы жасалу жолын рефлекс доғасы деп атайды. Рефлекс доғасының рецептор өткізгіш жүйке мен қозу процесі пайда болатын орталық жүйке жүйесінің тиісті бөлімі және орталықтан жұмыс аппаратына (сілекей шығаратын бездер, бұлшық еттер) келетін жүйкелер.
Рефлекс туралы туралы теорияның негізгі қағыдаларын нағыз ғылыми тұрғыдан тұжырымдаған атақты орыс физиологы И.М.Сеченов болды. Ол өзінің 1863 жылы жазған «Ми рефлекстері» деген еңбегінде психикалық құбылыстардың табиғатын рефлекс тұрғысынан түсіндірді. Сеченовтің отандық ғылым алдындағы баға жетпес еңбегі мынада: ол рефлекстік теорияның негізінде ғасырлар бойы жұмбақ болып келген психикалық құбылысты материалистік тұрғыдан алғаш рет шешті. И.М.Сеченов мынадай қарапайым тәжірибе жасады: құрбақаның үлкен ми сыңарларын аралық мидың тұсынан тіліп алып тастап, оның аяғын қышқыл ерітіндісімен тітіркендірді, ол осы тітіркендіруге жауап ретінде келетін рефлекстің қандай жылдамдықпен пайда болатынын бақылады. И.М.Сеченов мидың тілінген жеріне ас тұзының кристалын салғанда ондағы рефлекстің тежелуге ұшырағанын көрген. Бұл тәжірибе рефлексті мидың тежей алатындығын айқын көрсеткен. И.М.Сеченовтің ми қабығында қозумен қатар тежелу прочесі де қоса қызмет атқарады деген пікірі психикалық әрекеттің мидың күрделі жұмысына байланысты екендігін, оның барлық көріністерінің негізінде қозу мен тежелуге байланысты пайда болатын рефлекстер жататындығын тамаша дәлелдеп берді.
И.М.Сеченовтің ми қызметінің рефлекстік механизмі туралы идеялары И.П.Павловтың шартты реылекстер туралы ілімініде (бұл ілім жоғары жүйке қызметі туралы ілім деп те аталады) дамытыла түсті. И.П.Павлов өзінің көптеген шәкірттерімен бірге отыз бес жыл бойы рефлекстердің жаңа түрін – шартты рефлекстерді зерттеді.
Шартты рефлекстердің жасалу жолы. И.П.Павлов лаботариясында жүргізілген тәжірибенің қысқаша мазмұны мына төмендегідей: егер итке бір мезгілде екі тітіркендіргіш әсер етсе – бірі шартсыз рефлексті туғызатын тамақ, екіншісі - өздігінен жануарда рефлекс туғызбайтын, бейтарап тітіркендіргіш жарық болса, мида қозудың екі алабы (бірі – керуге, екіншісі – тамақтану орталығында) пайда болады. Қозудың осы алаптарының арасында екі тітіркендіргішті қосарландыра қайталанған сайын нығайып отыратын жүйке байланысы жасалады. Жануардың тіршілігі үшін жарыққа қарағанда аса қажетті тітіркендіргіш. Сондықтан мидағы тамақтану орталығы көру орталығына қарағанда күшті қозады. Күшті қозған тамақтану орталығы өзінен баяу қозған көру орталығының қозу процестерін өзіне тартып алады. Осыдан барып, бұл екеуінің арасында байланыс жасалады. Мұны И.П.Павлов ми қабығындағы уақытша жүйке байланысы деп атаған.
Осындай байланыс жасаудың нәтижесінде ит кейін жарық жағылып, тамақ берілмесе де сілекей шығара береді. Жеке алғанда итке мүлдем қатысы жоқ, бейтарап тітіркендіргіш болып табылатын жарық тамақпен бекіндірілгеннен кейін ит үшін биологиялық маңызы бар тітіркендіргішке айналып отыр.
Осындай организмге қажетті құбылыстарды білдіретін көртеген сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен пайда болатын ми қабығының қызметін сигналдық қызмет деп атайды. Жоғарыдағы мысалда жарық тамақтың сигналы болып отыр.
Шартты рефлекстер табиғи жағдайда да, сыртқы ортаның өзгерген жайдайларына байланысты да жасалып отырады.
Мысалы, көптеген жабайы аңдар адамды алғаш көргенде сескенбеулері мүмкін. Бірақ адамдар оларды ұстай бастаса, жануарлар өз мінез-құлқын өзгертеді. Олар адамдарды көрісімен тығылуға, не қашуға тырысады. Демек, бұл жағдайда жасалған рефлекс аңдар тіршілігі үшін өте пайдалы шартты рефлекс екендігі түсінікті.
И.П.Павловтың ілімі бізге тек психикалық құбылыстардың материалдық негізін ашпай, сонымен қатар, оларды тәрбиелеудің жолдарын да көрсетеді.
Адамның барлық өмірі, оқыту, тәрбиелеу процесі, түрлі әдет-ғұрып пен мінез-құлықтың сан-алуан көріністері И.П.Павловтың ілімі тұрғысынан түсіндірілгенде біріші және екінші сигнал жүйелерінің бірлескен жұмысына негізделген шартты реылекстер болып табылады. Жүйке жүйесі икемге көнгіш, онда адамның кейбір кемістіктеріне қарсы күресетін компенсаторлық механизмдер жеткілікті, мінез-құлық жүйке жүйесінің тек тума қасиеттерімен ғана емес, сол сияқты жеке өмр сүру кездерінде организмге үнемі әсер етіп отыратын тәрбие мен оқуға (кең мағынасндағы) байланысты да қалыптасып отырады – міне, осы тұжырымдар И.П.Павлов ілімінің ең негізгі арқауы. Ол әр заман ғұламаларының жан қуаттары туралы айтқан пікірлерін тәжірибе жүзінде зерттеу қажет деген салиқалы тұжырымдарын өзінің әйгілі шартты рефлекстер атты ілімінде тайға таңба басқандай етіп дәлелдеп берді. Оның ілімі адам санасы және жануарлар психикасының арасындағы байланыстар және айырмашылықтарды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туғызды. И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметі жөніндегі ілімінің баға жетпес маңызы осында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет