Қ а з а қ с т а н тәуелсіздігіне 25



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата22.12.2016
өлшемі2,85 Mb.
#238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Жолшаева М. С.
ф. ғ. д., доцент
Сулейман Демирель ат. университет
СӨЗ БОЙЫНДАҒЫ МӘДЕНИ КОД 
– ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМНЫҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ
One of the main factors that contribute in the formation of any nation’s culture and worldview is 
everyday life, environment and lifestyle. In this article, we are discussing linguistic, linguacultural 
and cognitive aspects of the word ‘cauldron’ in the Kazakh language. Our main aim is not consid-
ering the word ‘cauldron’ as only a proper noun, in other words not as a lexical unit in the Kazakh 
language, but to prove it as a linguacultural unit that enlightens thinking, national worldview, and 
lifestyle.
Тіл қоғамда ғана емес, жеке субъектінің санасында да өмір сүреді. Тіл әлемі – сыртқы 
дүние мен адамның ішкі әлемін байланыстырушы. Өйткені тіл – дүниетанымның құралы, 
ойлаудың ұғым, түсінік, пайымдау секілді түрлерінің объективтенуі. Яғни ойды құраудың 
және оны сыртқа шығарудың басты құралы; тіл – халықтың өткен тарихы мен мәдениеті, 
дүниетанымынан маңызды ақпараттарды бойына сақтаған құнды дереккөз.
Кез келген ұлттың тұрмыс тіршілігі, қоршаған ортасы мен өмір сүру салты оның дүние-
танымына, мәдениетіне ықпал ететін негізгі фактор. Мақалада қазақ тіліндегі «қазан» сөзі 
лингвистикалық, лингвомәдени және когнитивтік аспектіден қарастырылды. «Қазан» сөзі 
қазақ тілінде жай лексикалық бірлік ғана емес, ұлттың дүниетанымы, тұрмыс-тіршілігі, ойлау 
жүйесінен ақпарат беретін лингвомәдени бірлік те болып табылады.
Сөз бойындағы мәдени кодты анықтаудың қажеттілігі:
•  «Қазан» сөзінің қатысуымен жасалған тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдердің бойын-
дағы этномәдени семантиканы білу арқылы біріншіден, ұлт мен оның дүниетанымын, 
ойлау жүйесін, тарихы мен мәдениетін жақынырақ, тереңірек тануға жол ашамыз;
•  Тұрмыстық лексикамен, мифтермен, фразеологизмдермен, мақал-мәтелдермен бай-
ланысты түсінбестіктен туындайтын сәтсіздіктерді болдырмаудың бірден-бір жолы. 
Мұның өзі бірнеше жағдайдан көрінеді: көркем туындыны оқу барысында немесе бір 
тілден екінші тілге аудару кезінде жазушының айтар ойын дұрыс түсінуге мүмкіндік 
береді; тілдік қарым-қатынас жасау барысында, мәдениетаралық коммуникацияда 
сәтсіздікке ұшырау ықтималдығы аз болады.
Сөз бойындағы мәдени кодты анықтау үшін:
•  ең алдымен ұғым мен концепт терминдеріне тоқталу және олардың арақатынасын 
ашып көрсету қажет, өйткені ұғым мен концептінің мағынасы тең емес;
•  ұғым семалармен шектеледі, ал концептіде ұғым, мағынадан басқа да танымдық 
компоненттер болады. Осыған орай тілдік семантика және мәдени семантика тірке-
стеріне түсініктеме беріледі;
•  «Қазан» сөзі қатысқан қазақ тіліндегі тұрақты тіркестер мен сөздер, мақал-мәтелдер 
жинақталып, оларға талдау жасалады;
•  Талдау нәтижесінде, қазақ дүниетанымындағы «қазан» сөзінің алатын орны, неліктен 
бұл «қазан» ұғымы қасиетті саналады? Оның себептері қандай? Ол нендей фактор-
лармен байланысты? деген сауалдарға жауап алынды;

| 43
•  Қазіргі қазақ жастарының санасында «қазан» сөзі қандай ассоциация тудырады және 
осы сөздің «қасиетті» деген бағалауыштық семасының туындау себептерін қанша-
лықты білетіндігін анықтау;
•  Алдағы уақыттағы бағыт-бағдары ретінде «қазан» сөзінің бойындағы мәдени код-
тың басқа түркі тілдес халықтардың, оның ішінде түрік дүниетанымындағы алатын 
орнымен салыстыра сабақтастыра қарастыру болмақ.
Ф. Н. Жұмабекова
п.ғ.к, доцент
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘҢГІЛІК ТІЛІН» ДАМЫТУ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ 
ПАРЫЗЫ
This article «Eternal eternal language of the country,» the development of kindergartens, 
schools and attitude toward the native language of the future as the duty of specialists, increasing 
the responsibility of a number of issues are considered.
Ел мен Тіл – егіз ұғым. Мәңгілік елдің онымен қатар жасап, бірге дамитын Мәңгілік тілі 
болуы шарт. Елбасы өз жолдауында мемлекеттік тіл саласында жеткен жетістіктерімізге 
тоқтала келіп, «енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен 
бірге Мәңгілік тіл болады.
Біріншіден, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға 
тиіс. Ол отбасынан басталуы шарт, бүгінде ата-аналарымыз балабақшаға баласын әкелгенде 
өздері балаға орысша сөйлеп тұрады, тәрбиешіге «мына балаға қазақша үйретіңіз» деп талап 
қояды, ол сыңаржақ, біржақты болса одан еш нәтиже шықпайды, ана тілінің кәусарынан бала 
іште жатқанда ауызданып, жүрек тілін-ана тілімен танып барып, жарық дүниеге келгенде ол 
әрі қарай жалғасын табуы керек.
Екіншіден, мектептерде ұстаздар қауымы оқушылардың ана тілінде сөйлеуіне мән беріп, 
туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлеуге жол бермеу керек.
Үшіншіден, жоғары оқу орындарында болашақ педагог мамандардың кәсіби даярлығын 
шыңдауда ана тілінде сөйлеу мәдениетін дамытуға ұдай көңіл бөліп, ана-тілін ардың өлшемі 
деп танып, тілді шұбарлау-арды шұбарлау, көңіл тұнығын ылайлау деп түсініп, ең жақсы 
адам – ол өз ана тілін құрметтеген адам деп білсе екен.
«Ана тілімізді – Мәңгілік тіл ету өз қолымызда» – мәңгілік елмен бірге жасайтын мәңгілік 
тілін дамытуға, ұлы мақсаттарға жетуде еліміздің ертеңіне сеніммен қарайтын мамандар 
даярлауда рухы биік азаматтар туған тілімізбен бірге жасайтын болсын.

44 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  
Гүлжан Досжан
PhD доктор, доцент
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ 
ЛИНГВОЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
In this article the ecolinguistical aspects of modernization of the Kazakh language in the con-
text of globalization is widely analyzed. The author put forward a number of constructive recom-
mendations for development of the Kazakh language.
Тілдік құбылыстарды зерттеуде соңғы кездері кеңінен қолданыла бастаған лингвистика-
ның интегративтік бағыттарының біріне лингвоэкология жатады. Жаһандану және ақпарат-
тандыру процестерінің қарқынды жүріп жатқандығын және осы үдерістердің қазақ тілінің 
лексикалық және терминологиялық жүйесіне әсерін лингвоэкология тұрғысынан зерттеудің 
маңыздылығын атап өткен жөн.
Шыны керек, қазіргі таңда әлемдік тілдердің, әсіресе, ағылшын тілінің қарқынды да-
муы көптеген халықтардың тілдік ортасын тарылтуда. Тіпті, әлемде өз ана тілін жөнді 
білмейтін, есесіне ағылшынша жетік білетін адамдар саны артып келеді. Бұл үрдіс соңғы кез-
дері Қазақстан қоғамында да байқала бастады. Мәселен, мектепке дейінгі немесе орта білімді 
орыс және ағылшын тілдерінде алған жастардың кейбірі қазақ тілінде сөйлей алмайды. Осы 
ретте олардың лексикалық қорында төл сөздерге қарағанда кірме сөздер көптеп кездеседі. 
Сәйкесінше, мұндай адамдар өзінің ұлттық тілдік-коммуникативтік кеңістігінде шетелдік 
адамның күйін кешіп, бойына өзінің ұлттық мәдениетіне қарағанда өзі жетік білетін тілдің 
мәдениетін сіңіріп, осылайша қазақ тілдік ортасына шетел сөздерін күнделікті тасымалдаушы 
рөлін атқара бастайды.
Тіл білмейтін адамдардың қатары артқан сайын қазақ тілінің қолданыс аясы тарылып, 
ұлттық тілдік ортаның дағдарысы арта береді. Себебі, қазақ тілін білмейтін қандастарымыз 
қазақ тілін білетін отандастарымызбен коммуникацияда өзге тілді қолданып, әңгімелесушінің 
қазақ тілін қолдануына кедергі жасайды. Тұлғалық-психологиялық фактордан туындаған 
мұндай кері құбылыстар қазақ тіліне өзге тілден кірме сөздердің ассимиляцияланбай енуіне 
негіз болып, ұлттық тілдің ішкі лексикалық жүйесіне кері әсер ете бермек.
Осы ретте тіліміздің экологиясын сақтап қалу мақсатында әлеуметтік-тілдік кеңістігімізде 
тереңдеп бара жатқан тілдік орта дағдарысын еңсеру үшін қазақ тілін барынша кең қолдануға, 
оған деген қажеттілік факторларын арттыруға, төл тілдің әлеуметтік мәртебесін арттыруға 
мемлекеттік деңгейде шаралар қабылдау қажет.
Қазақ тілін білім беру саласынан, яғни бала-бақшадан бастап, мемлекеттік басқару сала-
сына дейінгі қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолдануды көздейтін кең көлемді 
лингвоэкологиялық шаралардың нәтижесінде ұлттық тілдік орта қалыптасып, қазақ тілінің 
лексикалық және терминологиясында кездесетін мәселелер өздігінен шешілері анық.

| 45
Жанар Әбдіғаппарова
ф. ғ. к., ассистент-профессор
Назарбаев университеті
ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА 
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ СІҢІРГЕН ЕҢБЕКТЕРІ
In this article the author addresses the importance of developing the concept of national idea. He 
discusses the fact that establishing national idea had begun in the period of Turks, that in the beginning 
of XX century Alash intelligentsia proposed a new way of developing the concept of national idea, addi-
tionally the author makes a good reflection on works that Alash intelligentsia made in this way.
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын 
көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» 
Н. Ә. Назарбаев
Ұлттық идеяны қалыптастыру сан ғасырлар бойы отаршылдық пен тоталитарлық жүйенің 
езгісінде өмір сүрген халықтың сол жүйенің ықпалымен мәдени деформацияға ұшыраған ұлттық 
құндылықтарды қайта жаңғырту, жандандыру, мемлекеттік деңгейдегі ұлттық идеяның негізін 
құрайтын, діңгек болатын руханиятын қайтару, кезінде тыйым салынған халықтың тарихи 
өткенін тұтастай қайта қарап, жан-жақты зерттеулер жүргізу арқылы талдап, қалпына келтіру 
секілді міндеттерді өзіне жүктейді.
Еліміз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде алдымызда тұрған үлкен бір мәселенің 
бірі – жаңа заман талабына сай, ХХІ ғасырдағы қоғам дамуының сұраныстарына жауап бере ала-
тындай ұлттық идея жасау мәселесі және оның қоғам өміріндегі орнын анықтап, рухани дамуы 
мен идеологиялық қызметтерін кеңейту қажеттілігі туды.
Жалпы ұлттық идеяның қалыптасуы сонау көне түркі дәуірінен бастау алады. Ғалым Қаржаубай 
Сартқожаұлының зерттеулерінде: «Осылайша түркі билігін орнықтырып, салтанат құрдық. Аш 
құрсақты тоқ еттік. Шығай (кедей) халықты бай еттік. Дүйім түрік оғыз халқы, бектері тыңдаңдар! 
Қара жер қақ айрылып кетпесе, түрік халқы еліңді, билігіңді, (мемлекетіңді) кім құртады?! 
Жұдырықтай жұмыл! Өткеніңе өкін! Түрік халқына бірлік, билігіне қанағат, бектеріне нысап 
керек!», – деп тасқа қашап жазып қалдырғанын айтады. Бұл идея түрік қағанатын орнықтыруға 
атсалысқан Тұй-Ұқық есімімен тікелей байланысты айтылады. Осы ұлт бірлігін, мемлекетінің 
тұтастығын ұрпақтарына аманаттап, мәңгілікке сақтап қалуды мұрат тұтқанының дәлелі. Содан 
бері қанша уақыт өтті, небір тарихи жағдайларды басымыздан кештік.
Қазақ халқының ұлт ретінде жер бетінен жойылып кету қаупі төнген ХХ ғасыр басында алаш 
қайраткерлері ұлттық идея қалыптастырудың жаңаша бағытын ұсынды. Қазақстан Республи-
касының осы күнгі жерінің тұтастығын сақтап қалуы үшін алаш зиялылары Әлихан Бөкейхан, 
Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермековтердің еңбегі орасан зор. Олардың кеңес үкіметі басшы-
ларымен жүргізген келіссөздері кейін Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын 
құру кезінде елдің аумағын белгілеуде оң нәтижесін берген. Алаш зиялылары мемлекет толықтай 
экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу керек деп санады. Оны Ә. Бөкейханның «Қазақтың 
жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, 
киілуі керек» деген сөзінен байқаймыз. Әрине экономиканы көтеру үшін сапалы маман керектігін 
де естен шығармады. «Басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. 
Білімді болуға – оқу керек! Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің 
жолында жұмыс істеу керек!» деп жазған ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының пікірі бүгінгі 
күні де өзектілігін жойған жоқ. Алаш зиялыларының идеялық мұрасын терең зерттеп, ұрпақ 
санасына сіңіріп, бүгінгі күннің қажетіне жаратып, болашаққа даңғыл жол сала білсек біз шын 
мәнінде Мәңгілік ел боламыз.

46 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  
Ермек Адаева
филол. ғ. к.
Назарбаев университеті
МӘТІННІҢ ӨМІР СҮРУІНІҢ 
КОММУНИКАТИВТІ-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
The premises of cognition and discussion of the text in the universal point of view are compre-
hended in this thesis. Also, communicative and pragmatic clauses of the life of the text are explained. 
The new aspects of understanding and accepting the prosaic text and a method of comprehension of 
the receiver are considered as well.
Автор – мәтін – оқырман: осы тізбектің негізінде мәтін өзінің толық мағынасына сай 
құрылады. Көркем шығармада автор – адресант, оқырман – адресат болып табылады. Адресат 
факторы мәтін теориясында маңызды рөл атқаратын күрделі ұғым ретінде танылады. Ғылыми 
еңбектерде түрліше аталуының өзі (реципиент, рецептор, интерпретатор, тыңдаушы, ауди-
тория, кодты ашушы, әңгімелесуші, сөйлеушінің серіктесі, екінші коммуникант, тыңдаушы 
коммуникант т. б.) бұл ұғымның сан қырлылығын көрсетеді.
Аудиторияның мәтінді барынша дұрыс түсінуі үшін адресант ақпаратты жеткізу бары-
сында оқырманның (адресаттың) қажеттіліктерін, мүдделерін, білім деңгейін, әлеуметтік 
ұстанымдарын ескереді. Сөз субъектісі коммуникативтік ниетін жүзеге асыру үшін мәтін 
түзбес бұрын адресаттың а) тілдік біліміне, ә) дәстүрлі біліміне сүйенеді. Осыған байланысты 
мәтіннің прагматикалық сипаттамасын арнайы қарастыру қажеттілігі туындайды.
Мәтінді прагматикалық талдаудағы негізгі мәселе адресанттың прагматикалық ұстанымы 
десек, психолингвистика тұрғысынан алғанда мұны ақпараттардың жазбаша мәтінде қодталуы 
деуге болады. Ал адресаттың мәтінді интерпретациялауы, кодты ашу, яғни мәтіндегі ашық 
және жасырын түрде берілген ақпаратты дұрыс түсініп қабылдауы болып шығады.
Жалпы мәтінді интерпретациялау (талқылау) дегеніміз – онда қатталған мазмұнды ашу, 
айқындау. Мұның өзі адресаттың когнитивтік санасындағы білім қорының көлемімен тығыз 
байланыста ашылатын мәселе. Адресанттың жеткізбек болған түпкі ниеті реципиентке 
бұрын-соңды белгілі ұғымдарға негізделсе, бұл коммуникация біршама нәтижелі болмақ. Ал 
ондай сәйкестік болмаған жағдайда оқырманның мәтінді дұрыс интерпретациялауы екіталай. 
Сонымен мәтінді интерпретациялау үдерісінде адресаттың фондық немесе аялық білім қоры 
маңызды рөл атқарады.
Аялық білім өз кезегінде пресуппозиция, зейін, түсінілім, қабылдау, ақпаратты кодтау 
және оны ашу сияқты психолингвистикалық ұғымдармен сабақтастықта қарастыруды қажет 
етеді. Адресат мәтінді түсініп, қабылдау арқылы интерпретациялайды.
Бұлардың барлығы қазіргі филологиядағы түбегейлі маңызды мәселелер болып табылады.

| 47
Г. Ж. Байшукурова
к. ф. н., доцент
КазНАУ
ВОЗРАСТНЫЕ КОНЦЕПТЫ В КАЗАХСКОЙ И РУССКОЙ КАРТИНЕ МИРА
The  article  considered  age  concepts  in  Russian  and  Kazakh  picture  of  the  world;  revealed 
the specifics of the Kazakh mentality through the prism of proverbs. In Proverbs, we find the stark 
reflection of a concept that has developed over time and varies depending on the place, time and 
conditions of the manifestations of the conceptual entities in the life of the people, certain groups 
of people, individuals.
В пословицах русского и казахского языков отражается специфика менталитета народа. 
Так, множество пословиц построено на бинарной оппозиции «молодость – старость»; посло-
вицы указывают на непримиримость, нежелание представителей разных поколений понять 
друг друга: Яйца курицу не учат; Усы пробиваются, а он никак с детством не распрощается. 
В казахском языке: Ата балаға сыншы (Детям судья отец); Жақсы әке жаман балаға қырық 
жылдық ризық (Отца доброе имя служит сорок лет непутевому сыну).
В русском языке молодость воспринимается как нечто быстротечное: «Молодость не 
кошелек: потеряешь  не найдешь»; «Молодость  пташка, а старость  черепашка»; «Мо-
лодость пройдет, как цветок отцветет»; «Молодость ушла  не простилась, старость 
пришла  не поздоровалась».
Существуют пословицы, в которых говорится о зависимости старости от того, как прожи-
вается молодость: «Молодому крепиться  впредь пригодится»; «Молодости не возвратить, 
надо по годам жить. В казахском языке: Жас кезімде бейнет бер, Қартайғанда зейнет бер 
(В молодости дай тяготы, к старости дай ягоды).
Жизненный опыт пожилых людей зафиксирован в следующих паремиях: Старого воробья 
на мякине не проведешь, Старый волк знает толк. В казахском языке: Әкенің қадірін  әке 
болғанда біперсің (Когда отцом станешь, каково быть отцом узнаешь);
Однако ум от возраста не зависит: У молодого  сила, у старого  ум; Молодость не 
в годах, а в делах; Молод годами, да разумен умом; Молод да умен  два угодья в нем.
У казахов уважение к старшим формировалось с детства, что являлось естественным 
ответом на заботу родителей: Арыстан асқынса, айға шабар, ақымақ асқынса, анасын сабар 
(Возгордится лев  на луну кидается, возгордится дурень  на мать свою задирается).
Уважительное и внимательное отношение к женщине также присуще казахскому на-
роду: Алты ұл туған ананы  ханым десе болады, кезек сыйласқан ағайынды  жаным десе 
болады (Мать, родившую шестерых сыновей, называй царицей; хорошую родню называй 
души частицей).
Таким образом, в пословицах мы находим застывшие осмысления того или иного кон-
цепта, сложившегося на протяжении длительного времени и менявшегося в зависимости от 
места, времени и условий проявлений концептуальных сущностей в жизни народа, отдельных 
групп людей, отдельного человека.

48 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  
С. М. Сапина
филол. ғ. к., доцент
КАЗГЮУ Университеті
ӨЛШЕМ МАҒЫНАЛЫ ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ТІЛДІК ТАБИҒАТЫ
The given article is devoted to the analysis of understanding the stable expressions from national 
point of view and their interconnection with philosophy. The strong point of the article is based on the 
notion that stable expressions are not only the lexical part of the language but also an important fiture 
in understanding cultural ethos. The research is based on the studying M. Auezov’s work ‘‘The Path of 
Abai», where the author clarifies the meaning of a phraseological unit, the connection between stable 
expressions and knowing the nation and shows how rich and full Kazakh customs are.
Қазақ тілінің фразеологиялық бірліктері ішінде өлшем мағынасын білдіретін фразеоло-
гизмдердің табиғаты халықтың танымдық ойлау жүйесімен тығыз байланысты. Қазақтың 
ежелден келе жатқан ұзындық, қашықтық, салмақ өлшемдері аса қызығушылықты тудыра-
тын, арнайы назар аударатын метрологиялық лексикаға жатады.
Көркем тілді ұтымды пайдалану жазушының сөз қолдану шеберлігіне байланысты 
екендігін ескерсек, М. Әуезов бұл жағынан әлемге үлгі болатын тұлға екендігі даусыз. Абай 
өмірі басты тақырып болған М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы – бейнелі тілдік бірліктерге, 
яғни фразеологизмдерге толы айрықша еңбек. Шығарма тіліндегі өлшем мәнді тұрақты 
тіркестерді талдай келе, олардың негізінде төрт түлік мал, табиғи құбылыс атаулары, мал 
шаруашылығында қолданылатын заттық атаулар жатқаны анықталды. Оны қазақ халқының 
көне замандардан бергі күн көріс, тіршілік тірегі түгелдей дерлік малмен байланысты болған-
дығымен, күнделікті тұрмысқа керекті азық-түлік, киім-кешектің бәрін халық осы төрт түлік 
малдан тапқандығымен, өзі баққан малының қадір-қасиетімен бірге оның сыр-сипатын да 
жақсы білгендігімен түсіндіреміз. Бір сөзбен айтқанда, эпопеядағы фразеологиялық тіркестер 
ұлт болмысының құндылықтары мен ерекшеліктерін, дүниетанымын жан-жақты сипаттайды.
Таным – адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Адамның дәлелденген білім алу 
үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеуі философия ғылымында таным деп 
аталады [1, 52]. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. 
Таным – адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін 
ақпараттық жоғарғы деңгей. Қазіргі уақытта танымдық іс-әрекет психологияда, жоғары нерв 
қызметінің физиологиясында, кибернетикада, формалді логикада, тіл туралы ілімде, семио-
тикада, структуралық лингвистикада, мәдениет тарихында, ғылым тарихында зерттеледі.
Жұмыс барысында ерекше көңіл бөлінген тілдік бірліктер – уақыт мағынасындағы тұрақты 
тіркестер. Уақыт – материя болмысының формасы [2, 35]. Ол барлық материалдық жүйелердің 
ұзақтылығын, күй-жағдайларының біртіндеп өзгеруі мен дамуын білдіреді.
Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын да, ажырататын да бірде-бір 
құрал десек, тіл қабатының қалың бөлігін құрайтын фразеологизмдер – қазақ тілінде ойлау 
мен танымның ерекше бейнелі, эмоционалды-экспрессивтік реңке ие тілдік бірліктері.

| 49
Қоңыратбаева Жанар
ф. ғ. к., профессор м. а.
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ
ҰЛТТЫҚ ТОПОНИМИЗАЦИЯ ҮДЕРІСІ 
ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫН БАЙЫТУДЫҢ БІР КӨЗІ РЕТІНДЕ
This article considers the Turkic basis of onyms emerging in the result of toponymization. There 
are three important processes in the urban space of Astana: 1) process of national transonimization 
(naming and renaming urban objects using the memorative principle); 2) process of national and 
cultural revival during the renaming of urban objects; 3) process of national transonomization 
(transmission of common names into personal). Etymological analysis of the urban space shows 
that Turkic languages are the main sources of onyms’ renaissance.
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі түйткілді мәселенің бірі – ономастика ғылымының зерттеу 
нысанындағы онимдер разрядтары (годонимдер, эргонимдер, прагматонимдер, менсонимдер, 
т. б.) және олардың зерттелу жайы. Себебі қоғамда саяси-экономикалық, мәдени қатынастар 
динамикасы қарыштаған сайын онимдер табиғаты да күрделене түседі, өзгере, жаңғыра түседі. 
Сондықтан белгілі бір ономастикалық кеңістікті, әсіресе, қала ономастикасын тілдік-тарихи 
тұрғыдан, саяси-әлеуметтік тұрғыдан қарастыру аса өзекті.
Зерттеуіміздің мақсаты – Қазақстан Республикасының елордасы – Астананың урбанонимдік 
кеңістігіндегі топонимизациялану үдерісі нәтижесінде қалыптасқан, яғни, жалпылықтан 
жалқылық сипатқа өткен атаулардың этимологиялық негіздерін қарастыру. Оның ішінде 
бастауын түркілік негізден алатын онимдер қатарының кейбірінің шығу тегі жайындағы 
ғылыми пікірлерді талдап сипаттау.
Астананың урбанонимдік кеңістігінде соңғы жылдары (жалпы Қазақстан Республикасы 
аумағында) жүріп жатқан ең бір өнімді ішкі ресурстық дамудың бірі – ұлттық топони-
мизация үдерісі, яғни жалпы есімдердің жалқы есімдік сипатқа ие болуы. Топонимизация 
үдерісінде жалпы есімнен жалқы есімге өткен тілдік таңбалардың лексикалық сипатында 
өзгеріс жүретіндігі байқалады. А. В. Суперанская бұл жөнінде: «Жалпы есімнен жалқы есімге 
өткенде тіл бірліктеріндегі жалпылық мағынаның айқындылығы сақталғанымен, жалқы 
есімнің лексикалық мәні өзгеріске ұшырайды. Ең алдымен оның эмоционалды реңкі редук-
цияланады» – дейді [Суперанская, 1973, с. 246]. Яғни, жалпы есімдердің о бастағы мағынасы 
кейінгі орынға шегеріліп, символдық мәнге ауысады.
Астананың урбанонимдік (оның ішінде көше, даңғыл, орам, тұрғын үй кешені атаулары) 
ансамблінің көп бөлігінің көне түркі тілдік қабаттан құралғандығын көрсетуде біз этимоло-
гиялық ізденістерге барамыз. Себебі жалқылық атауға ие болған сөз бірліктерінің тарихи тегін 
қарастыру, ономизациялауға ұшыраған оның қай мағынасы екендігін анықтау ономастика 
ғылымы үшін аса маңызды.
Қазіргі таңда Астана қаласында 934 көше, даңғыл, орам бар десек [http://astana.gov.kz/], 
соның 100-ден астамы – топонимизация үдерісінің нәтижесінде атау алғандар, яғни символ-
дық мәнге көшкендер. Жалпы есімнен жалқы есімге ауысқан атаулардың шамамен 70%-дайы 
түркілік негізден тараған деуге болады. Бұдан шығатын қорытынды, Қазақ елінің бас қала-
сының урбанонимдік дизайны Қазақстан Республикасының тіл саясаты мен атау беру/қайта 
атау принциптеріне жауап беретін бірден-бір тарихи-мәдени орталыққа айналып үлгерді. 
Ал қаланың ішкі нысандарына атау беру заңдылықтарындағы онимдердің қабатын анықтау 
оларға диахрондық зерттеу жүргізу арқылы одан да терең ашыла түседі деп түсінеміз.

50 |
2-СЕКЦИЯ:ХХІ ҒАСЫР ФИЛОЛОГИЯСЫНДАҒЫӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет