Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ түрік


Ми, оның атқаратын қызметі, ми сыңарлары



бет9/19
Дата31.01.2023
өлшемі337 Kb.
#64042
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Ми, оның атқаратын қызметі, ми сыңарлары

Адамның психикалық әрекет заңдарын, оның желісі құрылым ерекшеліктерін айқын түсіну үшін жан әрекетін туындатушы тән – адам миының құрылымы мен танысып, оның жан күйі көріністерінің сол тән бөлігімен қандай байланыста болуын білу қажет.


Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюциясында – қарапайым бір жасушалы жануарлардан адамға дейін қылық-әрекеттің физиологиялық механизмдері үздіксіз жетілуде болады. Мысалы, бір жасушалы организмнің жалғыз жасушасы тіршілікке қажет барша қызметтерді (түйсік, қозғалыс, ас қорыту) орындай алады. Бірақ оның мүмкіндіктері шектеулі болады. Ал жоғары дамыған жануарда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері саралана бастады. Яғни бір жасушалар сигналдарды қабылдау (рецептор) қызметін атқарса, екіншілері – бұлшық еттер мен әр түрлі без секрецияларын іске қосты (эффектор). Қазеттікке орай жеке мүшелер және олардың қызметі жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара байланысын орталық жүйке жүйесі қамтамасыз етеді.
Жүйке жүйесінің жалпы түзілімі барша омыртқаларда бірдей. Бұл жүйенің негізгі элементі – жүйке жасушалары немесе нейрондар. Нейрон жасушалары тәнінен (дендрит – қозу қабылдау) және өсінділерден (аксон – қозуды жеткізу) құралады. Аксонның дендриттермен де, не басқа жасуша денесімен байланысы сипанс деп аталады. Сипанс жүйке жүйесіндегі жаңа байланыстар механизмін түсіндіруде шешуші маңызға ие.
Орталық жүйке жүйесі арқа және бас миынан тұрады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарылаған сайын, оның қызметі күрделене түседі. Бәрінен төмен жайлаған – арқа миы, оның қызметі – бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу. Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша ми дененің күрделі қызметтерін орайластыра басқарады (бұлшық ет топтары, дем алу, қан айналымы, ас қорыту және т.б. жұмыстарды біріктіру). Бұлардан жоғарылау орталық жүйке бөлігі – күрделі қозғалыстар мен бүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын – орта ми жайласқан. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. Орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөліктері бас миының үлкен жарым шарларына біріккен. Үлкен жарым шарлар құрамына қабықасты түйіндері деп аталатын мтереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді. Жарым шарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты - бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде. Жақын маңда жатқан көру төмпешіктері мен қабық асты түйіндері қосылып қабық асты аталады. Ми қабығы қабық астымен қосыла рефлекторлық әрекеттің күрделі формаларын басқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет